Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29.2 Mb.
Pdf просмотр
бет41/102
Дата30.12.2016
өлшемі29.2 Mb.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991. 

2.

 



 В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы,1976. 

3.

 



К. Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1983 

4.

 



Балабақша меңгерушісі және әдіскері №1, 2013 ж. 

5.

 



Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы №2, 2014 ж. 

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ 

 

 



Қарағанды қаласы №42 «Тілек» бала-бақшасы 

Тәрбиеші: Иманкулова Бекзат Хасеновна 

 

 

                                                             «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,оның  



                                                           шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз  

                                                                         ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес». 

В.А. Сухомлинский 

Халық  ауыз  әдебиеті  халқымыздың  ауызекі  тарап  отыратын  мол  мұрасы.Халық  ауыз 

әдебиеті  талай-талай  ғасырлардың  жемісі.  Халық  даналығымен  туған  мақал-мәтелдер  , 

ертегілер  ,өлеңдер,жұмбақ-жаңылтпаштар,тұрмыс-салт  жырлары  адамның  қандай  болу 

керектігі,жалпы кейбір ертегілері кісіге қамқор болу көмектесуге даяр тұру,үлкенді сыйлауға, 

шыншылдық,әділдік,еңбекті сүю,табандылық,кішіпейіл болуға тәрбиелейді. 

Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын 

молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, 

одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру 

ісіне ерекше мән берілген.  

Балалардың белсенді сөздерінің алғашқысы «ана», «әке», (сәлем), (сау бол), «әй-әй-әй» 

болып  келеді.  Көптеген  балалар  бұл  сөздерді  14  айлығына  қарай  айта  бастайды.  Сөзді 

түсінудің дамуы мен оны айта білуі бір мезгілде жүреді., бірақ кейде түсінудің дамуы белсенді 

сөйлеуден біршама алда дамиды. Мысалы, анасы 14 айлық балаға: «Ас үйден барып, нан  алып 

кел» десе, сәби нанды алып келеді, бірақ өзі мұндай ұзақ сөйлемді де, «нан алып кел» деген 

сөз  тіркесін  де  айта  алмайды.  Адамның  бүкіл  өмір  жолында  оның  пассивтік  сөздік  қоры 

белсендіге қарағанда көлемі жағынан үлкен болып келеді, себебі біз өз қолданысымыздағыдан 

да  көп  сөз  білеміз.Тек  өкінішке  орай  өзіміз  білетін  сөздік  қорымыздағы  сөздерді  сөйлеу 

барысында қолдана бермейміз. Сондықтан оны естіп өспеген баланың да сөздік қоры ның аясы 

тарыла береді. 

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың 

негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. 

  Біз  балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы  заттармен 

таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, 

өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, 

белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. 

  Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: 

-балалардың сөздік қорларын дамыту; 

-жаңа сөздерді меңгерту; 


288 

 

-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. 



Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып 

отыруы тиіс. 

Тіл  дамытуда  бала  ауызекі  сөйлеуді  пайдалана  бастайды,  сөздің  мағынасын  түсініп, 

грамматика ережелерін, көптеген мәдениеттерді меңгереді, уақыт өте келе оқуға және жазуға 

үйренеді.  

Пассивті  сөйлеу  –  бұл  айтылған  немесе  жазылған  сөздер  мен  сөйлемдерді  түсіну.  Ал 

белсенді  сөйлеу  термині  тұлғаның  жазған  сөзі  мен  сөйлемін  айту,  яғни  ауызша  немесе 

жазбаша сөйлеуді білдіреді.  

Балалардың  сөздік  қорын  молайтуда  ойын,  тапсырма  жаттығулардың  орны  ерекше. 

Соның  ішінде  ойын-  баланың  шын  тіршілігі.  Ойын  дегеніміз  не?  Ойын  —  қоғамдық 

тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды 

жетілдіреді.  Адам  тәжірибесіндегі  кең  тараған  дамыту  ойынының  қызметі:  ойынға  тарту, 

рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. 

Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап 

алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына 

ықпалын  тигізіп,  таным,  ойлау    белсенділігінің  дамуына  жол  ашады.  Қай  бала  болмасын 

ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш 

нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, 

бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі 

ойын үстінде қалыптасады. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. 

Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана 

олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. 

Халық  даналығында  «Ойнай  білмеген,  ойлай  да  білмейді»,  «Ойында  озган,  өмірде  де 

озады» деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген 

құлқы,  қарым-  қатынасы,  мінез-  құлық  көріністері  олар  өсіп-  есейгенде  де  жалғасы  береді. 

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен  

кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.  

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға 

бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- 

қатынастағы  пайымдаулары  өзіндік  таным-  түсінік,  мінез-  құлық  әдептерін  бекітуіне  әсер 

етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар 

алады, дүние сырын ашады. 

  Мектепке  дейінгі  тәрбиеленушілерде  педагогикалық  процестер  барысында  баланың 

көңіл-күйін  анықтап,  психологиялық  мотивтерді  туындатып,  жағымды  мінез-  құлық 

дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және 

достарымен  қарым-  қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеп,  өз  пікірлерін  айтып  жеткізе  білуге 

көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте 

қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. 

  Психологиялық  ойын-  жаттығулар  баланың  жан  дүниесінің,  рухани  жай-күйінің 

үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін 

қолданылады.  

Ойындардың  негізгі  мақсаты  балалардың  ықылас  зейінін,  сөздік  қорын, 

байқампаздығын,  есте  сақтау,  қабылдауын  дамытуғы,  икемділікті  арттыруға,  өзінің  жеке 

құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, 

қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, 

мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн 

бастар  қайнар  көзі  болатыны  белгілі.  Сондықтан  да  ойын  бала  бойындағы  қандай  да  бір 

өнердің бастауы деп білеміз. 

Халық  ауыз  әдебиетінің  бір  саласы-  ойын  өлеңдері.Тілі  шығып,сөйлей 

бастағаннан,кәмелетке  толып,  есейген  шағына  дейін  баланың  жасына  лайықты  сан-  түрлі 

ойын ойналған жане олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап,толықтырылып 


289 

 

отырған.Алқашқыда  балалар  үлкендердің  көмегімен,кейін  біртіндеп  тәртібін  өзгерте 



келе,сөздерін өздері шығарып, айта бастаған.Бұл ретте баланың білегін,алақанын,саусақтарын 

ұстап,түрлі қимылдар жасап,арасында қытықтап отырудың мәні зор.Оларға: « Саусақ санау», 

«Бес саусақ», « Қуырмаш» т.б ж. 

                             Саусақ санау. 

Қуыр-қуыр қуырмаш, 

Балапанға бидай шаш. 

Тауықтарға тары шаш, 

Әжең келсе есік аш, 

Қасқыр келсе мықтап бас. 

Мына жерде қой бар 

Мына жерде ешкі бар, 

Мына жерде сиыр бар 

Мына жерде жылқы бар, 

Мына жерде күлкі бар 

Қытық, Қытық. 

Сонымен  қатар  мектеп  алды  даярлық  топтарында  бірнеше  суреттерді  жинақтай 

отырып,ол  қай  әріптен  басталғаны  жайлы  түсіндіріп,сурет  арқылы  байланыстырса  жане 

өлеңді ұйқастыра білсе, бала түсінігі қалыптаса түседі. Мысалы: 

Үлпілдеген үкісі бар, 

Үміттін үлбіреген үнін қалай ұмыттың? 

Жаңылтпаш-қазақ халқының ауыз әдебиетінің түріне жатады.Оның атқарар қызметі аз 

емес.Олар  көбіне  баланың  ұғымын,түсінігін,дүниетанымын  кеңейте  түседі.Жаңылтпаштар 

баланың  тілін  ұштай  түсіп,оның  кекештенбей,тұтықпай,еркін,жатық,асықпай,қысылмай 

сөйлеуіне көмектеседі.Әр сөзді  бұзбай дұрыс айтылуы мақсат  етіледі.Сөздерді шапшаңдата 

тез-тез айтуы тиіс,баланы сөйлете білу үшін маңызы өте зор.Мысалы: 

 1.Есет атам ет асатар, 

Ет асатса бес асатар. 

2.Қай тай лақтай, 

Қай лақ тайлақтай. 

3.Тебіншек ат- шегіншек, 

Шегіншек ат- тебіншек. 

  Жұмбақтар-  ауыз  әдебиетінің  ертеден  келе  жатқан  бір  түрі.Ол  баланы  жастайынан 

қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Мысалы: 

1.Тарпаң-тарпаң тарбиған 

 Түрі жаман жарбиған ( бақа ) 

 2.Асты тас 

Үсті тас, 

Ортасында  жанды бас ( тасбақа) 

 3.Бір мақұлық бар екен төрт аяқты, 

 Тағыпты арқасына мың таяқты 

 Ашуланса аяқ-қолын көрсетпейді, 

 Көресің көзің салсаң ғажайыпты ( кірпі шешен) 

 4.Жол үстінде қу азық, 

 Мергеншіге жол азық ( қоян) 

 5. Тұмсығы қашау, 

 Кәсібі ұя жасау 

 Зиянкестерді асау (тоқылдақ) 

 6.Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ, 

Тұяғы бейне банет алмас пышақ 

 Тұмсығы имен,көрмейді күндіз көзі, 

 Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады  (үкі). 


290 

 

  Қиялдай  білу  арқылы  ой-өрісі,дүниетанымы  арқылы  балаларды  тапқырлыққа,тілін 



дамытуда басты құрал болып табылады.Мақал- мәтелдерде халықтың ой-санасы, ақыл өнегесі 

көрініс тапқан ойдың дәлдігімен, тереңдігімен сипатталуы мақалдарда тиянақты, тұжырымды 

ой  айтылады.Құрылысы  жағынан  бір  немесе  бірнеше  сөйлемнен  құралып  келе 

береді.Тақырыптары да әр алуан.Отан,ерлік,өнер-білім,ер-жер т.б. Мысалы: 

 1.Ақыл жастан,асыл тастан. 

 2.Елін сүйген ер болар 

 3.Отан от басынан басталады. 

 4.Ел іші өнер кеніші 

 5.Білекті бірді жығады, 

 Білімді мыңды жығады. 

  Балаларға  мақалдарды  үйрете  отырып,  мағыналарын  ашқызу,  түсіндіру  талап 

етіледі.Мұнда  балаға  беретін  тәрбие  тілін  дамытатын  нәрсе  терең  ойды  аядай  қалыпқа 

сыйғызып,  мағынасын  ашады.Тоғыз  ауыз  сөздін  тобықтай  түйінін  жинақтап,қорытып 

береді.Ертегілер арқылы,оның ішінде қиял-ғажап, тұрмыс-салт, батырлар туралы ертегілердің 

мағынасы өте зор. 

«Ұшқыш кілем», «Қасқыр мен ешкі», «Бауырсақ» сияқты ертегілер қара сөзбен айтылса 

да, балаларға өте түсінікті, тілмен жазылып, көз алдына елестету арқылы, арасында сұрақ қою 

арқылы тілдік қорлары дами түседі. 

Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол – ең кереметтің, күштінің және қиынның көрінісі, 

яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстырып сөйлеу тілінің жемісі болып саналады. 

Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең маңызды және ең алғашқы жағдай 

ол  –  баланың  байланыстырып  сөйлеу  тілін  дамыту.  Бала  байланыстырып  сөйлеуді  жақсы 

меңгерсе ғана кез келген сұраққа толық, мәнді жауап бере алады. 

Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы адамдардың 

дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына 

кері  әсерін  тигізеді.  Ал  ата  –  аналар  мен  тәрбиешілердің  балаларға  үлгі  болатындай  дұрыс 

бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты болып табылады. 

Балалармен оқып  – талдайтын әдеби шығармаларды іріктеуде де белгілі  бір мақсатты 

көздеу  керек.  Шығармалар  мазмұны  негізінде  әсерлі,  ойнақы,  танымдық  дүниелер  және 

балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін мағлұматтар болуы 

назарға алынған. Шығарма мазмұны арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта 

бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибесін жасауына 

жағдай туғызу қажет. 

Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында біз картинаны қарастыруды 

және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құруды алдық. 

Картина бойынша әңгіме құру – бір көзбен қарағанда оп – оңай сияқты.Бірақта бұл жерде 

баланың осы кезге дейін жинаған білімінің жемісі екенін ұмытпауымыз керек. Бұл мәселені 

біз тек осы картинаны қарастырумен ғана байланыстырып отырған жоқпыз. Байланыстырып 

сөйлеу күнделікті өмірінде де қажет екенін білеміз. Жалпыға міндетті білім беру стандартында 

мынадай  мақсат  көзделген  –  балаларды  «өз  ойларын  және  сезімдерін  саналы  түрде  әрбір 

тыңдаушы мен баға берушіге ұғынықты болатындай, олардың ой мен сезім – ықыластарын 

көрсете алатындай» жағдай жасау. Ендеше картина бойынша әңгіме құру әр баланың  мінез 

құлқының / тұйық, ұялшақ, ширақ/, білімін көрсетер кезі деседе болады.  

« Туғанда дүние  есігін ашады өлең» деп,ұлы Абай атамыз айтқандай, ауыз әдебиетінің 

басты  үлгілері  әрбір  жас  ұрпақ  үшін  тәрбиенің  қайнар  көзі.  Тегінде  іс-әрекеттерді,  тілдік 

қорларын сипаттай білу- тіл мәдениетінің маңызы болып саналады.Мұны өмірге жаңа қадам 

басқан  балдырғандардың  санасына  дұрыс  сіңіре  білуін,халқымыз  ауыз  әдебиеті  арқылы 

бойларына қалыптастыра білген.Бұл ауыз әдебиеті арқылы балалар есіне ұзақ сақталады. 

    Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді.Сондықтанда 

балалардың  тілін  дамытуда    ерінбей  ата-ана  тарапынанда  педагогтар  тарапынан  да  бірдей 

қолдау тапса бір үлкен нәтижеге жетуге болады. 


291 

 

  



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



«Отбасы және балабақша»  2000 ж. №5 (15 бет) 

2.

 



«Отбасы және балабақша»   2002 ж  №5.   (6-8 бет) 

3.

 



«Отбасы және балабақша»  2010 ж. №5 (12 бет) 

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ  ҰЙЫМДА БАЛАЛАРДЫҢ  ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ 

 

 

Исабаева А.Қ. 

ҚМКҚ «Бәйтерек» балабақшасы 

 

 



Қазіргі  кездегі  қоғамдағы  экономикалық  дамытудағы  жжаңа  стратегиялық  бағдарлар 

мен мектепке дейінгі балаларға жаңа технологияны қолдана білуден басталады. «Технология» 

сөзі – гректің «шеберлік, өнер» және «заң, ғылым» сөздерінен шыққан – бұл шеберлік туралы 

ғылым.Әлемнің жетекші  елдерінің көпшілігі білім беру жүйесінің мақсатын , мазмұны мен 

технологияларын  оның  нәтижесіне  қарап  бағалайтын  болды.Сондықтан  да  білім  берудің 

негізгі  мақсаты  білім,  білік  пен  дағдыға  қол  жеткізу  ғана  емес,  жаңа  технологияны  дұрыс 

қолдана білуде.Солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі 

табу, талдау және оны ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі қоғамда лайықты 

өмір  сүру  және  жұмыс  істеу.  Білім  беру  саласындағы  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  саясатын  іске  асырудың  ұйымдастырушылық  негізі    -  білімді  жаңартудың 

жалғастырылуын    қамтамасыз  ететін  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  

2011  –  2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаның  негізгі  мақсаты    -  2015  жылға 

қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберінде  мектепке дейінгі  тәрбиемен және оқытудың 

қамтуды толық қамтамасыз ететіндегі атап көрсетілген. 

Балабақшадағы  оқыту  –  тәрбиелеу  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  молайту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті  өмірде 

еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге 

жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік 

жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың негізгі кезеңдері болып есептелінеді. Біз балалармен 

сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналдасындағы заттармен таныстырып, атын атай 

білуге,  қасиеті  мен  сапасын,  түр  –  түсін  және  пішінін  ажырата  білуге,  өмірдегі,  қоршаған 

ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым,  түсініктерін  дамыта  отырып,  белсенді  түрде 

тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.   

В.  Сухомлинскийдің  айтқанындай,  «балалардың  бетімен  қанғып  кетуі  және  қылмыс 

істеуі,  үйелмен  мектептің  тірбиесінің  өте  төмендігінде»  [1.45-б.].  Ата  –  аналар  мен  біз  – 

тірбиешілер осыны естерімізден шығармауымыз керек, өз алдарына бала – бақша мен үйелмен 

жеке – жеке баланың нәзік дүниесін дұрыс түсініп, адам болуының күрделі мәселесін шеше 

алмайды.  

Мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балалардың дамуының технологиялары  білім 

сапасын  арттыру  аса  маңызды  мәселе,  ол  үшін  жалпы  және  негізгі  жағдайларды  жақсарту 

басты    міндеттері  біріншіден  ,  білім  және  тәрбие  беруге  арналған  дамытушы  ортаны 

жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын 

сақтайтын,  баланың  дамуына  бағытталуы;  екіншіден,  тәрбие  мекемесінің  басшысы  мен 

тәрбиешісі  педагогтар  қауымы  кәсіби  шеберліктерін  үнемі  шыңдап,  білімін  жетілдіруге 

жүйелі  көңіл  бөліп,  ұжымның  шығармашылық  бағыт  –  бағдарын  айқындап,  оны  жүзеге 


292 

 

асыруға  белсенділікпен  және  жағымды  психологиялық  ақуалдың  тұрақтануына  ықпал  ету 



үшіншіден, мектепке дейінгі ұйымда еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбилеу мен білім 

берудің  жүйесінің негізгі мақсаты – балаларды тұлға ретінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту. 

Бұл  мақсаттар  өзара  тығыз  байланыста  болғанда  ғана  нәтижелі  болады.  Балаларды  өмірге 

дайындау үшін  танымдық, тұлғалықдамытудың маңызы ерекше.  

                 

 

Мен  өз  тәжірибемнен  алсам,  мектеп  жасына    дейінгі  ұйымда  ерте  жастағы  балаларға  



міндетті  түрде  жаңа  технологияны  қолдануға  болады.  .Мысалы:  жаңа  технологиялардың 

түрлерін  атап айтатын болсам монтессрии технологиясы және триз (ттшт)технологиясы.Бұл 

екі технологияны ерте жастағы балаларға пайдалы немесе тиімді. Тағы бір айта кететіні ерте 

жастағы балаларды анасының ішінде немесе алты айлықтан бастап тәрбиелеуге болады, бұған 

осы монтессории технологиясы өте зор ықпалын тигізеді. 

         Тұлғалық – бағдарлық технологиялар: 

 

Зерттеушілік (мәселелік - ізденушілік) 



 

Коммуникативті (пікір - талас) 



 

Иммитациялық үлгілеу (ойын) 



 

Психологиялық (өзін – өзі анықтау) 



 

Іс – әрекеттік 



 

Рефлексивті 



ХХІ  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық  технологиялық  бағытты 

дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді 

халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен 

білім беру - бүгінгі күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. 

Баланың  жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой  -  өрісінің 

кеңеюі  балабақша  қабырғасында  басталатыны  сөзсіз    Қай  кезеңде  болмасын  балабақшада 

Монтессори  әдісі  еш  уақытта  орнын  жоғалтқан  емес.  Бала  табиғатында  білуге  құмар, 

тумысынан  -  ақ  өсуге,  жетілуге  ұмтылысы  басым.  Сондықтан  да  қарқынмен  дамып  бара 

жатқан  мына  заманда  балабақшадағы  педагогтардың  ұлттық  қалып,  ұлттық  мінезді  сақтай 

отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. 

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, 

топта  да,  жеке  де  жұмыс  жасай  алуына,  таңдау  жасай  алуына,  өз  уақытын  ұйымдастыра 

білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 

Бұл  әдістің  мақсаты  -  балалардың  табиғи  мінезін,  қабілетін,  тәрбиешінің  нұсқауымен 

емес,  өз  еркімен  тәуелсіздік  рухында  тәрбиелеу.»Өзімнің  жасауыма  мүмкіндік  бер»дейді 

Оқуға ерте үйрету

Жөргектен

оқу


Жөргектен оқу 

әліппесі


Глен 

Доманның 

үлестірме 

қағаздары



293 

 

мұндағы  бала.  Балаларға  дауыстап  сөйлеу  бұл  әдісте  мүлдем  жоқ.  Ұйымдастырушысы 



балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 

3пен  6  жас  бірге  өз  қалауларымен  жұмыс  жасайды.  Бұл  жастың  қабілетін  ашуға,  үлкеннің 

кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала 

қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. 

Еркін  жұмыс  жасау  барысында  жетістігін  өзі  көріп,  қатесін  де  өзі  жөндеуі  -  ішкі  дүниесін 

тәртіпке  баулып,  жеке  адамгершілік  қасиеттерін  дамытады  деп  ойлаймын.  Пайдаланған 

заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, 

тазартып қояды. 

 Монтессории  технологиясына  тоқталатын  болсам,  монтессории  бұл  мектеп  жасына 

дейінгі балаларға қызықты ой  – өрісінің дамуымен толықтырылуны тамаша әсерін тигізеді. 

Монтессрии технологиясы  бұл бұрыннан келе жатқан технология, бірақ оны көп қолданбайды 

ал, енді қазір міне қайтадан қолға алуда.Монтессории технологиясының маңызы ақыл  – есі 

кем  балалалрға  қолдануға  болады,  сонымен  қатар  мен  өз  тәжірибемде  осы  монтессории 

технологиясын жиі қолданамын. Монтессории технологиясының құралдарының өзі балалар 

үшін қызықты , құралдарына қарап отырып түр – түстерінде ажыратуына үлкен көмегін береді. 

Монтессории технологиясы әртүрлі көптеген зоналарға бөлінеді:  ХХІ ғасыр табалдырығын 

білім  мен  ғылымды  инновациялық  технологиялық  бағытты  дамыту  мақсатымен  атауымыз 

үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр 

болмайды. Жас ұрпаққа мән - мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру - бүгінгі күннің басты 

талабы екені бәрімізге белгілі. 

Баланың  жеке  тұлға  ретіндегі  дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой  -  өрісінің 

кеңеюі  балабақша  қабырғасында  басталатыны  сөзсіз.  Қай  кезеңде  болмасын  балабақшада 

Монтессори  әдісі  еш  уақытта  орнын  жоғалтқан  емес.  Бала  табиғатында  білуге  құмар, 

тумысынан  -  ақ  өсуге,  жетілуге  ұмтылысы  басым.  Сондықтан  да  қарқынмен  дамып  бара 

жатқан  мына  заманда  балабақшадағы  педагогтардың  ұлттық  қалып,  ұлттық  мінезді  сақтай 

отырып,  бала  тәрбиесінің  әдістерін  тынбай  ізденіп,  жиі  жаңартып  отыруы  заңдылық. 

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта 

да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне 

сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 

1946  жылы  Г.С  Альтшуллер  шығармашылық  әдіснама  бойынша  жұмысын  бастады. 

ТРИЗ  атауы  кейінірек    70  ж  пайда  болады.      ТРИЗ  технологиясын    Г.С.Альтшулер  ойлап 

тапқан.  Шығармашылық  тапсырмаларды  орындау  теориясы  адамның  шығармашылық 

мүмкіндіктерін  дамытудың  жаңа  әдістемесі  үшін  негіз  болып  табылады.  Шығармашылық 

мүмкіндіктердің  көріне  бастауынығ  себебі-  балалық  кездегі  елестету    деңгейінің 

жоғарлығымен  ,  балалардың  ойлауын  танымдық  бағытынығ  дамуымен  түсіндіріледі. 

Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген  ТРИЗ технологиясы баланы шығармашылық 

тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта 

отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге 

мүмкіндік береді.   ТРИЗ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар 

басқа  да  шығармашыл  ық  тапсырмаларды  шешуге    қолайлы.  ТРИЗ  күшті  ойлаудың  жалпы 

теориясына    жетудің  жолындағы    бір  кезең.Күшті  талантты  ойлау-бұл  ең  алдымен  жүйелі 

ойлау: жүйенің өзі-осы шақ,  үстілік жүйе- келер шақ, астылық жүйе - өткен шақ. 

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей: 

Жүйелік жақындау 

Компоненттік,  құрылымдық,  функционалды  және  генетикалық  жақындаудың 

элементтер  негізінде  қоршаған  ортаның  жүйелік  көріністерінің  бастауларын  қалыптастыру. 

Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік 

беру,  объектінің  осы  шақтағы,  өткен  шақтағы  және  келер  шақтағы  жағдайын  бөліп  ала 

отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру. 

·  Каталог әдісі 



294 

 

Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан 



алған сөзге ауыстыруға үйрету. 

· Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан 

қарау; 

· Сиқырлы объектілер әдісі – балаға  таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге 



таңып айту, қолдану; 

· Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау. 

Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі өткен 

және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары 

кең қолданылады. Балаларға математикалық бойжазарлар, соның ішінде цифрлар туралы да 

қызықты  болады.  Мысалы:  Мұрны  таяқ.  Қандай  сан?(1)    Қай  цифры  жүйрік?  (  3)  Қай  сан 

көтергіш кранға ұқсайды?(7) Оқу жылында балалар заттар қасиетін: түсін, пішінін, өлшемін 

ажыратуды үйренеді. Ол үшін ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтауға жаттығулардың мәні 

зор: «фигуралар несімен ұқсас және қандай айырмашылықтары бар?» «Не өзгергенін анықта?» 

«Цифрлық кеcте» «Фигураларды аяқта» «Арық затты тап» «Нүктелер жаттығуы». 

Бұл  әдістің  мақсаты  -  балалардың  табиғи  мінезін,  қабілетін,  тәрбиешінің  нұсқауымен 

емес,  өз  еркімен  тәуелсіздік  рухында  тәрбиелеу.»Өзімнің  жасауыма  мүмкіндік  бер»дейді 

мұндағы  бала.  Балаларға  дауыстап  сөйлеу  бұл  әдісте  мүлдем  жоқ.  Ұйымдастырушысы 

балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 

3 пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің 

кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала 

қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. 

Еркін  жұмыс  жасау  барысында  жетістігін  өзі  көріп,  қатесін  де  өзі  жөндеуі  -  ішкі  дүниесін 

тәртіпке  баулып,  жеке  адамгершілік  қасиеттерін  дамытады  деп  ойлаймын.  Пайдаланған 

заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, 

тазартып  қояды.Монтессории  технологиясын  пайдаланғанда    тәрбиеші  балаларға  бағыт  - 

бағдар  беріп ғана қояды ал, балалар өздері өз еркіменен жұмыс жасайды, қайсы бөлімге барып 

жұмыс  істеймін  десе  де  өздері  біледі.  Өйткені  мен  өз  жұмысымда  осы  монтессории,  триз 

технологияларын қолданғанда балаларға қатты ұнайды. ТТШТ(ТРИЗ) – проблемаларды шешу 

әдіснамасын жасайтын және жүйелердің  даму обьективті заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

 Ал,  енді  жаңа  технологияның  екінші  түрі  ол  триз  технологиясы  болып  табылады.  

Мектепке  дейігні  шақтағы  бала  тілін    дамытуда  ТТШТ  технологиясын  қолдану  арқылы 

балалардың  түсінігін  кеңейтіп  ,  сөздік  қорын  молайтып  ,  ұғымын  байыту  мен  қатар  ойлау 

белсенділігін  арттыру,  тілдерін  ширатып  ,  өз  бетімен  жұмыс  жүргізуін  дамыту  мен  сөз 

таптарын меңгертуі  мен өз ойын еркін жеткізеді. Сондай  – ақ балалардың шығармашылық 

қабілеттерін  дамытуда    ТТШТ  технологиясын  қолдану  арқылы    байланыстыра  сөйлеуге 

байланыстыра сөйлеуге , сөздік қорын молайтуды дамыту. Мектепке дейінгі   шақ    адамзат  

өміріндегі  ең   шешуші  кезең  болып   келеді.  Өйткені  осы  кезеңде   баланың  бойындағы  

табиғи    бар      дарындылықты    жан-  жақты    дами    бастайды.Сондықтан  да    осы      шақтағы  

баламен  анағұрлым  жан- жақты  дамытушылық  әрекеттер  жүйелі   жүргізілсе,  соншалықты  

жұмыс    нәтижелі    болады.    Міне      осыған    сәйкес    жеке    тұлғаны    дамытуда  «Тапқырлық  

тапсырмаларды  шешу  теориясы»   технологиясын   қолданудың маңыздылығы зор. 

 ТТШТ  авторы  Г.  С.Альтшуллер.  Ол  адам  техникалық  проблемаларды  шешу  әдісін 

жасап шығарған, сондықтанда мен өз тәжірибемде триз жаңа технологиясын қолданғанды жөн 

көрдім. ТТШТ – ны ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау қабілетін жетілдіреді.кейбір 

психологтар    шығармашылықты  былай  деп  бағалайды:  ол  яғни,  алғырлық,  білімпаздық,  

жүйелілік, түп нұсқалық ал, тапқырлық тапсырмаларды шешу теореясының мақсаты – ойлау 

стилін жетілдіреду, ереже қылу. 

Яғни    адамның  өмірге  деген  көзқарасынан  шығармашылық  туындайды,  ол  өмірдегі 

өзгерістерді  ,  дамуды  қабылдауына  байланысты  болады.  Баланың  шығармашылық 

потенциясының  тұлға  ретінде  даму  мәселелерібілім  мақсатының  біріне  жатады.  Балабақша 

жағдайында ерте жастағы  балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы 


295 

 

қызметті болжайды. Бұл жұмыс баламен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және 



құрдастарымен араласуды қамтамсыз етеді. 

Сонымен қатар ТТШТ - ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, 

яғни  балалардың  қаншалықты  ойлауын,  қиялдауымен  бақылағыштығын  зейіндерін  ертерек 

дамытудың  жолы  .Ал,  бүгінгі  күні  мен  осы  тапқырлық  тапсырмаларды  шешу  теориясы 

арқылы  ерте  жастағы    балалардың    ойлау  құзыреттіліктерін  дамыту  арттыру  жолын 

құрастыруды  жөн  көріп  отырмын  .    Ерте  жастағы  балаларға  осы  жаңа  технологияларды 

қолдануға  болады.  Мен  өз  тәбірибемде  қолданамын.  Ерте  жастағы  балалар  әдіс  –  тәсілдері 

баланың ұстап көру, сезу, қабілеттерін байытады. Бұл ерте жастағы баланың тілін дамытуда 

ТТШТ аса маңызды, жүйелі пайдалана білген әрбір тәрбиеші  баланың санасын арттыра отыра, 

түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байытады, сонымен қатар ерте жастағы 

балалрдың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширап өз бетімен  жұмыс түрі дамиды, өз ойын 

еркін жеткізеді. 

ТТШТ(ТРИЗ)  –  проблемаларды  шешу  әдіснамасын  жасайтын  және  жүйелердің    даму 

обьективті заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

Қорыта келе бұл жаңа техноллогияны қолдана отырып, баллалрға көп көмегімізді бере 

аламыз  соған  қарай  білімді,  білікті,  дамыған  ,жаңа  заманауи  балалалрды  тәрбиелейміз. 

Балалардың түйсіну,сезіну, қабылдау, ойлау,  зейін қою сияқты  таным үрдістері  дамуына жол 

ашады. 


 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арнаған 



2.

 

Выготский Л.С. Вопросы детской психологий- Санкт- Петербург.1997. 



3.

 

Жұмабекова Ф Мектепке дейінгі педагогика- А. 2008 



4.

 

Алдамуратов Ә Жалпы психология – Алматы, 1996. 



 

 

 



БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ 

 

 

Кабылбекова Б.Ш. 

КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

 

«Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің 

де тарихын тәрбиелейді». 

                                      А.С. Макаренко. 

Елімізде  келешек  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселесі  бүгінгі  күннің  өзекті  де,  басты 

тақырыбына  айналып  отыр.  Қазақ  елінің  ертеңін  қалыптастыратын осы  мәселенің  шешімін 

табуда,  ең  алдымен  мектепке  дейінгі  мекемелерде  үздіксіз  білім  беру  жүйесі  айтарлықтай 

дәрежеде  қайта  қаралып,  оны  жетілдіру  жолдары  іздестірілуде.  Бұл  бағытта  алға  қойылып 

отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне 

толық  енудің  алғашқы  даму  стратегиясын  жасау  екені  сөзсіз.  Ал  үздіксіз  білім  берудің 

алғашқы сатысы – балабақшада баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға 

тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастаудың маңызы аса зор. Балабақша — 

бүлдіршіндерді болашақта ата-дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы, үлкенге құрмет,кішіге 

ізет  көрсете  білетін,  кіммен  болса  да  сыйласа  білетін  азамат  тәрбеилеп  шығаратын  тәрбие 

орталығы.  Сол  себепті  бүлдіршіндерді  бірлесіп,  ынтымақтасып  тәрбиелеу  ата-аналар  мен 

балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы болуы тиіс. 



296 

 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы. Ал, ең 



әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, 

сондықтан  ата-ана  өз  отбасында  қолайсыз  жағдайларды  баланың  көзінше  тудырмауға 

тырысуы қажет. Отбасындағы даулы жағдайлар, түрлі келіспеушіліктер баланың теріс ықпал 

етеді. Кейбір ата-аналардың өз баласын тым еркелетіп, бетінен қақпай, әрдайым көңіліне қарап 

тәрбиелейтіні  шындық.  Ал  мұндай  көріністер  баланың  бойына  кері  қасиет  пайда  болуына 

тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры 

мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, 

ата-ананың  күнделікті  өмір  тіршілігіндегі  еңбегі,  адамның  бейнелері,  жақсы  мінез-құлқы, 

дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Ата-ана баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды 

болуға тырысуы керек, тіпті бір нәрсеге ашуланбақ түгілі кейігенін де көрсетпегені абзал. Бұл 

баланың  мінез-құлқының  ашық-жарқын,  жайдары  болып  қалыптасуына  септігін  тигізіп, 

оларды сабырлылыққа үйретіп, үнемі сергек, ой-санасының ашық болуына тәрбиелейді. Әрбір 

ата-ана  өз  баласы  үшін-басты  тұлға.  Сондықтанда  да  кез-келген  бала  алдымен  үлгіні  ата-

анасынан  алады.  Бала  әкеден  ақыл,  анадан  мейір  алады.  Ата-ана  баласымен  пікірлесуде 

бейауыз  сөздерді  қолданбай,  дөрекілікпен  жеке  басын  қорламай,  мейірімді,  табиғи,  жылы 

ақылды  сөздер  айтып  өнеге  бола  білсе,  тәрбие  де  табысқа  жетеді,  өйткені,  жақсы  сөз  жан 

семіртеді  деген  тәмсіл  бекер  айтылмаған.  Сонымен  қатар  мектепке  дейінгі  мекеменің 

педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, балаға дұрыс тәрбие беру жолындағы басты 

мақсаты - қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге 

асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі 

мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдату қажет. Баланы әлі сәби, ол әзірге 

ештеңе  біле  қоймайды  деген  көзқарастан  арылу  керек,  өйткені  оның  да  өсіп,  дамып  келе 

жатқан  жеке  тұлға  екенін  еш  естен  шығармауымыз  керек.  Баланы  әр  уақытта  шындыққа 

үйретіп,  еш  уақытта  алдамай,  шындықты  ашып  айтып,  сол  жағдайға  дұрыс  көзқараспен 

қарауға  жағдай  туғызып  отырған  жөн.  Баланың  айналысатын  істерін    үнемі  уақытымен 

қадағалап,  бақыла  отыру  керек.  Қандай  жағдай  болса  да,  ұрпағын  жауын  мен  жел  өтінен, 

жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, анасының ақ сүтімен бірге 

берілетін  ұлттық  дәстүр  қайнарына  қандырып  өсіру  –  ата-ананың  басты  парызы.  Дені  сау, 

рухы  таза,  ана  тілін  толық  меңгерген  ұрпақ  өсіру  қазіргі  кездегі  ең  негізгі  мәселе.  Бала 

тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін 

тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын 

қалыптастыру міндеттері мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі 

мәселесін  шешетін,  қарапайым  дағдыларды  бала  санасына  орнықтыратын  алғашқы  білім 

баспалдағы  –  балабақша.  Балабақшада  халық  педагогикасын  бала  бойына  сіңіре  отырып 

имандылыққа,  адамгершілікке  тәрбиелеуге  көңіл  бөліп,  сонымен  бірге,  халқымыздың  салт-

дәстүрінің барлық түрлерін баланың бойына сіңіру жолында еңбек ету қажет. Мысалы: тұсау 

кесу,  бесікке  салу,  тілашар  т.б.  Мектепке  дейінгі  мекемелер  тәрбиешілері  халық  ауыз 

әдебиетінінің ішінен мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу 

іс-әрекеттерінде  пайдаланады.  Бүгінгі  күнде  жас  ұрпақтың  сана  сезіміне  өз  елінің,  жерінің 

тарихы  мен  мәдениеті  туралы  алғашқы  ұғымдарды  кішкентай  кезінен  қалыптастыру  аса 

маңызды.  Ал  осының  барлығы  тек  ата-аналардың  көмегі,  олардың  балабақшамен  тығыз 

байланыс жасауы арқылы жүзеге асып отырады. 

Сол  себепті  мен  балабақшада  қызмет  атқарған  уақытымда  балаларға  халық  ауыз 

әдебиетінен молынан мағлұмат беруге тырысамын. Сонымен бірге, маған бөлінген  – екінші 

кішкентайлар  тобында  бүлдіршіндердің  тілін  дамыту,  еркін  сөйлей  алып,  қарым-қатынас 

жасай  білуін  қалыптастыру  үшін  ата-аналардың  көмегіне  сүйене  отырып,  өлең  жолдарын 

жаттату, саусақ жаттығуларын үйретуге ден қоямын. Ал сергіту сәттерінде еркін қимылдар 

жасауға, ертегілерді оқып бере отырып, рөлдерді сомдай білуге, өз беттерімен ойланып, әрекет 

ете білуге баулимын. Ата-аналармен бірлесе отырып, жыл мезгілдеріне, Қазақстан халқының 

Ассамблеясына және Наурыз мерекесіне арнап жылжымалы папкалар жасауды қолға алдық. 

Бір жылда атқарған жұмысымызды қорытындылай келе, «Әкем, шешем және мен» атты сайыс 


297 

 

өткізіп,  «Сіз  қазақ  тілін  білесіз  бе?»  деген  дөңгелек  үстелді  мазмұнды  өткізуге  тырыстық. 



Мұның  бәрі  тәрбиеші  -  ата-ана  –  бүлдіршін  үштік  одағының  бірлесе  атқарған  жұмысының 

нәтижесі деп түсіну керек. 

Әрине,  баланың  өмірге  қадам  басардағы  алғашқы  қимыл-әрекеті  ол  -  ойын.  Қазақ 

халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» — деп 

айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке 

басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, 

айналасындағы  дүние  жайлы  түсініктерінің  кеңеюіне,  тілінің  дамуына,  құрбыларымен 

жақындасуына  көмектеседі.  Өйткені,  баланы  ерте  кезден  бастап  адалдыққа,  батылдыққа, 

мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы да ойын болып табылады. Сол себепті бүгінгі 

күндері  тәрбиешілер  алдында  балаға  білім  дағдыларын  игертіп  қана  қоймай,  оларды 

қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. 

Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы 

да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер деп білеміз. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала 

бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — 

тәрбиешілер мен ата-аналар. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология 

қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары 

белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім 

берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың 

міндеттері  баланың  осы  іс-әрекет  түрлерін  қалыптастыру  және  оны  белгілі  бір  мақсатқа 

бағыттап  отыруды  көздейді.  Ойнау,  еңбек  ету,  және  білім  алу  барысында  ақыл-ой, 

адамгершілік,  физикалық  және  көркем  тәрбие,  даму  процесі  қатар  жүреді.  Бала  осы  кезде 

белгілі  дәрежеде  білім  алады,  іскерлікке  үйренеді,  өзін  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас 

жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді. Іс-әрекеттің тап осы түрлерін 

ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен 

бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жоғарыда аталып өткен іс-әрекеттердің әрқайсысы бала 

дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосатынын ата-аналар да толық түсінуі тиіс. Ата-аналармен 

бірлесіп балаларды бүлдіршін кезінен адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны 

айтуға  болады.  Бала  өзін-өзі  көрсете  білсе,  ойын  ойнау,  оқу,  еңбекте  де  адамгершілікке 

тәрбиеленеді.  Өйткені,  мұнда  олардың  өзара  ересек  адамдармен  қарым-қатынасы 

қалыптасады.  Іс-әрекеттің  әрбір  түрінде  осылайша  өзара  ұштасып  жататын  педагогикалық 

мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, 

тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыру қажет. Балабақшада ойын ойнату, еңбек, оқу арқылы біз 

балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасап отырмыз деп айта аламыз. 

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиелеу 

ата-аналамен  бірлесіп  іске  асыратын  басты  міндеттердің  бірі.  Бұл  саладағы  күш  –  жігер 

алдымен  бүлдіршіндерді  отансүйгіштікке  тәрбиелеуге  бағытталады.  «Отан»  деген  ұғым 

балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира 

даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең 

қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз. 

Жас  ұрпақты  кішкентайынан  салт-дәстүрлер  рухында  баулу,  құлағына  сіңіру  әдет-

дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – 

жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға балабақшада да, үйде де «сіз», 

«рахмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге 

айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті. 



  Мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  ата-аналардың  бала  тәрбиесінде  бірлесіп 

атқаратын ісі ұшан-теңіз. Бұл бағытта белгілі бір нәтижелерге жету әр тәрбиешінің ата-

аналармен жүргізілетін жұмысын дұрыс жолға қоя білуіне тікелей байланысты болмақ. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1. «Бала мен балабақша» журналы. 



298 

 

2. Ү.Тұрғынтаева, «Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. Отбасы және балабақша»  



3. Ә.Табылдиев, «Халық педагогикасы және тәрбие»  

4. Т.Баймұқанова, «Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс»   

 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ 

 

 

Казтаева Толқын Сағындыковна 

№8НОМ шағын орталық 

тәрбиеші. 

 

 

Қазіргі уақытта педагогика даму үстінде.педагог тәрбие және оқыту барысындағы өзінің 



іс 

– 

әрекетінің 



нәтижелерін 

әрбір 


баланың 

қалай 


дамып 

келе 


жатқандығынан,қабілетінен,қызығушылығынан  байқайды.Тілдің  дамуы  тек  мазмұны  ғана 

емес,сонымен  қатар,  образдық,эмоционалдық  жақтарын  да  меңгеруді  қажет  етеді.Тілдік 

көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес,басқа да 

ортада – өзге адамдардың арасында да өз эмоцмясын,сезімін,көзқарасы мен ойын ашық айта 

білуіне жағдай жасау керек.Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек. 

Тіл-қоғамдағы  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алысып,  қарым-қатынас  жасайтын 

құралы,қоғамдағы  өндірістің,ғылым  мен  техниканың,әдебиет  пен  мәдениеттің  шарықтап 

өсіп,кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім. Тілдің қоғамдағы алатын орны Ж.Аймауытов 

«ана  тілі  халық  брлып  жасалғаннан  бері  жан  дүниесінің  айнасы,өсіп-өніп  түрлене 

беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі десе,А.Байтұрсынов: өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге 

мәдениетке,оқуға ұмтылу тиістіміз» дейді. 

Баланың  мектепке  дейінгі  кезі-оның  жеке  қасиеттерінің  қалыптысып,дамитын 

кезеңі,сондықтан  бала  өз  ана  тілінде  сөйлеуі  қажет.Бұған  ата-аналар  да  ерте  бастан  көңіл 

бөлген  жөн.Тілдің  дамуы  тек  мазмұны  ғана  емес,сонымен  қатар,  образдық,эмоционалдық 

жақтарында  меңгеруді  қажет  етеді.  Тілді  көркемдік  жағынан  дамыту  үшін  баланың  тек 

қарапайым  әңгімелескенде  ғана  емес,басқа  да  ортада-өзге  адамдардың  арасында  да  өз 

эмоциясын,сезімін,көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек.Бұған баланы 

ерте жасынан үйрету керек. 

Баланың  сөздік  қорының  молайып  жетілуі,оның  физиологиялық  дамуына  есту,сөйлеу 

мүшелерінің  байланысты  психологиялық  процестері  де  ой  қызметі,  сезім,  қабылдау,  зейін, 

қиял,  еліктеу  жақтарының  дамуына  әсер  етеді.Үш  жастағы  балаларға  сөз  ішіндегі  барлық 

дауысты-дауыссыз  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  үйрету,сөйлем  мүшелерін  жетілдіру,сөзді,сөз 

ішіндегі  дыбыстарды  дұрыс  естіп  тыңдай  білуге  үйрету,  «Сөз»,  «Дыбыс»  деген  ұғымды 

меңгерту,сөздік қорын әрі қарай дамыту. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тілін  дамытуда  төрт  негізігі  мақсаттар 

қарастырылады. 

Ауызша сөйлеуге үйрету,сөздік қорын дамыту. 

1.Айналадағы  дүниені,табиғатты  бақылату,таныту  арқылы  сөз  қорын  жаңа  сөздермен 

байыту,баланың  ауызша  сөйлеген  сөздерін  тыңдап,өзіне  қойылған  сұраққа  диалог  түрінде 

жауап беруге үйрету. 

2.Заттың атын ойыншық,гүл,ағаш,т.б сөздерді. 

3.Заттың сынын,сапасын,түр-түсін,пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. 

4.Заттың 

іс-әрекетін 

білдіретін 

сөздерді 

әрі 

қарай 


кеңейту 

жүрді,жүгірді,келді,қияды,екті,септі т.б.меңгерту. 

5.Үстеу  сөздерді  қасында,үстінде,асты,астында,жоғарыда,төменде,т.б.  қосып  айтуға 

үйрету. 


299 

 

Сөз дыбыстарын дұрыс айтқызу. 



Сөйлеуде  ауыз  қуысы  арқылы  дұрыс  дем  алып,дем  шығара  білуге  үйрете 

отырып,дауыссыз,қатаң,ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс,анық айтуға үйрету 3-4 сөзден 

тұратын сөйлемдер құрату. 

-Байланыстырып сөйлеуін дамыту. 

Күнделікті  сабақта  естіген,білгенін  ойын,серуен,кезінде  көрген-түйгенін,сурет  және 

оқылған  ертегілер  мазмұнын,ұнатқан  ойыншықтары  жайында  ауызша,сұрақ  қоя 

отырып,әңгімелей отырып,қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету. 

Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасы педагогтың алдына мынадай мақсаттарды қояды. 

-Балалардың көрген естіген дүниелері туралы ой қорыта отырып,көрген білгенің дұрыс 

та  нақты  айта  білуге  үйрету,әрі  әңгімелеу  үстінде  оқиғаның  неден  басталғанын,оның  өріс 

алуын,әрі  қандай  қортынды  алғанын  тізбектей,бас-аяғын  ауыстырып  алмай,айтып    жеткізе 

білуге үйрету; 

-Оларды әңгімелеу кезінде дұрыс сөздер мен сөз тіркестерін табуға көмектесу,атаулар,іс-

әрекеттер мен заттық сапасы дәл айтылған уақытында баланы қошеметтеу; 

-Суреттеу тілін дамыту,қызықты да еліктіре мйтуға үйрету. 

-Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері. 

Баламен  әңгімелесу,күнделікті  өмірге  қажетті  заттарды,айналадағы  дүниені 

бақылату,кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу,көрген-білгені туралы әңгімелеп 

бкруді 

үйретіп 


отыру,сөздік 

тапсырмалар 

орындату,түсіегені 

туралы 


оқиғаны 

суреттеп,мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру. 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  тағы  бір  ерекшілігі  оларда  еліктеу,қиялдау  басым 

болады.  Сол  себепті  айналадағы  құбылыс  пен  ересектердің  іс-әрекеті  балалардың 

бақылауынан  мүлт  кетпейді.  Бақылаған  заттардың  елеусіз  ерекшелігінедейін  бірден 

байқап,тез қабылдайды.Олай болса,әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге 

тиісті. 

-Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйретукерек. 

1.Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу. 

2.Оқылған ертегі,әңгіме мазмұнын сұрап,әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету. 

3.Белгілі 

грамматикалық 

формаларды 

дұрыс 


қолданып,сөйлей 

білуге 


үйрету,ішінде,үстінде,астында,жанында,артында,ортасында,шетінде  деген  сөздерді  сөйлем 

ішінде айтқызып отыру. Мектеп жасына дейінгі  сәбилердің дүние танымын кеңейітіп,ойын 

өрістетіп,тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше.Көркем сөз 

өрнегін  балаға  тыңдатып,санасына  сәуле  түсіру,халық  қазынасының  музыкалық  үнінен  нәр 

алдыру оның ең сәби шағынан,ана әлдиінен басталады. 

Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне,дүние танымына әсер етерліктей 

болу үшін мына мәселелер мұқият ескерілу керек: 

1.Балаға  әңгімелеп  айтуға,оқып  тыңдауға,жаттап  айтуға  таңдалған  материалдардың 

олардың даму деңгейіне,жас шамасына лайықты болуы. 

2.Арнайы 

жинақталған 

муретті 


кітапшалар,әңгіме-ертегілердің,мақал-

мәтелдердің,баланың  өмірден  алған  әсерін,білім-дағдыларын,түрлі  әдет-дағдыларын 

айқындай түсіндіріп,тереңдете,кеңейте түсірелік дәрежеде болғаны жөн. 

3.Айналадағы 

балаға 

танымал 


дүние,табиғаттың 

тамаша 


көріністерін,жыл 

маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін,табиғат пен адам арасындағы 

заңды байланыстарды балаға айқара ашып,көркем де түсінікті түрде суреттеп беретін,баланы 

сезімталдыққа,эстетикалық  талғампаздыққа  баулитын,оның  зейін,қабылдау,таным  әрекетін 

қалыптастыратындай болуы қажет.  

Қорыта  келгенде,баланыңтілін  дамыту  үшін  түрткі  болатын  екі  күш  қажет.Осы 

күштердің  бірі  болып  ең  алдымен  ата-аналар  болып  табылады.  Өз  баласының  ерекшелігін 

көріп,оны  дұрыс  бағалай  және  бағыттай  біліп,біліммен,тәртіппен,еңбекпен  ұштастырып 

отырса,бала  тілінің  дамуына  қажетті  жағдай  жасаса,бұдан  балаға,оның  болашағына  үлкен 

пайда  болары  сөсіз.Ал  екінші  тылсым  күш  –  тәрбиешілер.Демек,ұжым  тәрбиешілері  мен 



300 

 

отбасылары  арасындағы  хабар  алмасу  –  ең  маңызды  міндеттердің  бірі  болып 



саналады.Отбасында  болсын,әсіресе,балабақшада  бүлдіршіндердің  ойлы  да,өнерлі  тіл 

байлығы  мол  болып  өсуіне  ойынның  ұшан  –  теңіз  мүмкіндіктерін  аша  білуге,оларды  ізгі 

мақсаттар арнасында өрбітуге күш салу игі мақсатымыз. 

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



 «Бала мен балабақша» журналы 2008жыл №6,7,8. 

2.

 



«Отбасы және балабақша» журналы. 2009жыл №17. 

3.

 



 «Мектепалды даярлық» журналы. 2008жыл №3.  

 

 



 

«ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ ДО И СЕМЬИ В ПРОЦЕССЕ 

ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОГО ВОСПИТАНИЯ ДЕТЕЙ» 

 

 

И.Н. Калинкина, воспитатель 

С.С. Муканова, методист 

КГКП «Детский сад «Балдырған» г. Караганды 



  

 

"В  вашей  семье  и  под  вашим  руководством  растет  будущий  гражданин.  Все,  что 



совершается  в  стране,  через  вашу  душу  и  вашу  мысль  должно  приходить  к  детям",  —  эту 

заповедь А.С. Макаренко необходимо использовать в работе воспитателя и с детьми, и с их 

родителями. 

Семья  –  колыбель  духовного  рождения  человека.  Многообразие  отношений  между  ее 

членами,  непосредственность  чувств,  которые  они  питают  друг  к  другу,  обилие  различных 

форм проявления этих чувств, живая реакция на малейшие детали поведения ребенка – все это 

создает благоприятную среду для эмоционального и нравственного формирования личности. 

Духовно-нравственное  воспитание  является  ведущим  компонентом  системы 

всестороннего  развития  личности.  Чувство  Родины  начинается  с  восхищения  окружающим 

миром. Все эти эмоции находят отклик в душе ребенка. Задача взрослых – отбирать из массы 

впечатлений,  получаемых  ребенком,  те,  которые  наиболее  доступны  ему:  ближайшее 

окружение, природа и мир животных родного края, труд людей, раскрывающие ребенку наш 

образ  жизни  (коллективизм,  партнерство,  взаимопомощи,  гуманное  отношение  ко  всему 

живому). 

В наше сложное время, каждый человек пытается сохранить мир и покой в своём доме, 

оградить  детей  от  зла,  жестокости,  агрессии.  И  самая  большая  опасность,  подстерегающая 

наше  общество  сегодня  -  разрушение  личности.  В  данное  время  материальные  ценности 

доминируют  над  духовными,  поэтому  у  детей  искажены  понятия  о  добре,  милосердии, 

справедливости, патриотизме.   

Духовно - нравственное    воспитание в детском саду, является неотъемлемой частью 

всестороннего  развития  ребёнка,  необходимой  предпосылкой  возрождения  отечественной 

культуры.  В  своем  педагогическом  творчестве,    воспитателям  необходимо  опираться  на 

принципы гуманизма, единства развивающих и обучающих целей. Эмоциональному детскому 

восприятию  способствует  общение  педагогов  с  родителями  своих  воспитанников.    Каждое 

тематическое  мероприятие  сопровождается  большой  предварительной  работой  педагогов  с 

детьми и родителями (подготовка декораций к утреннику, создание подарков к празднику для 

друзей,  родителей,  самостоятельная  творческая  деятельность,  беседы,  обсуждения)  которая 

направлены на формирование у детей чувства значимости, радости от общения с прекрасным, 

интересным. 


301 

 

Непосредственное участие каждого ребенка в утреннике, посвященном празднику, дает 



возможность детям соприкоснуться с культурой своего народа через творчество, искусство, 

открыто  проявить  эмоциональное  переживание  радости,  удивления,  восхищения.  Это,  и 

проведение  работы  по  формированию  нравственности  посредством  воспитания  у  ребенка 

любви  к  Родине,  и приобщения  к народной  культуре  не  только  в  детском  саду,  но  и  дома, 

чтобы  ребенок  чувствовал,  что  его  творческое  познание,  интерес  к  патриотизму 

поддерживается среди близких людей. Чтобы оставить в душе ребенка яркие впечатления, о 

происходящих событиях, необходимо использовать разнообразные выразительные средства: 

художественное слово, фольклорная игра, музыка, песня, театрализация и др. Произведения 

устного народного творчества не только формируют любовь к традициям своего народа, но и 

способствуют  развитию  личности  в  процессе  нравственно  -  духовного  образования  и 

воспитания. У каждого народа свои сказки, и все они передают  от поколения к поколению 

основные  нравственные  ценности:  добро,  дружбу,  взаимопомощь,  трудолюбие.  «Это  — 

первые и блестящие попытки русской народной педагогики, — писал К.Д. Ушинский, — и я 

не  думаю,  чтобы  кто-нибудь  был  в  состоянии  состязаться  в  этом  случае  с  педагогическим 

гением - народом». Не случайно К.Д. Ушинский подчеркивал, что «... воспитание, если оно не 

хочет  быть  бессильным,  должно  быть  народным»,    видя  в  фольклорных  произведениях 

национальную самобытность народа, богатый материал для воспитания любви к Родине.                                                                                                  

 Большую  роль  в  формировании  нравственно  -  духовного  образования  и  воспитания 

оказывает  программа  «Рухани  уыз»  разработанная  педагогами    КГКП  №146  «Балауса»  и 

КГКП  «Балдырган»  города  Караганды  в  2013году.  Основные  задачи  программы: 

формирование  гражданско-патриотических  чувств  у  детей;  воспитание  у  ребенка  любви  и 

привязанности к своей семье, дому, детскому саду, улице, городу, Родине; развитие интереса 

к  традициям  и  промыслам  народа;  формирование  элементарных  знаний  о правах  человека; 

знакомство  детей  с  символами  государства  (герб,  флаг,  гимн);  развитие  чувства 

ответственности  и  гордости  за  достижения  страны;  формирование  толерантности,  чувства 

уважения  к  другим  народам,  их  традициям.  Активное  участие  родителей  воспитанников  в 

систематической  работе  по  данному  направлению  позволяет  дошкольникам  почувствовать 

«непрерывность»  воспитания духовной нравственности.                                                               

Нравственно  -  духовное    воспитание  включает  в  себя  и  знакомство  детей  с  прошлым 

нашего  города,  при  этом  необходимо  рассказывать  и  о  его  трудовой  жизни  в  настоящем, 

давать  воспитанникам  задание    на  дом  –  узнать,  где  работают  их  родители.  Одновременно 

родители  могут  больше  рассказывать  детям  о  своей  работе.  Представление  о  силе  труда 

складывается у ребенка не только благодаря тому, что он увидел и услышал, но и в результате 

собственного участия в полезных делах. Можно организовать совместную деятельность детей 

и  родителей,  когда  дети  вместе  с  взрослыми  сажают  цветы,  огород,  вскапывают  деревья  в 

детском саду, участвуют в субботнике, что дает ощутить им свою причастность к трудовым 

делам  людей,  проявить  бережное  отношение  к  народному  достоянию.  Множество 

воспитательных  моментов  несут  в  себе  акции  добрых  дел,  организованные  совместно  с 

родителями выставки рисунков, фотоколлажей, конкурсы  «Осень золотая», «Дары природы», 

как  часть  общей  программы  совместной  работы  ДО  и  семьи,    формируют  экологические 

знания о родном  крае,  нравственного отношения детей  и их родителей к природе  Казахстана. 

Воспитанники, выполняя поделки  под руководством родителей  получают  удовольствие и 

радость от соприкосновения с прекрасным.  Первые шаги нравственно- духовного воспитания 

дошкольников  -  это  радость  приобщения  к  традициям  нашего  народа.  Посредством 

праздников:  «День  языков»,  «Наурыз»,  старинных  народных  обычаев:  «Ат  кою»    -  

«Наречение», «Жетi Ата» – «Семь поколений», «Атпа мынгызу» - посвящение в наездники, 

«Бесiке салу» – «Укладывание ребёнка в люльку», «Разрезание пут» - тусаукесер, масленица 

и др. формируем у детей основы духовности и нравственности. Дети исследуют особенности 

каждого  народного  праздника.  В  основу  образовательной  деятельности  положены  краткие 

сведения  о  сути  праздника,  его  истории,  традициях,  национальных  особенностях 

празднования. Праздник проводится в форме увлекательной игры, беседы и просмотра детьми 


302 

 

кукольного  спектакля,  в  котором  принимают  непосредственное  участие.  Заканчивается  все 



это, угощением, традиционным праздничным блюдом: на «День языков» - шашу, на Наурыз- 

наурыз-коже, на Масленицу - блинами и т. д.                                                                     

    Воспитать  доброго  и  достойного  человека  можно  только  в  любви  и  понимании. 

Именно  на  это  должны  быть  направлены  все  наши  усилия.  Когда  ребенок  повзрослеет,  он 

будет вести себя так, как его воспитали, исповедовать те ценности, которые в него вложили

Работа, построенная таким образом, значительно расширяет знания детей о своем крае, 

о своей стране, помогает понять ребенку связь времен, историю своей семьи, вызвать чувство 

гордости  за  своих  предков,  понять  смысл  символики,  воспитывает  чувство  гордости  и 

уважения  к  Родине,  воспитывает  настоящего  патриота.  От  того,  какими  глазами  ребенок 

увидел окружающее, от того, что поразило его воображение, от того, какие уроки извлек он из 

объяснений  о  событиях  современности  и  историческом  прошлом  страны,  зависит  и 

становление личности гражданина. Вот почему мы помогаем ребенку открывать историческое 

прошлое и настоящее нашей Родины. 

  

 



Используемая литература: 

1.  Александрова  Е.  Ю.,  Гордеева  Е.  П.,  Постникова  М.  П.  Система  патриотического 

воспитания в ДОУ, планирование, педагогические проекты, разработки тематических занятий 

и сценарии мероприятий. М.: Учитель, 2007.  

2. Баранникова О. Н. Уроки гражданственности и патриотизма в ДОУ: практическое пособие. 

М.: АРКТИ, 2007.                                                                             

3.  Доможакова  Т.  И.  «Воспитание  патриотизма  у  детей  старшего  дошкольного  возраста». 

Управление ДОУ 2006 № 8.                                                                                   

4.  Кондрыкинская  Л.  А.  С  чего  начинается  Родина?  Опыт  работы  по  патриотическому 

воспитанию в ДОУ. М.:Сфера, 2005. 

 

 

 






Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет