Диплом алды тәжірибеден өту туралы



бет1/2
Дата25.06.2022
өлшемі17,85 Kb.
#37288
түріДиплом
  1   2

Диплом алды тәжірибеден өту туралы


ЕСЕП
Студент Садырбекова Зәуреш Ерланқызы
Курс 4
Бөлім қазақ
Факультет Философия және Саясаттану
Тәжірибе өтілген жер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тәжірибе өтілген уақыт «04» сәуір 2022 ж - «07» мамыр 2022 ж.


Есеп тапсырылған күн 07 мамыр 2022 ж


Мен Садырбекова Зәуреш 04.04.2022-07.05.2022 ж аралығында диплом алды тәжірибемнен өттім.
Сәуір айының 4 күні диплом алды тәжірибе бойынша болған конференциядан кейін жетекшім Мұсатаев Сейлбек ағаймен кездесіп, жұмыс жоспарын құрдық. Қажетті ақыл-кеңестерін алдым. Құрастырылған жоспар бойынша жұмысқа кірісе бастадым.
Ең бірінші Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында дипломның тақырыбына қатысты “Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ауқымындағы Қазақстанның геосаяси басымдықтары” тағы да керекті материалдар жинастырып, әдебиеттер қарастырдым.
Сәуір айының 18 күні жетекшімен тағы кездесу болды. Бір апта бойы жинаған материалдарымды талқылап, қажетті ақпараттарды іріктедік. Жетекші дұрыс деген ақпараттарды дипломдық жұмысқа еңгізіп, қайтадан өзгертулер жасадым.
Университеттің Әл-Фараби кітапханасында жұмыс жасадым. Диплом жазғанға қажетті кітаптар іздедім. Интернет ресурстан қосымша материалдар жинастырдым. Әдебиетпен өз бетімше жұмыс істеу қабілеттерімді шыңдадым.
Дипломдық жұмыс тақырыбы Орталық Азияға қатысты болғандықтан “аймақтық қауіпсіздік, Ауғанстан мәселесі, Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмыстары” сынды материалдарды жинадым.
Сәуірдің 2-сі диплом жетекшісімен тағы кездесу болды. Дипломдық жұмысты жалпылап, тұжырымдадық. Сондай-ақ жетекші диплом тақырыбына қатысты керекті жаңалықтарымен бөлісіп, үнемі хабардар болып отыру қажеттігін атап өтті.
Қорытындылай келе, құрылған жұмыс жоспарына сәйкес кешенді жұмыс жасадым. Осындай белсенді жұмыс жүргізудің нәтижесінде диплом жұмысының тақырыбын ашып, жұмысты сәтті жазып шықтым. Дипломдық жұмыс мақсаты мен міндеттеріне жеткен, аяқталған жұмыс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет