Реферат Тақырыбы: Сана. Бейсана. Өзіндік сана



бет1/6
Дата04.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#79068
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия реферат



Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Университеті
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Философия
пәні бойынша 
 
 
Реферат
 
Тақырыбы: 
Сана. Бейсана. Өзіндік сана.
 
 
 
 
 
 
 
 
Орындаған: Сейдулла.Б
 
Тексерген: Оспанов.Д
 
 
 
 
 


Шымкент


Мазмұны


Кіріспе


І Психика туралы жалпы ұғым.
І.1. Психика эволюциясы.


Негізгі бөлім.
ІІ. Сана – адамға ғана тән,
ІІ. 1. Сана – психика жамуының жоғарғы сатысы.
ІІ.2. Сана мен бейсана.
ІІ.3. Өзіндік сана.


Қорытынды.


Пайдаланған әбедиеттер тізімі.


Кіріспе
Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білумен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мен Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Қоғамның дамуына орай өндіріс күштері өсті, әлеуметтік өмірде таптар пайда болды. Алғашқы құл иеленушілік мемлекет құрылды. Қоғамда адамдардың әрқилы наным-сенімдерге негізделген көзқарасы қалыптасты. Мұндай көзқарастар тек діни нанымдарға ғана негіз болып қоймай, адамның жан дүниесі туралы табиғи-ғылыми көзқарастардың туындауына да себепші болды.
Ертедегі Шығыс елдерінде, сонан соң Ежелгі Грецияда адамның тәні мен жанының сырын білуге ден қойылды. Адам тіршілігінің негізі - қан айналысына ерекше мән берілді. Тіршіліктің негізі — қан айналымындағы сұйықтық және ондағы кұрам деген түсінік қалыптасты. Ертедегі Кытай медицинасында б.з.д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Ондай нәрселер организмде тегі бөлек заттармен қосылып, адамның физиологиялық тіршілігімен бірге психикалық қызметін де реттеп отырады, мұндай тіршілік адамның сөйлеу қабілетін оятып, ойын дамытады деген тұжырым жасалды. Адамның ойын жүрегі билесе, ал оның сезімдік қызметін бауыры атқарады деп түсінілді.
Б. з. д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Бұдан кейінгі кездерде Үндістанға философиялық мектептер жан туралы түсініктерді метафизикалық-әдептік мақсаттарды дәріптеуге пайдаланды. Бұл бағыт келесі дәуірлерде түрлі жолға түсіп, жан дүние сырын адамның даралық ерекшеліктеріне орай түрліше түсіндірді. Ал иога бағытын ұстанушылар шындықты танып білу үшін адам бойындағы психикалық қасиеттердің жасырын сырларын жеңе білу керек деп уағыздады. Ертедегі Үндістан ғұламаларының пікірінше, адамның, өз ішкі дүниесінің сырын меңгеріп, оның даралық ерекшелікгерін әдептік (этикалық) жағынан іздестіріп білуге ұмтылғаны осыдан айқын байқалады.
Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық — діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б. з. д. 551—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Конфуцийдің пікірінше, адамның білімі мен психикалық сапалары — туа берілетін қасиет. Адам жаратылысынан қайырымды болып туады, бірақ оны дұрыс жолдан тайдырып, бұзатын — сыртқы орта. Сондықтан, ол өз бойындағы сырттан әсер еткен знянды қасиеттерден арылу үшін адам өзінің ішкі дүниесіне терең бойлап, ақыл-ойының кемелдене түсуіне бой ұрғаны жөн деп үйретеді.
Конфуцийдің бұл пікірін шәкірттері әрі қарай дамытып ел арасына кеңінен жайды.
Адамның тәні мен психикалық тіршілігінде қан айналу процесінің айрықша маңызды қызмет атқаратьшдығы туралы пайымдаулар келесі дәуірлерде Вавилон, Мысыр, Қытай мен Үндістан сияқты ежелгі Шығыс елдерінде де жалғасты. Мұндай жайттар организм құрылымындағы бөлшектер мен адам психикасының дамуы туралы жалпы заңдылықтардың бір арнаға келіп құятынын көрсетеді. Осындай тарихын жағдайлар адамның жан дүниесіне қатысты мәселенің өте ерте кездерде-ақ адамзат мәдениетінің, дүниетанымы мсн білімініц философиялық жүйесін, табиғат жайындағы орынды мағлұматтары мен адам психикасының өзіндік сипаттарын білдіретін ізденіс нәтижесі болғандығын көрсетеді.
Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б.з.д. VІ), Демокрит (б.з.д. V) жан – табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттың атомдарындай қозғалатын қасиет деп санады. Сонымен, жан туралы алғашкы ілім-психиканы адам тәнінің қызметі деген бірыңғай материалистік түсінікті тудырды. Сол заманның ғұлама ойшылы Платон (б. з. д. 427 — 347 жж.) жан-мәңгілік нәрсе, ол өлмейді, өшпейді деген қорытынды жасады. Ол бұл пікірімен өз заманында үстемдік құрған билеуші топтың мүддесін қорғап, психиканы түсіндіруде идеалистік бағытты жақтады. Оның көзқарасы психологиядағы материалдық пен рухани дүние екеуі бірдей қатар өмір сүреді деген дуалистік көзкарастың негізін салды.
Ежелгі дүние тарихында айрықша орын алатын энциклопедист ғалым Аристотель (б. з. д. 384—322 жж.) психологиялық ой-пікірді табиғи негізге сүйеп, биология мен медицина саласына бағыттады. Ол психика туралы ілімді одан әрі тереңірек зерттеп, «Жан туралы» деген еңбек жазды. Аристотель бұл шығармасында жан дүниесінің (психиканың) әрекетін шындық әдіс арқылы зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды мақсат етті. Психология Аристотель заманында-ақ дербес сипаттағы ғылым саласына айналғанды. Ол психиканың тәнмен бірге өмір сүретінін айта келіп, психикалық әрекеттердің басым кепшілігін материалистік түрғыдан шешті, Платонның психика жайындағы дуалистік көзқарасын объективтік шындыққа, материалистік бағытқа қарай бұрды. Сонымен, Гераклит пен Демокриттің Платон мен Аристотельдің жан жайындағы көзқарастары психологиялық ілімнің келешектегі дамуына ғылыми негіз болып қаланды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:

Зерттеу обьектісі: Адамның табиғат пен қоғам дамуындағы алатын орны, адам психикасының ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Психология


Зерттеу әдістері:

  • педагогикалық-психологиялық оқулықтар;

  • әдістемелік оқу құралдары, нұсқаулар;

  • озат педагогикалық технологиялар;

  • баспасөз материалдары.



Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет