Матаса байланысқан сөз тіркесі



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі273,99 Kb.
#133029
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
стилистика1

Көркем мәтінге лингвистикалық талдау


Орындааған: Себекова Г

Кезiнде академик Л.В. Шерба мектептер мен гимназияларда әдебиет пәнінін оқытудың жайына көңілі толмай, өз сабақтарында әдебиет талдаудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолданған едi. Оны өзі былай: «Әдеби шығарманың идеялық және сонымен байланысты эмоционалдық мазмұнын бейнелейтін тілдік кұралдарды ашып көрсету»,- деп түсіндіреді. Оның пiкiрiнше, көркем мәтінді талдау әдістемесін тiлшiлер де, әдебиетшілер де бiрдей дәрежеде меңгеру керек. «Көркем шығарманы тану үшін тар тілдік шеңберде қалуға да, немесе тек интуицияға сүйеніп шығарманың идеясы туралы жайдақ пiкiр айтуға болмайды.


Көркем туындыны толық, терең әрi жан-жақты түсіну оны талдаудың түр-түрін жетік меңгерiп, оларды жоғары мәдениеттiлiкпен ғылымдық сапада жургiзудi керек етеді. Олардың қай-қайсысында да зерттеушiнiң алдына әдеби шығарманың шынайы, көркем табиғатын тану мақсаты койылады. Көркем әдебиет сөз арқылы жасалады. Көркем ойды бейнелейтiн тiл кұралдарынын эстетикалық-қасиетiн ашу, сыры мен сынын түсiну бағытында аз жұмыс iстелген жоқ. Оның алғашқы қадамдары көрнекті орыс ғалымдары А.А. Потебня. С.М. Шерба, Г.О.Винокур, В. Виноградов еңбектерiнен басталады.
Көркем мәтiн аяқталған, бiртұтас күрделi құрылым ретінде қаралады. Оның эстетикалық тұрғыдан ұйымдасқан тiлдiк формасы мәтіннің идеялық-көркемдік бейнесiн бейнелейдi. Курстың мiндетi осы біртұтас күрделi кұрылымды талдап тусiндiру, оның ұйымдасу механизмiн ашу. Бұл мiндет мәтінді тілдік және тiлдiк стилистикалық талдаулар арқылы жүзеге асады.
Тiлдiк талдау - талдаудың ең қарапайым түрі. Оның мақсаты - көркем мәтінде пайдаланылған, әдеби шығарманы дұрыс ұғынуға тiкелей қатысы бар тiлдiк тұлғалардың мән-мағыналары мен қолданылу жағдайларын ашып беру. Бұл әдеби туындыны дұрыс әрi толық түсiнуге көмектеседі.
Тілдік талдаудың алғашқы сатысы : ол тілдік түсініктеме беру деп аталады. Тілдік түсініктеме арқылы мәтіндегі сөздердің грамматикалық тұлғалардың сыр-сипаты ашылады. Қолданыстан шығып кеткен, көнерген сөздер немесе диалектілердің , не жаргон сөздердің, кәсіби сөздер мен тіркестердің мән-мағыналары анықталады.
Тілдік талдау өзінің сипаты, тереңдігі, ауқымы жағынан әр алуан болып келеді.
Тілдік талдаудың негізгі объектісі - шығарманың сөздік құрамы. Сөздік құраммен жұмыс жазушы қолданған сөздердің мағынасын ашып, айқындау үшін қажет. Себебі, сөз мағынасы тілдің ең өзгергіш бөлігі, ол оқушыға түсініксіз болса, мәтінді түсіндіруге де қиындық тудырады.

Лингвистикалық және стилистикалық талдаулар көркем шығарманы түсініп оқудың жоғары мәдениетін қалыптастырады. Көркем туындыны ой мен сезім арқылы белсенді қабылдауға, оқырманды суреткермен бірге толғантып, көркем бейнені бірге сомдауға баулиды. Сонымен қатар оқушының тілдік мәдениетін көтереді.

Көркем шығарма тілі - күрделі, қыры мен сыры мол құбылыс. Көркем шығарма құрылымында тілдің барлық аспектілері, барлық құрылым-қабаттары белгілі эстетикалық мәнге ие болып, эмоционалды-экспрессивтік жүк көтеріп тұрады.

Өзінің табиғи сипатының ерекшелігіне орай поэзия сөздiң мағыналық жағымен қатар айтылу әуезі мен әуенін, синтаксистік құрылыстың ерекшелігін өз қажетіне жаратады. Көркем бейне жасауда тілдік құралдардың мазмұны мен сыртқы формасы әсіресе, поэзияда біртұтас бірлік құрайды және тұтаскан күйiнде қабылданады. Әрине, прозада да әуен, ырғақ, сөздің дыбысталу жағы соңғы рөл атқармайды. Ол шығарманың, жазушының, стиль ерекшелігіне байланысты. Алайда, тек поэзияда ғана фонетикалық құбылыстар бар қыр-сырымен көрiнедi, бар мүмкiндiгiн ашады. Дей тұрғанмен, көркем шығарма мәтінін талдағанда, айырықша ескерiлер жай тiлдiк компанеттерді жеке-дара емес, тұтастай алып талдау мәселесі болмақ. Өйткені жекелеген сөз, морфологиялық тұлға, синтаксистік, фонетикалық құралдар өз алдына бөлек шағын бейнелер жасап тұрсада, олардың бәрінің жиынтыгы, тұтастай бiрлiгi ғана көркем шығарманың біртұтас көркемдік эстетикалық құрылым жүйесін жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет