Дат! 6-б етте Раушан айтжанова



жүктеу 3.68 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата22.12.2016
өлшемі3.68 Mb.
1   2   3   4   5   6

Мемлекет басшысы 

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі 

ғалым, көрнекті қоғам 

қайраткері, халқымыздың 

мақтан тұтар аяулы перзент-

те рінің бірі Салық Зиманов-

тың өмірден озуына байла-

нысты марқұмның отбасы мен 

туған-туыстарына көңіл айтып, 

жеделхат жолдады.

Елбасы академик 

Салық Зимановтың 

отбасына 

көңіл айтты

– Рухани әлеміміздің көрнекті өкілі, аса 

ірі тұлғасы, ұлтымыздың келбетіндей ға-

лым, Салық Зиманұлы Зиманов дүниеден 

өтті. Бұл кісінің біздің қоғамға сіңірген ең-

бегі зор. Әсіресе еліміз Тәуелсіздік алар 

тұста Егемендік туралы Декларацияның, 

«Қазақстан Республикасының мемлекет-

тік тәуелсіздігі туралы» Заңының қабыл да-

нуына айрықша қайраткерлік, білімділік 

көрсетті. Салық Зимановты қазақстандық 

заң герлердің атасы деп атауға да болар 

еді. Әрине, бұл кісінің қалдырған мұрасы 

ай тарлықтай көп. Заңнама саласындағы 

ең 

бектерін тек заңгерлер қауымы ғана 

емес, біздің барша қоғам жақсы біледі. 

Ұл 

ты 

мыздың айрықша өнегелі тұлғасы. 

Бұл кісі жастарға интеллектуалдық ғалым 

ретінде, ғылым-білім саласының майтал-

маны ретінде өнеге бола алады. Қоғамда 

болып жатқан әртүрлі құбылыстардың әр-

біріне қатысты өзіндік көзқарасы бар ерек-

ше адам еді. Сондықтан бұл қаза — барша 

қазақ үшін ортақ қайғы.

Қазақ 

заңгерлерінің атасы

Ағамыз ақыл 

алыбы еді...

Ұлы Сократтың 

бейнесіндей 

көзге түсетін еді

– Еліміздің көрікті де көрнекті азамат-

тарының бірі, әрі ұлы ғалым Салық Зима-

новпен қоштасуға мәжбүр болып отыр мыз. 

Салық Зиманов – Қазақстан Респуб ли-

касының тарихында өзінің өшпейтін өр-

негін қалдырған ғалымдардың бірі. Біздің 

Салық бар өмірін қазақ жерінің тари хына 

бағыштаған еді. Академик Зиманов Салық 

Зиманұлы өзінің ерен ең бе гімен, таза 

адами махаббатымен заң ғы лымының 

маңызды мәселелерін зерттеумен айна-

лысты. Сондықтан біздің қоғам оны заң 

ғылымының басты патриархы деп 

қабылдады. Дәл бүгін осы патриархымыз 

өмірден өтті дегенге сенудің өзі қиын бо-

лып отыр. Дегенмен табиғат өзінің өлшеп 

берген өмірінің шегіне жеткен кезде кімді 

де болса алып кететіні белгілі. Біздің Сәкең 

қай жерде жұмыс жасамасын, Қазақстан 

Республикасының Ғылым академиясын-

да да, республиканың жо ға ры оқу орын-

дарында да, ол өзін әр қашан ойшыл, 

ғылыми-зерттеуші, дарын ды педагог ре-

тінде көрсете білді. Салық Зиманұлы 

аудиторияға кіріп келіп, «Ау, жігіттер, 

бүгінгі әңгімеміз – Қазақстан Рес 

пуб-

ликасының маңызды мәселелерінің бірі – 

республикамыздың қалыптасу процесі» 

деп бастаған кезде, шыбын ұшса, ызыңы 

естілетін тыныштық орнайтын, бү кіл ауди-

тория оның әрбір сөзін, әрбір сөз 

құрылымын естерінде сақтауға тырысатын-

дай болып тыңдайтын. Салық Зиман-

ұлының қаламынан «Шоқан Уәлихановтың 

саяси көзқарастары», «Құқықтың жалпы 

теориясы мен оның мемлекет және құқық 

теориясы курсындағы орны», «Кеңес тік 

ұлттық-мемлекеттік құрылыстың теория-

лық мәселелері», «Конституция және пар-

ламент» деген ірі еңбектері шықты. Акаде-

мик Зиманов – Қазақ Республикасындағы 

мемлекет пен құқықтың тарихын жан-

жақты зерттеуші. Бұл кісінің еңбегі қазір гі 

қазақ жастарының буынына ғана ба ғыш-

талып қойған жоқ, сонымен бірге ол келе-

шек жастардың білім алуына, олар дың 

ой-өрістерін өркендетуге үлес қо сады деп 

есептеймін. Ол «Кеңестік Қазақстан мем-

лекеті мен құқығының тарихы» атты үш 

томдық монографияның авторларының 

бірі және басылымының жетекшісі болды. 

Өзінің зерттеу мәнері оны тек Қазақстанның 

ғана емес, сондай-ақ көршілес республика-

лардың да мемлекет және құқық тари-

хының түп-тамырына жетелеген. Мұның 

жарқын дәлелі – оның «Ресей және Бөкей 

хан дығы», «Азат ету идеяларынан Бұхара 

мен Хиуадағы кеңес мемлекеттілігіне» атты 

еңбектері. Академик Салық Зиманұлы әр-

қашан халық назарында, қай жерде бол-

масын ол өзінің тік жүрісімен ғана емес, 

ұлы Сократтың бейнесіндей сенімді тұл-

ғасымен де көзге түсетін еді. 

Ой түбінде жатса да, 

Сөз маржанын терейін.

Ғалым жайлы бір сырды 

Жыр ғып айтып берейін.

Аққан судай жастық шақ

Келер ме едің керуен боп?

Болар еді бұл бір бақ

Жүретіндей серуендеп.

Ой, шіркін-ай, жиырма бес

Өтті-дағы кетті ғой,

Ол да өзінше бір белес

Асыл арман терең ой.

Қолымнан келсе, Сәкежан,

Жиырма бесті берер ем.

Бар дүниенің қызығын

Сізбен бірге көрер ем.

Оған бүгін дәрмен жоқ

Әзір ойым болмаса.

Барына енді көңіл тоқ,

Еңбекті бүгін қолдасақ.

Сүйікті ағам, ұстазым, әрі жолдасым, 

Сәке, «қош бол, қош бол, қош бол!» де-

уге бүгін мәжбүрмін. Алдыңнан Алла 

жарыл қасын! Жатқан жерің торқа бол-

сын! Сіздің қаза болғаныңыз бүкіл қазақ 

халқының ойынан шықпайтын оқиға деп 

санаймын.

Мұрат ЖҰРЫНОВ, 

академик, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті:

Басы 1-бетте

Қуаныш СҰЛТАНОВ,

 

Сенат депутаты: 

Мақсұт НӘРІКБАЕВ,

 саясаткер:

Сұлтан САРТАЕВ, 

ҚР ҰҒА академигі, 

заң ғылымының докторы, 

профессор, Қазақстанның 

еңбек сіңірген ғылым қайраткері:

– Салық аға – ҚР Ұлттық Ғылым академиясының акаде-

мигі, ғұлама ғалым, елі үшін атқарған еңбектері ерен, өсіп-

өніп келе жатқан жастарға өнеге болатын еліміздің ірі тұлғасы, 

заңтану ұлттық ғылымының негізін салған ғалымның бірі, юрис-

пруденцияның мемлекеттік деңгейдегі жетекші ғалымы. 

Ол – Ұлы Отан соғысының басынан аяғына дейін қатысып, 

иығына әскери полковник погонын тағып қайтқан қазақтың ба-

тыр ағасы. Сұрапыл соғыстан кейін де қаймана қазақ жұртының 

еңсесін көтеруге бағытталған ғылым майданына, Қаныш 

Сәтбаев бас та ған зиялы қауымның қатарына келіп қосылды. 

Сол кезден бастап Салық аға Қазақ КСР Ғылым академиясында 

жұмыс істеді. Ұзақ жылдарғы еңбегінде ол кісі бас хатшы қыз-

метіне дейін көтерілді. Академия жанындағы Философия және 

құқық институтының ди ректоры болды. Одан кейінгі өмірінде 

осы академия атынан ұсынылған бес орынның бірі бойынша 

Қазақ КСР Жоғары кеңесінің алғашқы сайлауында депутат бо-

лып сайланды. 

Колбин заманында бірінші болып мінберден сөз алып

«қазақ тілі мәртебесін мемлекеттік ету керек» деп Сұлтан Сар-

таев екеуі батыл пікір айтқан болатын. Іле-шала ақ түйенің 

қарыны жарылып, қазақ өз Тәуелсіздігін алып, алғашқы Ата 

Заңымызды қабылдадық. Сондай тарихи да мәртебелі сәтте 

ол кісі еліміздің Конституциясының іргесін қалауға жан-

тәнімен атсалысты.

Міне, осындай-осындай қилы заманды бастан өткеріп, та-

рихи маңызды істердің басы-қасында болып жүрген ірілігіне 

қарамастан, Салық аға өмірде өте қарапайым адам болатын. 

Жақын тұтқан адамнан ақылын аямайтын. Бүгінгі академияның 

президенті ретінде ол кісімен көп мәселелер бойынша 

сұхбаттасушы едім. Ауырып қалғанын естігенде қасынан табы-

лып, Тәңірден жан жарасының жазылуын тіледік. 

Өзі сезген болуы керек, осы бейсенбіде аурухана-

дан үйіне шыққан екен. Ертеңінде, барша мұсылманның 

қасиетті күні – жұмада көз жұмды. Иманы жолдас болғай! 

Ал жер леу күні – жексенбіде, құрбан айтқа келіп тұр. «Жақсы 

адамның өлген күні болмай ды» дейді бабаларымыз. Міне, 

осындай ағамыздың қазақ жұртының жадынан ешқашан 

өшпейтіндігіне кәміл сенім дімін.

Жақсы адамның өлген күні болмайды

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№197 (649) 



5.11.2011 жыл, 

сенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



«Мәдени мұра» бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі ғана емес, жалпықоғамдық өміріміздегі белесті 

кезең ретінде бүгінгі күні ел арасында зор серпіліс туғызуда. Келешекте «Мәдени мұра» бірегей брэнд 

ретінде қалыптасып, әлемдік қауымдастықта мемлекетіміздің мәртебесін асырудың күшті тетігіне 

айналуы тиіс. Әрине, біздің жерімізде пирамида мен Колизей сияқты жаһандық маңыздағы 

ескерткіштер жоқ шығар, бірақ көшпенділердің әлемдік тарихтағы рөлі одан еш кем соқпайтыны анық».

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

ТӘУЕЛСІЗДІК АЙНАСЫ



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

«Бабалар сөзінің» қай томынан не табам?

Әлемнің екінші ұстазының 

кесенесі қашан толық бітеді?



Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Алаш айнасының» арнайы жобасы

Ауқымды бағдарлама болмаса, зерттеу 

жұмыстары алға жылжымас еді

Мәдени мұрамызды дүниенің 

төрт бұрышынан жинап алдық

Бұл – ұлтымыздың рухани түрде 

қайта жаңғыруының бір көрінісі

Тарихы тасқа қашалған қазақ жұртының әдебиеті де тым тереңге 

тамыр жайған.  Ежелгі дәуір әдебиеті (VII-XIV ғғ.) деп аталатын жеті 

ғасырды қамтыған әдебиетіміздің ұзақ тарихына қатысты 

ескерткіштер мен шығармалар аз зерттелген жоқ. Олардың 

алғашқылары деп түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін 

(VII ғ.), Қорқыт (VIII ғ.) және Оғыз-наманы (IX ғ.) атаймыз. 

Әдебиетіміздің арғы атасы саналатын ежелгі әдебиетті Мұхаммед 

Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд 

Қашқари, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни 

тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, 

ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.). Баба дәстүрін балаға өнеге еткен 

ғұламаларымыз араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге 

дүниежүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан. Ежелгі дәуір 

әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінің дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) 

«Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп-Зылиха», «Гүлстан», 

«Домбауыл» т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар 

енеді. Дегенмен де әдебиетіміздің осы саласының бүгінгі халі, жай-

жапсары, күйі қандай, әлі де алынбаған асуы, бағынбаған белесі бар 

ма екен деп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

доценті, филология ғылымының кандидаты Нұрлан САҒЫНДЫҚОВПЕН 

аз-кем сұхбаттасқан едік.

– Қазіргі уақытта біз арғы-бергі 

тарихымызды қайта ақтарып, жо-

ғалт қанымызды жаңғыртуға күш 

салып жатырмыз. Дегенмен әлі 

күнге дейін өз зерттеушісін күтіп 

жатқан ежелгі дәуір әдебие тіне 

жататын ескерткіштер бар ма? 

– Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану 

ғылымында ежелгі дәуір және орта ғасыр  

жазба ескерткіштерін зерттеу тарихы кеңес 

кезеңінен басталғаны белгілі. Оған дейін 

оларды зерттеу өзге халық өкілдеріне 

бұйырып келді. Әсіресе ХVІІІ ғасырдың 

аяғы мен ХІХ ғасырдың басында Орхон 

жазба ескерткіштері  табылып, жарыққа 

шыққаннан соң түркітану ғылымының 

іргесі қаланды. Бір қызық жері, дүниежүзі 

жұрттары бұл ескерткіштерді өздерінің төл 

жазуы, тұңғыш мұралары санап, оқылу 

құпиясын аша алмай, таласып-тартысып 

жатқан тұста олардың нағыз иелері, яғни 

мұрагерлері саналатын түркілер болса сол 

бұрынғысынша атакәсібін жалғастырып, 

көшіп-қонып жүре бергендігі – бір пара-

докс құбылыс. Ал қандай ескерткіштер 

зерттелмеген деген мәселеге келер болсақ, 

нақты, белгілі бір ескерткіштеріміз әлі 

күнге дейін қолға алынбай жатыр деп атап 

көрсеткеннен гөрі қай тұрғыдан және не 

себептен зерттелмей келеді деген мәселеге 

көңіл бөлгеніміз дұрыс болар. Қай тұрғы-

дан зерттелмей келеді дегенге тоқталсақ, 

ең біріншіден, бұлар мәтінтану тұрғысынан 

қаралмай келеді. Яғни санаулысы ғана 

болмаса, түгелдей дерлік аударылып бол-

ған жоқ. Ең керегі – ғылыми аудар малар. 

Ғылыми аударма барысында сөздіктер 

пайда болады. Ал қазір сөздік түгіл, түркі 

тіліндегі түрлі-түрлі нұсқалар жеке-жеке 

кітап ретінде жарыққа шықпай тұр. Сон-

дықтан жақсы аудармалардың ауылы әзір 

алыста болса керек. Басқа тұрғыдағы зерт-

теулерді айтпасақ та түсінікті. Енді себеп-

терді сөз етсек, оның ең бастысы  тоқырау 



Кеше – 

бүгін

болса керек. Бұл – ғылымдағы тоқырау. 

Бұрынғыдай Ұлттық Ғылым акаде миясы 

жоқ. Оның қарамағын дағы зерттеу инс-

титут 

тары жеке-дара өмір сүру күйінде 



жүріп жатыр. Бұрынғы кадр лар да тура осы 

жағдайда. Жаңа кадрлар жоқтың қасы.



– Қазір зерттеу жұмыстарына 

арналып ғылыми жобалар түрінде 

қаржы бөлініп жатыр емес пе?  

– Ғылыми жобалардың бөлініп жатқан-

дығы рас. Алайда олар екі-үш жылда бір 

рет және көбінде белгілі бір тақырыптарға 

арналып берілетіндігін айтуымыз керек. 

Олай болса, ескерткіштер арнайы кешен 

ретінде бұларға қатыса алмай қалады. 

Қатысқан күнде де жеңіске қол жеткізе 

алмауы мүмкін. Себебі жобалар сайысқа 

түседі. Бұл ескерткіш-мұралары мыздың 

өте бағалы екендігін түсінетін уақыт жетті 

деп білемін. Әлі де арнайы ғылыми жоба-

лар бөлінуі қажет деп санаймын.  

–  Осы бағытта «Мәдени мұра» 

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Бабалар сөзі» 100 томдығының қолға алын ғанын 

білеміз. Бірақ оған нақты нендей дүниелер еніп, нені қай томынан табатынымызды білмейміз. 

Және 100 томдықтың неше томы жарыққа шығып үлгерді?

Берік ЖАНҒАЛИҰЛЫ, Павлодар 

«Бабалар сөзі» жинағының басты мақсаты: 

1) 1917 жылға дейін араб графикасымен 

жарыққа шыққан барлық мәтіндерді қайта басып 

шығару; 

2) бұрын жарық көрген барлық мәтіндерді 

қалпына келтірілген, яғни дәл түпнегіз қалпында 

басып шығару;

 3) мәтіндерді бізге келіп жеткен қалпында

алғашқы кейпінде, яғни мәтінге кейін енгізілген 

өзгерістерсіз жарыққа шығару. Айта кетерлігі, бұл 

факсимилді басылым емес. Мұнда біркелкі 

жанрдағы шығармалар бір серияға топталады, 

олар:  дастан эпосы, ертегілік эпос, көне эпос, ай-

тыс тар және т.б. Мысалы, 1-томға Қазан төңке рісі-

не дейін жарық көрген, кейін халқымыздың рухани 

өмірінен аластатуға ұшыраған «Сыршы молда», 

«Ғаяр қатын», «Қисса Зейне Зайуб», «Жетім көдек», 

«Орқа-Күлше», «Қисса Таһир» секілді хи кая лық 

дастандар енсе, осылай 32 том дастанға ұла са ды 

да, 33-томда «Алпамыс батыр» жы рының сегіз 

нұсқасы беріледі. Қай томға не енгені жайлы толық 

ақпаратты М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 

институтының сайтынан табуға болады. Ал бүгінде 

оның 75 томы жарық көріп үлгерді.  

мемлекеттік бағдарламасының 

шапағаты бар ма?

– Әрине, мұндай ауқымды  мемлекеттік 

бағдарлама болмаса, зерттеу жұмыстары 

алға жылжымас еді. Осы бағдарламаның 

арқасында бұрын-сонды жарияланбаған, 

зерттелмеген қаншама тарихи, әдеби және 

өзге де түрлі мұраларымыз жарыққа 

шықты. Бұл – үлкен жетістік. Бірақ осы же-

тіс тіктерді екінің бірі қолға түсіріп, танысып-

білуге мүмкіндік алды десек артық кеткен-

дік болар еді. Себебі бұларды кез келген 

кітап дүкенінен және оқыр манның қалтасы 

көтере алатын бағада кездестіре алмаймыз. 

Өкініштісі сол – оларды әзір тек кітапхана-

лар мен кейбір мекемелерден ғана көре 

аламыз.  Әйтсе де бай мәдени мұрамыз 

алдағы уақытта жалпы халыққа қолжетімді 

болады деп сенемін. 



Сұхбаттасқан 

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ

Әл-Фараби бабамыздың кесенесін Дамаскіде салу жөнінде бастама 

қашаннан қолға алынды? Оған қанша қаржы бөлінгенін білуге бола ма? 

Мұхтар Сағынбеков, Алматы қаласы 

Орта ғасырларда өмір сүрген әлем-

нің екінші ұстазы әл-Фараби бабамыз-

дың Сирияның астанасы Дамаск қала-

сындағы тарихи-мәдени орталығының 

жаңа кесенесін салу жайлы алғашқы 

қадам 2007 жылы қараша айында Елба-

 сымыз дың Сирия еліне жасаған ре сми 

сапа 

рын 


да шешімін тапқан бола 

тын. 


Соны мен бірге 2008 жылға ар нал ған 

рес публикалық бюджеттен Да маскіде 

Әл-Фараби орталығы мен кесенесінің 

құрылысын жүргізуге бюд жеттік бағдар-

лама шеңберінде 29 млн 600 мың теңге 

бөлінген. Сондай-ақ  Сұлтан Аз-Захир 

Бейбарыс кесенесін қалпына келтіруге 

бюджеттік 

бағдарла ма 

бойынша                    

54 млн 200 мың теңге қара жат көздел-

ген. Бұл – Елбасының бастамасымен 

жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» 

бағдарла масы аясында қарастырылған 

ірі жоба лар дың бірі. Бүгінде кесене 

жұмысы біту ге таяу.



Ұлт бедерін нығайтуға бағытталған бағдарлама

ІЗ.ДЕН.ІС

– Қазіргі кезеңде Қазақстандағы мем-

ле кет пен қоғам арасындағы жемісті келіс-

сөз бен ынтымақтастықты шын мәнінде 

қамтамасыз етуші – 2004-2008 жылдар. 

«Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарла-

масы», ал 2009 жылдан бастап «Ұлттық 

стратегиялық жоба» деп аталатын мәдени-

рухани саладағы мемлекет пен қоғам 

арасындағы диалог көпіріне айналған қа-

зақстандық бренд деп есептеуге болады. 

Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасын 

жүзеге асырудың алдыңғы кезеңі (2004-

2007 жж.) бұрынғы дәуірлердегі аға ұр-

пақтың материалдық және интеллек туал-

дық құндылықтарын сақтау мен оны одан 

әрі дамытуға мемлекеттің үлкен қамқор-

лығының қажеттілігін көрсетті. Ұлттық 

деңгейден биік тұрған іскерлік кәсіпкерлік 

пен этникалық шекаралардың жойылуы 

барысында өзінің тарихи мұрасын сақтауға 

барынша ұқыптылықпен қарау қазақ 

қоғамындағы моральдық-этникалық 

құндылықтардың басымдыққа ие екеніне 

және бұл бағытта мемлекеттің айқын саясат 

ұстап отырғанын, халықа ралық аренада 

өзінің ұлттық беделін нығайтуды көздей-

тінін аңғартады. Қазақстанның мәдени 

мұрасының байлығы оның әлемдік тарих-

тың қазынасына қосқан үлесі бойынша 

ғана өлшенбейді, ол сонымен қатар бола-

шаққа деген ұмтылысының қуатты серпінін 

айқындайды. Бұл жөнінде ҚР Президенті 

Н.Ә. Назарбаев «тарих ұлттық руханияттың 

дамуына өзінің игі ықпалын тигізеді» деп 

атап көрсеткен еді.

Жалпы, «Мәдени мұра» бағдарламасы 

қолға алынысымен, алдымен шетелдік 

мұра ғаттарға баруға мүмкіндік пайда бол-

ды. Өздеріңіз білесіздер, бұл қаншалықты 

қиын іс екенін. Шетел мұрағаттарында 

ешкім бізді құшағын жая қарсы алмайды. 

Сондықтан қажет деректерді анықтап, 

олар ды тауып, көшірмелерін алып, Отаны-

мызға әкелу – нағыз ерлікке тән дүние. 

Міне, сондай ерлікпен қазақ халқының мә-

де ни мұрасында тарихи мәні бар қолжазба-

ларды, сирек кездесетін басылымдарды, 

кітаптар мен мұрағат құжаттарын анықтау 

және олардың көшірмелерін алу үшін Ре-

сейдің, Қытайдың, Батыс Еуропа, Түркия-

ның, басқа да елдердің мұражайлары мен 

кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспе-

дициялары ұйымдастырылды. 

Ұлттық мәдениет үшін ерекше мәні бар 

бірегей тарихи-мәдени, сәулет және архео-

ло гиялық ескерткіштерге қолданбалы ғы-

лы 

ми-зерттеулер, сондай-ақ ауызша 



кәсіби дәстүрдегі аса көрнекті музыкант-

орындаушылардың еліміздің қорларын-

дағы, мұражайлары мен қоймаларындағы 

дыбыстық жазбаларын қалпына келтіріп, 

қазіргі заманғы аудио-тасығыштарға 

көшіру жұмыстары жүргізілді.

МҰРА

Тәуелсіздік жылдарында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 

негізгі табылған жәдігерлер мен қолға алынған шаралар:

Табылған жәдігер не іс-шара атауы



жылы

Табылған жері не 

атқарылған жері

1

Үшінші «Алтын Адам»



2005 жылы

Шығыс Қазақстан 

облысының Шілікті 

жазығы


2

Берел қорымында ғылыми-зерттеу 

жұмыстары жандандырылды

2007 жыл


3

 «Қазақстан тарихы қытай 

дереккөздерінде» атты бес томдық 

дүниеге келді 

 2005-2006 жж.

4

Моңғолияға жасалған экспедиция 



кезінде ашық аспан астында орналасқан 

25 көне түркі ескерткіштер кешендеріне 

текстологиялық және палеографиялық 

зерттеу жүргізіліп, 2000 фотофиксация 

мен 850 көшірме жасалды

 2004 жылдан 

бастап

Моңғолия


5

Бөкей ордасындағы Хан шатыры, 

Ташкенттегі Абай Құнанбаев ескерткіші 

жаңғыртылып, Орынборда Ахмет 

Байтұрсынов тұрған үй мен бірінші және 

екінші жалпықазақтық съездер өткен 

ғимаратқа салтанатты жағдайда 

ескерткіш тақта орнатылды 

 2009- 2011 жж.

Батыс Қазақстан 

облысы, Ташкент 

қаласы, Орынбор 

қаласы

6

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану 



институты шығыстың жазба 

ескерткіштерінде сақталған 

Қазақстанның 21 томдық тарихын басып 

шығарды  

7

Сұлтан Бейбарыс кесенесі және Сұлтан 



Аз-Захир Бейбарыстың мешітін қайта 

жаңғырту жұмыстары басталды

2007 жыл

Каир қаласында

8

Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени 



орталығын салу

2007 жыл


Дамаск қаласында

9

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы 



археологиялық кешендері ЮНЕСКО-ның 

Дүниежүзілік мұралар тізіміне енді 

2006 жыл

10

«Қазақфильм» киностудиясынан шыққан 



10 фильм жарияланды.

2010 жыл


11

«Ұлттық мұра» циклы бойынша 20-дан 

астам арнайы фильм түсірілді.

12

«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» 



антологиясы

2010 жыл


13

«Қазақтың дәстүрлі 1000 әні» 

антологиясы

2010 жыл


14

«Бабалар сөзі» сериясы бойынша 100 

томдық қолға алынып, соның 75 томы 

жарық көрді

2011 жыл

М.Әуезов 

атындағы Әдебиет 

және өнер 

институты

15

Қазақ әдебиеті тарихының 10 томы, 



Қазақ өнерінің 3 томдық тарихы мен 

Қазақ музыкасы антологиясының 8 томы 

басылып шықты.

2011 жыл


16

М.Әуезовтің 50 томдық академиялық 

шығармалар жинағы жарық көрді.

1997- 2011жж.

ТАМЫР


Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Менің ойымша, баланы 18 жастан бас тап әскерге беріп, оның обалына қалып
pdf -> Әзірейіл емес едік…
pdf -> Заңдармен қорғалатынын білуі керек
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев
pdf -> Халал мәселесі тұрғысынан қарасақ, біз харам жануарлардың генін пайдала
pdf -> Кеше елорданың Конгресс-холл са- райында жиналған ұстаз дар қауымын
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ
pdf -> «Қазгидромет» қызметі толық тай тегін болуы керек. Ауа райы өз
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет