Дәріс 6. Блоктық шифрлер Ашық текст ұзындығы шектелмеген болғандықтан текст белгілі бір ұзындықтағы блоктарға бөлінеді. Ол блоктың тексттері бір-бірінен тәуелсіз түрде шифрленеді. Бір кілттік блоктық шифрлер 3 топқа бөлінеді: Орын ауыстыру;
Ауыстыру;
Құрылымды шифрлер.
Қарапайым орын ауыстыру шифрі
Мысал: «Бүгін кешкі сағат онда паркте кездесеміз» деген хабарды шифрлеу үшін, мысалы хабарды 6 қатар 6 бағаннан құралған кесте түрінде жазу керек. Беғаесүшапкегктаемііорзінснкдзкадтею
Егер соңғы ұяшықтар толмай қалса кез келген әріптер жазып қойылады шифрленген хабар алу үшін ашық текст қатарлар бойынша оқылады (солдан оңға қарай) жәнен топталған түрде жазылады. Мұнда шифрлеу және қайта шифрлеу процесін түрліше ашық текстті кестеге жазу және кестеден мәтінді оқу бағытына қарай орындауға болады. Ашық текстті кестеге жазу және кестеден оқу бағыттарына мысалдар:
Трисемус шифрлеу кестесі
1508 жылы Германиялық Иоганн Трисемустың криптология бойынша «Полиграфия» атты еңбегі баспадан шықты. Бұл кітапта ол алғаш кездейсоқ толтырылған шифрлеу кестелерінің қолданылуы туралы айтады. Мұндай орын ауыстыру шифрін алу үшін әдетте алфавит әріптерін жазу кестесі және кілттік сөз қолданылған. Кестеге алдымен қатарлар бойынша кілттік сөз қайталанатын әріптер тастап жіберіліп жазылған. Содан соң кестеге алфавиттегі қалған әріптер тәртіп бойынша жазылған. Кілттік сөзді есте сақтап қалу оңай болғандықтан, мұндай тәсіл шифрлеу және қайта шифрлеу процессін жеңілдетеді. Мысал. Орыс алфавиті үшін шифрлеу кестесінің өлшемі 4х8 болуы мүмкін. Кілттік сөз БАНДЕРОЛЬ болсын. Мұндай кілтті шифрлеу кестесі төменде көрсетілген
Шифрлеу үшін кестеден ашық тексттің келесі әрібі таңдалып, шифртекстке кестеде сол бағаннан төменде орналасқан әріп жазылады. Егер тексттің әрібі ең соңғы қатарда болса, онда шифртекст әрібі сол баған бойынша бірінші қатардан алынады. Егер КОМПЬЮТЕР хабарын шифрлеу керек болса, онда шифртекст: ЦЙЧШМОЫЗИ Полибиан квадраты Тік бұрышты кесте алфавит әріптерімен кездейсоқ тәртіпте толтырылады. Ашық хабардың әрбір әрібі сол бағанда бір қатар төменде орналасқан әріппен ауыстырылады. Егер әріп ең соңғы қатарда орналасқан болса, онда шифрленетін символ бағандағы бірінші әріп болады. Мысалы, «АЛФАВИТ» хабары шифрленгеннен кейін «УЪ УТСЗ» көрінісіне келеді:
Кесте бойынша орын ауыстыру шифрі жиі қолданылатын шифрлеу әдістерінің бірі. Жоғарыда қарастырылған әдістен айырмашылығына тоқтайтын болсақ, мұнда кесте бағандары кілт бойынша ауыстырылады. Шифрленген текст тізбек бойынша кілт астына жазылады, ал шифрленген текст бағандарға кілт бойынша цифрлар өсу реті бойынша жазылады. Мысал. «Информатика математика физика» хабарын шифрлеу керек болсын. Хабардағы ашық текст бірдей үлкен немесе бірдей кіші әріптермен бос орындарсыз жазылуы тиіс. Осы 6 цифрлы кілтке сәйкес хабарды блоктарға 6 әріптен бөлеміз. Ашық текст
Кілт -245136 Шифрленген текст
Біздің мысалымызда блоктарға бөлу нәтижесінде 4 блок 6 әріптен және 1 блок 3 әріптен құралды. Мұндай жағдайларда соңғы әріптер тобы (блогы) толық блок болғанға дейін кез келген әріптермен толтырылады. Біздің жағдайымызда 3 әріп жетпейді. Сол хабарды кесте көмегінде шифрлеуге болады. Ашық хабар қатарлар бойынша жазылады, кілт бағандар орын ауыстыру тәртібін береді. 245136 кілті негізінде ашық текст әріптері орын ауыстырылады. Мысалы, кілттің 1 -ші цифрі 2. ол шифрленген тексттің бірінші әрібі ашық тексттің екінші әрібі болады. 4 - ашық тексттің 4-ші әрібі шифрленген тексттің 2 әрібі болады және т.с.с. Орын ауыстырулар нәтижесінде шифрленген текст аламыз. Оны оқып біз ешқандай да ақпарат ала алмаймыз. Мағынасы жоқ. Шифрленген текстті қайта шифрлеу үшін кілт бойынша жоғарыдағы әрекеттер кері бағытта орындалады. Сол хабарды кесте көмегінде шифрлеуге болады. Ашық хабар қатарлар бойынша жазылады. Кілт бағандар орын ауыстыру тәртібін береді. Ашық текст Ауыстырудан кейін
Шифрленген текстің беріктігін арттыру үшін тағы да бір рет шифрлеуге болады. Шифрлеудің бұл әдісі 2 рет орын ауыстыру шифрі деп аталады. Әдісінің мағынасы мынада шифрлеу негізінде пайда болған кестені қатарлар бойынша орын ауыстыру. Компьютерде орындалуы. Төменде келтірілген бағдарлама символдар тізбегін ұзындығы төртке тең болған кілтке сәйкес орын ауыстырады. Шифрленген және қайта шифрленген хабар файлға жазылып, файлдан оқылады.