Дәріс есептеуіш желілердің ҚҰрылымы мен оларға жалпы шолу негізгі анықтамалар мен терминдер


сурет – Сымсыз жетгілікті желінің физикалық деңгейі



бет23/38
Дата11.03.2022
өлшемі232,39 Kb.
#27643
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
2.3 сурет – Сымсыз жетгілікті желінің физикалық деңгейі
Физикалық деңгейдің қызметтері желіге қосылған барлық құралдарда жүзеге асырылады. Компьютер жағынан физикалық деңгейдің қызметтері желілік адаптермен жүзеге асырылады. Қайталауыштар физикалық деңгейде ғана істейтін құрылғылардың жалғыш түрі.

Жоғарғы деңгейден келетін деректер кабель бойынша берілетін сигналдарға түрленеді. Ауқымды желілерде осы деңгейде модемдер және RS-232C интерфейсі қолданылуы мүмкін. Жергілікті желілерде деректерді түрлендіру үшін сандық түрде деректерді жылдам өткізуді қамтамасыз ететін желілік адаптерлерді қолданады. Физикалық деңгейдің хаттамасының мысалы - әйгілі RS-232C/ССІТ V.2 интерфейсі, ол компьютерлер мен шалғай құрылғылар арасындағы кеңінен тараған стандартты кезекті байланыс болып табылады.

Бұл деңгейді аппараттық қамтамасыз етуге жауап беретін деңгей деп атауға болады.

Физикалық деңгей асинхронды (кезекті) және синхронды (параллельді) берілісті қамтамасыз ете алады, ол кейбір мэйнфреймдер мен мини-компьютерлерге қолданылады. Физикалық деңгейде байланыс арнасы бойынша берілу мақсатында екілік мәндерді ұсыну үшін кодтау сызбанұсқалары анықталуы керек. Көптеген жергілікті желілерде манчестерлік кодтау қолданылады.

Физикалық деңгейдің хаттамасының мысалы – Ethernet технологиясының 10Вase-T спецификациясы, ол қолданылатын кабель есебінде экрандалмаған 3 категориялы, толқындық кедергісі 100 Ом шырмалған санатын, RJ-45 ажырамасын, физикалық сегменттің максималды ұзындығы 100 метр, кабельдегі деректерді ұсыну үшін манчестерлік коды және орта мен электр сигналдарының басқа да сипаттамаларын анықтайды.

Физикалық деңгейдің кеңінен тараған специафикациялары:

- EIA-RS-232-C CCITT V.24/V.28 – реттелмеген кезекті интерфейстің механикалық/электрлік сипаттамасы;

- EIA-RS-422/449, CCITT V.10 – реттелген кезекті интерфейстің механикалық, электрлік және оптикалық сипаттамасы;

- IEEE802.3 стандарты үшін Еthernet желілік технология – бар және табылатын қақтығыстарды табуды және қарауы бар коллективті қатынау және шиналық топологияны қолданатын желілер үшін;

- IEEE802.5 стандарты бойынша Token ring желілік технологиясы - маркерді беру арқылы сақинаға қатынау әдісі мен сақиналық топологияны қолданады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет