Дәрістер Мәдениеттану пәніне кіріспе


Конфуций-даосистік мәдениеті



бет8/17
Дата07.01.2022
өлшемі111.33 Kb.
#20840
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Конфуций-даосистік мәдениеті.

Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады.Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі,осы нақты өмірдің мән-мағынасын терең түсіне отырып өмір үшін өмір сүруге үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып,олардың даналық қағидаларына бас иген.Қытай да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды.Бірақ уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы құдай дәрежесіне жетіп,аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты.Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге байланысты,кейіннен,яғни Чжоу династиясы кеңінен Шанди құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты.Қытай халқының салт-дәстүрінде,әдет-ғұрыптарында және т.б. дін этикалық нормаларға айналды.Аспанға табынуда моральдық және адамгершілік жақтарға баса назар аударылды.Табиғатқа табыну және оның өзіндік табиғи қасиеттерін бағалаудың арқасында қытайлықтар жан-жақты жетілген,ізгілікке толы дүниенің бейнесін жасады.Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағы бес қасиетпен байланыстырады.Олар:адамгершілік, парыз сезімі, әдепті қылық, ізгілік және даналық.Мұндай тәңірілік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді:Мен сөйлеп тұрған жоқпын,мен баяндап тұрмын.Ұлы уағызгер Конфуций көзқарасынша,адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты.Табиғат адамға дарын береді,ал дарындылық-табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады.Бұл идеялар даосизм және конфуций ілімінде одан әрі түрленіп,толықтырыла түсті.Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен конфуций ілімдерімен қосыла отырып филосорфиялық-діни үштікті құрады.Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырған.Даосизмнің негізін қалаушы-Лао-Цзы өз заманында кәрі дана деген атаққа ие болған.Бұл діни жүйе діннен гөрі философияға жақындау болып келеді.Даосизм жергілікті дін ретінде б.з.б.VI ғ.қалыптаса бастаған.Лао-Цзының тұжырамдауынша,халық даоны(дао-жол деген мағынаны береді).Қытай мәдениеті екінші бір қайнар бұлағы-Конфуций ілімі болып саналады.Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы,яғни Кун-ұстаз.Конфуций б.з.б.551 ж. Шамасында өмірге келген.Бала кезінен-ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып,ескі салт-дәстүрлерді өте жақсы көрген.Конфуций ел басқарудың басты мақсаты-халықтың мүддесі деп жариялады.Оның әрбір қағидасын ескере отырып,ұлы уағызгердің ізбасарлары мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті,олар:біріншісі-халық,екіншісі-құдай,үшіншісі-әмірші-патша.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет