Дәрістің тақырыбы: Табиғат бұрышындағы және жер учаскесіндегі жұмыс Жоспары



бет1/4
Дата02.11.2022
өлшемі63,5 Kb.
#46915
  1   2   3   4

Дәрістің тақырыбы:
Табиғат бұрышындағы және жер учаскесіндегі жұмыс


Жоспары:
1.Балабақшада табиғат бұрышын ұйымдастыру
2. Балабақшадағы жер учаскесіндегі жұмыс

Табиғат бұрышы. Балабақшаны әдемі етіп безендіру баланың дамуына оң әсерін тигізеді. Балабақшаны безендіру қабылдау бөлмелерін, стендтерді эстетикалық талапқа сай безендіру, тақырыптық бұрыштарды, серуен учаскелерін, спорттық және әуен залдарын заманауи талапқа сай безендіру. Оқыту үрдісінің нәтижесін көру үшін дамыту ортасын лайықты жасақтау қажет. Баланың жан жақты дамуы үшін оларға ең қажеттісі табиғат бұрышы болып табылады.


Табиғат бұрышы топ бөлмесінің ең ойынды және оқытушы аймағы. Ол жерде балалар зерттеу жұмысын және бақылау жұмысын өткізе алады. Әрбір балабақшаның тобында жеке табиғат бұрышы болу тиіс. Заттардың таңдауы, орналасуы әр баланың жас ерекшелігіне қарай және балабақшаның бағдарламасы мен Санитарлық ережеге сәйкес жасақталуы тиіс. Табиғат бұрышында балаға қауіпсіз өсімдіктер болу қажет. Табиғат бұрышында улы және қауіпті өсімдіктер болмау қажет. Әрине, оларға күнделікті күтім қажет. Әр гүлде атау жазылған жазу болу қажет. Табиғат бұрышының мекендеушілерін әрдайым және уақытша тұрғындар деп бөлуге болады.
Табиғат бұрышының әрдайымғы тұрғындары деп бөлме өсімдіктерін атауға болады:
Кіші жастағы балалар тобында 4-5 қарапайым бөлме өсімдіктерінің түрі болуы қажет. Бұл өсімдіктер айқын көрінетін сабақтарымен,жапырақтарымен және гүлдерімен ұзақ және әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Мысалы, фикус, күлгін, геран.
Естиярлар тобында, бөлме өсімдіктерінің саны 5-6 дейін көбейеді. Бұл өсімдіктер әртүрлі пішіндегі және көлемдегі жапырақты болып табылады. Мысалы, аспарагус, хлорофитум.
Ересектер тобында,табиғат бұрышында өсімдіктер саны 6-7 ден 2-3 данадан әртүрлі сабақтарымен (бұйраланған, жайылған) тамыр сабағымен және жуасымен болып келеді. Мысалы, трансденсканция, бұйра, амариллис және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет