Дидактикалық ұғымдардың аттары негізгі мақсаттары



Дата15.12.2023
өлшемі18,36 Kb.
#138545
түріБілім беру бағдарламасы

Дидактикалық негізгі ұғымдар 1 стенд



Дидактикалық ұғымдардың аттары

НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ.

1

БІЛІМ БЕРУ

Білім беру бағдарламасының уздіксіздігі мен сабақтастығы ұстанымы негізінде мынадай білім беру денгейі белгіленеді:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
2) орта білім беру;
3) кәсіптік жоғары білім беру;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі касіптік білім беру

2

БІЛІМ БЕРУ
ӘДІСТЕМЕСІ

Жекеленген білім процесінін тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, тест, т.б. әдістер жатады

3

ОҚЫТУ, ОҚУ

Білім, білік, әрекет дағдыларың үйрету мен меңгерту процесі - өмір мен енбекке бейімді етіп даярлаудын негізгі құралы. Оқыту процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Түрлі оқу орындарында оқыту
- білім берудін басты жолы. Оқыту - екі жақты процесс: мұғалім - білім беруші, оқушы - білім алушы. Оқыту құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекеті мен оқу әрекетін ұйымдастыру; оқушылардың білімді меңгертудегі белсенділігі мен саналығы ынталандыру және білім меңгертудің, оқу әрекетін орындаудың сапасын реттеу, бақылау; оқыту нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.

4

ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ

Білім мазмұнын менгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысты әрекет жүйесі. Оқыту әдістемесі оқыту мақсатын, меңгерту тәсілін, оқыту субьектілерінің өзара әрекеттерінін сипатын қамтиды. Бұл белгілердің ерекшелігі оқытудың әрбір әдістерінде көрінеді, ал әдістер жиынтығы тәрбиелей оқытудың барлық мақсатына жетуді қамтамасыз етуі керек. Оқыту әдістері - тарихи категория.

5

ОҚЫТУ
ҰСТАНЫМДАРЫ
(ПРИНЦИПТЕРІ)

Жас ұрпакты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын
белгілейтін негізгі ережелер. Негізгі оқыту ұстанымдары: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелік; ғылымилық; көрнекілік; түсініктілік.

6

ТӘРБИЕ

Жеке тұлғалардың адамдық бейнесін қалыптастырады, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тэрбиесі, балдырган тәрбиесі, өрен тербиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.

7

ТӘРБИЕ
ӘДІСТЕМЕСІ

Ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық-қатынастардан
туындайтын тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Тәрбие әдістемесінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдісіне бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б.жатады.



Кезеңдер

Негізгі мақсаттары

Проблема айқындау

Қарастырылатын мәселе (тақырып) бойынша негізгі проблемаларды анықтап, оларды игеруде студенттерді ынталандару, шәкірттердің қызығушылығын ояту
Оқытушы:
-Студенттерді және білім қабылдауға және игеруге белсендіреді.
Студенттер:
-Тақырып бойынша өз мақсаттарын айқындайды.
- Тақырып бойынша өз өміріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындайды.
- Проблема бойынша өздерінің бұрынғы білімдерін есіне түсіреді оларды салыстырады байланыстырады.
- «Не білемін?», «Не білгім келеді?» «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» секілді сұрақтарға жауап іздейді.

Проблема шешу

Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі. Мұнда проблеманы шешу
жолдары қарастырылады.
Оқытушы:
- Студенттерге білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынады;
-Студенттердің өздігінен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп игеруіне
қажетті жағдайлар жасайды.
Студенттер:
- Жекелей жұппен, топпен, және ақпаратпен танысады.
- Мәлімет бойынша пікір алмасады, ой жарыстырады талқыға салады.
- Жаңа тақырып туралы өзіндік пікір қалыптастырады
-«Қалайша жаңа білімге үйренемін - оны түсінемін игеремін?»
«Қандай тәсілдерді қолданған тиімді?» «Бұл мәлімет туралы менің ойым түсінігім қатысым қандай?» деген сұрактарға жауал беруге ізденеді.

Проблема шешімін қолдану

Үйренгенді айқындау және бағалау, проблема бойынша шешім қабылдау кезеңі.
Оқытушы
-Студенттер жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасумен талқылануды ұйымдастырады.
Студенттер:
- осы сабақта білгендерімен үйренгендерін тұжырымдайды
-олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі;
- өзінің жаңа біліміне баға береді
- жаңа білімді нақты бір проблема шешуде колданады;
- «Не білдім үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?»,
« Бұл білімнің қолданысы қандай?», « Бұл білімді әрі қарай қалай сұрақтарға жауап беруге ізденеді дамытамын, жалғастырамын?» « Тағада не білгім келеді?»
-сабакта не нәрсеге үйренгендігі және қалайша жумыс жасағандығы туралы есеп береді.

Оқудың әдістемелік жүйелері

Мақсат (әлеуметтік тапсырыс)
Дәріс басшысы (оқу субъекті)
Оқудың әдістемелік жүйелері: оқу жабдықтары, оқу формасы, оқу әдістері.
Оқу үлерісіне бақылау, талдау, және оны реттеу- түзету

Оқу нысаны


Нәтиже
Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай төрт сатыға бөлінеді
Педагогикалық эксперимент: анықтаушы эксперимент, қалыптастырушы эксперимент, бағалаушы эксперимент, реттеуші эксперимент.

Педагогикалық экспериментің сатылары


1. Анықтаушы эксперимент- күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
2. Қалыптастырушы эксперимент- жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
3. Бақылаушы эксперимент- педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
4. Реттеуші эксперимент- педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижені өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

Тұлғаның психологиялық құрылымы


В.Ф. Шаталовның тірек сызбалары
Ақпараттық технология
Сатылай-кешенді талдау технологиясы
Сын тұрғысынан айту
Білім беруді ізгілендіру
Дамыта оқыту технологиясы
Ойын технологиясы
Интерактивтік оқыту технологиясы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Педагогикалық зерттеу әдістері


Бақылау
Сауалнама
Теориялық әдебиетті талдау
Мектеп құжаттарын зерттеу
Эксперимент
Статистикалық
Әңгімелесу
Оқушының шығармашылығы
Теориялық әдебиетті талдау
Озат тәжірибені талдау, жинақтау
Математикалық

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет