Дәріс тақырыбы: «Көліктегі ақпараттық нысандарды(стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау(кодылау)»
4 – дәріс: Дәріс тақырыбы: «Көліктегі ақпараттық нысандарды(стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау(кодылау)» (4 - апта:1 сағ)
Дәрістің мақсаты:Теміржол көлігіндегі ақпараттық нысандарды(стансалар, вагондар, поездар мен жүктер) идентификациялау(кодылау) әдістепін оқып үйрену, танысу
Дәріс жоспары: 1. Пойыз парағының телеграммасы (ППТГ)негізгі ұғымы
2. Қызметтік фразалар
3. Ақпараттық фразалар
4. Информацияларды кодтау
5. Әртүрлі мысалдар
Шұғыл басқарудың міндеттерін автоматизациялаудың ең маңызды және қиын кезеңіне алгоритмдерді жасау болып табылады. Алгоритм дегеніміз – бірінші мағлұматтардан ізденістегі нәтижеге дейін (алып келетін) анықтайтын үрдіс барысының нақты жазылуы. Алгоритмдер есептеу процедуларды толық және ретімен жазылғаннан тұратын нұсқаулар түрінде, немесе математикалық формулалар түрінде берілуі мүмкін.
Ақпаратты өңдеу жағынан ретімен жасалынатын операциялардың орындалу реттігін көрікті көрсету үшін алгоритмдардың сүлбелері жасалынады.
Алгоритмнің сүлбесі бірнеше бағытталған сызықтармен қосылған геометрикалық мүсіндер, олар символдар деп аталады және тиісті процедуралар орындалады.
ТШБАЖда ең көп берілетін хабардың форматы – пойыз парағының телеграммасы (ППТГ) (02-хабары) 4.1 кестесінде келтірілген. Кестеде нөлдермен көрсететілген шкала әр графада белгілердің саның анықтайды. Графа дегеңіміз – біртұтас ретімен қарастырылатын символдардың жиынтығы. Хабардың құрылысын құрастыру ережелерге мыналар жатады:
- ақпараттың символдар жиынтығы хабарды құрайды, олар хабардың басымен (: және соңымен - :) шектелген;
- хабарда бір маңызды фраза болады, онда бірінші сөз хабардың нөмірі болып табылады;
- фраза (бөлік) дегеніміз – жалпы мағынамен біріктірілген, шамалы аяқталған ақпараттың бөлшегі (құжаттың жолы);
- хабар бір немесе бірнеше ақпараттық фразалардан тұрады, олар бірінші фразадан төмен реті бойынша орналасады;
- белгілі реттік тізім үшін бірінші және ақпараттық фразалардың құрылысын анықтайды;
- фразаларды бөлуші ВК ПС (возврат каретки, перевод строки) болып табылады;
- сөздерді бөлетін “Пробел” (бос орын) коды болады;
- бөлек, белгілі графалардан басқасы барлық ақпарат цифрлық регистрмен беріледі;
- белгілі сөздерден кейін ақпараттық фразада бірнеше графаларды толтыруды қажет етпейтін қызметтік символ қолданылуы мүмкін;
Кесте 4.1- 02 хабарды-пойыз парағының телеграммасы (қысқартылып берілген)