Дәріс тезистері



бет1/12
Дата14.03.2023
өлшемі80,79 Kb.
#73957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Краткое содержание лекции 2


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Дәріс жоспары:

  1. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

  2. Андронов мәдениеті.

  3. Сақтар.

Дәрістің қысқаша мазмұны: 1.Тас дәуірін ауыстырған қола дәуірінің тұсында діннің бүгінгі бітім-бейнесін қалыптастырып үлгерген Еуразияның ұлы даласын мекендеген адамдар қолға мал ұстап, жерге дән сеуіп, бірлесіп аң, балық аулау, сөйтіп, топтасып өмір сүру салтын игерді. Еңбек құралдарына ортақ меншік қалыптасты. Қола дәуіріндегі, Еуроазияның ұлы даласын мекендеген тегі мен тағдыры ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, бір стильдегі, бірыңғай мәдениет қалыптастырды. Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы, Орал өңірінің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кешенді малшылық-егіншілік шаруашылық қалыптасады. Ал б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал шаруашылығы жедел дамыды. Осы уақыттан бастап далалық Еуразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында — I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр-қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.
2.Мұралар Ачинск маңындағы Андроново селосының қасынан табылғандықтан, ол мұралар «Андрон мәдениеті» деген атпен жұртқа белгілі болды. Қола дәуірінің алғашкы кезеңін (біздің з.д. XVIIIғ.) және орта кезеңін (біздің з.д. Х-ХV ғ.) түгел қамтыған Андрон мәдениетінің иелері алғашқы қауым адамдарына қарағанда өздерінің өмір тәжірибесінің, сана-сезімінің анағұрлым өскендігімен ерекшеленеді. Отырықшылық дағдысын игеріп, қасынан әртүрлі шаруашылық жайлар мен мал ұстайтын орындар салынған жертөлелерде тұрған олар малшылық, егінші-диқаншылық кәсіппен айналысты. Олар сонымен бірге металдан еңбек құралдарын, қару-жарақты, сәндік бұйымдарын жасай білді. Тесігі бар, түп жағы шығыңқы балта, сағанасында ойығы бар пышақ, балға, шот, егін орағы, пішен шабатын шалғы сияқты кұралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Мүсін тастардың үлгісі әр дәуірде әртүрлі болған. Олардың жасалуын өздерінің үлгілеріне, ерекшеліктеріне қарап Әлкей Марғұлан үш кезеңге бөлген. Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай-Беғазы мәдениеті болды. Ол Андрон дәстүрлерін сақтай отырып, оны жаңа мән-мағына, мазмұн түрлермен байытты. Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың солтүстік маңындағы Беғазы қойнауынан қазба жұмыстарының барысында табылған бұл мәдениетке жататын мұралар орталық Қазақстанның көп жерлерінде кездеседі. Олар Андрон мәдениетінің біраз жетілдірілгенін сипаттайды. 3. Ежелгі тұрғындардың кең-байтақ жерлерді игеруі, Еуропа мен Азия далаларын мекендеген тайпаларда шарушылықтың жаңа түрінің экстенсивті (төмен) мал шаруашылығының қалыптасу заманы б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың алғашқы кезеңіне жатады. Сол заманның басында-ақ Қазақстан далаларында, шөлейт және таулы аудандарында жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың негізгі, ал кейіннен үстем формасына айналды. Бұл жағдай тайпаларды көшіп-қонып жүріп тұрмыс етуге бейімдейді; Тянь-Шаньның, Памирдің,  Алтайдың баурайындағы тайпалар бұрын аз мекендеген аудандарды интенсивті түрде игеруге мүмкіндік алды. Көшпелі мал шаруашылығына ауысу далалар мен шөл далаларды мекендеген тайпалардың өміріндегі ірі экономикалық дамудың және қауымдық қоғамның өндіргіш күштерінің ілгері басқан қадамы болды. Шаруашылыққа мамандану бірте-бірте қалыптасып, мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімді арттыруға кең мүмкіндік ашты. Артық өнімді қорландырып жинауға және оны иемденуге мүмкіндік туды. Мал және мал шаруашылығы өнімдері тез арада айырбас құнға ие болып, малшылар мен егіншілер арасында айырбастың дамуы үшін жағдайлар жасалды. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың басында әсіресе жылқы шаруашылығы жедел дамыды. Қырды мекендеген адамдардың атты салт мінуге пайдалануы, атты жауынгердің пайда болуы жеке аудандардың мәдени-шаруашылық томаға-тұйықтығы бұзылып, көрші және алыс тайпалармен, халықтармен экономикалық және мәдени байланыс жасалуын қамтамасыз етті. Орта Азия мен Қазақстанның осы салт атты малшылары ежелгі парсы сына жазуында сақтар деген жалпы атаумен аталған. Сақтардың ұзақ жылдар дамып қалыптасқан биік мәдениеті болған. Жазуы қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген руй (руна) жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі. Осы жазумен жазылып қалған көптеген деректер қазба жұмыстарының барысында мол табылған. Сақтардың жалпы адамзаттық мәдениеттің асыл нұсқасы деп бағаланып жүрген даналық өрнектерінен (скифский зверинный стиль) бүгінгіге жеткен мұра көп. Олар Алтайдағы Пазырық қорғанынан, Алматы түбіндегі Есік қорғанынан табылған. Сақтардың діні тәңірлік дін. Олар Көк тәңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды тіршілік мұраты деп білген. Сақтардың қалыптасқан наным сенімі і болған.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар:
1.Қазақстан территориясынан табылған ежелгі адамның іздері қай дәуірге
жатады? 
2.Ежелгі адамның тұрақтары Қазақстанның қай бөлігінен табылды. 
3.Андроновтықтар мәдениетінің ерекшеліктерін атаңдар. 
4. Бегазы-Дандыбай мәдениетін сипаттайтын ескерткіштерді атаңдар.



1

№ 2
дәріс

Ежелгі діни түсініктердің орын алуы: шаманизм, фольклор, әуендік және би өнері.
Дәріс жоспары:
1.Тәңірлік діні.
2.Шаманизм.
3.Фольклор.
1.Тәңірлік дін туралы тікелей деректер түркі заманынан белгілі. Көне түріктер "Бір Тәңірі" деп көк аспанға табынған. Тәңір көне түріктердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды таратушы, соларды жарылқаушы, жазалаушы бір ғарыштық (аспандық) күш. Бұл жағынан алғанда, Тәңір кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің, оның ішінде қазақтардың Алла ұғымындағы Тәңір сөзін жиі қолдануы олар туралы түсініктердің ұқсастығынан деп түсіну керек. Жалпы, Тәңір діні де Азиядағы ең көне бір құдайлық дін. Көне түріктер Тәңірмен қатар Жер, Суға да мінәжат еткен. Бұл олардың тіршілік көзі болуымен байланысты болса керек. Адамның да, малдың да, өсімдіктің де өнуі, өмір сүруі жерге, суға тікелей байланысты. Қазақтың арғы бабалары Күнге, Айға да табынған. Оның сілемдерін қазақтың салт-дәстүр ғұрыптарынан, дүниетанымынан көптеп кездестіруге болады.
2.Шаманизм (Тотем). Тәңірлік діннің арғы тегінде шаманизм жатыр. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы бойынша, дүние түгелімен рухтардан тұрады. Жанды, жансыз дүниенің де рухтары бар. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің тотемизм, фетишизм, анимизм, магия түрлері бар. Тотемизм дегеніміз адамдардың өздерін белгілібір хайуанаттан таралдық деп түсініп, соларға мінәжат етуі. Көне түркілердің, ежелгі қазақтардың тотемі қасқыр болған. Қырғыздардың бір бөлігі өздерін бұғыдан жаралдық деп есептейді. Фетишизм — белгілі бір заттың адам өміріне оң ықпалына сену. Қазақ балаға, оның бесігіне, жүйрік атқа, жас ботаға үкі немесе тұмар тағып қояды. Бұлардың бәрі фетишизм сенімі. Анимизм — бүкіл табиғатты жанмен, рухпен байланыстыру. Магия — жанды, жансыз табиғатқа тылсым күш арқылы әсер ету әрекеті. Қазақ бақсы-балгерлерінің әрекеті осы магияға негізделген.
3. Фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес.Тоғыз бөлімнен тұратын томның бірінші бөлімі қазақ фольклорының зерттелуіне арналса, содан кейінгі екінші бөлімді пайда болу мерзімі жағынан ең көне деп есептелетін ғұрыптық фольклор мен ескі діни нанымдарға, сондай-ақ шаруашылыққа байланысты туған жанрлар құрайды: салт өлеңдері; мал, шаруашылық туралы өлеңдер; дін салт өлеңдері; наурыз; бақсы сарыны; бәдік, арбау, жалбарыну; жарапазан және жарапазанның батасы; үйлену салт өлеңдері: әдет, салт; тойбастар; жар-жар, сыңсу-жұбату; беташар; мұң, шер өлеңдері: қоштасу, естірту, көңіл айту; жоқтау. Осыдан әрі қарайғы бөлімдер: ертегілер; батырлық жыры; ғашықтық жырлары; айтыс өлеңдері; шешендік сөздер; тарихи өлеңдер; қазақ совет фольклоры деп берілген. Қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихы, фольклордың мәні мен мағынасы, оның теориялық мәселелері өте зор. Фольклор, оның теориялық негіздері мен жанрлық табиғатының молдығы, көптеген қиын жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналды. 
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар:
1.Тәңірлік діннің арғы тегі.
2. Шаманизмді құраушы діни сенімдердің түрлері.
3.Ең көне фольклор.



1

№ 3
дәріс

Сақ аң стилінің көркемдік ерешеліктері.
Дәріс жоспары:
1. Сақ өнері.
2. Алғашқы суретшілер.
3. Зерттеуші ғалымдар.
Дәрістің қысқаша мазмұны: «Аң стилі» табиғат пен адамның түбегейлі жарасымын дәріптейді. Әр құрамы, жұрнақ бөлшегі өзара сабақтаса, ұштаса келіп, тұтас бір тіршілік көрінісін бейнелейтін мөлдір айқындық, байсалды бап бірден көзге түседі. Табиғат барынша асқақ, әдемі, сақ қаһармандары жайлаған кәдімгі салтанат ордасы тәрізді. Әсерлі жер бедері суретші сенімін жоғарғы күштермен рухтаған. Сызықтар сұлбасы мұнда «көре білудің өзі ақыл-ой әрекеті» деп түсінетін «аң стилі» туындысының бүкіл құрылысын, құрамын бір ырғаққа келтіріп, өзара сабақтастырып, ұштастырып жатыр. Сақ өнері сонау замандардан бері зерттелгенімен, оның аса бай құндылықтарын еліміз егемендік алғаннан кейін ғана аңғарғандаймыз. Сонда да сақ дәуіріндегі өнердің негіздерін айқындау барысындағы басты еңбектерді алғанда, Кеңес дәуірінен ол туралы мағлұматтарды және теориялық талдауларды Ә. Марғұлан, К.А. Ақышев, Ә.К. Ақышев, Е.Д. Тұрсынов, А. Аманжолов, Ә. Хасенов сынды ғалымдардың еңбектерінен кездестіре аламыз. «Аң стилі» мәселесін шетелдік зерттеушілер де қарастырған: қытайлық тарихшы Су Бихай «Қазақ мәдениеті тарихы» атты монографиясында осы феномен туралы нақтылы деректер келтірген, Түрік Республикасының ғалымдары Баһаеддин Өгел, Емел Есин, Яшар Чорухлы, Ахмет Ташағыл ж.т.б. «Аң стиліне» тарихи және өнертанушылық сипаттама береді. Ежелгі түркілердің «Аң стилі» өнердің әлемді бейнелеудегі екі тәсілін: шындыққа негізделген және шартты түрлерін қатар дамытты. Бізге жеткен ежелгі сақтардың көркем бейнелерінде екеуі де кездеседі. Алғашқы суретшілер шынайы өмірді тамаша бейнеленген, олар жануарлар анатомиясын жақсы біліп, қозғалыстарын анық көрсете алды. Ою-өрнек тәрізді шартты бейнелерде жалпылықтың типтік даралығына мүмкіндігінше көбірек көңіл бөлінді, табиғатқа сәйкес қарапайым ұқсастық шеңберінен шығуға талаптанды, бұл абстрактылы ойлау қабілеттілігін жетілдіруге себепші болды. Қазіргі Қазақстанның әмбебап жаһандану үрдістеріне енуі барысында «Аң стилі» сияқты мәдени архетиптер ұлттық өнердің өзіндік қолтаңбасын сақтап, оны жаңа заман талаптарына үйлесімді өрістетуге мүмкіндік береді.
Осы дәріске (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және) сұрақтар
1. Сақ өнері және оны зерттеушілер.
2. «Аң стилі» өнердің әлемді бейнелеудегі тәсілдері.
3. «Аң стилі» қазіргі кезеңде.

1

№ 4
дәріс

Дін, күнтізбе, тіл және жазу. Дәріс жоспары:
1.Діннің пайда болуы.
2. Ислам дінінің енуі.
3.Дін және ғылымның айырмашылығы
1.“Дін – адам пайымының бүкіл əлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға жəне өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия жəне ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды əлеуметтік, мəдени институт; ерекше қоғамдық сана жəне əлеуметтік құбылыс”. Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Адамзаттың бітімі, менталитеті, ой-санасы өте төмен кезде жан бағудан өзгені ойлауы мүмкін емес еді. Мұндайда дін де болмайды. Діннің туылуы - адамзат ой-қиял тарихындағы елеулі серпіліс. Адамзат қоғамында тас дəуірінің бір сатысына жеткенде діндік сенім туыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет