Дағдарыс пайдасы туралы


– Қазақстан ұлттық валютасын бір жыл бұрын ер-



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата12.03.2017
өлшемі11,12 Mb.
#8912
1   2   3   4   5   6   7

– Қазақстан ұлттық валютасын бір жыл бұрын ер-

кін  айналымға  жіберген  Ресейден  қандай  оң  өнеге 

ала алады?

– Ең алдыменен валютаның еркін айналымға жіберілу 

фактісі.  Ресейде  бұл  шара  бір  жағынан  саналы  түрде 

және  тұжырымдамалық  негізде  жасалды,  себебі  Орта-

лық  банк  дағдарысты  бақылауда  ұстауға  шешім  қабыл-

дады, екінші жағынан бұл мәжбүрлік шара болатын, се-

бебі  бірнеше  айдың  ішінде  ресейлік  ОБ  бағамды  ұстап 

тұру үшін 25 миллиард доллар жұмсады. Соңғы бірнеше 

жылдың ішінде батыстың капитал нарығының 

жабылуы және резервтердің 60 пайызға азаюы 

жағдайында  бағамды  ұстап  тұруды  жалғасты-

руға  мүмкіндік  болмады.  Менің  түсінуімше, 

Қазақстанда  да  осындай  жағдай  орын  алған. 

Мұнда барлығы да айқын: егер бағамды ұстап 

тұруға  шамаң  келмесе,  онда  оны  еркін  айна-

лымға жіберу керек. Бұдан әрі Орталық банктің 

міндеті - дүрбелеңге, бағамның күрт шарықтап 

кетуіне жол бермеу болып табылады.

Еркін  айналымның  бекітілген  бағамнан 

көп  артықшылықтары  бар.  Валюталық  бел-

гілі  бір  шеңбері  болғаны  дағдарысты  ұстап 

тұратын зіл секілді көмегі тиеді. Ал егер оны 

ұстап  тұра  алмасаңыз  зілдің  де  қажеті  шама-

лы болады.



– Олай болса ресейдің соңғы жылдардағы 

тәжірибесінен  нені  өнеге  етіп  алмауымыз 

қажет?

–  Менің  ойымша  ресейдің  теріс  өнегесі 

–  барша  әлеммен  ара-қатынасты  бұзуы,  ол 

тек  санкцияларға  ғана  емес,  басқа  да  қиын-

дықтарға алып келеді. Тағы бір ресейліктердің 

өкінішті  өнегесі  –  ақылға  сыймайтын  бюд-

жетті  құру,  нәтижесінде  бюджет  елдің  негізгі 

қаржылық құжаты болудан қалады. Өкінішке 

орай, Ресей осы сүрінген жерінен қайта сүрін-

ді,  тіпті  соңғы  жылдарда  үш  мәрте  қателікке 

бой  алдырды.  2013  жылғы  бюджет  шынайы 

емес  еді,  ал  2015  жылғы  бюджеттің  алғашқы 

нұсқасы тіпті ақылға қонбайтын. Оны қолда-

ну мүмкін емес екендігі әу бастан белгілі еді. 

Алғашқы  нұсқада  бюджетті  экономикалық 

өрлеуге, доллар бағамы 37 рубльге тең, мұнай 

бағасы  барреліне  100  доллар  есебіне  негіз-

деліп  жасалды.  Оны  қабылдау  сәтінде  бюд-

жеттің  бір  де  бір  көздеген  мақсаты  орындал-

майтын еді, сандық көрсеткіштердің барлығы 

мүлдем  басқаша  болатын.  Нәтижесінде  бюд-

жет  асығыс  қайта  қаралды.  Ұзақ  мерзімдік 

бағдарламаның  құрамдас  бөлігі  болуға  тиісті 

шынайы  басым  бағыттардың  орнына  жеке 

13

№6(14)  желтоқсан 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



«Мен айтар едім: 

біз қазір арзан 

дәстүрлі көміртегінің 

кезеңіне кіріп 

отырмыз. Сондықтан 

да дағдарыстың 

әлеуметтік салдарын 

мұнайдың бағасы 

120 долларға 

жеткенше уақытша 

реттей тұрамыз 

дегеніміз - келешекке 

келте қарағанымыз. 

Қалай болғанда 

да экономикалық 

қайта құруға кірісуге 

мәжбүр боламыз, 

ерте ме, кеш пе 

кәсіпкерліктің қолайлы 

ахуалын жасауға 

және сол салада 

институт құруымызға 

тура келеді»

14

№6(14)  желтоқсан 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



«Инвестиция көлемінің 

кемуі ерекше жанға батады, 

ендеше дағдарыстың 

ғұмыры ұзақ болмақ»

мүдделерді қорғау бәсекесі басталды, бюджет 

экономикалық  саясаттың  құралы  болудың 

орнына  күмәнді  келісімдерге,  бейне  бір  бух-

галтерлік құжатқа айналды.

Үшінші  жайт,  қаражатты  орталыққа  топ-

тастыру  әрекеті.  Уақытысында  Ресейдің 

Бюджет кодексінің аясында бюджеттік қара-

жат федералды бюджет пен өңірлік бюджет, 

оның ішінде жергілікті өзін өзі басқару бюд-

жеттерінің арасында 50-де 50 негізінде бөлі-

неді  деген  ереже  бекітілген  болатын.  2008 

жылы  дағдарысты  желеу  етіп  бұл  ереженің 

күшін  жойды.  Нәтижесінде  бюджеттік  қара-

жаттарды  бөлуді  ара-қатынасы  орын  алды: 

65  пайыз  -  федералды  бюджет,  25  пайыз  - 

өңірлік бюджет, 10 пайыз - жергілікті өзін өзі 

басқару  және  муниципалдық  бюджет.  Яғни 

шынайы  өмір  жүріп  жатқан  жерге  қаражат 

бөлінбеді.  Бізде  жергілікті  өзін  өзі  басқа-

ру жойылды десе де болады. Менің ойымша 

бұл өте өрескел қателік, барлығына одан ау-

лақ болуға кеңес беремін. Солай бола соңғы 

жылдары  қаржылық  ауыртпалық  өңірлер-

ге  жүктелді.  Табыттың  соңғы  шегесін  пре-

зиденттің  мамырдағы  жарлығы  қақты,  оны 

жүзеге асыру өңірлік бюджетке жүктелді, ал 

ақша берілген жоқ. Соның салдарынан көп-

теген  өңірлердің  қаржылық  жағдайы  қазір 

мүшкіл халде.



–  Ресей  мен  Қазақстан  экономикала-

рының  өркендеуінің  қозғаушы  күштері 

қандай?

–  Мен  либералды  экономист  ретінде  бір 

ғана  қозғаушы  күшті  көріп  отырмын,  ол  – 

қолайлы кәсіпкерлік, керек десеңіз 

и н -

вестициялық  ахуал.  Ал  бұл  өкінішке  орай 



ұзақ  мерзімді  күрделі  жұмыс,  мұның  ішіне 

жеке  меншікті  қорғаудың,  тәуелсіз  сот  жүй-

есінің, салық төлеуші мен тексеруші органда-

рының  теңдігі  қамтамасыз  етілген  түсінікті 

де ашық салық жүйесінің институтын құру кіреді. Қо-

лайлы кәсіпкерлік ахуал, сондай-ақ мемлекеттің кәсіп-

керлерге теріс емес оң әсері болғанда мүмкін болады. 

Өкінішке орай Ресейде соңғы жылдары бәрі керсінше 

болды.  Бір  мысал  келтірейін,  Тергеу  комитетіне  са-

лық  инспекцияның  пікірімен  санаспай  салықтық  заң 

бұзушылық  бойынша  қылмыстық  іс  қозғауға  құқық 

берілді.  Яғни  бізде  Тергеу  комитетінің  тергеушісі  са-

лықтық заң бұзушылықтың болғанын не болмағанын 

салық инспекторынан артық біледі деп санайды. Биз-

нес мұндай дабылды естіген соң, ол елімізге инвести-

ция  құю  туралы  ойынан  айнып  қалады,  соның  нәти-

жесінде  2008  жылдың  төртінші  тоқсанынан  бастап 

Ресейден капитал сыртқа кете бастады.

Тағы да нені істемеу керек, ол – түйеқұстың кейпін ки-

меу керек, дағдарыстан тығылып қалам, сыртқы эконо-

микалық жағдай жақсарып кетеді деп ойлау дұрыс емес

2008-2009 жылдары мұнайдың бағасы 33 долларға дей-

ін  түсіп,  кейіннен  оның  бағасы  тез  арада  тұрақтанып 

кетті  ғой.  Қазір  жағдай  басқаша.  Ол  уақытта  дағдарыс 

бүкіл  әлемді  жайлаған  еді.  Сол  уақытта  әлем  экономи-

касы дағдарыстан шығып, сұраныс қалыпқа келіп, баға-

лардың өсуіне сенуге болатын еді. Қазір Ресей жалғыз өзі 

дағдарысқа кіріп отыр. Әлемнің басқа елдерінде күрделі 

дағдарыс жоқ, Грекия секілді шектен шыққан оқиғалар-

ды есепке алмағанда. Сондықтан да сыртқы экономика-

лық жағдайдың жақсара қоюы екіталай. Иә, Қытайдың 

өсу  қарқыны  тежеле  бастады.  Тек  өсу  қарқыны!  Бұрын 

9,5 пайыз болатын, қазір 7 пайызға төмендеді, біздің де 

дағдарысымыз сондай болса ғой. Басқа елдерде жағдай 

біршама қалыпты.

Мұнай бағасының түсуі бұл сланецтік мұнайдың пай-

да болуының салдары (мұнымен күрес мұнайды дәстүр-

лі өндірушілердің бағаны арзандату арқылы жүруде), ал 

екінші жағынан бұл дамыған барлық елдердің энергия-

ны  үнемдеу  бағытындағы  тиімді  бағдарламаларды  жү-

зеге  асыруынан  туындаған.  Мен  айтар  едім:  біз  қазір 

арзан дәстүрлі көміртегінің кезеңіне кіріп отырмыз. Сон-

дықтан да дағдарыстың әлеуметтік салдарын мұнайдың 

бағасы 120 долларға жеткенше уақытша реттей тұрамыз 

дегеніміз - келешекке келте қарағанымыз. Қалай болған-

да да экономикалық қайта құруға кірісуге мәжбүр бола-

мыз,  ерте  ме,  кеш  пе  кәсіпкерліктің  қолайлы  ахуалын 

жасауға және сол салада институт құруымызға тура ке-

леді.  Сөз  арасында  айтып  кетейін,  Қазақстанда  кәсіп-

керлік  ахуал  Ресейге  қарағанда  жақсырақ.  Сондықтан 

болар  Қазақстанмен  шекаралас  облыстардың  немесе 

Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатқан компаниялар 

сіздердің елдеріңізде тіркеліп жатқандығын байқап оты-

рмыз. 


15

№6(14)  желтоқсан 2015



VIP MONEY

Vis-a-vis



16

№6(14)  желтоқсан 2015



STRATEGIC MONEY

Қауіптер


АПАТТЫҚ 

САҚТАНДЫРУ



ҚР  аумағының  біршама бөлігі сейсмикалық 

өңірде орналасқан. Соңғы жылдардың 

тәжірибесі қазақстандықтардың жер 

сілкінісінен басқа сел жүру, су басу, 

бөгеттердің бұзылуы және басқа да табиғи 

және техногендік сипаттағы зіл-залалардың 

бар екендігін ұмытпауы керектігін көрсетті. 

Мұндай зіл-залалар орын алғанда мемлекет 

экономикасының мойнына көтеруге 

қиын тиетін ауыр жүк артылатындығын  

ескере келе елімізде апаттардан міндетті 

сақтандыру енгізілу жоспарланған.

Апаттар қаупінен аза-

маттар үшін міндетті 

сақтандыру меха-

низмін енгізу идея-

сы кәсіби деңгейде 

бірнеше жыл бойы 

талқыланып келеді. 

Алайда мұнай мен 

басқа да экспортты 

тауарлар бағасының 

төмендеуінен бюд-

жеттің кіріс бөлігінің 

күрт азаюы тұсында 

қазіргі уақытта заң 

жобасы парламент-

тен өтіп, қабылдану 

мүмкіндігі артып отыр



Марат Есдәулетов

Қоңырау кімді жоқтап соғып жатыр

Қазақстан  БАҚ-тарында    халық  тығыз  шоғырланған 

аумақтарда,  әсіресе  Алматыда  жойқын  жер  сілкінісі-

нен  келетін  адам  шығындары  туралы  әдетте  талқылау 

жүрмейді.  Әлемдік  ғылымның  жойқын  жер  сілкінісін 

дәл болжай алатын  ақпараттары болмағандықтан мұн-

дай талдаулар халықтың арасында дүрбелең, тіпті үрей  

туғызады  деп  саналады.  Сарапшылар  экономикалық 

шығынды  бағалау  туралы  бөлісе  алады,  бұл  мәлімет-

тердің эмоциялық әсері әлсіздеу.

Дүниежүзілік  банк  мәліметтері  бойынша  Алматыда 

жойқын  жер  сілкінісі  бола  қалған  жағдайда  оның  эко-

номикалық шығыны еліміздің жаппай ішкі өнімінің 14-

20  пайызын  құрайтын  болады.  Қазақстандағы    мүлікті 



17

№6(14)  желтоқсан 2015



STRATEGIC MONEY

Қауіптер


ерікті  сақтандыру  деңгейінің  төмен  екенін 

ескерсек, жойқын жер сілкінісінен, су басулар 

мен  дүлей  дауылдардың  салдарынан    баспа-

насыз  қалғандар  мемлекеттен    жаңа  баспана 

күтетін  болады.  Бөгеттің  бұзылуынан  бірдей 

бір  ауылды  су  басып  кеткен  2010  жылғы  Қы-

зылағаш  қайғылы  оқиғасынан  кейін    бюд-

жет есебінен қайта тұрғызылғандығы аталған 

мәселенің маңыздылығын арттыра түседі.

Апаттар  қаупінен    азаматтар  үшін  міндет-

ті сақтандыру механизмін енгізу идеясы кәсі-

би  деңгейде  бірнеше  жыл  бойы  талқыланып 

келеді.  Алайда  мұнай  мен  басқа  да  экспорт-

ты  тауарлар  бағасының  төмендеуінен    бюд-

жеттің  кіріс  бөлігінің  күрт  азаюы  тұсында 

қазіргі  уақытта  заң  жобасы  парламенттен 

өтіп, қабылдану мүмкіндігі артып отыр. «Жал-

пақ  тілмен  айтқанда  апаттар  орын  алғанда, 

адамдар мемлекет көмектеседі, қаржы бөледі 

деп сенеді. Алайда бюджетте ақша жоқ. Яғни 

адамдар  апаттардан  қаржылай  қорғануға  қа-

тысты  шараларға  араласуы  тиіс.  Оны  қалай 

ұйымдастырамыз?  Оны  сақтандыру  арқылы 

ұймдастыруға  болады»,  -  деп  атап  өтті  «Кеп-

ілдендірілген  сақтандыру  төлемдер  қоры»  АҚ 

төрағасының орынбасары Марина Шиповало-

ва  GM-ге берген  сұхбатында.

 Барлығы сақтанады

Азаматтарды  жылжымайтын  мүліктерін 

барлық  нарық  бағасы  бойынша  сақтандыру-

ды жүктеу орындалмайтын міндет, себебі бұл 

жағдайда  сақтандыру  сыйақысының  мөлшері 

тым  көбейіп  кетер  еді.  Сондықтан  да  міндет-

ті сақтандыруды халыққа кеңінен тарату мақ-

сатында,  жаңа  міндетті  сақтандыру  түрі  бой-

ынша азаматтар сақтандырулық қорғаудың ең 

төменгі  ақысын  төлесе  болады.  «Қазір  мәсе-

ле  қайда  жатыр?  Кейбір  азаматтарға  салмақ 

салмас  үшін  мемлекет  міндетті  түрде    мини-

малды түрде қаржылық қатысуын талап етеді. 

Егер азаматтардың қайсы бірі жылжымайтын 

мүлкінің толық бағасын қаржылай қорғағысы 

келсе,  онда  міндетті  сақтандыруға  ерікті  түр-

де қосымша енгізуіне болады»,- деп түсіндіреді 

Шиповалова.

Қолданыстағы  құрылыс  нормалары  бой-

ынша  пәтердің  ең  төменгі  көлемі  30-35  шар-

шы метр құрайды.Сондықтан да заң жобасына 

сәйкес  жылжымайтын мүлік иесі міндетті түр-

де 35 шаршы метр пәтерді сақтандыруы тиіс.


18

№6(14)  желтоқсан 2015

Заң  жобасын  жасаушылар  мен  сақтандыру  нарығы-

на қатысушылар әзірге  жылжымайтын мүлік иелерінің 

жыл  сайынғы  міндетті  түрде  төлейтін  сақтандыру  сый-

ақысының  мөлшерін  атамайды,  алайда  міндетті  по-

листің  мөлшері  азаматтар  үшін    айтарлықтай  салмақ  

болмайтындығын атайды. Полистің бағасы жылжымай-

тын мүлікке салынатын салықтың мөлшерімен тең бол-

мақшы.  Бұл  ретте  сақтандыру  сыйақысының  мөлшері 

жергілікті жерде апаттардың болу қаупіне және сол өңір-

дегі  тұрғын    үй  бағасына  сәйкес  болады.  Сейсмикалық 

қауіпті  өңірде  орналасқандықтан  және  мегополистегі 

жылжымайтын  мүлік  бағасының  қымбат  болуынан  ал-

матылықтар  үшін  сақтандыру    тарифі  жоғары  болады 

деп күтілуде.



Бұл қалай жұмыс істейтін болады

Сақтандыру сыйақыларды апаттар қаупінің мемле-

кеттік  қорына  жинақтау  жоспарланған,  ол  қандай  да 

бір табиғи зіл-залалардан зардап шеккендерге сақтан-

дыру  төлемдері  ретінде  төлеу  үшін  қолданылады. 

«Зіл-залалар қаупі ауқымды. Егер Алматы апаттан зар-

дап шексе ешбір сақтандыру компаниясының капита-

лы  шығынды  жабуға  жетпейді.  Сондықтан  да  мемле-

кеттік  сақтандыруға  қатысты  мәселелердің  барлығы 

апаттар  қаупі  қоры  есебінен  шешіледі.  Сақтандыру 

компанияларының  қалыптасқан  филиалдары  жүй-

есі,  агенттері,  өкілдіктері  бар  болғандықтан  сақтан-

дыру  нарығын  сақтандыру  келісім-шарттарын  жаса-

уға  пайдалану  дұрыс  болар  еді»,-  деп  әңгімесін  түйді 

Шиповалова.

Міндетті  сақтандыру  келісім-шарттарын  жасаумен 

қоса  сақтандыру  компанияларының  өкілдері  шығын 

көлемін  анықтауға  және  зардап  шеккендерге  төлем 

төлеуге  қатыса  алады.  Сонымен  қоса,  компаниялар-

да сақтандыру келісім-шарттарын жасау кезінде ком-

мерциялық негізде қосымша сақтандыру қызметтерін 

ұсынуға  мүмкіндік  алады.  Сақтандыру  бизнесінің 

озық  практикасының  және  қолданыстағы  норматив-

терге  сәйкес  апаттар  қаупінің  мемлекеттік  қоры  да, 

ерікті түрде сақтандырылған коммерциялық қауіптер 

де  қайта  сақтандырылатын  болады,  оның  ішінде  ше-

телдегілер де.

Тар жол, тайғақтан табысқа

Сақтандыру  нарығына  қатысушылар  алғашқыда  ха-

лық арасындағы наразылықпен ұшырасатындықтарына 

сенімді. «Сәлем» сақтандыру компаниясының қаржылық 

директоры Азамат Керімбаев мұндай  қиындықтан «бар-

лығы  да  халық  пен  мемлекет  мүддесі  үшін  жасалып 

жатқандығын»  түсіндіруге  арналған    жұмыс  арқылы 

шығуға болады дейді. Шиповалова әріптесімен келіседі. 



АНЫҚТАМА

2015  жылдың  1  қазанында  Қазақстанда  33 

сақтандыру  ұйымдары  болды,  оның  7-і  өмірді 

сақтандыру ұйымдары.

Сақтандыру  ұйымдардың  (қайта  сақтанды-

ру) активтері 777,6 млрд. теңгені құрады (жыл 

басынан бері -26,9 пайызға өсті).

Сақтандыру  компаниялардың  міндеттеме-

лері 387,2 млрд. болды (жыл басынан бері – 18,9 

пайызға  өсті).  Міндеттемелер  жиынтығының 

89,2 пайызын сақтандыру резервтері құрады.

Сақтандыру  секторының  активтерінің  үлесі 

Қазақстанның ЖІӨ-нің 1,88 пайызын құрады.

Сақтандыру  сыйақысының  үлесі  Қазақстан-

ның ЖІӨ-нің 0,54 пайызын құрады.

Сақтандыру  сыйақы  көлемі  әр  адамға 

шаққанда – 12636 теңгені құрады.

 ҚР Ұлттық Банк мәліметтері



САН МЕН САПА

«Барлығы  бірдей  заң  жобасын  қолдап  жатқан  жоқ,  біз-

де сақтандыру саласына енгізілген қандай да бір жаңа-

лықты салық деп қабылдайды. Сақтандыру компаниясы-

ның  өкілдері  осы  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізеді.  Бұл 

жұмыс  теледидар  мен  радиода  мемлекет  атынан  жүр-

гізілетін болады»,- деп атап өтті ол.

Заң  шығарушылар  жаңа  міндетті  сақтандырудың 

қадағалау  механизмін  анықтауды  ескеруі  керек.  Мы-

салға,  автокөліктің  міндетті  сақтандыруын  жол  поли-

циясы  тексереді,  болмаған  жағдайда  айыппұл  төлей-

сіз.  Ал  тұрғын  үй  иесінің  сақтандыру  полистерін  кім 

тексереді?

«Қарастырылып,  енгізіліп  жатқан  жалғыз  механизм 

–  сақтандыру  полисі  болмаса  жылжымайтын  мүлік-

ті  иелік  етуде  шектеу  болады.  Яғни  үйлерін  міндетті 

сақтандырылмағандар  ХҚО-дан  анықтама  ала  алмай-

ды,  үйлерін  сатып,  кепілдікке  қоя  алмайды»,-  дейді 

Шиповалова.

Сонымен  бірге  міндетті  сақтандыру  бойынша 

әкімшілік шаралар салық төлеуге қарастырылған жаза-

дан  қатал  емес,онда  айыппұл  салынады,есеп  шоттары 

жабылады, басқа да қатал шаралар қолданылады.  Осы 

кезеңде  нарыққа  қатысушылар  түсіндіру  жұмыстары 

арқылы табысқа жетеміз деп есептейді. 

STRATEGIC MONEY

Қауіптер


20

№6(14)  желтоқсан 2015



Марат Есдәулетов

INVEST MONEY

Жылжымайтын мүлік

ТАБЫСТЫ ОРЫН


21

№6(14)  желтоқсан 2015



 Нарық басынан шіриді

Жылжымайтын    мүлік  нарығына  қатысушылары 

мынаны  мәлімдейді:  нарықтың  бұл  түрі  экономикада 

болып  мерзімді түрде болып тұратын түрлі өзгерістерді  

айрықша  сезетін  «барометр»  іспеттес.  Еңбек  нарығын-

да  келеңсіз  үрдістер  пайда  болғанда  жалға  берушілер 

төменгі санаттағы  тұрғын үйлерге қарай ауыса бастай-

ды,  тисінше  қол  жетімді  баға  бойынша.  Нәтижесінде 

қымбат үйлердің иелері  табар пайдасының кемуіне көн-

дігіп, не болмаса шаршы метрлерінің  бос тұруынан зиян 

шегеді.

«2014 жылғы теңгенің құлдырауынан кейін элиталық 



үйлердің иелері жалға төлеу ақыларын  долларға сәйке-

стендіріп  қөтеріп,  ақыры  клиенттерден  айрылып  қал-

ды. Нарықта  бірнеше қымбат  тұрғын үй кешендері бар, 

олардың  экспозициясы  (сатылуға/жалға  беруге  кеткен 

уақыт  –  GM-нің  ескертпесі)    жылдан  асып  кетті»,-деп 

GM-мен ой бөлісті Алматыдағы бір риелтор агенттігінің 

өкілі Самат Әлиев.

2015 жылғы теңгенің құлдырауы тұрғын үйлерді жалға 

беру  нарығына  тағы  да  әсер  етті.  Kn.kz  жылжымайтын 

мүлік туралы қызметтік сайттың талдау қызметінің бас-

шысы  Анна  Шацкаяның  бағалауы  бойынша  теңге  ер-

кін  айналымға  жіберілгеннен  кейін  пәтерлерін  жалға 

берушілер  тәбеттерін  тежей  бастады.  «Қазіргі  уақытта  

тамыздағы  көрсеткішпен  салыстырғанда  пәтерді  жалға 

беру ақысы 15-20 пайызға кеміді. Атап өту керек, бұл не-

гізінен  «жайлы»,  «бизнес»,  «элит»  сегменттеріне  қаты-

сты. «Эконом» санатындағы және ескі қордағы үйлердің 

пәтерлердің жалға  беру ақылары жалпы тұрақты болып 

қалды»,- деді ол GM-ге берген сұхбатында.

Оның  болжауы  бойынша  жақын  болашақта  қымбат 

сегменттегі үйлерді жалға беру ақылары арзандай бер-

мек. Оның себебі – жалға алушылардың табыстарының 

кемуі және нарықтағы сұраныстың артуы. «Kn.kz мони-

торингінің мәліметі бойынша Астанада орташа есеппен 

пәтерді жалға беру 181 мың теңгені құраған, бұл көрсет-

кіш  2014  жылдың  қазанымен  салыстырғанда  17  пайы-

зға кем. Алматыда осындай көрсеткіш 162 мың теңгені 

құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда 20,6 пайы-

зға кем», - деп хабарлады  Шацкая.

Табысы болмаса тірлігің түкке тұрмас

Егер рентабельділігі банк салымдарының табысынан 

төмен  болса    инвестицияның  қай  түрі  болмасын  түкке 

тұрғысыз  болып  саналады.  Шацкаяның    бағалауы  бой-

ынша қазіргі уақытта пәтерді жалға берудің орташа та-

бысы теңге бойынша жылына 5-6 пайызды құрайды.  Та-

бысы  10  пайызды  құрайтын  басқа  нұсқалар  бар  –  олар 

арзан  бір  бөлмелік  пәтерлер.  Бұл  ретте  банктегі  тең-

гелік депозиттердің табысы 9,7 пайызды, ал долларлық 

INVEST MONEY

Жылжымайтын мүлік



Пәтер сатып алу 

және оны жалға 

беру – адамдар 

арасында  кең 

тараған әрі 

қолданысы 

қарапайым 

инвест 

идеялардың бірі, 

оған қолда бар 

ресурстарды 

пайдаланасың, 

түрлі қаржылық 

құралдарды 

қажет етпейді.  

Бұл  қарапайым 

бизнес-сызбаны 

жылжымайтын 

мүліктердің 

бағасы 

қымбаттап, 

адамдардың 

табысы артқан 

кезеңде  

қолдануға болар 

еді. Алайда  

шамамен 2014 

жылдың басынан   

«рантье» тірлігі 

қиындап кетті, 

олар клиенттерді 

ұстап тұру 

үшін жалға 

беру ақысын  

арзандатуға 

мәжбүр болды, 

пәтерлердің 

бағасы  көз 

алдымызда 

түсіп жатыр.

22

№6(14)  желтоқсан 2015

депозиттер табысы - 3,2 пайыз құрайды. «Пәтерді жалға 

беруден  түсетін  табыс  жалға  беру  ақысынан  ғана  тұр-

майды, олай болмаса инвесторға пайда келмес еді»,- деп 

атап өтіп әңгімелесушіміз сөзін жалғастырды,- «Табысты 

есептегенде «шаршы метрлердің» нарықтық бағасының 

өсуі мен түсуін де есепке алған жөн. Долларлық баға жыл 

бойына  төмендеп  жатқандығын  ескеріп,  2014  жылдың  

ақпан айынан бастап  ол 30 пайызға кеміді, яғни  пәтер-

ден келіп түсетін табыс банк депозиттерінен түсетін та-

быстан біршама кем»,- деді ол.

Жылжымайтын  мүлікті  жалға  беру  мен  банк  са-

лымдарының  инвестициялық  тиімділігінің  салыстыра 

келе үй иелерінің уақытша шығынға тап болып, көретін 

машақаттарын  ұмытпауымыз  керек.  «Үй  иелерінің 

барлығына  бірдей  пәтерлерін  10  жылға  жалға  алып,  

ұсақ-түйекке  бола  мазалай  бермейтін  клиенттер  кезіге 

бермейді. Көп жағдайда пәтер иелері тұрмыстағы ақау-

ларды  жөндеулеріне,  ПИК,  учаскелік  инспектормен,  са-

лық  төлеушілермен  байланысқа  баруларына  тура  ке-

леді,  әрине  ол  келісімде    қарастырылмаса.  Кейде  жалға 

алушылар күтілген мерзімнен тыс аусып жатады, бұл пә-

тер бос қалады,   уақыт өте келе косметикалық және күр-

делі  жөндеуге  ,  үйді  жинастыруға  шығын  кетеді  деген 

сөз», -дейді Самат Әлиев.

Сарапшылар  жылжымайтын  мүлік  бағасының    түсуі 

инвесторларды  арзан  пәтерден  құтылуға  итермелейді 

деп топшылайды. «Алайда сатып алушылар қазір ақша-

ларынан  айырылуға  асықпайды,  көпшілігі  пәтер  баға-

ларының  одан әрі  арзандауын күтеді. Пәтер нарығын-

да сауда саттық көп емес,  негізінен  адамдар  пәтерлерін 

шұғыл көшуіне байланысты сатады»,- деп атап өтті Әли-

ев. «Алғашқы  бағалардың түсуі кезеңінде пәтер нарығы 

инвесторлар  үшін  тартымды  емес,  көпшілігі  бағасы  ар-

зандап бара жатқан пәтерлерден құтылғысы келеді, мұн-

дағы ойлары  - табысты жоғалтып алмау. Бағаның түсуі  

айқын көріне бастағандықтан, оларды сату  бәрінің  қо-

лынан келе бермейді, сондықтан да өтпей қалған пәтер-

лер  есебінен  жалға  берілетін  тұрғын  үйлер  қатары  кө-

беймек», - деп ой қосты Анна Шацкая.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет