Дәріс Сөз мәдениетінің теориялық негізі



бет1/5
Дата19.10.2022
өлшемі22,11 Kb.
#44069
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Сөз мәдениеті және оқыту. Дәріс тезистері 2022


Сөз мәдениеті және оқыту
Дәрістер тезисі
Дәріс 1. Сөз мәдениетінің теориялық негізі
Кез келген сөз мәтіндерінен, ауызша және жазбаша сөз формаларының түзілу барысынан айтушының кім екендігі, болмысы, интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік ерекшеліктері танылады.
Сөз мәдениетіне қоғамдық факторлардың ықпалы.
Сөз мәдениеті саласының нысаны– сөз экологиясы, сөз әдебі, тілдік орта, тілдік сана, дингвоэкологиялық тәрбие.
Сөз тану ғылымының негізгі нысаны– адамдық фактор.
Пәнді оқытудың мақсат міндеттері: сөз мәдениетін көтеру, оны өмірлік және кәсіптік тәжірибесінде пайдалану, қазақ тілінің мәдени ұлттық құндылықтарына тәрбиелеу, тілдің стилистикалық мүмкіндіктерін қоғамның әртүрлі аясындағы сөз жанрларында пайдалану, әртүрлі жағдаяттарда сөйлеу тәртібін сақтау, сөз сөйлеудің тәжірибесін және шеберлігін қалыптастыру.
Тілдің жалпы мәселелері, оның әлеуметтік-қызметтік рөл, яғни тіл мен оның иесі болып табылатын халықтың қарым-қатынасы мен қоғамдық өмірдегі қызметтері. Қазақ тілінің ұлттық әдеби тіл болып, оның деңгейінің кеңеюіне, сөйлеу, жазу мәдениетінің, қоғамдық қызметінің барынша артуына, оны жетілдіруге айрықша қызмет етуі.
Тіл қосқырлы: жүйелілігі, яғни құрылымдық жағы және қызмет ететін қозғалмалы, яғни функционалдылығы. Соңғы кездері тілді зерттеуде коммуникативтік функционалды бағыт кең өріс алып, тілдің функционалды жағына, сөйлеуге, мәтінге көңіл бөліне бастады. Жеке тілдік тұлға және тілдің жүйесі коммуникативтік қызмет атқармайды, ол мүмкіндік түрінде ғана қатысады. Тілдік жүйе мен оның қызметінің бірлігі ғана тілдің қатысымдық табиғатын толық түсіндіре алады. Қызмет ету дегенді тілді жалпы қарым- қатынас процесінде пайдалану деп түсіну керек.
Дәріс 2. Сөз сөйлеу процесі. Сөйлеу актілері. Сөз – өте күрделі, көп қырлы, аса мәнді құбылыс. Сөз терминін алғаш функционалды стилистиканың Пермь мектебінің өкілдері ұсынған болатын. Қазақ тіл ғылымында сөз мәдениетіне қатысты ауызшы сөзді дұрыс дыбыстау, жазбаша сөзде орфографиялық нормаларды сақтау, сөз және сөйлемде грамматикалық қателіктерді жібермеу сияқты мәселелер қарастырылған еді. Сөздің қарым-қатынас әрекетіндегі толып жатқан қыр сыры, адамдық факторларға қатысты мәселелері әлі де толық зерттелген жоқ. Сөз және жанрлары тілдік тұлғаның дискурс тәртібі және ойлау қабілеті арқылы анықталады. Жеке тілдік тұлғаның сөз сөйлегендегі прагмастилистикалық бағыты мен мақстаы, стилистикалық бірліктерді таңдау, талғамы әртүрлі болады. Сөздің жай және күрделі формалары болады. Жай сөз күнделікті қарапайым тұрмыста кездеседі. Қоғамның әртүрлі аясындағы ғылыми, мәдени, әлеуметтік сөз түрлері күрделі сөздің қатарына жатады.
Сөз мәселесі адамдық факторларға келіп тірелгенде, когнитивті лингвистика, психолингвистика, сөз экологиясы, рухани экология деген ғылым салалары шықты.
Сөйлеу актісі – сөйлеушінің тыңдаушымен тікелей қатынас жасау барысында сөз әрекетіне қатысуы, айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөйлеу қатынастарының жиынтығы.
Сөйлеу мәнері тілді пайдаланушы жеке тұлғаның өзіне тән белгілі прагмастилистикалық бағдарды негізгі нысанаға алуы, сөз жанрларындағы белгілі бір стильді пайдалануы. Адамдардың сөйлеген сөздерінен оның мінез құлқын, сөйлеу қылықтарын және сөйлеу типтерін ажыратуға болады: мылжың, уайымшыл, сөзге тұйық, сөзге сараң, сөзге өткір, сөзге алғыр т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет