Дін, мәдениет және қоғам Дәріс мақсаты: 2



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі19,12 Kb.
#15529
  1   2   3
Байланысты:
Лекция-1599219888430


8 тақырып. Дін, мәдениет және қоғам

Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағына қатысқан әрбір студентте, діннің әлеуметтік құрылымы, функциялары және қазіргі Қазақстандағы діни ахуал туралы түсінік қалыптасады.

Жоспар:

1. Дін - әлеуметтік өмірдің феномені.  

2. Дін әлеуметтануының объектісі мен пәні.  

3. Діннің әлеуметтік құрылымы.

4. Діннің әлеуметтік функциялары.            

5. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.    



Кілт сөздер: атеизм, монотеизм, шаманизм, политеизм, дәстүрлі діндер, дәстүрлі емес діндер, конфессия, діни бірлестік.

1. Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті. Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік-таптық себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі — діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әр түрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, табады. Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде олар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, айдың тұтылуы,  судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады. Ш. Уәлиханов  «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» деген мақаласында қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруге ұмтылды. Оның  пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды. Өзі қыр‑сырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді.   Үшінші қажеттілік - таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратудан туған. 



Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер,  Т.Парсонс және т.б. болды.  

 Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері. 3. Діннің құрылымын әңгіме еткенде оның қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі екенін еске ұстаған жөн. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни сана, діни мінажат және діни ұйымдар.  Қоғамдамдық сананың ерекше түрі, діни процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау және т.б.) заңды нәтижесі ретінде діни сана діни психология және діни идеология, яғни діни парасат, ақыл-ой құбылыстарынан тұрады.   Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады дегенді.    Діни идеология дегеніміз діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеяларының, ойларының белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген жиынтығы. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, қоршаған дүниені тануындағы құралы негізінен діни мазмұндағы түсініктер мен ұғымдар болып табылады.   Дін құрылымының келесі элементі - «діни мінажат». Ол дін мен оны  ұстанушылар өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олар өмірде болулары немесе ойдан шығарылған болуы мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы.    Дін құрылымының үшінші негізгі элементі діндар адамдар бірлестігі және оларды басқарудың белгілі формасы діни ұйымдар болып табылады. Діни ұйымдарға ең алдымен мешіттер, шіркеулер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар бұған діни секталар, діни оқу орындары, діни мүліктер, діни қозғалыстар, діни баспа,  діни орталықтар, діни партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар жатады.        4. Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтануының  арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.   Діннің әлеуметтік қызметтері негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді.          Бірінші бағыт - дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас ‑ адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни - абсолютті күш деп түсіндіреді.     Екінші бағыт - бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге ең алдымен - отбасының, оның мүшелері мен туған-туыскандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдет-ғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнеге-өсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің - әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.    Үшінші бағыт — реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың  өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады. Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін - ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.

Әрбір дін өзара қарама қайшы, бірақ бірін-бірі толықтыратын екі тенденциямен қиылысады: әлемді қабылдамау және әлеммен ымыраға келуге тырысу.

Әлеуметтану жеке адамдардың дәни сенімінің салдарын және басқа діндер мен әлеуметтік құрылымдардың байланысын зерттейді. Ол діни сенімнің дұрыс-бұрыстығын сараламайды.

Дюркгеймнің тұжырымдауынша, дәстүрлі тәжірибені қолдаушы және үздіксіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші болғандықтан, дін функционалды болып табылады. Вебердің айтуынша, дін жаңа ойларды туындатады, сол арқылы әлеуметтік құрылымдарды өзгертуі мүмкін. Керісінше, Маркс «дін қалыптасқан жағдайды ұстап тұрушы консервативті күш қызметін атқарады» дейді. Кейінгі конфликт теориясын зерттеушілер діннің әлеуметтік шиеленістерді туындатуда немесе басуда атқаратын қызметін анықтады.

Діннің алдында әрдайым екі мәселе тұрады: зайырлы қоғамды қабылдау немесе одан бас тарту. Айналадағы қоғамға бейімделетін және басқа діни топтарға түсіністікпен қарайтын адамдар діни ғибадатханаларға мүше болады. Заманауи өзгерістерге қарсы адамдар сектаға бірігеді. Жаңа діндер жаңа діни көзқарастарды ұсынады немесе қоғам мәдениетіне жат діндерді қолдана отырып, жаңа діни қозғалыстарды туындатады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет