Дәріс тақырыбы: «Жас спортшыларды іріктеудің заманауи жүйесі» Дәріс жоспары



бет1/4
Дата18.04.2023
өлшемі91,53 Kb.
#83847
  1   2   3   4

Дәріс тақырыбы: «Жас спортшыларды іріктеудің заманауи жүйесі»


Дәріс жоспары:
1. Іріктеу жүйесінің негізгі түсінігі, спорттық-тәсілдік, дене даярлығының бастапқы деңгейі
2. Дене қабілеттерінің дамуы, спорттық дарындылық, спорттық бағдар, жас спортшыларды іріктеу кезеңі.
3. Спорт мектептеріне іріктеу шарты: дәрігерлік-биологиялық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік.
1. Іріктеу жүйесінің негізгі түсінігі, спорттық-тәсілдік, дене даярлығының бастапқы деңгейі
Спорт түрлері, олардың топталуы қазіргі кезде олардың топталуының 7 түрлі нұсқасы бар:
1. Бəсекелесу түріне, сипатына байланысты спорт түрлері бес топқа бөлінеді:
- спортшының дене қуаты қасиеті деңгейінің анықталуына байланысты топталатын спорт түрлері;
- техника құралдарын басқару арқылы қозғалу спорт түрлері;
- спорттық қарумен нысана ату спорт түрлері;
- спортшының əр түрлі заттардан қозғалатын құралдар (модельді) құрастыру қызметіне байланысты спорт түрлері;
- логика, ақыл-ой мүмкіншіліктерін қолдана отырып бәсекелесетін спорт түрлері.
2. Жеңімпазды анықтау ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері екі топқа бөлінеді:
- спортшылардың бəсекесін құралдармен өлшеп, анықтайтын спорт түрлері; - спортшылардың бəсекесін көру,бақылау арқылы анықтайтын спорт түрлері.
3. Қозғалыс құрылысы ерекшеліктеріне байланысты спорт түрлері үш топқа бөлінеді:
- циклді спорт түрлері; Оған жататындар: жүгіру түрлері, суда жүзу, шаңғы, ескек есу т.с.с; 
- ациклді спорт түрлері; Оған жататындар: күрес, ауыр атлетика, секіру түрлері, бокс т.с.с.; 
- аралас спорт түрлері. Оған барлық спорт ойындары жатады. 
4. Қозғалыс əрекетінің күрделілігіне байланысты спорт турлері екі топқа бөлінеді:
  • қарапайым спорт түрлері;

  • Олар: туризм, жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері, т.б.; 
  • күрделі қозғалыс спорт түрлері. 

  • Олар: спорт ойындары, гимнастика т.б. .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет