Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы тақырып 1 пcихотерапияға кіріспе



бет1/35
Дата26.10.2022
өлшемі125,87 Kb.
#45358
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
дәрістер мазмұны терапия


Дәрістік курс бағдарламасының құрастырылуы


ТАҚЫРЫП 1


ПCИХОТЕРАПИЯҒА КІРІСПЕ


Сабақтың мақсаты:
Психотерапияның пайда болуы мен даму тарихының теориялық негіздерін оқыту, талдау.
Бихевиоризм, необихевиоризм және мінез-құлық психотерапиясының пайда болуы мен даму тарихы және практикалық психологияда қолданылу аясы тұрғысынан теориялық және практикалық білім беру.


Жоспар
1.Психотерапевттің жұмыс нысаны ретіндегі невроздар мен фрустрациялар
2. Психотерапияның шығу тарихы
3. Психотерапияның негізгі бағыттары
4. Бихевиоризм, необихевиоризм және мінез-құлық психотерапиясы (Джон Уотсонның необихевиоризмі, Эдвард Толменнің молярлық бихевиоризмі, Мінез-құлық психотерапиясы)
Психотерапевт, практикалық психолог, кеңесші, жоғары маманданған (дүниежүзілік стандарттар бойынша) әлеуметтік қызметкер неврозға шалдыққан келушілермен үнемі жұмыс жасайды, ал ол невроз фрустрациядан туындайды.
Сондықтан да психотерапия негіздеріне кіріспес бұрын осы ұғымдарды ажыратып алу қажет.
Фрустрация – (ағ. тіл. frustration – жоспардың бұзылуы, үміттің жойылуы) – біздің тілектеріміз бен ұмтылыстарымыз кедергіге тап болғандағы, жоспарлар орындалмай, адам дегеніне жете алмағанда туындайтын шектен тыс қанағаттанбаушылық көңіл-күйіміз. Фрустрация жағдайы психикалық қысыммен, күйзеліс ахуалымен қатар жүреді.
Өте күшті фрустрация психофизиологиялық үрдістердің қалыпты ағымын бұзады, индивидуумның барлық үрдістеріне әсер етеді, оның жан-дүниесін өзгертеді, басқа адамдармен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзады.
Сонымен, фрустрация кедергіні жеңіп шығуға болмайды немесе мүмкін емес деп ойлаған жағдайда туындайды.
Осы жерден біз психотерапияның бастапқы позициясын анықтаймыз. Психотерапевт фрустрация тудырған кедергілердің қайсысын жеңуге болмайды, ал қайсысы сырттан солай көрінетіндігін алдымен өзі анықтап алып, содан соң келушіге соны анықтай алуына көмектесуі қажет.
Невроздар келуші үшін фрустрация тудыратын жеңу мүмкін емес кедергілер болып көрінуі мүмкін.
Ондай «жеңе алмайтын» кедергілерге келушінің жүйке-психикалық ахуалының және мінез-құлық реакцияларының жиі қайталануы, ол одан құтылғысы келеді, алайда көп жағдайда оны жеңу мүмкін емес немесе қажет деп санап өзін де, өзгелерді де сендіріп, онымен күресу үшін күш те салмайды.
Психиатрға қарағанда психотерапевт психикалық дені сау адамдармен жұмыс жасайды. Шындығында адам өзі қаласа жеңе алатын кедергілер туралы айтқанда, біз оның псхикалық дені сау кез-келген адамның басынан өтетін жағдайды дұрыс түсінбеуден туындайтын психикалық тұрғыдан қалыпты жағдай туралы айтып отырмыз.
Мысалы, көбіміз кездесуге немесе жұмысқа кешігіп жүреміз. Жүретін жол да, уақыт да белгілі. Яғни кешікпес үшін сағат қоңырауын тиісті уақытқа қою қажет. Оған кім кедергі? Ешкім! Алайда сіз бәрібір кешігесіз. «Қанша ерте тұрсам да жұмысқа немесе институтқа кешігіп қаламын», - деп көп адамдар айтады. Невроз дегеніміз осы – кедергіні жеңуге болады, ешкім бөгет емес, бірақ – «қолымнан ештеңе келмейді». Әр кез сайын оған сылтау да табылады.
XX ғ. басында психология ғылымының теориясы мен әдіснамасының практикалық сұранысқа сәйкес келмеуіне байланысты психология ғылым ретінде дағдарысқа ұшырады. Бұл жағдай психика жайындағы бұрынғы көзқарастардың ауысуына алып келді. Нәтижесінде әлемде психологияның жаңа бағыттары пайда болды. Соның бірі бихевиоризм. Оның негізін қалаушы Джон Уотсон (1878 - 1958) мінез-құлықты объективті жолмен зерттеуді (яғни эксперименталдық және сырттай бақылау) жаңа бағыттың зерттеу пәні деп көрсетті. Мінез-құлық ретінде адамның немесе жануардың сыртқы тітіркендіргіштерге (SR) реакциясының жиынтығы алынды. Бихевиоризмнің XX ғ. әрі қарай дамуы (необихевиоризм) (SR) сызбасына ағымдық тетіктер: тілектердің, мақсаттардың, дағдылардың, бейнелердің, жоспарлардың, когнитивтік карталардың және т.б. қосылуымен байланысты (S O R). Необихевиоризмнің өкілдеріне америкалық психологтар Эдуард Толмен (1886 - 1959), Кларк Халл (1884-1952), Д.Миллер, Беррес Скиннер (1904 ж. туылған) және басқалар жатады.
Психологияның басқа бір жаңа бағыты гештальт-психология болып табылды. Оның өкілдері Макс Вертгеймер (1880-1943), Вольфганг Келер (1887-1967), Курт Коффка (1886-1941) психиканы оның тұтас көріністері, яғни гештальттар арқылы зерттеу керек деп санады. Гештальт немесе тұтас құрылым, оны құрап тұрған бөліктердің қасиеттерін анықтайды.
Психологияның тағы бір бағыты болып психоанализ қосылды. Оның негізін қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939) психологияның пәні ретінде бейсананы алып қарастырды, ол адамның мінез-құлқын дәл осы бейсана анықтайды деп санады. Сана болса, иррационалды индивидті өмір шындығына бейімдеуді ғана қамтамасыз етеді. Фрейдтің психологияда өз бағытын салған неғұрлым танымал шәкірттеріне Карл Юнг (1875-1961) (талдау психологиясы) пен Альфред Адлер(1870-1934) (индивидуалдық психология) жатады.
XX ғ. психоанализдің әрі қарай дамуы классикалық психоанализдің биологизмінен бөлек адам мінез-құлқының әлеуметтік детерминанттарын зерттеуге бет бұруымен байланысты. Оның ірі өкілдеріне Карен Хорни (1885-1952), Эрих Фромм (1900-1980), Гарри Салливан (1892-1949) жатады.
Тағы бір бағыт сипаттаушы (немесе түсінуші) психология. Оның негізін қалаушылар Вильгельм Дильтей (1833-1911) мен Эдуард Шпрангер (1882-1963) түсіндіруші психологияға өздерін қарсы қойды. Сипаттаушы психология адамның біртұтас көңіл-күйін зерттейді. Бұл психологтардың пікірінше, тек түсіну ғана адамның рухани өмірінің толық мағынасын аша алады.
XX ғ. басы Францияда әлеуметтануға бағытталған психологияның қалыптасуымен сипатталады. Оның өкілдері Эмиль Дюркгейм (1858-1939), М.Гальбвакс (1877-1945) және Ш.Блондель (1876-1939). Олар адам бойындағы жеке даралықты биологиялық деп, ал әлеуметтікті – қоғамның көмегімен қалыптасады деп қарастырды.
Ресейде психологиялық дағдарысқа жауап ретінде жаңа әдіснамалық тәсілдер мен бағыттар қалыптасыт. Олардың бірі реактология. Оның авторы К.Н.Корнилов (1879-1957) психологияның міндеті биоәлеуметтік тітіркендіргіштерге жауап беру жиынтығы ретінде адамның мінез-құлқын зерттеу қажет деді, яғни бихевиоризмнен алшақ кетпеді.
Сондай –ақ, М.Я.Басов пен П.П.Блонский де психологияның зерттеу пәні мінез-құлық деп қарастырды.
Грузин психологы Д.Н.Узнадзе (1886-1950) адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлқының негізінде, адамның белгілі бір мінез-құлыққа дайындығын тудыратын біртұтас түйсіксіз жағдай (көңіл-күй) ретіндегі тұғырнама жатыр деп санады. Әрі қарай бұл тұжырымдаманы А.С.Прангишвили, И.Т.Бжалова, В.Г.Норакидзе жалғастырды.
Ресейдегі тарихи-мәдени тұжырымдаманың негізін қалаушы Л.С.Выготский (1896-1934). Бұл тұжырымдамаға сәйкес, адам психикасының қалыптасуындағы шешуші рөлді әлеуметтік орта және бәрінен бұрын оқыту алады. Выготскийдің идеялары оның ізбасарларының тұжырымдамаларында жалғасын тапты: А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин және т.б.
С.Л.Рубинштейн (1889-1960) мен А.Н.Леонтьев (1903-1979) іс-әрекеттің психологиялық теориясын құрастырды. Рубинштейннің пікірі бойынша, адам және оның психикасы іс-әрекет кезінде қалыптасып, көрінеді. Психология іс-әрекеттің психикалық жағын қарастырады. Ғалым іс-әрекеттердің бірлігі (бөлшегі) ретінде қозғалыстардан тұратын әрекетті қарастырды. Рубинштейн тұжырымдамалары оның зерттеулерін жалғастырушылар А.В.Брушлинский, К.А.Абульханова-Славская, Л.И.Анцыферованың зерттеулерінде жалғасын тапты.
А.Н.Леонтьев психологияның пәні ретінде іс-әрекет барысындағы психикалық бейнеленудің туындауын, қызмет етуін және құрылымын қарастырды. Іс-әрекеттің психологиялық теориясы ресейде жақсы дамыды және сол елдегі психологияның барлық салаларынан көрініс тапты. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы П.Я.Гальпериннің, А.В.Запорожецтің, Д.Б.Элькониннің, Л.И.Божовичтің, Г.М.Андрееваның, А.Г.Асмоловтың, В.К.Вилюнастың, В.Зинченконың және т.б. еңбектерінде жалғасын тапты.
Ленинградтық ғалым Б.Г.Ананьев (1907-1972) психикалық құбылыстар бір мезетте көптеген факторлардың әсер етуімен шарттасатындықтан адамның психикасын кешенді түрде зерттеуді ұсынды.
XX ғ. екінші жартысы шетелдік психологияда жаңа бағыттардың пайда болуымен екершеленді. Өзін-өзі келелілендіру, яғни өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды көздейтін, дені сау шығармашылықты тұлғаны зерттеуді өзінің нысаны етіп алған гуманистік психология солардың бірі болып табылады.
Оның негізгі өкілдері Карл Роджерс (1902-1987), Абрахам Маслоу (1908-1970), Гордон Олпорт (1897-1967) және т.б.
Шетелдік психологияның тағы бір бағыты когнитивтік психология. Ол психиканы белсенді түрде ақпарат іздеумен және оны өңдеумен айналысатын жүйе ретінде қарастырды. Бұл бағыттың өкілдері Дж.Брунер, Г.Саймон, У.Найссер, Д.Бродбент және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет