Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Темпераменттiң физиологиялық негiзi



бет59/110
Дата31.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#21882
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   110
Темпераменттiң физиологиялық негiзi. Жүйке жүйесiнiң қасиетi темперамент негiзi ретiнде. И.П.Павлов iлiмi. Жүйке процестерiндегi қозу және тежелу күшi, тепе-теңдiгi мен қозғалғыштығы.

Темпераментке психологиялық сипаттама және тұлға iс-әрекетiнiң ерекшелiктерi. Темперамент түрлерiне психологиялық сипаттама. Адам iс-әрекетi мен темперамент арақатынасы ерекшелiктерi.
Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.

Қазiргi уақытта темпераменттi зерттеуге байланысты көптеген бағыттар бар. Бiрақ, зерттеу бағыттары әр түрлi болса да, көптеген зерттеушiлер темпераменттi биологиялық негiз деп атайды.

Б.М.Теплов темпераментке келесiдей анықтама бередi: ''Темперамент дегенiмiз бiр жағынан эмоционалды қозуға, яғни сезiмнiң туу шапшаңдығына, екiншi жағынан олардың күшiне байланысты болатын белгiлi бiр адамға тән психикалық ерекшелiктердiң жиынтығы'' (Теплов Б.М., 1985). Сонымен темпераменттiң екi компонентi бар-белсендiлiк және эмоционалдылық. Мiнез-құлық белсендiлiгiжiгерлiлiк, екпiндiлiк, шапшаңдықнемесе, керiсiнше, баяулылық және инерттiлiкпен сипатталады. Ал, эмоционалдылық белгi (жағымды немесе жағымсыз) және модалдылықты (қуаныш, қайғы, қорқыныш, ашу және т.б.) анықтай келе, эмоционалды процестердiң жүруiн сипаттайды.

Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын, күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ әлсiз сезiм, меланхолик типiне ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, әлсiз сезiмдер тән.

Бiрақта барлық адамдарды темпераменттiң негiзгi төрт түрi бойынша бөлемiз деп ойлау қате болды. Тек кейбiр адамдар ғана темперамент түрлерiнiң таза өкiлдерi бола алады; ал көптеген адамдарда бiр темперамент қырларыбасқа темперамент қырларымен қоса жүретiнiн байқауымызға болады. Бiр адамның бойынан әр түрлi жағдайларда, iс-әрекеттiң әр түрлi аймағына деген қатынаста темпераменттiң әр түрiн байқауымызға болады.

Ерекше мән берiп айта кететiн жайт, темперамент адам қабiлетi мен дарындылығын анықтамайды. Барлық темперамент кезiнде де үлкен қабiлеттiлiктi кездестiруiмiзге болады.

Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының да жағымды және жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.

Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тәндара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.

Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесеиндивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны жеке адамнан бөлiп қарастыруға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет