ДӘрістер кешені қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі. Қылмысты саралаудың түсінігі, кезеңдері


-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8215
1   2   3   4   5   6   7   8   9

301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату 

Аталған қылмыстың қоғамға қауіптілігі – поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату темір 

жол көлігінің қауіпсіз жұмыс істеуіне қатер төндіріп, поездардың жүру графигінің бұзылуына, вагондардың, 

локомотивтердің, т.б. қозғалғыш бөліктерінің уақытынан бұрын тозуына әкеп соқтыратындығында.  

Қылмыстың объективті жағы – қоғамға қауіпті әрекеттен, орын алған зиянды зардаптардан және бұл 

әрекеттер мен аталған зардаптардың арасындағы себепті байланыстан тұрады.  

Осы нақты жағдайда қажеттіліктен туындамаған, темір жол жұмысшысының (машинистің, поезд бас-

тығының, жолсеріктің) тиісті рұқсатынсыз поезды төтенше түрде тоқтатуды өз бетімен тоқтату деп түсіну 

керек.  

Заңда бұл қылмысты жасаудың неғұрлым мүмкін болатын әдістері қарастырылған, соның ішінде, ең 

кең  тарағаны  поезды  тоқтату-краны  (стоп-кран)  арқылы  тоқтату  болып  табылады.  Поездарды  ауа 

қысымымен тежегіш магистральді ажыратып жіберу арқылы тоқтату, іс жүзінде, өте сирек кездеседі.  

Қылмыстың  құрамы  –  материалды  үлгіде  қарастырылған  және  жауаптылық  адам  өлімі  немесе  өзге 

ауыр зардаптар орын алған жағдайда ғана көзделеді.  

Бұл  қылмыстың  субъективті  жағы  –  кінәнің  аралас  түрімен,  жасалушы  әрекет  пен  орын  алған 

зардаптарға деген көзқарасы арқылы сипатталады. Жоғарыда аталған зардаптарға қатысты ниет болған бол-

ған жағдайда айыптының жауаптылығы тиісінше жағдайларда жеке адамға немесе жеке меншікке қарсы жа-

салған  қылмыстар  туралы  баптар  бойынша,  ал  бірқатар  жағдайларда  ҚР  ҚК  299-бабы  бойынша 

қарастырылуы тиіс.  


 

34 


Көлік  жұмысшысы  болып  табылмайтын,  16  жасқа  толған,  ақал-есі  дұрыс  кез  келген  жеке  тұлға  –

қылмыстың субъектісі бола алады.  



303-бап.  Магистральдық  труба  құбырларын  салу,  пайдалану  немесе  жөндеу  кезінде  қауіпсіздік 

ережелерін бұзу 

Талдауға  алған  қылмыстың  объективті  жағы  магистральдық  құбырларды  салу,  пайдалану  немесе 

жөндеу  кезінде  қауіпсіздік  ережелерін  бұзудан;  заңда  көрсетілген  қоғамға  қауіпті  зардаптардың  орын 

алуынан; аталған әрекет пен зиянды зардаптар арасындағы себепті байланыстан тұрады.  

ҚР  ҚК  303-бабының  бланкетті  диспозициясы  аталған  қылмыстың  белгілерін  анықтау  үшін 

магистральдық  құбырларды  салу,  пайдалану  немесе  жөндеу  кезіндегі  қауіпсіздіктің  арнайы  ережелеріне 

сілтеме  жасайды.  Айыпты  көрсетілген ережелердің дәл қай баптарын, тармақтарын сақтамағандығын атап 

өту керек. 

Бұл  қылмыстың  құрамы  –  материалды  үлгіде  қарастырылған,  сондықтан  тұлғаны  қылмыстық 

жауаптылыққа тарту үшін қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуы қажет.  

Қарастырылушы  қылмыстың  субъективті  жағы  кінәнің  абайсыз  түрінің  болуымен  сипатталады. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс кез келген жеке тұлға.  

ҚК-тің 303-бабының 2 және 3-бөлімдерінде көзделген бағалаушы белгілер ҚК 296-бабының 2 және 3-

бөлімдерінде көзделген бағалаушы белгілермен бірдей.  



304-бап. Труба құбырларын зақымдау немесе қирату 

Құбырларды  пайдалану  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  аясындағы  қоғамдық  қатынастар  – 

қарастырылушы қылмыстың объектісі болып табылады. Қосымша объектісі– жәбірленушілердің өмірі мен 

денсаулығы.  

ҚК-тің 304-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстың объективті жағы – құбырлардың адам денсау-

лығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге нақты қатер төндірген зақымдауынан немесе қиратылуынан 

тұрады.  

Бұл қылмыстың құрамы – формальды үлгімен құрастырылған және ол нәтижесінде заңда көрсетілген 

зиянды  зардаптардың  орын  алуына  нақты  қатер  төндірген  құбырларды  зақымдау  немесе  қиратудан 

әрекеттерді жасау сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі.  

Талдап отырған іс-әрекеттің субъективті жағы –кінәнің абайсыз түрімен қылмысты менмендік немесе 

қылмыстық  немқұрайдылық  арқылы  білінеді.  Қарастырылушы  қылмыстың  субъектісі  ретінде  –  16  жасқа 

толған кез келген тұлғалар танылуы мүмкін.  

Талдап  отырған  баптың  2  және  3-бөлімдеріне  сәйкес,  абайсызда  адамдардың  ауыр  немесе  орташа 

ауырлықтағы  зиян  не  ірі  залал  келтіруге  әкеп  соққан  немесе  бір  немесе  бірнеше  адамның  өліміне  әкеп 

соққан нақ сол әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық орын алады. 

Бұл  қылмыстың  құрамы  –  материалды  және  ол  жоғарыда  аталған  зардаптардың  орын  алу  сәтінен 

бастап аяқталған деп есептеледі.  

ҚК-тің 304-бабының 2 және 3-бөлімдері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін әрекет пен 

орын алған зардаптардың арасындағы себепті байланысты міндетті түрде анықтау талап етіледі.  



305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі 

Қылмыстың  объектісі  –  теңізде  немесе  өзге  де  су  жолында  апатқа  ұшыраған  адамдардың  өмірінің 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберіндегі қоғамдық қатынастар, немесе су көлігі қозғалысы мен оны пайда-

лану қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберіндегі қоғамдық қатынастар.  

ҚК 305-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстың объективті жағы – теңізде не өзге де су жолында 

апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзінің кемесіне, оның экипажы мен 

жолаушылары үшін елеулі қауіп келтірмейтін болғанда көмек көрсетпеуі түріндегі әрекетсіздіктен тұрады. 

Қылмыстың құрамы – формальды. Қылмыстың субъективті жағы – тікелей ниет түріндегі кінәнің қасақана 

нысанынан тұрады.  

Қылмыстың субъектісі – кеме капитаны мен оның міндеттерін атқарушы тұлға болып табылады.  

ҚК  305-бабының  2-бөлімі  бойынша  жауаптылық  соқтығысқа  айыптылықтан  тәуелсіз  орын  алады. 

Кеме  капитанының  үшінші  бір  кемемен  соқтығысудан  не  өзге  себептермен  зардап  шеккен  басқа  кемеге 

көмек көрсетпеуі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды.  

Қарастырылушы  іс-әрекеттің  құрамы  –  материалды  және  тұлғаны  жауаптылыққа  тарту  үшін  заңда 

көрсетілген  талаптардың  орын  алуы  және  іс-әрекет  пен  зардаптардың  арасында  себепті  байланыс  болуы 

керек.  


ҚК  305-бабының  2-бөлімінің  субъективті  жағы–  кінәнің  қылмысты  менмендік  немесе  қылмысты 

немқұрайдылық түріндегі абайсыз нысанының болуымен байланысты.  



 

Тақырып  .  Мемлекеттік  қызмет  және  мемлекеттік  басқару  мүдделеріне  қарсы  сыбайлас-

жемқорлық және өзге қылмыстар 

1. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-б.). 

2.  Билікті  немесе  қызметтік  өкілеттікті  асыра  пайдалану  (308-б.).  Берілген  қылмыстың  қызмет  өкілеттігін 

теріс пайдаланудан айырмашылығы. 

3. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (310-б.).  

4. Пара алу (311-б.). 



 

35 


5. Пара беру (312-б.). 

Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Аталған қылмыстың объектісі – мемлекеттік аппараттың заңды 

тұрғыдағы қалыпты қызмет атқаруы болып саналады.  

Қызмет  өкілеттігін  теріс  пайдалануда,  қылмыстың  объективтік  жағының  міндетті  белгісі  болып, 

лауазымды адамның қызмет мүдделерінің елеулі түрде бұзылуы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.  

Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамға немесе мемлекеттің 

заңмен  қорғалатын  мүдделерін  елеулі  түрде  бұзуға  әкеп  соқтыруы,  ең  алдымен,  құқықпен  қорғалатын 

объектілерге елеулі түрде материалды зардап келтіреді.  

Материалды зардап – мүліктік, жеке адамға қарсы, топтасқан болып бөлінеді.  

ҚК 307-бабын қолдануға, аталған қылмыс құрамының субъективтік жағын анықтау міндетті болып табыла-

ды. ҚК 307-бабы бойынша қылмыстың субъективтік жағы кінәлінің қасақаналық нысанымен айқындалады. 

Қарастырып  отырған  баптың  1-бөлігіне  сәйкес  субъект  –  мемлекеттік  функцияларды  орындауға  мінддетті 

тұлға,  сол  сияқты  оған  теңестірілген  тұлғалар.  2-бөлігінде  субъект  –  лауазымды  адамдар,  ал  3-бөлігінде  – 

жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын тұлға.  

Мемлекеттік  қызметшінің  анықтамасы  23  шілде  1999  жылғы,  Қазақстан  Республикасының 

“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңында белгіленгендей, мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен 

республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы 

төленетін  қызметті  атқаратын  және  мемлекеттің  міндеттері  мен  функцияларын  іске  асыру  мақсатында 

лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы, делінген.  

Қылмыстық кодекс бойынша осы аталған мемлекеттік қызметшілер жеке санаттарға бөлінеді:  

Аталған баптың 4-бөлігі ерекше дәрежеленген мән-жайларға байланысты ауыр зардаптарға әкеп соққан әре-

кеттерді көздейді.   

Билікті  немесе  қызметтік  өкілеттікті  асыра  пайдалану.  Берілген  қылмыстың  қызмет  өкілеттігін  теріс 

пайдаланудан айырмашылығы. 

Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың объектісі болып – мемлекеттік аппараттың 

қалыпты қызмет атқаруы танылады.  

Билікті  немесе  қызмттік  өкілеттікті  асыра  пайдалану  тек  сол  лауазымға  ие  болған  адамның  өз  өкілеттігін 

пайдалана отырып жасалуымен анықталады. Егер асыра пайдалану, лауазымды адамның қызмет бабын пай-

далануымен ұштаспаған жағдайда ҚК 308-бабында көзделген қылмыс құрамын құрамайды.  

Қылмыстың  объективті  жағы  бойынша  бұл  қылмыс  үш  міндетті  белгілерімен  сипатталады: 

лауазымды  адамның  құқықтары  мен  өкілеттігі  шегінен  көрінеу  асып  кетуі;  азаматтардың  немесе 

ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  не  қоғамның  немесе  мемлекеттің  заңмен  қорғалатын 

мүдделерін  елеулі  түрде  бұзуы;  билікті  немесе  қызметтік  өкілеттікті  асыра  пайдаланудың  нәтижесіндегі 

тигізілген зардаптардың арасындағы себептік байланыс.  

Билікті  немесе  қызметтік  өкілеттікті  асыра  пайдаланудағы  қылмыс  құрамының  белгілерінің  болуы 

үшін,  лауазымды  адамдардың  құқықтарымен  өкілеттігі  шегінен  көрінеу  асып  кетуі,  азаматтардың  немесе 

ұйымдардың  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  не  қоғамның  немесе  мемлекеттік  заңмен  қорғалатын 

мүдделердің  елеулі  түрде  бұзылуы  және  осы  аталған  тұлғалардың  әрекеттері  мен  түскен  зардаптың 

арасындағы себептік байланыстың болуы қажет.  

Қылмыс аяқталған болып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қо-

ғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзған сәттен бастап саналады.  

Аталған қылмыс құрамы субъективтік жағы бойынша тек қасақаналық болып табылады.  

Қылмысты  дәрежелеу  кезінде  қылмыстың  себебінің  (түрткісі)  әсері  болмайды.  Қылмыс  субъектісі 

болып, мемлекеттік қызметшілер саналады (ҚК 307-б. талдануын қараңыз).  

 Аталған  баптың  4-бөлігі,  ерекше  дәрежеленген  мән-жайлар  ретінде  осы  баптың  бірінші  немесе 

екінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға сол сияқты олар күш қолдану немесе оны қолданамын деп 

қорқыту  арқылы  не  қару  немесе  арнаулы  құралдар  қолдану  арқылы  жасалған  әрекеттерді  белгілеген. 

Мұндай  ауыр  зардаптар  абайсызда  кісі  өлтіру  немесе  елеулі  түрдегі  материалды  немесе  басқа  да  ауыр 

зардаптардың түсуі белгілерін қамтиды.  



5Кәсіпкерлік  қызметке  заңсыз  қатысу.  “Кәсіпкерлік  қызмет”  деп  азаматтардың  мүдделеріне  олардың 

сұраныстарын  тауарлық  немесе  басқалай  түрде  қанағаттандыра  отырып  мүдделері  үшін  пайда  келтіруі 

табылады  деп,  11  желтоқсан  1990  жылғы  “КССР-інде  шаруашылық  қызметтердің  бостандығын  жеке 

кәсіпкер-лікке  дамыту  туралы”  Заңында  белгіленген.  Лауазымды  адамның  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 

асырушы  ұйым  құруы,  не  мұндай  ұйымды  басқаруға  тікелей  өзі  немесе  заңмен  белгіленген  тыйым  салуға 

қарамастан,  сенім  білдірген  адам  арқылы  қатысуы,  егер  осы  әрекеттер  мұндай  ұйымға  жеңілдіктер  және 

басымдықтар  берумен  немесе  өзге  де  нысандағы  қамқоршылыққа  байланысты  болуы  осы  қылмыс 

құрамының объективтік жағы болып табылады.  

Қылмыс құрамы бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарттарының бірі болып, кінәлі адам-

мен кәсіпкерлік ұйымның арасындағы себептік байланыстың болуы саналады.  

Аталған  қылмыс  құрамы  формальді  болып  табылатындықтан  қылмыс,  яғни  ҚК  310-бабындағы 

әрекеттердің басталуы сәтінен аяқталынған деп ескерілінеді.  



 

36 


Қылмыс субъектісі  болып  –  лауазымды адамдар танылады  (ҚК 307-б.  талдануын  қараңыз). Аталған 

баптың  2-бөлігі,  лауазымды  мемлекеттік  емес  ұйымдарға,  сонымен  қатар  қоғамдық  бірлестіктерге 

лицензиялау өкілеттігін (қоғамдық бірлестіктерге) бергендігі үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеген.  

Пара алу. Парақорлық, яғни пара алу, пара беру және парақорлыққа делдал болу – қоғамға қауіп төндіретін 

құбылыс  болып  табылады.  Аталған  қылмыстар  мемлекеттік  қызмет  мүдделері  мен  жергілікті  өзін-өзі 

басқару органдарының қызмет мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді.  

Пара  алуда  ақша  болып,  яғни  қылмыстың  заты  ретінде  Қазақстан  Республикасының  ұлттық 

банкнотты ақша белгісі бар (валюта) немесе басқа да мемлекеттердің қаражаттары табылады. Ең басты ақша 

параның  заты  ретінде  танылуы  үшін  біздің  немесе  басқа  да  елдердің  қаржылық  айналымында  орын  алуы 

керек.  Егер  қаржы  айналымында  болмаса  да,  өзінің  құндылығы  немесе  қымбат  екендігімен  бағаланса 

(мысалы, алтын, күміс т.б.) параның заты ретінде “өзге де мүліктер” деген түсінікті құрайды.  

Қылмыстың  субъективтік  жағы  болып  –  лауазымды  адамның  өзі  немесе  делдал  арқылы  пара 

берушінің  немесе  оның  өкілі  болған  адамның  пайдасына  жасаған  іс-әрекеті  (әрекетсіздігі)  үшін,  түріндегі 

пара алуы, егер мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) лауазымды адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, не 

ол  қызметтік  жағдайына  байланысты  осындай  іс-әрекетке  (әрекетсіздікке)  мүмкіндік  жасаса,  сол  сияқты 

жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі табылады. 

Пара  алу  әр  түрлі  нысанмен  жүзеге  асырылады:  заттай,  ақшалай  немесе  мүлікке  құқығы,  не  мүлік 

сипатындағы пайда түрінде алуы т.б.  

Аталған қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде лауазымды адамның әрекетімен, пара берушінің 

немесе  оған  делдал  адамның  арасындағы  келісімділік  байланысы  болуы  қажет.  Соның  ішінде  бұл  әрекет 

(әрекетсіздік), пара  алушы лауазымды адамның қызмет жағдайымен байланысты  (мысалы, тергеуші  өзінің 

жүргізуіндегі  қылмыстық  істі  тоқтатуы)  болатындығында.  Кейбір  жағдайда  қызметтің  лауазымдық 

жағдайымен  байланыссыз  тұрғыдағы  пара  алуы  орын  алады  (мысалы,  аудан  әкімі  өзінің  дәрежесін  пай-

даланып субъектінің салық төлеу жауаптылығынан босатуы).  

Пара алу – қылмыстың формальды құрамына жатады. Қылмыс – пара алушының пара алған сәтінен, 

яғни  сол  пара  алғандығы  үшін  пара  берушіге  қажетті  жағдайларды  жасауы  немесе  толық  орындалуына 

қарамастан аяқталады.  

Пара алудың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық болып танылады.  

Аталған  қылмыс  құрамының  субъектісі  болып  –  тек  лауазымды  тұлға  танылады.  Егер  субъект  пара 

алу  мақсатында  өзін  жалған  түрде  лауазымды  тұлға  ретінде  көрсетсе  оның  әрекеті  пара  беруге  айдап 

салушы ретінде дәрежеленеді.  

ҚК 311-бабы екінші бөлігі, дәрежеленген қылмыс құрамы, яғни лауазымды адамның заңсыз іс-әрекет (әре-

кетсіздігі)  үшін  пара  алуын  белгілейді.  Заңсыз  іс-әрекет  деп  мемлекеттің  заңды  мүдделерін  бұза  отырып, 

теріс  әрекеттер  жасауын  айтамыз.  Егер  заңсыз  іс-әрекеттер  қылмыс  болып  танылса,  ондай  жағдайда  осы 

әрекеттерді 311-баптың 2-бөлігімен және  ҚК сәйкес  баптарының жиынтығымен (тонау, қызмет өкілеттігін 

теріс  пайдалану,  қызметтік  жалғандық  жасау,  көрінеу  заңсыз  қылмыстық  жауаптылықтан  босату  т.б.) 

дәрежеленуі тиіс. 

Осы баптың төртінші бөлігі пара алудың ерекше дәрежеленген белгілерін көздеген: 

 а) қорқытып алу жолымен;  

 б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ;  

 в) ірі мөлшерде.  



Салақтық.  Талданып  отырған  қылмыс  құрамы,  лауазымды  адамның  қызметіне  адал  қарамауы,  ұқыпсыз 

қарауы, өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындалмауынан құралады.  

Қызмет міндетіне адал қарамауы деп – лауазымды адамның қызмет бабы тармақтарына сәйкес, толық 

түрде емес, яғни міндетінің мәні мен нысанына байланысты тиіссіз қызмет атқаруы танылады. Лауазымды 

адамның қызметіне адал қарамауы, яғни салақтық, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланудан субъективтік жағы 

белгілерімен  ғана  емес,  сонымен  қатар  объективтік  белгілермен  де  едәуір  айырмашылықтарға  ие.  Қызмет 

өкілеттігін теріс пайдалануда лауазымды адамның өз қызметтік өкілеттігін қызмет мүдделеріне кереғар пай-

даланып, заңмен қорғалатын мүдделерге елеулі түрде зиян келтіреді.  

Салақтықтың  қылмыс  құрайтын  әрекеті  белсенсіз  түрде,  яғни  материалды  мазмұны  бойынша 

лауазымды адамның қызметіне деген елеусіз дәрежедегі қарым-қатынасымен сипатталады.  

Лауазымды  адам  өзіне  тікелей  байланысты  өкілеттігін  жүзеге  асыру  барысында,  яғни  қызметтік 

міндеттерін орындауда салақтыққа жол береді.  

Лауазымдық  салақтықтың  субъективтік  жағы  –  абайсыздық  ретінде,  яғни  менмендік  немесе 

немқұрайдылық болып табылады.  

Аталған  баптың  2-бөлігі,  абайсызда  кісі  өліміне  немесе  өзге  де  ауыр  зардаптарға  әкеп  соқтырған 

әрекеттерді дәрежеленген құрам ретінде белгілейді. 



 

Тақырып 14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар  

1. Қазақстан Республикасы Президенті мен депутаттарының ар-ұжданы мен қадір қасиетіне  қол сұғу және 

олардың қызметіне кедергі жасау (318, 319-б.). 

2. Өкміет өкілін қорлау (320-б.). 

3. Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану (321-б.).  


 

37 


4. Ресми құжаттарды және мелекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу (323-б.). 

5. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру (324-б.). 

6. Өзінше билік ету (327-б.). Оның қорқытып алушылықтан аырмашылығы. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  мен  депутаттарының  ар-ожданы  мен  қадір-қасиетіне 

қол сұғу және олардың қызметіне кедергі жасау   

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Конституция  мен  заңдар  негізінде  және  оларды  орындау 

үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.  

Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. 

ҚК-тің  318-бабы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  ар-ожданы  мен  қадір-қасиетіне  қол  сұғу 

және оның қызметіне кедергі келтіру жөніндегі жауаптылықты белгілейді.  

ҚК-тің  318-бабы  1-бөлімі  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жария  қорлау  немесе  оның  ар-

ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу жөнінде жауаптылықты белгілейді.  

Қылмыстың тікелей объектісі – Республика Президентінің қалыпты қызметі, оның беделі, ар-ожданы 

мен қадір-қасиеті.  

Қылмыстың  объективтік  жағы  –  Президентті  жария  қорлау  немесе  оның  ар-ожданы  мен  қадір-

қасиетіне өзгеше қол сұғумен білдіріледі.  

Субъективтік жағынан – қорлау тікелей қасақаналық ниетпен жасалатын қылмыс.  

ҚК 318-бабының 1 және 2-бөлімдерінде көзделген Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ожданы 

мен қадір-қасиетіне қол сұғуды қылмыс деп қараумен қатар осы баптың 3-бөлімі қол сұғудың ең ауыр түрі: 

қандай  да  бір  түрде  Қазақстан  Республикасы  Президентіне  және  оның  жақын  туыстарына  олардың  өз 

міндеттерін атқару кезінде кедергі келтіру мақсатын көздейді.  

 Депутаттың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның қызметіне кедергі жасау  

Өкімет өкілдерінің қызметіне кедергі жасаудың арнайы құрамы болып ҚК 319-бабы көзделген кедергі 

жасаудың барлық түрі табылады.  

Қылмыс  құрамы  –  формальды,  яғни,  қылмыс  аяқталған  болып,  жария  қорлау  сәтінен  бастап 

есептеледі.  

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақана ниетпен жасалынды.  

Қылмыс субъектісі болып – есі дұрыс, жасы 16 толған адам табылады.  

319-бабы  2-бөлімінде  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  депутатын  қорлаудың  дәрежеленген 

құрамы көзделген.  



 Өкімет өкілін қорлау 

ҚК 320-бабының 1-бөлімі өкімет өкілінің өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды 

атқаруына байланысты оны жария қорлаудың жауаптылығын көздейді.  

Қорлаудың  түрлері  жәбірленушілер  мен  қол  сұғу  объектілері  түрлерінің  айырмасы  арқылы 

ажыратылады.  Егер  320-бабы  1-бөлімі  бойынша  қорлаудың  жәбірленушісі  –  өкімет  өкілі  болса,  объектісі 

болып оның заңды қызметі табылады  

Өкімет өкілін қорлау субъектісі – есі дұрыс, жасы 16 толған, кез келген адам.  

Өкімет өкіліне қатысты күш қолдану 

Қылмыстың тікелей объектісі – аталған адамдардың заңды қызметі.  

Өкімет өкілінің жеке басы мен оның жақын туыстары – қосымша объект болады.  

ҚК 321-бабы  1-бөлімімен көзделген қылмыстың объективтік жағы  –  адам өмірі мен денсаулығына  қауіпті 

емес күш қолданумен немесе күш қолданып қорқытумен ұштасады 

Бұл  қылмыстың  құрамы  –  үстіртін  формальды  болып  табылады,  қылмыс  күш  қолдану  не  қорқыту 

қолданылған сәттен бастап аяқталады.  

Субъективтік жағынан – қылмыс тікелей қасақаналықпен  

жасалады.  

Субъект – жалпы, яғни есі дұрыс, жасы 16 толған адам.  

 Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу.  



Қаралатын қылмыстың объективтік жағы – бапта аталған: 

1) ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу

2) осындай заттарды өткізу жағдайымен сипатталады.  

Қылмыс  заты  деп  –  заң  ресми  құжаттар  мен  мемлекеттік  наградаларды  айтады.  Республикасы 

Президентінің  1995  жылғы  12  желтоқсандағы  заң  ”Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  наградалары 

туралы” Жарлығымен айқындалады. Мемлекеттік наградаларға ”Алтын қыран” ордені, ”Халық қаһарманы” 

атағы,  сондай-ақ  басқа  да  ордендер,  құрметті  атақ  және  Қазақстан  Республикасының  құрметті  грамотасы 

”Отан”,  ”Данқ”,  ”Айбын”,  ”Парасат”,  ”Достық”,  ”Құрмет”  ордендері,  ”Ерлігі  үшін”,  ”Жауынгерлік  ерлігі 

үшін”, ”Ерен еңбегі үшін”, ”Шапағат” медальдары жатады.  

Мемлекеттік наградалармен наградалау Қазақстан Республикасы Президенті арқылы жүргізіледі.  

Қылмыс осы аталған заттарды алып алған немесе өткізген сәттен бастап аяқталады.  

Субъективтік жағынан – қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен жасалады, кінәлі адам өз әрекеттерінің 

қоғамдық қауіптілігін жете түсінеді, және осындай әрекеттерді жүзеге асыруды қалайды.  

Қылмыс субъектісі – жасы 16 толған, есі дұрыс адам.  

 Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді ұрлау немесе бүлдіру 


 

38 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет