Дәріс №3-4 Материалды нүктенің және қатты дененің динамикасы Дәрістің мазмұны



бет1/3
Дата20.01.2022
өлшемі76,75 Kb.
#24146
  1   2   3

Дәріс № 3-4 Материалды нүктенің және қатты дененің динамикасы
Дәрістің мазмұны: материялық нүкте мен қатты дене динамикасы.

Дәрістің мақсаты: материялық нүкте мен қатты дене динамикасын қарастыратын мәселелерді ашып көрсету.
Масса. Күш. Ньютон заңдары
Ньютон заңдары (физиканың басқа да заңдары сияқты) адамзат тәжірибелерінің жалпылануы.

Ньютонның бірінші заңы: егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың әсерлерi өзара теңессе дене тыныштық күйде болады немесе өзiнiң түзу сызықтық бiрқалыпты қозғалысын сақтайды.

Дененiң тыныштыққа немесе түзу сызықты және бiрқалыпты қозғалысты сақтауға ұмтылу қабілетін – инерция деп атайды. Сондықтан Ньютонның бірінші заңын кейде инерция заңы деп атайды. Ал денелердiң бұл қасиетiн инерттiлiк дейдi. Ілгерілемелі қозғалыс кезінде денелердiң инерттiлiгiнiң сандық мәнін m масса сипаттайды. ХБЖ -де масса бірлігі (кг) килограмм.



Механикада еркін материалдық нүктенің қозғалысы түзу сызықты және бiрқалыпты өтетін санақ жүйесі инерциялды санақ жүйесі деп аталады. Инерциялды санақ жүйесіне қатысты түзу сызықты және бiрқалыпты қозғалатын кез келген санақ жүйесі инерциялды санақ жүйесі болып саналады.

Ньютонның екінші заңы - материалдық нүктенің (дененің) алатын үдеуі оған түсірілген күштердің векторлық қосындысына тура пропорционал, дененің массасына кері пропорционал:

немесе . (2.1)

(2.1) өрнекті былай да жазуға болады:

, (2.2)

сонда Ньютонның екінші заңының жалпылама түрі:

. (2.3)

Мұндағы -дене импульсы.

Бұл өрнектің (2.1) тұжырымдамадан ерекшелігі ол тек классикалық механикада ғана емес релятивистік механика үшін де дұрыс болып табылады.



Ньютонның үшінші заңы- әсерлесуші материалдық нүктелер (денелер) бір біріне осы нүктелерді қосатын түзу бойымен бағытталған шамалары бірдей, бағыттары қарама қарсы күштермен әсерлеседі:

, (2.4)

мұндағы - екінші нүктенің бірінші нүктеге әсер ету күші;

- бірінші нүктенің екінші нүктеге әсер ету күші.

Ньютон заңдары механиканың негізгі заңдары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет