Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында.
Сөйлеу мәдениетіне тән сипаттар
Сөз мәдениеті (орыс. культура речи, ағылш. speech culture) — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталай беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру «Сөз мәдениетіне» жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану «Сөз мәдениетіне» нұқсан келтіреді. «Сөз мәдениеті» сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. «Сөз мәдениеті» теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі «Сөз мәдениетінің» дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері және Абай, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. Байтұрсынұлы, М. Балақаев, Р. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді.
Ауызша әдеби тілде сөйлеу, оның түрлері
Ауызшща сөйлеу екі топқа бөлінеді:Диалог және монолог Қазақ тілі орфографиясындағы соңғы өзгертулер мен толықтырулар
азақ тілі орфографиялық сөздігінің қазіргі қоғамға таныс нұсқаларының бастапқысы – 1988 жылы академик Р. Сыздықтың басшылығымен жарияланған еңбек. Бұдан кейін емле сөздігі 2005, 2007, 2013 жылдары жарық көрді. Емле сөздігінің әр басылымы сайын сөзтізбе құрамы толықтырылып, сұрыпталып, белгілі бір жүйеге түсірілген. Қазақ тіліне қатысты саяси, әлеуметтік, ұлттық сананың оянуы сияқты түрткіжайттар әсер еткендіктен сөздіктердің құрамына қазақ тілінің бар байлығын енгізуге ептеп басымдық берілген. Сондықтан әсіресе соңғы басылымда сөз саны мен тіркестер молая түскен. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына орай қазақ тілінің ғылым мен техника тілі бола алатындығын, терминдік ұғымдарды бере алатындығын, өміршеңдігін дәлелдеу мүддесінде тілдің барлық дерлік әлеуетін қамтуы жағынан олардың өз құндылығы бар. штаб-пәтер, вице-президент, экс-чемпион, веб-интерфейс типтестердің түгелдей дерлік үлгілері жинақталып, емлесі реттелді.
Сөз дәлдігі. Тілдік жүйе, тілдік норма