Дәріс Тезис Баяндаманың, мақаланың немесе басқа да көлемді материалдың тезисі



Дата02.12.2023
өлшемі17,43 Kb.
#132056
Байланысты:
Тезис. Дәріс.


Дәріс -
Тезис

Баяндаманың, мақаланың немесе басқа да көлемді материалдың тезисі дегеніміз - логикалық жағынан бір-бірімен байланысты жекелеген ережелердің жиынтығы.


Кез келген тезисті жазудың негізгі мақсаты - қолдағы бар материалды жинақтап қорыту, оның негізгі ойын қысқаша беру, көлемі жағынан үлкен баяндаманың немесе мақаланың мазмұнын ашу; мәселеге терең бойлап, оған талдау жасау және басқалардың ойына өз ойын қарсы қоя білу не өзгенің ойын толықтыра білу.
Басқа ғылыми мәтіндерден тезистің айырмашылығы оның көлемінің аздығында (1-2 бет), соған қарамастан, тезисте баяндаманың (мақаланың) барлық негізгі идеясы берілуі керек. Оқырман сапалы жазылған тезистен тұтас жұмыс туралы мәлімет алады және толық көлемдегі материалмен танысудың қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.
Сәтсіз жазылған тезистер оқырманды қызықты жазылған ғылыми жұмысты оқудан бас тартқызуы мүмкін. Керісінше, сәтті құрылған тезис мәтіні ғылыми материалға да, баяндамашыға да назар аудартады. Қазіргі уақытта халықаралық конференцияның ұйымдастырушы комитеті баяндама тезисін қарастыру нәтижесінде тиісті баяндаманы конференция бағдарламасына қосу туралы ғана шешім қабылдамайды, сонымен бірге баяндаманың маңызы жоғары болуына орай автордың конференцияға қатысу ақысын (толық немесе жартылай) төлеп те беретін жағдайлар кездеседі.
Тезистің түрлері
1. Басқа автордың жарияланымы бойынша құрылған тезис.
2. Автордың өз материалының негізінде жазылған тезис.
Бірінші жағдайда тезис авторы материалмен алдын ала таныс болмайды, сондықтан оны мұқият оқуы керек. Оқи отырып, мәтінді бірнеше бөлікке бөледі. Әрі қарай мәтіннің бөлінген бөліктерінен негізгі ойды тауып, оны көшіреді немесе сол мәтінде белгілеп қояды. Содан кейін бөлінген бөліктер бойынша жекелеген тұжырымдар жасайды. Міне, осылар тезис болады.
Екінші түріне баяндама, мақала, таныстырылым сияқты ғылыми жұмыстардың тезистері жатады. Бұл жағдайда автор мәтінде қозғалып отырған мәселені жақсы біледі, сол себепті осы мәселені жазбаша түрде қысқа әрі нұсқа беру автордың міндеті болып табылады. Соңғы типтегі тезисті жазу әрдайым оңай бола бермейді. Тезис жазып отырып, жаңа идеялардың келуі де мүмкін. Авторға өз жұмысының мәнін басқаша түсіндіру керек болады. Осы міндеттерді жеңілдету үшін төмендегі нұсқаулықты беріп отырмыз.


Ғылыми жұмыстардың тезистерін жіктеу
Мұндай тезистер негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Қолда бар материал (көлемді мақала немесе баяндама) бойынша жазылған тезистер;
2. Баяндама мәтіні құрастырылғанға дейін жазылған тезис.
Бірінші жағдайда басылған мәтіннің мазмұнын барынша сақтай отырып, оның көлемін айтарлықтай дәрежеде азайту тезис жазу кезінде негізгі қиындық болып табылады. Автор материалды қаншалықты нашар меңгерген болса, соншалықты дәрежеде ойды қысқа беру күрделі болады. Бұл жағдайда жоғарыда айтылып кеткендей, басқа автордың материалы бойынша тезис құрастыру ережесі кемектеседі.
Алдымен тезис жазып, уақыт ете келе, автор сол тезисті келемді мақалаға немесе баяндамаға айналдыратын жағдайлар жиі кездеседі. Мұндай жағдайдағы негізгі қиындық автордың не жазғысы келгендігін аяғына дейін байыптай алмайтындығында. Ғылыми зерттеулерде бұл қалыпты құбылыс болып табылады. Басында не жазғысы келетіндігі туралы ой келеді. Әрі қарай автор бұл ойды жетілдіріп, тезис жазуға отырады. Оқырманға тезисте айтылатын идеяны түсінікті жеткізу үшін оны қажетті дәйектермен толықтыру керек. Бастапқы сипаттау қысқа әрі нұсқа болады. Барлық мәтін 1-2 бетке басылады, осылайша тезис дайын болады.
Тезис жазудың негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:
Мәселені қоя білу;
Зерттеу нәтижелері;
Жұмыстың жаңа әдістемесі.
Осы аталған типтер арқылы жұмыстың құрылымына қатаң талаптар қойылады.
Тезистердің типтік құрылымы
«Мәселені қоя білу» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:
- қысқаша кіріспе (тақырыптың езектілігі);
- жұмыстың мақсаты (мәселе/міндет қою);
- мәселеге қатысты бұрын айтылған пікірлерге шолу жасау;
- осы тақырыпқа қатысты кейбір жеке ойларын беру;
- тұжырым (алдағы жұмыстарда қандай міндет немесе мөселе
қойылады).
«Зерттеу нәтижелері» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:
- қысқаша кіріспе, мәселені қою («мәселені қоя білу» тезисіндегі
сияқты, тек қысқа жазылады);
- жұмыстың мақсаты (нақты бір нәрсені зерттеу);
- зерттеудің негізгі ережелері немесе жорамал (экспериментальды зерттеу жағдайында);
- қолданылған әдістер;
- аралық нәтижелер (қажет болған кезде);
- негізгі нәтижелер;
- түсіндіру (интерпретация) + тұжырымдар.
«Жұмыстың жаңа әдістемесі» типіндегі тезисті жазу кезінде мынадай мәліметтерді беру қажет:
- әзірленген әдістің қажеттілігін шешуге арналған міндеттерді сипаттайтын қысқаша кіріспе, әдіс қолданылатын сала (өзектілігі);
- жумыстың мақсаты (қажетті әдісті әзірлеу);
- қолданыстағы әдістерді сипаттау;
- жаңа әдістерді сипаттау;
- қолданылған әдістердің нәтижелерін сипаттау;
- жаңа әдістің артықшылықтары мен кемшіліктеріне баға беру;
- тұжырымдар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет