Девиантты мінез-құлық деп



бет1/2
Дата31.10.2022
өлшемі25,76 Kb.
#46497
  1   2

Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған нормаға қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды . Психиклық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық процестерге әсер етеді.
Девиантты мінез-құлық әртүрлі формада көрінгеніне қарамастан, олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ішімдік ішу, наша қолдану, агрессивті мінез-құлық тағы басқалар бір тұтастықты көрсетеді. Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқының біреуін қолдануы оның басқа заттарды қолдануға деген мүмкіндіктерін жоғарылата түседі. Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір нормамен салыстыру іске асады. Проблемалық іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез –құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған нормадан ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден бұл психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті.
Жасөспірімдік кезең – ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық нормаларды игеруіне сәтті кезең болып табылады. Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады – жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ әртүрлі топтағы адамдардың әлеуметтік- экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық әсер етеді.
Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жасөспірімдік кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы болып табылады. Балалардың құқығы туралы конвенциядағы анықтамалармен келіссек бала ретінде 18-ге толмаған әрбір адамды сипаттаймыз. Жасөспірімдік шақтың қарапайым белгілеріне адамның күрделі биологиялық, психологиялық және социологиялық даму стадиялары тұрады, негізінде бұл стадиялар әрқашанда және әрқашан толығымен бір-біріне сәйкес келе бермейді.
Зерттеушілердің көбі психикалық кризиске әкеліп соқтыратын ауыр және сонымен қатар жасөспірімнің санасына күрделі күш түсірмейтін, жыныстық жетілуіне және дамудың биологиялық факторына көп көңіл бөледі, мұндай жасөспірімдік шақтың белгілеріне тән мінездемелерге ашуланшақтық, дөрекілік және қырсықтық, долылық, субьективтік уайым әлеміне кіріп кету тағы басқалар жатады. Жыныстық жетілуге байланысты туындайтын жаңа сезімдер, ойлар зерттеушілердің пікірлері бойынша – оның іс -әрекетін және қылықтарын анықтай отырып жасөспірімдердің санасында басымдылық болады.
Сонымен адамның дамуындағы биологиялық басымдылықты жақтаушылар жыныстық жетілуді ескере отырып жасөспірімдік жасты ұл балалар үшін 13 – 16 жас және қыз балалар үшін олардың жыныстық жетілуіне байланысты 12 –15 жас деп анықтайды.
Жасөспірімдік жас – тұлғалық қалыптасудың кризисті этапы болып табылады. Ол өзіндік ерекшеліктер қатарымен мінезделеді. Бұл этап адамның тез өсуімен, жасөспірімнің психофизиологиялық ерекшелігіне әсер ететін жыныстық жетілу процесіндегі ағзаның қалыптасуымен сипатталады. Жаңа психологиялық және тұлғалық сапалардың қалыптасу негізін қарым – қатынастың әртүрлі оқу, өндірістік, шығармашылық, сабақтық тағы басқа кезеңдерінде құрастырады. Бұл жаста ересектіліктің көріністері, өзіндік сананың дамуы және өзіндік бағалау, өзінің тұлғасына, өзінің мүмкүндіктері мен қабілеттеріне деген қызығушылық қалыптасады.
Белгілі психолог Л.С.Выготский жасөспірім жастағы кезеңде (14-18 жас) екі үлкен өзгеріс болады: ағзадағы жыныстық жетілу және өзінің “Мен” мәдениетінің ашылуы, тұлғасының және дүниетанымының қалыптасуы. Жасөспірімнің түсінуімен, бейімделу және белсенділік жүйесі ретінде өмірлік жоспардың туындауы мәдени процесін қорытындылайды [10].
Г. Шпрангер өзінің мәдени – психологиялық концепциясында жасөспірімдік кезеңді мәдени өсу деп анықтайды. Бұл кезеңдегі кризистің болу мазмұны балалық тәуелділіктен босану болып табылады. Г. Шпрангер бойынша жасөспірімдік кезеңдегі басты жаңа білім – “Менінің” ашылуы, рефлексияның пайда болуы, өзінің жеке даралығын сезіну.
Р. Кулен жасөспірімдердің дамуындағы биологиялық көзқарасты талқылайды, ол бұл кезеңді биологиялық және психологиялық кезеңнен гөрі әлеуметтік – этникалық кезең деп қарастырады. Оның көзқарасы бойынша жасөспірімдік шақта үш негізгі әлеуметтік – этникалық тенденция қарастырылады: үлкендердің қадағалауынан босану, жеке даралыққа көшу, өзінің өмір жолын таңдау мәселесіне салмақты түрде қарау, мамандық таңдау, әлеуметтік – этникалық нормалар мен құндылықтарды игеру. Р. Куленнің пікірі бойынша, егер бала өзінің алдына осы көрсетілген мәселелерді қоймаса, онда өмір сүрген жасына қарамастан балалық кезеңде қалып қояды.
Бірдей көзқарастың болмауына қарамастан, бүгінгі күнгі ғалымдар жасөспірімдік шақты 10 –11 және 14 –15 жас аралығы деп қарастырады. 15 –17 жасты әдебиеттерде ерте балалық шақ деп атайды. Бірақ та көптеген зерттеушілер ерте балалық шақты баланың даму кезеңіндегі жасөспірімдік кезеңге қосады. Оның өзіне де толық толық негіз бар, себебі өзіндік психологиялық мазмұнда бұл кезең – 15 пен 18 жас аралығы – жасөспірімдік кезең мен өзіндік жастық шақтың арасындағы “аралық жас” болып табылады. Жасөспірімдік кезең алғашқы әлеуметтенуде маңызды кезең болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет