Байланысты: Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы Дана дайын емес
Деректер қорлары жүйелерінің архитектурасы. Деректер моделі.
Деректер қорының теориясына шамамен 40 жыл. Бірақ, уақыт ритмі өзгерді, енді ол зымырайды, біз оған барлық жағынан бағынуымыз керек. Сондықтан білімнің жап-жас аймағы барлық техникалық мамандықтардағы студенттердің оқуына тәжірибелік тұрғыда міндетті болып табылады. Техникалық мамандықтарда деректер қорына арналған бөлім информатиканың жалпы курсына қосылған. Берілген «Деректер қорының басқару жүйесі» курсы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған бөлімнің тереңдетілген жалғасы болып табылады.
Расында, ақпараттық технологиялардың қазіргі әлемін деректер қорынсыз елестету мүмкін емес. Тәжірибелі түрде барлық жүйелер осы немесе басқа да ақпарат іздеу және ұзақ мерзімді сақтау қызметімен байланысты. Негізінде ақпарат кез-келген әрекет етуші ортаның тиімділігін анықтайтын фактор болып табылады. Ақпараттық ағымдар артып және ақпарат өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар да арта түсті, енді көптеген операциялар қолмен орындауды қажет етпейді, олар перспективті компьютерлік технологияларды қолдануды талап етеді. Кез-келген администарторлық шешімдер ағымдық оқиғаның анық және нақты бағасын, оны өзгертуге мүмкін болатын перспективаларды талап етеді. Егер бұған дейін оқиғаны бағалауда қолмен есептеу мүмкін болатын бірнеше ондағанфакторлар қатысса, ал енді ондай факторлар жүздеген, мыңдаған және оқиға бір жылдың ішінде емес бірнеше мнутта өзгереді, ал қабылданатын шешімдердің негізі үлкен, себебі дұрыс емес шешімдедің реакциясы бұрынғыдан қарағанда жылдам, әрі қуатты. Және де бұл жағдай деректер қорында сақталатын өндірістің ақпараттық моделінсіз мүмкін емес.
Лауазымды монографиялар мен стандарттардан алынған анықтамалар:
- Деректер қоры – бұл қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қолданылатын және кейбір пәндік аймақтардың актуалды жағдайын сипаттайтын, белгілі ержелерге сәйкес және компьютер жадысында қолдау көрсететін деректер жиынтығы.
- Деректер қоры – деректерді модельдеу құралдарының ережесіне сәйкес манипуляциялау жүзеге асатын, деректер сұлбасына сәйкес сақталатын деректер жиынтығы.
- Деректер қоры – қандай да бір кәсіпорынның қолданбалы бағдарламаларымен қолданылатын кейбір перманентті (үнемі сақтайтын) деректер тізімі.
- Деректер қоры – ұйымның ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру үшін арналған деректердің логикалық байланысқан тізімі (осы деректердің сипаты).
Басқа автолардың субъективті пікірін сипаттайтын басқа көптеген анықтамалар бар, бірақ жалпы қабылданған бірыңғай формулировка жоқ. Келесідей ерекше қасиеттер өте жиі қолданылады :
1. ДҚ есептеу жүйесінде сақталады және өңделеді. Демек, кез-келген деректер қорының компьютерден тыс ақпарат сақтау құрылғысы (архив,кітапхана, картотека ) болмайды. 2. Есептеу жүйесінде ДҚ деректерді тиімді іздеу және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында логикалық құрылымданған (жүйелендірілген) болады.Құрылымданған дегеніміз құрамдас бөліктердің (элементтердің) ерекшеленуі, олардың арасындағы байланыстар, сонымен қатар элементтер мен белгілі бір семантика және жіберілетін операциялардың тип элементтерімен қатынасы орнайтын байланыстардың типтігі. [6]
3. ДҚ ресми түрде ДҚ-ң логикалық құрылымын сипаттайтын сұлбалардан (кейбәр метадеректерге сәйкес) немесе метадеректерден тұрады. ГОСТ Р ИСО МЭК ТО 10032-2007 сәйкес деректер қорының ортасындағы. тұрақты деректер сұлбалардан және деректер қорынан тұрады. Сұлба мазмұнынан, құрылымнан және деректер қорын құру мен қолдау үшін қолданылатын біртұтас шектеулерден тұрады. Деректер қоры сұлба көмегімен анықталған тұрақты деректер тізімінен құралады. Деректерді басқару жүйесі деректер қорындағы мәліметтерге қатынасты бақару және қамтамасыз ету үшін сұлбадағы деректердің анықтамасын қолданады. [2]
Осы қарасырылған қасиеттердің тек біріншісі ғана қаталдау, ал қалғандары түрлі трактовкалар мен түрлі бағалау деңгейлерін жібереді. Тек қана ДҚ қойылатын кейбір талаптардың сәйкестік дәрежесін орнатуға болады.
Мұндай жағдайда жалпықабылданған тәжірибе соңғы қызметті атқарады. Осыған сәйкес файлдық архивтерді, интернет-порталдарды немесе электронды кестелерді деректер қорының кейбір қасиеттеріне ие болса да, деректер қоры деп атамайды. Көп жағдайда бұл деңгей жеткіліксіз деп есептеледі (шектеулер де болуы мүмкін).
Көптеген мамандар «деректер орының басқару жүйесі» терминінің орнына «деректер қоры» терминін қодана отырып өте кең таралған қателікті көрсетеді және бұл түсініктерді ажырату қажеттілігін көрсетеді.[7]
Тарихы Деректер қорының даму технологиясы кең түрде, сонымен қатар қысқаша аспектіде қарастырыла алады.
Кең аспектідегі деректер қорының тарихи түсінігі кез-келген құралдардың тарихымен жалпыланады, оның көмегімен адамзат деректерді сақтаған және өңдеген. Мысалы, мұндай контекстіде патша қазынасының тіркеу құралдары және ежелгі Шумердегі салық (б.э.д. 4000 ж.),[8]узелковая письменность инков—кипу,клинописи, ассирия патшалығының құжаттары және т.б. еске түседі. Бұл қадамның кемшілігі «деректер қоры» түсінігінің «архив» және «жазылу» түсініктерімен фактілі қосылуы болатынын есте сақтау керек.
Деректер қорының тарихы қысқаша аспектіде деректер қорын ұлттық (заманауи) түсінікте қарастырады. Бұл оқиғаның тарихы жазбаларды өңдейтін бағдарламалаушы құрылғы пайда болғаннан, яғни 1955 жылдан басталады. Сол уақыттағы бағдарламалық қамтамасыздану файл негізінде жазбаларды өңдеу моделін қстанатын. Деректерді сақтау үшін перфокарталар қолданылды. [8]
1960 жылдардың ортасында жедел желілік деректер қоры пайда болды. Жедел деректер қорындағы операциялар терминал арқылы интерактивті режимде өңделді. Қарапайым индексті-тізбектелген жазбалар ұйымы наборларға бағытталған жазбалардың қуатты моделіне дейін дами түсті. Деректерді сипаттайтын және манипуляциялайтын стандартты тілді өңдеп шығарған Data Base Task Group(DBTG) жұмысына жетекші болғаны үшінЧарльз БахманТьюринг сыйлығына ие болған.
Сол уақытта COBOLдеректер қорының қауымдастырығанда деректер қоры сұлбасының концепциясы мен тәуелсіз деректер концепциясы пайда болған.
Келесі маңызды этап 1970 жылдардағы деректердің реляциялық моделінің Эдгар Ф. Кодджұмыстарының негізінде пайда болуына байланысты. Кодд жұмыстары деректер қоры технологиясының математика және логикамен байланысына жол ашты. Эдгар Ф. Кодд теория мен тәжірибеге өзінің қосқан үлесі үшін Тьюринг сыйлығына ие болған.
database (деректер қоры) термині 1960 жылдардың басында пайда болды және жасанды интеллект жүйесінің контекстінде қысқаша ұғымда болса да 1964және1965жылдары SDC (System Development Corporation) фирмасының ұйымдастырылуымен өткен симпозиумда қолданысқа енді. Тек 1970 жылдары термин қолданыстағы кең түсінікте қолданыла бастады.[9]
Деректер қорының түрлері
Әртүрлі критериялары бойынша ерекшеленетін Деректер қорының көптеген түрлері бар. Мысалы, берілген бөлім жазылған материалдар бойынша «Деректер қоры технологиясының энциклопедиясында» [1] деректер қорының 50-ден астам түрі бар.
Негізгі классификациялар төменде көрсетілгнен.
Деректер моделі бойынша классификация
Мысалдар: