Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Вирустардың құрылымы. 

Вирустардың  жасушалық  құрылымы,  ақуыз  синтездеуші  жүйесі  жоқ,  тек  бір  текті 

нуклеин қышқылдары (ДНК немесе РНК) бар. Вирустар біріккен генетикалық құрылымға ие 

жəне  көбею  тəсілі  арқылы  ерекшеленеді:  жасушада  жеке  нуклеин  қышқылы  жəне  вирус 

ақуызы синтезделеді, кейін вирус бөлшектерінің жинақталуы жүреді. Түзілген вирус бөлшегі 

“вирон” деп аталады. Вирондардың пішіндері əр түрлі: таяқша тəрізді (табак мозаикасының 

вирусы),  оқ  тəрізді  (құтырғақ  вирусы),  шар  тəрізді  (полиомелит  вирусы,  ВИЧ).  Ең  ұсақ 

вирустардың  бірі  –  полиомелит  вирусы(20  нм  шамасында),  ең  ірі  вирус  шешек  ауруыныкі 

(350  нм  шамасында).  Вирустар  құрамында  ДНК  жəне  РНК-сы  бар  болып  екіге  бөлінеді. 

Вирустардың  геномдары  алтыдан  бірнеше  жүзге  дейінгі  гендерден  тұрады.  Қадімгі 

вирустардан  басқа  ақуызды  жұқпалы  бөлшектер  –приондар  белгілі.  Приондар  адам  жəне 

жануарларда энцефалопатия тудырады. Вирустарға өте жақын бөлшектердің тағы бір түрі  – 

вироидтар.  Олар  сақина  тəрізді,  спиралданған  РНК-  сы  бар,  құрамында  ақуызы  жоқ, 

өсімдіктерде ауру туғызады. 

 

Сурет 3. Вириондардың əртүрлі формалары 



1-оспа  вирусы;  2-герпес  вирусы;  3-аденовирус;  4-паповавирус;  5-гепалнавирус;  6- 

парамиксовирус; 7-тұмау вирусы; 8-коронавирус; 9-аренавирус; 10-островирус. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет