Жанғара Дәдебаев



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата15.11.2023
өлшемі0,93 Mb.
#123700
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Жанғара Дәдебаев, 
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, 
филология ғылымдарының докторы, профессор 
ЖАҢА ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫ
1
(Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы) 
Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым. Бодандықтың, 
тәуелділіктің азабы мен ауыртпалығын әркім өзінше көріп, өзінше көтерді. 
Бірақ бодандықтың, тәуелділіктің азабы мен ауыртпалығын, залалы мен 
зардабын қазақ поэзиясындай көріп, қазақ поэзиясындай көтерген поэзия жер 
бетінде жоқ. Сондықтан да Тәуелсіздік туы көтерілгенде, Тәуелсіздік таңы 
атқанда, қазақ поэзиясындай сабырмен қуанған, ғасырлар бойы іздеген жоғын 
енді табардай болып, ғасырлар бойы күткен жақсылығы енді жетердей болып, 
келер күніне сеніммен қараған поэзия да жер бетінде көп емес десек болады. 
Тәуелсіздік қуанышы, тәуелсіз халықтың келер күніне деген сенімі 
тәуелсіздік кезеңінің поэзиясында ерекше көрініс тапты. Мемлекеттік 
тапсырыс аясында «Жаңа заман әдебиеті. Поэзия», «Қазіргі қазақ поэзиясы» 
сериялары бойынша тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының үлгілері 
баспадан шыға бастады. Тәуелсіздік заманы поэзиясының таңдамалылары 
әлем халықтары тілдеріне аударылып, баспалардан жарық көре бастады, бір 
топ ақындардың шығармалары түрік тіліне аударылып, түрік әлеміне жол 
тапты.
Тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз ел құру - ел үшін де, мемлекет үшін де, 
халық үшін де тарихи мәні бар, өмірлік маңызы зор іргелі іс. Мұндай істің 
аясындағы үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты оқиғалар, елдің әлеуметтік жағдайын 
жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, игі идеялар, мәнді 
мақсаттар, жолдаулар мен қолдаулардағы орасан ойлар тәуелсіздік заманы 
поэзиясының мазмұнын байытуға септігін тигізетін рухани құндылықтарды 
қамтыды. 
Тәуелсіз, жаңа мемлекет құру оңай болмағаны түсінікті. Социалистік 
мемлекеттің шаруашылық жүйесін жойып, жаңа,
тәуелсіз мемлекеттің 
құқықтық, басқару, атқару, саяси, шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік 
жүйелерін жасау кезеңі түрлі қиындықтармен қатар жүргені белгілі. 
Тәуелсіздік дәуірінің поэзиясында мұндай қиындықтар да, тәуелсіз 
мемлекеттің жетістіктері де лайықты көрініс тапты. 
Поэзияның ерекшеліктері, баянды байлығы мен қымбат қазынасы автор 
тұлғасының шығармашылық даралығымен тығыз байланыста қалыптасады. 
1
Негізі мына басылымда жарияланған: Қазіргі қазақ әдебиеті: ұжымдық монография / Авторлар ұжымы. – 
Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 10-44-беттер 



Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының дамуына мол үлес қосқан 
ақындардың шығармашылық даралығы олардың өмірбаян ерекшеліктерімен 
өзектес өрілген. Оларды азаматтық, шығармашылық өмірбаянының 
ерекшеліктеріне қарай басты екі топқа бөлуге болады: а) ақындық, азаматтық 
болмысы Тәуелсіздікке дейін қалыптасқан шығармашылық тұлғалар; ә) 
ақындық, азаматтық болмысы Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан 
шығармашылық тұлғалар.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі қазақ әдебиетінің барлық 
жанрында басты тақырыпқа айналды, әсіресе поэзия мен публицистикада
терең тебіреніспен пайымдалды. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз ел 
болып жарияланған жылды, Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңін ақындар мен 
көсем сөз шеберлері қатарында гүлдей жайнап, күндей балқып толғағандары 
да, ой бағып, ойланғандары да болды. 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы - тәуелсіздік рухы күрескерлік рухымен 
ұштасқан қазақ жастарының намысы ойнап, қаны қайнап, бостандыққа 
ұмтылған сұрапыл бұлқынысынан туған көтеріліс. Желтоқсан көтерілісі, оның 
құрбандары, ерлері – қазақ поэзиясының өзекті тақырыптық желісіне айналды. 
Желтоқсан көтерілісі өткен Жаңа алаң, онда Тәуелсіздік үшін төгілген қан, 
содан бері өткен әр желтоқсан айы қазақ поэзиясында ерлік рухтың ғана емес, 
қайғылы хәлдің де қозғаушы күшіне, тарихи есті жаңғыртушы қуат көзіне 
айналды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты, ақын-драматург, жалынды публицист, 
көрнекті қоғам қайраткері 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет