Дипломдық жоба бес негiзгi 5 бөлiмдерден тұрады: геологиялық; технологиялық және арнайы; экономикалық


Ұңғыны пайдалану кезінде кездесетін қиыншылықтардың алдын – алу және олармен күресу шараларын талдау



бет18/39
Дата06.01.2022
өлшемі1,68 Mb.
#13942
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
2.2.2 Ұңғыны пайдалану кезінде кездесетін қиыншылықтардың алдын – алу және олармен күресу шараларын талдау
Ақінген кен орынының мұнайы аз парафинді, аз тұтқырлы, күкіртті, шайырлы ұңғыларды пайдалану кезінде қиыншылықтар негізінен НКТ қабырғаларында шайырлы заттарының жабысуымен НКТ-дың коррозиясымен, өнімнің сулануымен және құммен байланысты.

НКТ қабырғаларында шайырлы заттардың жабысуымен күресу үшін термохимиялық және механикалық әдістерді қолдана отырып НКТ-ны жүйелі түрде тазалап тұру шараларын жасап тұру керек.

Сулану 50% және одан жоғары болғанда құбырларды коррозиядан сақтау үшін ВНСС - ВНОКО сазда-038 және бактриам-607, ергіш коррозияларының ингибиторларын қолдануға кеңес береді.

Ингибиторды жүйелі үздіксіз енгізу кезінде жақсы әсер береді. Коррозия ингибиторларын дайындау және дозалау үшін БР-25, БР-10 (ОСТ-26-02-376072) блокты қондырғыларын немесе НД дозалаушы сораптар қолдануға кеңес береді.



Қорғалатын жүйеге ингибиторларды айдау үшін қажет сорап өнімділігі келесі (14) формуламен анықталады:

(14)

мұндағы: Q – қорғалатын жүйедегі сұйықтың шығыны м3/тәу.

C1- жұмысшы ерітіндідегі ингибитор концентрациясы %.

С2 – тасмалданатын сұйықтықтағы кеңес берілетін ингибитор концентрациясы г/см3



p – жұмысшы ингибитордың тығыздығы г/см3

240 – аудармалық коэффиценті.

Мұнай ұңғыларын пайдалану жағдайларында болатын коррозияның белсенді үрдістері сорапты компрессорлы құбырлардың апаттылығына және шегендеуші құбырлардың саңылаусыздығының бұзылуына әсер етеді.

Оңтүстік Ембі мұнайлы ауданын пайдалану тәжірибесі апаттардың көпшілігі НКТ-мен шегендеуші тізбектің 2 жақты коррозиясы себебінен болатынын көрсетіп отыр.

Белсенді минералданған қабат суларының әсерінен болған шегендеуші тізбектің сыртқы коррозиясы ұңғылардың сыртқы кеңістігіне цемент ерітіндісін толық көтеру жолымен алдын алуға болады, сонымен қатар Тат-НИПИНЕФТ ұсынған (РД-39-1-562-81) “мұнай кәсіпшілігінде ұңғыларды катотпен қорғауды қолдану ережелері” бойынша электрохимиялық қорғанысты (катотпен қорғау) қолданып алдын алуға болады.

НКТ және шегендеуші тізбектің ішкі беттерін қорғау үшін мұнай өндірудегі ең тиімді қорғаныс ретінде ингибиторлық қорғанысты қорғау керек. Шегендеуші тізбек және НКТ арасындағы сақиналық кеңістікке ингибиторларды мезгіл-мезгіл айдауды жылжымалы ЦР-500 көмегімен жүзеге асырылады.

Су мұнайлы түйісу орын ауыстырған сайын сулану кезінде өнімдегі жарықшақ өнімдегі механикалық қоспалардың артуы тереңдік сораптардың жұмысын қиындатады, қызметету мерзімін төмендетеді, жөндеу аралық мерзімді төмендетеді, жөндеуді қымбаттатады, өйткені ұңғыны жуа отырып одан құмды тығынды мезгіл-мезгіл алып тұру қажет болады.

Құм пайда болған жағдайда құмға қарсы сүзгілер, электрвинтті сораптар қолдану қажет.

Ақінген кен орнының мұнайында парафиннің құрамы 2,4% жетеді. Ұңғы оқпаны бойымен жылжуы кезінде мұнайдың қысымы мен температурасының төмендеуі оның фазалық жағдайларының өзгеруіне, парафинге қатысты ергіштігінің азаюына әкеледі, яғни бұл ұңғыны тереңдік және сағалық жабдықтарында парафиннің тұнуына әкеледі.

Асфальтошайырлы парафинді шөгінділерінің түзілуінде ұңғының мұнай бойынша дебиті және оның сулану дәрежесі негізгі роль атқарады. Өндіруші ұңғылардың саны өскен сайын парафинмен күресу көкейтесті мәселеге айналады. АСПО шөгінділерінің алдын алу және жою үшін химиялық тәсілдер қолдануға кеңес береді. Күресудің химиялық тәсілдеріне ұңғыларды ЭМЛ-80 припаратының сулы ерітіндісімен жуу жатады. Припаратты теңіз немесе қабаттық сулардан дайындалған ерітінділер түрінде қолдануға кеңес береді.

Сораптың жұмысына газдың зиян әсерін алдын алу үшін зиян кеңістігі азайтылған ұңғылық сораптар қолданылады, сораптың қабылдау ұшынан төмен газ жәкірлерін орнатады, сорап плунжерінің жүріс ұзындығын ұзартады, сораптың бату тереңдігін ұңғыдағы деңгейден төмен орнатады, құбыр сыртындағы кеңістіктен компрессорлардың көмегімен газды сорады және оны газ жинайтын жүйеге айдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет