Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет48/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102
Центрден тепкіш компрессорлар
Әрекет ету принципі және негізгі бөлімдер
Центрден тепкіш компрессордың әрекет ету схемасы центрден тепкіш насостікі сияқты болады.
Центрден тепкіш компрессор бір білікке (вал) бекітілген бірнеше центрден тепкіш дөнгелектерден тұрады. Сығылған ауаның ұлғаюынан құтылу үшін бір дөнгелектен екінші дөнгелекке өткенде, келесі дөнгелектер жуандығы мен диаметрі жағынан кішірек жасалады. Дөнгелектердің қалақшалары артқа бүгілген немесе тарамдалған (радиальный) болуы мүмкін. Дөнгелектер өтетін каналдарда тізбектей жалғанған және бағытталған аппараттармен ортақ қаптамада орналасқан.
Фильтр арқылы компрессорға сорылатын ауа бірінші дөнгелектен екінші дөнгелекке өтіп біртіндеп сығылады.
Бір дөнгелекпен нығайтылатын ауаның соңғы қысымының оның бастапқы қысымына қатынасы сығылу дәрежесі деп аталады. Бір дөнгелектегі сығылу дәрежесі үлкен емес және осыған тең:

және кейбір жағдайда ғана 1,5÷1,8 дейін жетеді. Бірақ өте үлкен сығылу дәрежесі дөнгелектің жылдамдығы 400 м/с болғанын талап етеді. Бұл дөнгелектердің болаттың арнайы сорттарынан жасалу кезінде жүзеге асуы мүмкін. Әдетте дөнгелек айналымдарының саны 150-200 м/с болып жылдамдықтың есебінен алынады.


Компрессорлар өте биік қысымдар тудырады және сығылудың ортақ дәрежесі маңызды болып есептеледі. Сондықтан центрден тепкіш компрессорларда бірнеше тізбектей қосылған дөнгелек болады. Әсіресе дөнгелектердің диаметрі 700-1400 мм аралықта тербеледі.
Орташа айналадағы (окружной) жылдамдықта ағын жұмыс дөнгелегінен 160-170 м/с жылдамдық шамасымен шығады. Машинадан шыққан қысымды арттыру және шығынды азайту үшін газ құбырында әрбір дөнгелектің шыға берісінде бағыттаушы аппараттар орнатылады.
Газ бағытталған аппараттан шыққан кезінде өз бағытын 180о –қа өзгертіп келесі жұмыс дөнгелегінің центріне әкелінеді; соңғы бағытталған аппараттан шыққан газ айдаушы камераға, одан әрі газ құбырына аттанады. Ағын өтетін қуыс келесі жұмыстық класқа әкелінеді: қалақшалармен каналдарға бөлініп қозғалмайтын айналмалы шарбақты (решетку) құрайды. Олар кері бағыттаушы аппараттар немесе кері каналдар деп аталады. Осы каналдардың қызметі ауа селін айналдырып және қозғалыстың кинетикалық энергиясын қысымның потенциялды энергиясына айналдыру болып табылады.
Осы және басқа да бағыттаушы аппараттар шығатын ауаның кинетикалық энергиясының бір бөлігін қысымның энергиясына айналдырып, газды құбыр ішіне кіші жылдамдықпен жібереді.
Бағыттаушы аппараттардың екі түрі қолданылады: қалақшасыз және қалақшалы.
Қалақшасыз бағыттаушы аппарат (130-сурет, а) дөнгелектің артында орнатылады және екі козғалмалы сақиналы дискілерден тұрады.
Дөнгелектің центрінен ара қашықтық артқан сайын бағыттаушы аппараттағы шыға берістегі қиманың ауданы да артады, ал ауаның жылдамдығы кемиді. Сондықтан қалақшасыз бағыттаушы аппараттарда қысым напордың аз шығынында өседі.
Қалақшалы бағыттаушы аппараттарда (130-сурет, б) жазықтықтар арасында қалақшалар орнатылады.



8.9-сурет-бағыттаушы аппараттар: а-қалақшасыз; б-қалақшалы
Центрден тепкіш сорғыларды зерттеу барысында қалақшалардың басқы жерінің бағыты абсолютті вектор жылдамдығының С2 бағытына сәйкес екені көрсетілген.
Қалақшасыз аппараттарға қарағанда қалақшалы аппараттардың каналдарында жылдамдық көбірек азаяды. Сондықтан мында кинетикалық энергияны қысым энергиясына айналдыру, аппараттың кіші габаритті өлшемдерінде жүзеге асуы мүмкін.
Соңғы бағыттаушы аппараттын айналасынан жылдамдығы 50-60 м/с сел шығып, спиральды кожухқа бағытталады. Үлкен шығындардан құтылу үшін газ құбырларындағы жылдамдық азырақ болу керек. Сондықтан спиральды кожух, ішінде селдің жылдамдығы құбырға ене алатын жылдамдыққа дейін төмендейтін, конустік бұрышы 6-8о диффузор болып аяқталады.
Жұмыс дөнгелегі, бағыттаушы аппараттар және кері каналдар сатылар деп аталады. Көбінесе компрессордағы тербелетін сатылар саны 3-7. Қысымды арттырған сайын сатыдағы ауаның температурасы да артады.
Соңғы қысымдағы газдың соңғы температурасы биік болған сайын машинаның приводына кететін қуат та артады. Сондықтан бірнеше сатыдан келесі рет өтетін ауа қуатының шығының азайту үшін машинадан шығарғаннан кейін тоңазытқышта суытады. Компрессордың кейбір конструкцияларында суық су айналысы болып жатқан компрессор корпусының ішіндегі қуыста жүзеге асады. Бірақ тоназытқыштарды қолдану конструкцияны күрделі қылады. Сондықтан олар тек ауаның сығу деңгейі күрт артқан жағдайда ғана қолданылады.
Көбінесе тіреуші немесе радиальды-тіреуші подшипниктармен тепе-теңдікке келтіріледі. Ал егер көпсатылы компрессорларда екі жақты сору қарастырылса, онда остік қысым пайда болмайды.
Центрден тепкіш компрессорлардағы пайдалы әсер коэфициенті 0,5.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет