Дәріс жоспары: Нарықтық қызмет ету механизмі



бет1/6
Дата14.02.2023
өлшемі194,5 Kb.
#67907
  1   2   3   4   5   6

2 тақырып. Экономиканы реттеудің нарықтық механизмі


Дәріс жоспары:

  1. Нарықтық қызмет ету механизмі.

  2. Сұраныс заңы. Сұраныс функциясы. Сұраныс қисығы. Сұраныс өзгерісі.

  3. Ұсыныс заңы. Ұсыныс функциясы. Ұсыныс қисығы. Ұсыныс өзгерісі.

4. Салық салудың заңнамалық және экономикалық ықпал өрісі

Мақсаты: нарықтық механизмнің басты элементі – сұраныс пен ұсыныстың теориялық негіздерін, оларға әсер ететін факторларды қарастыру, нарықтық тепе – теңдіктің мәнін ашып оның негізгі үлгілерін талдау.

  1. Нарықтық қатынастар механизмі.

Жалпы нарық деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» - бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан, классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.
Нарық дегеніміз
1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы;
2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары;
3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;
4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;
5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет