Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет39/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102

 

 

Используемая литература: 

1.

 



Волошина. М.И. Современные программы для дошкольных образовательных учреждений 

// Журнал «Начальная школа». - №1. 2000г. 

2.

 

Дошкольная  педагогика.  //Под  редакцией  В.И.  Логиновой  и  П.Г.  Саморуковой.  –М: 



Просвещение,1983г. 

3.

 



Евдокимова Е.С., Кудрявцева Е.А. Детский сад и семья. - М., 2008. 

4.

 



Максимова Ю.Ю Адаптация детей раннего возраста к условиям ДОУ. – М., 2010. 

5.

 



Нусупбекова М.И.,  Аргымбаева А.Б. Дидактические игры. –Алматы, 2008. 

 

 



 

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ - НӘТИЖЕЛІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗІ 

 

 

Б.Ш.Ибраева жоғары деңгейдегі 2 санатты тәрбиеші

ҚМКК «Қарлығаш» балабақшасы, Қарағанды қ. 

 

 



Жақсы педагог - қай кезде де ең алдымен кәсіби 

деңгейі жоғары, интеллектуалдық, 

шығармашылық әлеуеті мол тұлға. 

0%

20%



40%

60%


80%

100%


уровни компетентности по подготовки 

руки к письму на контрольном  этапе

1 уров.


2 уров.

3уров.


271 

 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 



мемлекеттік  бағдарламасында  білім  алушыларды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  көтеру,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін  арттыру, 

олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды 

қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  педагогтардың  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен  ынталандыруды 

арттыру  мәселелеріне  үлкен  мән  берілген.  Жаңа  экономикалық  және  әлеуметтiк-мәдени 

жағдайларда  педагог  қызметкерлерінің  бiлiктіліктерін  арттыру  жүйесiнiң  алдында  тұрған 

бiлiм  беру  мазмұнына  жаңашыл  көзқарас  қалыптастыруға,  білім  сапасын  арттыруға, 

мемлекетік  бағдарламаларға  сай  стратегиялық  мiндеттердi  шешуге  бағытталған  түбегейлi 

қайта өзгертулердiң қажеттiгі туындап отыр. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім 

беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сындарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен  жаңалықтар  әрбір 

педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, 

жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.  

Б.Тұрғынбаева  «…өзінің  практикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік 

мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз»  деп  анықтаса,  Ресей 

ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір 

адамның  дамуына  негіз  бола  алатын  білімділігі  мен  абыройлылығы».  Педагогтың 

(тәрбиелеушінің  )кәсіби  құзіреттілігі  оның  білімінің  жан-жақтылығы,  ұстаздық 

шеберлігі.оқытудың  жаңа  әдістерін,  инновациялық  технологияны  меңгеруімен  өлшенеді. 

Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ. 

«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: 

«құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе 

бір нәрсені жасау» деп берілген. 

Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген 

мағынаны  білдіреді.  Құзырлықты  меңгерген  мұғалім  өз  саласына  сәйкес  білім  мен 

біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайды және тиімді әрекет ете 

алады.  Енді  осы  ұғымдардың  мәнін  тереңірек  талдайтын  болсақ,  онда  «құзыр»  –  тұлғаның 

белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің 

өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай 

құзырлықтарды  меңгеруі.  Құзырлылық  мұғалімдік  сала  бойынша  қандай  да  бір  сұрақтар 

төңірегінде беделді шешім шығаруды білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас 

сапалары  мен  оның  психологиялық-педагогикалық  және  теориялық  білімінің,  кәсіби 

біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. 

Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады: 

1.  Бағдарлы  құзіреттілік  (азаматтық  белсенділік,  саяси  жүйені  түсіну,  баға  бере  білу, 

елжандылық); 

2.  Мәдениеттанымдылық  құзіреттілік  (ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білу,  өз  халқының 

мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 

3.Оқу-танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай 

білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 

4.  Коммуникативтік  құзіреттілік  (  адамдармен  өзара  қарым  -  қатынас  тәсілдерін  білу, 

мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел  тілінде  қатынас 

дағдылары болуы); 

5.Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық 

обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді 

жүзеге асыра білу қабілеті); 

Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш  - жігердің 

болуы. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені 

мәлім.  Құзыреттілік  еңбек  нарығында  тұрақты  өсіп  отырған  талаптармен,  шапшаң 

технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен 



272 

 

негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған 



мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. 

Мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілігі-оның  жан  -  жақты  білімінен  ұстаздық  шеберлігімен, 

оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл 

болса,  оның  құзыреттілік  аясы  да  соғұрлым  кең  болмақ.Мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілігінің 

негізгі шарттары: 

Тұлға аралық және еңбектегі байланыс. 

Қызметтің  экономикалық,  әлеуметтік,  құқықтық,  адамгершілік,  психологиялық 

аспектілерін меңгеруі. 

Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. 

Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 

Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. 

Тиімді шешім қабылдау қабілеті. 

«Құзырлылық - тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық 

әлеуетін дамыту қабілеті» - деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі 

ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы 

қажет.  Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты 

талап  етеді.  Ал  шығармашылықпен  жұмыс  жасау  үшін  мұғалім  өзінің  кәсіби  біліктілігін 

арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр 

деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды иновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы 

мол.  Біліктілігін  арттырушы  мұғалім  өзінің  білімін,  жалпы  дүниетанымын  кәсіби  және 

әдіснамалық  деңгейін  жоғарлатады,  психологиялық  –  педогогикалық  сонымен  қатар 

әдістемелік  сауаттылығын  жетілдіреді.  Ең  бастысы  бұл  білімдер  мен  білік  дағдыларды 

құзырлылық  ұстанымдарының  талаптарына  сәйкес  өздерінің  меңгеруі  және  сол  жолдар 

арқылы  өздерінің  ойлау  жүйесін,  шығармашылығын  өнертапқыштығын,  рефлексиялық 

машығының дамуына жол ашады.Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, 

өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады. 

Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі 

келсе әрекет етуі, күш салуы қажет.  Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім  - ол өз бетінше 

білім  алу.  Шығармашылық  әлеуеттің  дамуы  өз  білімін  көтеруге  негіз  болады.  Мұғалім 

шығармашылық  әлеуетін  дамыта  отырып,  өзінің  құзіреттілік  аясын  кеңітеді.  Кәсіби 

құзіреттілік  маманның  әлеуметтегі  дәл  осы  уақыттағы  қабылданған  стандарттар  мен 

нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін 

анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзіреттілік 

бір  нәрсе  жайлы  беделді  ой,  кесімді  пікір  білдіруге  мүмкіндік  беретін  білімділердің 

сипаттамасы ретінде қарастырылады. 

Мұғалімнің  белгілі  бір  педагогикалық  мәселелер  туралы  барлық  ақпаратты  жинақтай 

алуы,  оның  тиімдісін  таңдай  білуі,  нақты  жағдайды  шешуге  байланысты  оған  өзіндік 

қолтаңбамен өзгерістер енгізе алу, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білу сыни 

ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық 

сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады. 

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім үшін білім мазмұнын, әр оқушының өзіндік 

ерекшелігін, оқушылар ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың 

формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды есінде ұстау қажет. Сонымен қатар оларды 

дер  кезінде  еске  түсіріп  қажетіне  жарата  алу  оның  басты  құндылықтарының  бірі  болып 

табылады. 

Кез  келген  жаңалық  ең  алдымен  адамның  қиялында  пайда  болатындықтан 

шығармашылық әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі - фантазия. Бұған дейін белгілі фактілерге 

қатысты  жаңа  көзқарас  тұрғысынан  қарауға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  оның  көркемдік 

және  ғылыми-танымдық  құндылығы  орасан  зор.  Қиялдаудан  туындаған  шығармашылық 

белсенділік  едәуір  шамада  ішкі  ниеттерге,  жекелей  дарындылыққа  және  адамның  қызметі 

үрдісінде қалыптасатын даралық тәжірибесіне байланысты. 


273 

 

Шығармашылық  әрекет  жоғары  әлеуметтік  қажеттіліктерден  туатындықтан  оның 



нәтижесіне  қарай  қанағаттану  немесе  қанағаттанбау  реакцияларын  бастан  өткізеді.  Бұл 

эмоциямен  тығыз  байланысты.  Эмоция  -  толғану,  сезім,  көңіл  -  күй  деген  мағына  береді. 

Эмоцияның  жоғары  түрі  адамның  іс  -  әрекетінің  өнімді  болуына  мүмкіндік  туғызады. 

Эмоциясыз, сезімсіз ізденушілік болмайды. 

Жақсылық  ашу  өздігінен  келе  салмайды,  оған  алдын-ала  жасалған  қажырлы  еңбек 

құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт - адамның 

рухани  күштерінің  ширығып  өрлеуі,  шығармашылық  толғанысы.  Шабыт  жаңа  туындының 

пайда  болуына,  бастайды.  Ол  адамның  жоғары  белсенділігінен,  әрекеттің  өнімділігімен, 

шығармашылықтың  шаттығын  сезінумен  «құштарлық»  пен  эмоциялық  ойға  шолумен 

ұштасады. Шығармашылық үрдістің санадан тыс тәрізді болып көрінуі  шығармашылықтың 

өзінің  барынша  саналығының  нәтижесі,  сананың  ерекше  айқындылығының,  ойлар  мен 

бейнелердің  өзінше  бір  үлгіде  лықси  келіп,  айшықтана  көрінуінің,  естің,  зейіннің,  идеяны 

орындауға  бағытталған  құлшыныс  пен  ерік-жігердің  жемісі.  Шабытты  шақтарында  адам 

бойындағы бар күш жігермен әрекет етеді. 

Шығармашылық  әлеует  ұғымының  құрамалары  ретіндегі  адамның  тұлғалық 

сапаларының:  еркіндік,  шешімділік,  тәуекелшілдік,  тапқырлық,  өнертапқыштықтың  алатын 

орны ерекше. Адамның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай 

алу  қабілетінде  жатыр.  Оның  ойлау,  пайымдау  және  әрекеттену  еркіндігі  жеке  кәсіби 

жауапкершілікті  сезінумен  сәтті  байланысады.  Рухани  және  материалдық  құндылықтар 

әлемінде еркін бағдарлай алу, педагогикалық догмалардан еркін тұлға ғана тәуекелді талап 

ететін  шешімдерді  өз  мойнына  ала  алады.  Еркін  адам  өзінің  өмірлік  позицясы,  ұстанымы 

болғандықтан өзгелерді қайталамай, жаңаша  жолдармен жүреді. Дәл осы сапа шығармашыл 

мұғалім үшін аса маңызды. 

Шығармашыл  тұлғаның  ерекше  қасиеттерінің  қатарына  педагогикалық  импровизация 

жасай  алуы  жатады.  Педагогикалық  импровизация  дегеніміз  -  мұғалімнің  алдын-ала 

жоспарланбаған  тосыннан  пайда  болған  педагогикалық  мәселені  шешу  үшін  өзінің  білік, 

дағдысы  мен  іскерлігін  шығармашылықпен  іске  қосуы.  Педагогикалық  импровизация 

мұғалімнің  шығармашылықпен  өзін  -  өзі  дамытуына  әсер  етуші  фактор.  Өйткені 

импровизация кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын 

алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық туады да, педагогтың дамуына мүмкіндік жасалады. 

Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін - 

өзі  жан  -  жақты  дамытуға  қол  жеткізеді.  Нәтижесінде  мұғалім  кәсіби  құзіреттілікке  қол 

жеткізеді.  Мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілі  -  бүгінгі  ғасыр  талабына  сай  белгілі  бір  нәтижеге 

бағытталған білім берудің негізі болмақ.Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман 

талабына сай педагог қауымының өзін - өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім 

саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде тек білімге ғана емес, өмірге де 

үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етіп  отыр.  Демек,  педагогтеріміз  осы  ақпараттық  қоғамнан 

қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; 

нақты бағыт - бағдар беруші болуы керек - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілігін 

дамыту  дегеніміздің  балабақша  педагогының  мектеп  жасына    дейінгі  балалардың 

шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың,  интеллектуалдық  белсенділіктің 

жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып 

табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі кезеңнің мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда, 

білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны 

қалыптастыруды  талап  етеді.Құзыреттілік  қасиеттерді  тұлға  бойына  дарытуда  педагог 

қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттілігінің жан  - жақты болуы талап етіледі. 

Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне 

нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін 

ұсына алатын жағдайда болғанда ғана құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір 

сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан - 



274 

 

жақты  дамуына  негізделген,  алған  білімін  өмірдің  қандай  бір  жағдаяттарында  қолдана 



алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады. 

Психологтер  де,  педагогтер  де  адамның  рухани  интеллектуалдық,  кәсіби 

шығармашылықпен өзін - өзін дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп көрсетеді. Мысалы, 

ұлы педагогтар А. Дистервег, К. Ушинский, А. Макаренко, В. Сухомлинский, т.б. мұғалімдік 

еңбек пен педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда 

педагогикалық  шеберлік  –  кәсіби  әрекетті  жоғары  деңгейге  көтеретін  мұғалімнің  жеке 

қасиеттерінің, оның білімі мен біліктілігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А. Маркова 

мұғалімнің  кәсіби  деңгейге  көтерілуінің  төмендегідей  психологиялық  критерийлерін 

анықтаған. 

Объективті  критерийлер:  мұғалімнің  өз  мамандығына  қаншалықты  сәйкес  әлеуметтік 

тәжірибеге  қосар  үлесі  қандай  екендігі.  Жоғарғы  еңбек  көрсеткіші,  әртүрлі  мәселелерді 

шығармашылықпен шеше алу біліктері; 

Субъективті  критерийлер:  адамның  мамандығы  оның  табиғатына  байланысты.  Оның 

еңбегіндегі  бұл  критерийлерге  кәсіби-педагогикалық  бағыттылық,  кәсіптің  маңыздылығын, 

құндылығын түсіну, маман ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуы; 

Нәтижелі  критерийлер:  оқыту  нәтижесінде  баланың  психологиялық  функциясының 

қалыптастырып, балабақшада алған білімдерін мектепке барғанда қолдана білуі; 

Шығармашылық критерийлер: мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы 

өз  тәжірибесін,  еңбегін  өзгерте  алуы  жатқызылады.  Шығармашыл  мұғалім  үшін  өзгенің 

тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, 

шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. 

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз ісін жетік 

білетін,балаладың  шығармашылығы  мен  дарындылығына  жағдай  жасай  алатын,  тұлғалық-

ізгілік  бағыттылығы  жоғары,  педагогикалық  шеберлік  пен  өзінің  іс-қимылын  жүйелілікпен 

атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгеруі - дамудың сатысы. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000. 

2.

 



Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. 

3.

 

Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2002. 



4.

 

Ұстаздық шығармашылық - Б.А.Тұрғынбаева Алматы 2007ж 



5.

 

Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы 2002ж. 



6.

 

. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004. 



7.

 

А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009 



8.

 

И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009 



 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҮЙРЕТУДЕ 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТҮРІ 

 

 

К.М.Ибраева 

«Еркетай» балабақшасы 

 

 



Балабақшада  білім  берудің  барлық  салаларында  мұғалімдер  мен  тәрбиешінің  кәсіби 

шеберліктерінде жаңаша көзқарастар туындап отырады.Ұрпақтың болашағы бүгінгі оқу мен 

тәрбиені жеке тұлғалық сипатта дамытуымызға байланысты.Осыған орай балалар бақшасынан 


275 

 

бастап тіл сабақтарын дұрыс ұйымдастырып,баланың мемлекеттік тілге бүлдіршін шағынан 



дұрыс оқытудың қажеттілігі айқындалады. 

Жаңа технология - тілді үйренуге жаңа қарқын беру, әр баланың сұранысын қамтамасыз 

ету.Еске ұстайтын жайт: қазіргі орыс-қазақ тілді балабақшаның қай тобында да тілді мүлде 

білмейтін, аздап түсінетін және жақсы меңгеріп келе жатқан балалар бар. Тілді тиімді деңгейде 

оқытудың  жолы  балалардың  тілдік  деңгейлерін  анықтағаннан  кейін,  олардың  сұраныстары 

мен қызығушылықтарына қарай тапсырмаларды жұптап, топтап, жекелей-даралап лайықтап 

беру. 

Қазақ тілін үйретудегі негізгі мақсат баланың қазақ тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын 



дамыту.Оқытуда бұл мақсатқа жету үшін мынадай қосымша міндеттер жүзеге асырылады: 

1.Балаларды түрлі берілген сұрақтарды түсініп оған жауап беруге үйрету. 

2.Баланың  үйренген  тақырыбы  төңірегінде  үлкендердің  айтқанын,  нұсқауын  түсінуге 

үйрету  (дүниетаным,  түрлі  жанрдағы  көркем  шығармалар,  қысқа  ертегілер,  әңгімелер, 

тақпақтар, жұмбақтар т.б) 

3.Қазақ тілінде біршама ауызекі сөйлесе білуге, қазақша жауап беруге үйрету. 

4.Ойыншықтарды,  заттарды,  сюжетті  суреттерді  суреттеп  айтуға  үйрету.                                              

5.Қазақ тіліндегі дыбстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. 

6.Оқытушының  ұсынған  тақырыбы  төңірегінде,  грамматикалық  жағынан  дұрыс,  2-3 

сөйлем құрап, жүйелі түрде айтуға үйретудің бәрі ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытады. 

Баланы жүйелі, толық сөйлем құрап айтуға, сөйлеуге арнайы үйрету үшін,  

дидактикалық  және  сюжетті  дидактикалық  ойындар  арқылы  балалардың  бір-бірімен 

сөйлесуіне жағдай жасалады. 

-баланың  түсінігіне  жеңіл  тақырып көркем  шығармаларды  жаттауға,  өз  сөзімен  айтып 

беруге, оқуға арналған мәтіндерді пайдалануға болады. 

-иллюстрацияларды,  суреттерді,  ойыншықтарды,  диафильмдерді  көрсете  отырып, 

олардың мазмұнын қазақ тілінде түсіндіру. 

-экскурсия,  серуен  кезінде  балаларды  қазақ  тілінде  сөйлеуге,  тілін  дамытуға,  сөздік 

қорын толықтырып тиянақтау. 

-арнайы сөйлеуге арналған ойындарды пайдалану. 

Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшаларда қазақ тілін оқытуда негізгі басты үш әдіс 

қолданылады:                                                                                                                                                 

1.Сөздік әдісі                                                                                                                                             

2.Көрнекілік әдісі                                                                                                                                      

3.Ойын әдісі 

Сөздікпен  жұмыстың  мазмұны  сөздердің  біртіндеп  меңгеруіне  байланысты.  Оларды 

ауызекі тілде қолдану /жолдастарымен, үлкендермен сөйлесу, балаларға арналған қысқа әдеби 

шығарманың  мазмұнын  түсіну/.  Сөздікпен  жұмыстың  бағдарламасы,  жүйелі  оқу  іс-

әрекетімен, жүйелі методикалық әдіс-тәсілдермен, балаларды мақсатты түрде сөйлеуге үйрету 

арқылы іске асырылады. 

Оқытушы  балаға  сөз  үйретуді  көрнекілікке,  сөйлеу  үлгісіне,  оқу  үдерісінде  бірнеше 

немесе  көптеген  талдауыш  заттарды  енгізу,  сөзді  қимыл  әрекетпен  көрсету,  сөзді  белгілі 

затпен  бейнелеу,  жаңа  сөзді  бірнеше  рет  қайталату  арқылы  іске  асырады.                                                                                                   

Сөздікпен жұмыстың тиімді тәсілдеріне мыналар жатады: 

-Затты көрсету, ойыншықтар /өзіне суретін көрсету/ және оны атау

-Сөзді баламен бірге, дауыстап айту; 

-Естіген сөзді қайталау; 

-Сөзді өз бетімен жеке айту; 

-Сөздің түрлі мағынада көп қайталануы; 

/Бұл алма. Қызыл алма. Үлкен домалақ алма. Лена алма ал. Миша, маған алма бер./ 

 Белгілі  бір  жағдай  төңірегінде,  сөйлемге  сөз  қосу.  /  «Менде  үлкен  ...  бар»,-балалар 

сөйлемге жетпей тұрған ойыншықтардың атын қосады: /қуыршақ, доп, аю т.с.с/ балаға анық 

жауапты керек ететін сұрақ қою /Мынау не? Қандай? Қайда?/ 


276 

 

Нақты берілген сұраққа жауап беру үлгісі: 



-затты суреттеу, көлемін, түсін, сапасын тағы басқа белгілерін бейнелейтін сөздер; 

       -қимыл-әрекетті затпен көрсету және оларды атау; 

       -балалардың тапсырманы орындауы; 

       -қарапайым сюжетті суреттер көрсету. 

 Баланың ой шеңберін кеңейтетін, дүние таным белсенділігін арттыратын, сөзді игеруге, 

оны сөйлемде қолдануға арналған ойындар мен жаттығуларды пайдалануға болады. 

Тіл сабақтарында, тілге үйрету әрекеттерінің кез-келген түрінде әрдайым қолданылатын 

әдіс- көрнекілік әдісі.  

Көрнекілік  әдісінің  бастапқы  түрі-  бақылау.  Бақылау  балаларға  берілетін  тілдік 

материалдардың  мазмұнына  қарай  ыңғайластырылып,  бөлмедегі  жиһаздарды  бақылау, 

асханаға  саяхат  ұйымдастыру,  нақты  заттарды  (еңбек  құралдарын,  ыдыс-аяқты)  қарастыру 

сияқты бірнеше түрге жүктеле береді. 

Жас  ерекшелігіне  байланысты  топтарда  қазақ  тілін  оқытуда  қолданылатын 

дидактикалық оқу құрал-жабдықтарының екі түрі бар: біріншісі-   ұйымдастырылған оқу іс-

әрекетіндегі  тақырыптары  мен  мақсаттарына  қарай  дайындалатын  оқу  жабдықтары, 

үлестірмелі дидактикалық материалдар

екінші-  ұйымдастырылған  оқу  іс-әректіне  және  оқу  іс-әрекетінен  тыс  уақытта 

ойнатылатын ойындарға арналған материалдар. 

Қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолдануға арнайы жасалған қуыршақтар 

/ұлттық  киімдегі  ұл  және  қыз/,  тақырыптарға  сай  жинақталған  суреттер,  магнитафон 

таспалары,  слайдтар,  жекелеген  фотосуреттер,  жалпы  мазмұнды  және  заттық  картиналар 

тақырыптар бойынша жіктеліп, толықтырылып отырады. 

Үлестірмелі материалдар: 

         1.Балалардың қазақша сөздік минимун дамытуға арналған заттық суреттер; 

         2.Қазақ тілінде сөйлем түрлерін құруға арналған мазмұнды суреттер; 

         3.Балалардың  қазақ  тілінде  диалогтық,  мнонлогтық  сөйлеу  тілін  дамытатын 

мазмұнды картиналар. Әрқайсының картотекалары жасалады, топтағы бала санына қарай бір 

уақытта пайдалануға болатындай етіліп, бірнеше дана дайындалады. 

Балаларға  тіл  үйретудің  қай  түрінде  болмасын  көрнекілік  тәсілдері  қолданылады.  Ол 

тәсілдердің  орнымен  тиімді  қолданылуы  педагогтің  көрсетіліп  тұрған  материалдарды 

балалардың дұрыс қабылдауына бағыттайтын нұсқау, түсіндіру сөздеріне байланысты. 

         Алғашқы    оқу  іс-әрекетінен  бастап,баланы  өзге  тілде  сөйлеуге  құлшындыратын, 

айналасындағы  зат  құбырылыстардың  қазақша  атауларын  үйрету  үшін  қолданылатын 

ыңғайлы  әдістердің  бірі-дидактикалық  ойындар.  Әр  түрлі  топтардағы  балалардың  шама-

шарқына  қарай  берілетін  бағдарлама  материалдарын  меңгерту,үйренген  білім  дағдыралын 

бекіту жұмыстары дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ойынның екі түрін 

көрнекі  құралдармен  ойналатын  және  сөзбен  ауызша  ойналатын  тіл  үйретуде  тиімді 

пайдаланған  жөн.  Дидактикалық  ойын  тіл  міндеттерінің  барлық  түрлерін  бірден  шеше 

алады.Мысалы,  үстел  үсті  театрын  қолдана  отырып,балалар  таныс  мәтіндегі  сөйлем 

құрылымдарын  тиісті  дауыс  мәнерімен  айтып  береді,сөз  қорын  дамытады,қазақша  ауызекі 

сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. 

Дидактикалық  ойын  «Ғажайып  қапшық»,  «Сиқырлы  қорап»,  «Сиқырлы  кубик»  деген 

түрлері. Баланың сөздік қоры көбейген сайын, заттың атын атап қана қоймай, оған қосымша 

түрін, түсін, қандай екенін қосып айтуды үйрету. /Доп +домалақ, доп +үлкен,, доп+қызыл .../  

Дидактикалық ойын «Мынау не?» Сезім мүшелері арқылы заттарды ажыратып, қазақша 

атауға  үйрету.  Үстелде  тұрған  ойыншықтарды  шаршы  орамалмен  жауып,  бал  орамалдың 

сыртынан ұстап, қандай ойыншық екенін қазақша атайды. 

 «Дұрыс  атап  айт».  Адамның  дене  мүшелерін  дұрыс  үйрету.  Магнитті  тақтаға, 

фланелеграфқа жеке тұрған қуыршақтың суретін құрастыру. Қазақша айтып үйрету. 

«Үйде  кім  тұрады?»  Бұл  ойында  жанды  сурет  қолданылады.  Үйдің  «терезесінен» 

адамның бейнелері біртіндеп көрінеді: әке, ата, әже, ана, бала, қыз /олардың өзгеруі де мүмкін/ 


277 

 

Әрбір  сурет  көрінген  сайын,  оқытушы:  «Мынау  кім?,  «Үйде  кім  тұрады?»  деген  сұрақтай 



береді. 

«Дәмді  ойын».  Оқытушы  балаларға  алдында  жатқан  суреттерден  «Тәтті  тағамдарды 

тауып,  оларды  атауларын  өтінеді»  балалар:  «бал,  қант,  кәмпит,  қаймақ..  Дәмді  тағам 

дайындауға керекті суреттерді топтастырады. Мысалы: сүт, жұмыртқа, ұн, тұз, май бауырсақ 

пісіруге керек.  

«Құстарды ата». Оқытушы тақтаға құстардың суретін іліп оны балалар қазақша атайды. 

Балалар  көздерін  жұмғанда,  оқытушы  бір  құстың  суретін  алып  тастап  «қандай  құс  ұшып 

кетті?» дейді. Балалар: «Қарлығаш ұшып кетті» - деп жауап береді. 

«Тоғайда  не  көрдік?»  Ойында  жанжы  сурет  –тоғай  пайдаланылады.  Аңдардың  киып 

алынған суреттері үстелдің үстінде жатады. /аю, қасқыр, қоян, тиін, кірпі, т.б./ «Тоғайда не 

көрдің?»-  деген  сұраққа  Тоғайда  аю  көрдім  дейді  де,  аюдың  суретін  «жанды»  суретке 

орналастырады. 

«Аудармашылар».  Белгілі  тақырып  төңірегінде  сөзді  қайталату.  Балалар  екі  топқа 

бөлініп бірі орысша айтады, екінші топ қазақша атайды. 

Дидактикалық  жаттығулардың  «Біздің  ойыншықтар»,  «Біздің  және  қуыршақтың 

жиһазы», «Шкафта не бар?» . Олардың атын дұрыс атату. 

«Сәулеге  ойыншықтарды  /бөлмемізді,  балабақшаны/  көрсетеміз».  Бұл  ойын  серуенде 

қазақтың  ұлттық  киімін  киген  қуыршаққа  –Сәулеге  ойыншықтарды,  бөлмедегі  заттарды 

қазақша айтып көрсету. 

«Сөйлемге  сөз  қосып  толықтыр».  Белгілі  тақырып  төңірегінде  құрылған  сөйлемге  сөз 

қосып  толықтырады.  Бұл  ойынды  тағамдар,  ойыншықтар,  киімдер  тақырыбында  қолдануға 

болады. Мысалы: бала ...ішті. /су, сүт, айран, қымыз/. Гүлжан ...алды /қуыршақ, алма, көйлек/ 

қыз ... ойнады /доппен, қуыршақпен/. Сайра ..... киді. /көйлек, тон, етік. 

«Не жоқ»? Үстелдегі ойыншықтар немесе ілулі тұрған суреттер біртіндеп алынып «Не 

жоқ?» деген сұраққа жауап береді.  

«Сақ  бол!»  Оқытушы  балаларға  екі  ойыншықты  көрсетіп  «Мынау  мысық»,  «Мынау 

қуыршақ» дейді. Одан кейін «Сақ бол!» дейді де қуыршақты көрсетіп «Мынау мысық па?»- 

дейді.  Мысықты  көрсетіп.  Мынау  мысық  па?  Дейді.  Балалар  «Иә,  ол  мысық».  Осы  сияқты 

басқада ойыншықтармен жаттығулар жасайды. 

«Есіңде  сақта»  /сөздік  қорды  молайтады,  есту  қабілеттерін  жетілдіреді.  Оқытушы  5-6 

сөзді асықпай айтады. Бала оны бұлжытпай айтып шығуы керек. 

«Қысқа  және  ұзақ  сөздерді  ата»  Оқытушының  өтінуімен  белгілі  тақырып  төңірегінде 

/ойыншық, құстар, киім, аңдар, жемістер, көкөністер/ қысқа, ұзақ сөздерді қайталайды. 

«Қуыршаққа  не  керек?»  Балаларда  киім,  жиһаз,  ыдыстар,  ойыншықтардың  суреттері 

салынған кішкентай карточкалар бар. Оқытушы: «Қуыршақ тамақтанайын деп еді, ыдыстар 

жоқ»  -  дейді.  Балалар  ыдыстың  суретін  әкеліп  атын  атайды.  Балаларға  барлық  суреттерді 

әкелетіндей сұрақ беріледі. 

 «Сыңарын тап» /түсіне, көлеміне, атқаратын қызметіне қарай бағдарлайды/ балалардың 

алдында  суретті  карточкалар.  Екі  баладан  ойнайды.  Суреттің  сыңарын  іздеп  тауып 

құрастырады. 

 «Сын  есімге  жаттығулар.  Заттың  түсін  пішінін,  түрін,  көлемін,  қасиеттерін  айыратын 

сын есімдерді атап шығу». Доп қандай? Қант қандай? Алма қандай? /Доп сары, үлкен, домалақ. 

Қант –ақ, тәтті, ұсақ. 

 Оқытушының нұсқауларын орындау. Баланың түсінігін білу үшін. «Әкел, бар, көрсет, 

ал, 

отыр, 


тұр 

деген 


сөздерді 

қимыл 


әрекетпен 

орындау.                                                                                    

«Тыңда.  Орында!»  Оқытушының  нұсқауларын  түсініп,  орындауға  баланың  бейімділігін 

байқау.  

Оқытушы  қимыл  әрекетті  білдіретін  сөздерді  айтады.  Бала  орындайды.  «Оля  кілемге 

отыр», «Саша үстелден допты ал», «Игорь машинаны әкел». 



278 

 

Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде 



балалардың бақылап, көргендерін тиянақтап, естерінде сақтау, сөздік қорларын дамыту үшін 

осындай дидактикалық ойындарды қолдануға болады. 

Оқу іс-әрекеін жүргізуші маман оқытумен қатар ойнай да білуі керек. Барлық ойындар 

арнайы бөлінген бұрышта дайын болса, онда сырттан келетін мұғалімге де, топ тәрбиешісіне 

де ыңғайлы болмақ. 

Қазақ тілін балабақшадан бастап оқытуды ұйымдастыру оқу іс-әрекетінен тыс уақытта 

тіл  үйрету  жұмыстарымен  тығыз  байланыста  жүзеге  асырылады.  Ол  жұмыстар  оқу  іс-

әрекетінен  тыс  кезеңдерде  өткізілетін  тақырыптарға  байланысты  ойындар  өткізу,  көркем 

шығармалар оқу, диафильм, слайдтар, телехабарлар көріп тамашалау. 

Арнайы түрде бір жақты ғана оқыту нәтиже беру мүмкін емес. Педагогтың балабақша 

бүлдіршіндеріне  тіл  үйретуі  әр  уақытта  ата-аналармен  де  тығыз  байланысты  болуды  талап 

етеді.Баланың  оқу  іс-әрекетінде  үйренген  сөздерін,  сөз  тіркестерін,  сөйлемдерін,  қазақша 

өлең-тақпақтарын бала үйіне келгенде ата-аналар қызықтап сұрап отыруы керек. Өзі тұратын 

республиканың тіліне деген құрметті бала өз ата-анасының бойынан сезіп отырса, оның сол 

тілді үйренуге, игеруге деген құштарлығы арта түседі. 

Тіл үйретуді отбасынан, балабақшадан бастап, оны мектептің бастауыш сыныптарынан 

бастап жалғастыра беру қазақ тілінің жарқын болашағына жеткізері сөзсіз. 

“Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі”,- демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын 

қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру  мәселесі-мемлекетіміздің  басты  саясатының  бірі. 

Мұғалім  өз  білімін,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  және  жаңа 

педагогикалық технологияны  меңгеруі  тиіс. 

Елбасы        Н.Ә.  Назарбаев  атап  көрсеткендей,  Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінің 

дамуына,  тағдырына  тікелей  байланысты.  Сондықтан  да  мемлекеттік  тілдің  оқытылу 

жағдайына  көп  көңіл  бөлініп  отыр.  Мемлекеттік  тілдің  беделін түсірмеу  –  біздің  қазақ  тілі 

мамандарының басты міндеті.  

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет