Дезо таңғышын салу іс- әрекетінің алгоритмі Көрсеткіш



бет1/5
Дата28.12.2022
өлшемі42,16 Kb.
#60061
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ХМІ практика



1. Дезо таңғышын салу іс- әрекетінің алгоритмі
Көрсеткіш: иық буынының шығуы, иық және бұғана сүйегі сынығында
Ескерту: Тері қабатының мацерациясының ( былжырау, баздану ) алдын – алу мақсатта, қолтық асты ойығына тальк себу және мақта – дәкелік жастықша (валик) салу тиіс.
Әзірле:
1. дәке ( ені 16см, ұзындығы 7м )
2. мақта – дәкелік жастықша ( валик )
3. түйреуіш
4. қайшы
Іс- әрекетінің алгоритмі:
-Науқасты жағдайына байланысты жатқызу немесе отырғызу, кейін мейірбеке немесе фельдшер науқасқа қарама- қарсы тұруы тиіс.
-Науқастың қолтық асты ойығына тальк себу және мақта – дәкелік жастықша салу
-Науқастан шынтақ буында білекті 90 º - қа бүгуді сұраймыз ( жарақаттанған аймаққа байланысты)
-Дәкенің оралған орамын оң қолымызға, ал дәкенің бастапқы бөлігін сол қолымызда ұстауымыз қажет (егер сол жақ бөлігі жарақаттанса, дәкені керісінше ұстаймыз.

  • Таңуды сау қолтық астынан бастап, қарды денесіне бекітеміз. Дәкені айналдыра таңғышты таңып байлаймыз. І-ІІ- ші айналым - бекіту жолы деп аталады.

  • Сау қолтық астынан кеуденің алдыңғы аймағынан жоғары қарай жарақаттан-ған иыққа дәкенің ІІ – ші айналымын жүргізу.

  • Дәкені жарақаттанған иықтың артқы жағымен төмен түсіріп, шынтақ буыны астынан білекті айналдыра орап, білезік буынын бекітеміз.

ІҮ айналым жолы -сау қолтық астынан арқа бойымен қиғаш, жарақаттанған иыққа қарай бағытталады.
Иық толық бекітілгенше дәкенің орамы қайталанып, дәкенің ұштарын бір- біріне таңып байлаймыз немесе түйреуішпен бекітеміз.


Вельпо таңғышы
Мақсаты: бұғана және иық жарақатында бекітіп тасымалдау
Қоры:ені 20 см.бинт қайшы,түйрегіш.
Әрекет алгоритімі:
1.Науқасты өзіңізге қарама қарсы отырғызып , оның колын шынтақ буынында бүгіп алақанды сау иықтың үстіне қоямыз.
2. Қолтық астына валикты қоямыз.
3. Қолтық астынан иыққа қарай бинтпен қиғаш ораймыз.
4. Қолтық астынан иыққа қарай бинтпен қиғаш ораймыз.
5. Бинтпен иықтан төмен қарай шынтаққа қарай ораймыз.
6. Шынтақтын алдынан қолды көкірекке қосып айналдыра ораймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет