Дәріс №14. Тақырыбы: Тарихи синтаксис негіздері Мақсаты



бет1/2
Дата03.05.2023
өлшемі46,5 Kb.
#89551
түріҚұрамы
  1   2

Дәріс №14.
Тақырыбы: Тарихи синтаксис негіздері


Мақсаты: Тарихи синтаксис –синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктерін, ондағы тарихи өзгерістер мен салыстырулардың мәндерін қамтиды.
Жоспары:
1. Синтаксистік құрылыстың даму ерекшеліктері .
2. Сөз тіркесінің дамуы.
3. Сөйлем құрамының дамуы .


Мазмұны: Синтаксис – грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің грамматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің грамматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының грамматикалық жүйесін, құрылысын зерттейді.Синтаксис грамматикалық ілім ретінде мынандай негізгі екі салаға бөлінеді: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесуі қабілеттілігі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сөз тіркестерінің құрамы, олардың түр – түрі қарастырылады. 2. Сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылу принциптері, сөйлемнің құрамы, олардың түр – түрі қарастырылады. Синтаксис бұл мәселелерді сөздердің грамматикалық құрылысы жөніндегі ілімнен бөліп алып, олардан оқшау тұрған нәрсе деп қарамайды, өзара тығыз байланыста қарастырылады. Сондықтан сөздердің морфологиялық құрылысы синтаксистің де грамматикалық талдауының негізі болады. Лексикология мен морфология тіл ғылымының дербес салалары болуымен қатар, олар да синтаксистен байланысын үзбейді.
Сөз тіркесі – сөйлем құраудың материалды негізі де, сөйлем – кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір – бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық – синтаксистік категория ретінде тексереді.
Сөйтіп, сөз тіркесінің, сөйлемнің грамматикалық құрылысын зерттейтін ілімді синтаксис десек, тілдің синтаксистік құрылысын да сол термин арқылы атаймыз.
Әрбір ғылым саласының басталу, жетілуі, даму кезеңдері болады. Қазақ тіл білімінің бұғанасы бекіліп қалыптасқан қай саласын алсақ та, олардың әрқайсысының даму кезеңдері болған. Ғылым салаларының даму барысында оның әдепкі біртұтастық түйдегінің жеке мәселелері бөлшектеніп танылып сол саланың дербес бөлшегі болып та қалыптасуы мүмкін.
Қазақ тілінің синтаксис мәселелері ол баста жалпы сөйлем құрылысы орайында қаралып келсе, сол ғылым дами келе сөз тіркесінің синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген ғылыми зерттеудің объектілері болып, қазір солардың жүйелік тармақтары айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылды. Сөйтіп, сөз тіркесі жай сөйлем синтаксисімен бөлініп, өз алдына бөлек синтаксис ғылымының бір саласына айналды.
Сөз тіркесінің синтаксисі жайлы мағлұматты оның зерттелу тарихымен ұштастыра ұғыныспайынша көп мәселенің байыбына бара алмай қаламыз. Егер орыс тіл білімінде бұл синтаксис ғылымының бірнеше тарихы бар дейтін болсақ, қазақ тілі сөз тіркесінің зерттелу 50 – 60 жылдан әрі аспайды. Ол қысқа тарихтың тіл білімінің қосары айтарлықтай мол болғанмен, сөз тіркесі синтаксисі енді ғылымдық дербестігіне оқшауланып, бұғанасы бекіп келе жатыр. Қазақ тіл білімі үшін осылай болуының өзі заңды.
Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек сіңірген ғалым С.Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында сөз тіркесі бөлек талданбайды. Бірақ «үйірлі мүше» деген атпен қай сөздің қандай сөздермен топ құрай алатыны жөнінде айтқандарының сөздердің толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін айыру жөніндегі дәлелдерінің есімді, етістікті сөз тіркестеріне қатысы бар.
Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын – грамматикалық единицалар дейміз. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек – бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәрәне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз.
Сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің ара қатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бұрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын ұқсастықтары болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол бөлшектер бірінің қызыметін басқа біреуі де атқаруы мүмкін. Көркем әдебиетте – Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді – сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудың керегі жоқ деуге бола ма? Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардың арасына «сына қағып» екі айырып тастау керек екенін уағыздайды. Жай сөйлемнің дамуы, Құрмалас сөйлемнің грамматикалық және семантикалық сипаты. Көне түркі тіліндегі , түркі жазба мұралары тіліндегі құрмалас сөйлемнің көрінісі.
Егер сөйлем қарым – қатынас жасаудың, адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі және сөз – сөйлем құраудың материалдары. Өзара тығыз байланыстағы бұл үш грамматикалық категорияның әрқайсысына тән өзіндік айырмашылықтары болуымен қатар олардың бастары түйісетін де орындарының болатыны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет