Дәріс жоспары (1 сағат)


Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері



бет2/2
Дата27.10.2022
өлшемі56,5 Kb.
#45699
1   2
Менеджменттің теориялық және методологиялық негіздері

Менеджмент ғылыми пән ретінде экономикалық ғылымдар жүйесіне жатады, онда үш негізгі топ бөлінеді:
- жалпы теориялық және тарихи тұрғыдан өндірістік қатынастарды зерттейтін жалпы экономикалық ғылымдар (экономикалық теория, экономикалық тарих, экономикалық ғылымдардың тарихы);
- өндірістік қатынастардың жеке жақтарын (функцияларын) және экономиканың макро-, мезо- және микродеңгейлерінде олардың маңызды жақтарын қарастыратын арнайы экономикалық ғылымдар (менеджмент, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек экономикасы және т.б.);
- салалық экономикалық ғылымдар, олар ұлттық экономиканың жеке салалары мен субсалаларында өндірістік қатынастардың ерекшеліктерін, нақты саланың заңдылықтары мен қарқындарын зерттейді (сала экономикасы, кәсіпорынның немесе фирманың экономикасы).
Менеджментті зерттеу объектісіне байланысты экономиканың арнайы да, салалық та ғылымдарына жатқызуға болады.
Жалпы теориялық тұрғыдан менеджмент экономикалық пәндердің жалпы жүйесінде пәннің рөлін жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретін келесі негізгі функцияларды атқарады:
1) ғылыми функция – шаруашылық әрекеттің негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын қалыптастырады;
2) танымдық функция – экономиканы басқару заңдылықтарын ойластыруға, әр-түрлі экономикалық үрдістердің күрделі өзара байланыстарын анықтап алуға көмектеседі;
3) болжамдайтын функция – менеджментте шешімдерді қабылдау үрдістері кезінде экономикалық болжамдар мен ықтималдылық көрсеткіштері, ғылыми-техникалық прогресстің қарқындары мен бағыттары, экономикалық өсудің нұсқалары және т.б. маңызды мәнге ие;
4) тәжірибелік функция – экономикалық үрдістердің заңдылықтарын көрсетеді. Менеджмент экономикалық идеяларды жүзеге асыру жолдарын, экономикада инновациялық технологиялардың жолдарын анықтайды.



  1. Менеджменттің мәні мен қағидалары

Менеджмент – менеджменттің әдістерін, функцияларын, механизмін рационалды пайдаланудың көмегімен нарықтық жағдайларда қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған кәсіптік әрекеттің дербес түрі.
Менеджмент – ол нарық жағдайларында басқару. Ол білдіреді:
- фирманың тұтынушылық сұранысқа бағдарын;
- өндірістің тиімділігін жоғарылатуға ынталану (минималды шығындар мен максималды нәтижемен);
- шаруашылық дербестілікке бағытталу;
- нарықтың жағдайына байланысты мақсаттар мен бағдарламаларды тұрақты түрде түзету;
- әрекет ететін фирманың соңғы нәтижесіне бағытталу.
Менеджменттің ұғымы әртүрлі көз-қарастар тұрғысынан қарастырылады, олардың әрбіреуі басқару ғылымын зерттеу пәнінің жаңа қырларын ашады:
- менеджмент белгілі бір мақсатты жетуге бағытталған адамның әрекетінің түрі ретінде қарастырылады;
- менеджмент үрдіс ретінде анықталады, оның мәні мен мазмұны оның функцияларында көрінеді: жоспарлау, ұйымдастыру, уәж, бақылау;
- менеджмент басқару функциялары жүзеге асырылатын иерархиялық ұйымдастырушылық құрылым ретінде қарастырылады;
- менеджмент басқарумен айналысатын адамдардың категориясы ретінде қарастырылады;
- менеджмент ол ғылым:
- менеджмент ол өнер.
Менеджменттің негізгі мақсаттары болып табылады: кәсіпорынның табыстылығын қамтамасыз ету; кадрлық потенциалды тиімді пайдалану; ішкі және сыртқы нарықтарда жұмыс кезінде тәуекелді тұрақты түрде жеңу.
Менеджменттің міндеттері:
1) тұтынушының мұқтаждықтарын ескеріп, тауарлар мен қызметтерді өндіруді ұйымдастыру;
2) нарықта кәсіпорынның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету;
3) персоналдың жұмысын ынталандыру;
4) жаңа нарықтарды тұрақты түрде іздеу және игеру;
5) кәсіпорынның дамуының стратегиясын құрастыру;
6) оларды қамтамасыз етудің қажетті ресурстары мен көздерін анықтау;
7) кадрлардың квалификациясын жоғарылату;
8) шығармашылық белсенділіктің атмосферасын тудыру.
Менеджменттің түрлері – менеджменттің белгілі бір міндеттерін шешумен байланысты басқарушылық әрекеттің арнайы салалары.
Функционалды ие болуына байланысты менеджмент келесі түрлерге бөлінеді: стратегиялық, инновациялық, персоналды жабдықтау, өндірістік, маркетинг, сапалық, қаржылық, инвестиционды, дағдарысқа қарсы, халықаралық.
Басқаратын ішкі жүйе (субъект) – ұйымдардың әрекет етуінің белгілі бір салаларында шешімдерді қабылдау саласында өкілеттіліктерге ие әр-түрлі деңгейлі басшылар менеджерлер.
Басқарылатын ішкі жүйе (объект) – кез-келген белгіленуге ие өзара байланысқан құрылымдық бөлімшелердің барлық құрамы (цехтер, учаскелер, бөлімдер, секторлар, зертханалар және с.с.)
Басқарушылық еңбек арқылы басқарушылық қатынастарды жүзеге асрытаны басқарудың субъектісі мен объектісі арасында өзара әрекеттесу жүзеге асырылады.
Осындай өзара әрекеттесі тиімді болуы үшін бірқатар шарттарды орындау қажет:
1) басқарудың субъектісі мен объектісі бір біріне сәйкес болуы керек және үйлесуі керек;
2) басқарудың субъектісі мен объектісі кері байланыс принциптеріне негізделген өз арасында екі жақты өзара әрекеттесуді жүзеге асыруы керек;
3) басқарудың субъектісі де объектісі де нақты өзара әрекеттесуге мүдделі болуы керек, бірі – берілген жағдайда қажетті бұйрықтарды беруге, екіншісі – оларды уақытында және нақты орындауға.
Менеджер – кәсіпорынның жұмыс істеуінің нақты саласында басқарушылық әрекетпен кәсіби тұрғыдан айналысатын маман.
Менеджердің функциялары:
- мақсаттарды орнатады, міндеттерді анықтайды;
- қойылған мақсаттарды орындауды ұйымдастырады;
- ынталандыру мен коммуникацияны қолдайды;
- жұмыстың нәтижелерін өлшеуді жүзеге асырады;
- өзін қоса, адамдардың өсуіне ықпал етеді.
Менеджменттің үш иерархиялық деңгейлерін ажыратады: жоғарғы, орташа, төмен.
Менеджментке деген әмбебап мұқтаждық бизнестің барлық түрлерінде және адам әрекетінің әрбір түрінде қажет. күштерін салу объектілерінің айырмашылығына, спецификалық білімдер мен кәсіптік машықтардың болуына қарамастан, барлық менеджерлер олардың функцияларын орындаудың мүмкіндігін анықтайтын ресурстардың бірдей түрлерімен жұмыс жасайды. Оларға кадрлық, қаржылық, шикізаттық ресурстар мен еңбек ресурстарын жатқызуға болады.
Менеджменттің принципі – басқару органдары ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ететін маңызды басқарушылық ережелер, негізгі қалыптар мен әрекет ету нормалары.
Тиімді менеджменттің маңызды принциптерінің қатарына келесі принциптер жатады:
- бүтінділік;
- иерархиялық тәртіптілік;
- дамудың мақсаттық бағыттылығы;
- менеджменттің ғылыми негізділігі мен оптималдылығы;
- орталықтандыру мен деорталықтандырудың оптималды үйлесуі;
- демократизация.
Бірінші принциптер басқарудың әкімшілік басқару мектебінің негізін қалаушысы – Анри Файолмен салынды. Қазіргі уақытта олар толықтырылды, актуалдандырылған:
- жұмыскерлерге адалдық;
- жауапкершілік;
- көлденең мен вертикаль бойынша коммуникация;
- жұмыскерлердің потенциалын ашуға мүмкіндік беретін фирмадағы атмосфера;
- жалпы нәтижелерде әрбір жұмыскердің үлестік қатысуын анықтау;
- сыртқы ортаның өзгерісіне уақытылы реакция;
- жұмысымен қанағаттануын қамтамасыз ететін адамдармен жұмысының әдістері.
Басқару жүйелендірілген ғылыми пәнге және кәсіпке қалыптасқанның алдында көпғасырлық жолдан өтті және тек 20 ғ ғана адамның әрекетінің дербес саласы ретінде танылды. Әрекеттің дербес түрі ретінде басқарудың туындауы мен объективті қажеттілігі еңбектің қоғамдық бөлінуімен, кооперацияның дамуымен және өндірістің ауқымының ұлғаюымен негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет