Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата03.03.2017
өлшемі13,64 Mb.
#5503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қала
Жобалар саны
Тұрғын үй S 
(мың. ш.м)
Астана
3
130,3
Алматы
2
53,2
Алматы облысы
2
209,5
Ақтөбе
1
20,2
Тараз
1
3,7
Ақтау
1
51,5
Қызылорда
1
14,8
Өскемен
1
40,6
Шымкент
2
26,5
Қарағанды
1
12,9

36
Зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы қызмет туралы ақпарат
Жылжымайтын мүлік қорының екінші стратегиялық бағытын іске асыру шеңберінде 2014 жылы «Самұрық-
Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Инновациялық-технологиялық 
даму  стратегиясы  бекітілді,  ол  Жылжымайтын  мүлік  қорының  ұзақ  мерзімді  Даму  стратегиясының, 
сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ Индустриялық-инновациялық саясатының негізінде әзірленді. Стратегия 
Компанияның қызметіне инновацияларды енгізудің тиімді жүйесін құруға бағытталған. 
Отандық инновациялық-технологиялық шешімдерді дамыту және жаңа құрылыс материалдарын құру үшін 
Жылжымайтын мүлік қоры отандық ғылыми-зерттеу инститттары мен ғалымдарын белсенді қолдайтын 
болады.  Қазіргі  уақытта      NURIS  «Инттелектуалдық  жүйелер  мен  энергия  тиімділігі  зертханасымен» 
ынтымақтастық  жолға  қойылды  және  Жылжымайтын  мүлік  қорының  объектілерін  салу  кезінде 
қолданылатын  құрылыс  материалдарын  зерттеу  үшін  зертхананың  қызметтерін  қолдану  мүмкіндігі 
жөнінде келіссөздер жүргізілуде.
Сондай-ақ  2014 жылы Жылжымайтын  мүлік қоры «Жасыл  құрылыс» жөніндегі қазақстандық кеңеспен 
меморандум  жасасты,  Жасыл  комитет  құрылды,  Қоғамның  жобаларындағы  «жасыл»  технологияларды 
айқындауға қойылатын негізгі талаптардың жобасы бекітілді, Қоғамның құрылыс объектілерінде енгізуге 
ұсынылатын инновациялық технологиялардың тізбесі әзірленді.

37

38
Корпоративтік басқару қағидаттары
Жылжымайтын мүлік қоры өз қызметінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Корпоративтік 
басқару кодексінде айқындалған корпоративтік басқару қағидаттарын басшылыққа алады:
 

Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаты;
 

Директорлар кеңесі мен Басқарманың Компанияны тиімді басқаруы қағидаты;
 

Компанияның дербес қызмет ету қағидаты;
 

Компания қызметі туралы ақпаратты ашудың айқындығы мен шынайылығы қағидаттары;
 

заңдылық пен әдеп қағидалары;
 

тиімді дивиденд саясаты қағидаттары;
 

тиімді кадрлық саясат қағидаттары;
 

қоршаған ортаны қорғау қағидаты;
 

корпоративтік даулар мен мүдделер қақтығысын реттеу саясаты;
 

жауапкершілік қағидаты.
2014 жылы Директорлар кеңесі Корпоративтік басқару қағидаттарына сүйену туралы жыл сайынғы есепті 
және  Ішкі  бақылау  жүйесінің  тиімділігі  туралы  есепті  бекітті  (есептерді  www.fnsk.kz  корпоративтік  веб-
сайтынан көруге болады) 
Корпоративтік басқару құрылымы 
Жалғыз акционер - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Компанияның жоғары органы болып 
табылады.  Жалғыз  акционер  Компанияның  Жарғысында  айқындалған  құзыреттерге  сәйкес  шешім 
қабылдайды.
Басқарушы  орган  –  Директорлар  кеңесі.  Директорлар  кеңесі  Компания    қызметіне  жалпы  басшылық 
етеді,  сондай-ақ  Жалғыз  акционердің  айрықша  құзыретіне  жатқызылған  мәселелерді  қоспағанда, 
атқарушы органның қызметіне бақылау жүргізеді. Директорлар кеңесі Жалғыз акционерге есеп береді 
және оның алдында өз міндеттерінің орындалуына жауапты болады.
Атқарушы орган – Басқарма Компанияның ағымдағы қызметіне басшылық етеді, Компанияның басқа 
органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған қызмет мәселелері бойынша шешім 
қабылдайды.
Ішкі  аудит  қызметі  Компания  қызметін  жетілдіру  мақсатында  қаржылық-шаруашылық  қызметін 
бақылайды,  ішкі  бақылау,  тәуекелдерді  басқару  саласын  бағалайды,  корпоративтік  басқару  мен  кеңес 
беру саласындағы құжаттардың орындалуына бағалау жүргізеді. Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар 
кеңесіне  бағынады.  Ішкі  аудит  қызметінің  қызметкерлері  Директорлар  кеңесі  мен  Басқарма  құрамына 
сайлана алмайды.
Компанияның ұйымдық құрылымы www.fnsk.kz веб-сайтында орналастырылған.
Жалғыз акционер («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 
қоры» акционерлік қоғамы) Жоғары орган
Директорлар кеңесі 
Басқарушы орган
Басқарма 
Атқарушы орган
Корпоративтік хатшы 
қызметі
Аудит жөніндегі комитет
Ішкі аудит қызметі 
Қызметті жоспарлау және 
бағалау комитеті
Инвестициялық комитет
Тәуекелдерді басқару 
комитеті
Тағайындаулар мен сыйақылар 
жөніндегі комитет
Ақпараттық технологиялар 
комитеті
Техникалық кеңес
Жасыл комитет

39
Директорлар кеңесі  
Директорлар кеңесі мен оның мүшелерінің қызметі тиімділік пен жауапкершілік, Жалғыз акционер мен 
Қоғамның  мүдделерін  мейлінше  сақтап  іске  асыру,  кәсіби  шеберлік,  саналылық  пен  абайлампаздық, 
әділдік пен шынайылық қағидаттарына негізделеді.
Директорлар кеңесінің қызметі Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен, Директорлар кеңесі туралы 
ережемен реттеледі.
Директорлар кеңесінің сандық құрамын,  өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау жəне олардың 
өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау, сондай-ақ Директорлар 
кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау Жалғыз акционердің айрықша 
құзыретіне жатады.
Директорлар кеңесінің мүшелерін іріктеу өлшемдері
Директорлар  кеңесінің  мүшелері  мен  мүшелікке  үміткерлердің  өз  міндеттерін  орындауға  және  түгел 
Директорлар кеңесінің Жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделеріндегі тиімді жұмысын ұйымдастыруға 
қажет сәйкесінше жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, іскерлік және салалық ортада оң жетістіктері және 
мінсіз беделі болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің мүшелері мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1.  мемлекеттік  органдарда,  коммерциялық  және  өзге  де  ұйымдарда  басшылық  қызметтерде  не 
акционерлік қоғамдардың Басқармасы немесе Директорлар кеңесі құрамында кемінде 3 жыл жұмыс 
тәжірибесі;
2.  мінсіз іскерлік беделі. 
Директорлар кеңесінің мүшелігіне:
• 
жоғары білімі жоқ;
• 
өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталмаған соттылығы бар;
• 
белгіленген  тәртіппен  банкрот  деп  танылған  басқа  заңды  тұлғаның  мәжбүрлі  жабылуы  немесе 
акцияларының  мәжбүрлі  сатылуы,  немесе  қаңтарылуы  туралы  шешім  қабылдануынан  бір  жылға 
дейінгі  кезеңде  бұрын  басқа  заңды  тұлғаның  Директорлар  кеңесінің  төрағасы,  бірінші  басшысы 
(Басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған адам сайлана алмайды. Аталған 
талап белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаның мәжбүрлі жабылуы немесе 
акцияларының мәжбүрлі сатылуы, немесе қаңтарылуы туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жыл 
ішінде қолданылады.
Директорлар тәуелсіздігінің өлшемдері
«Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  1-бабы  20-тармақшасына, 
Компанияның Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес тәуелсіз директор: 
• 
Компанияның  үлестес  тұлғасы  болып  табылмайтын  және  өзі  Директорлар  кеңесіне  сайланар 
алдындағы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмаған (оның Компанияның Тәуелсіз директоры қызметінде 
болған жағдайды қоспағанда);
• 
Компанияның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын;
• 
Компанияның немесе Компанияның үлестес ұйым-тұлғаларының лауазымды тұлғаларына бағынышты 
емес  және  Директорлар  кеңесіне  сайланар  алдындағы  үш  жыл  ішінде  сол  тұлғаларға  бағынышты 
болмаған;
• 
Компанияның аудиторы болмаған және Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде 
аудитор болмаған; 
• 
аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Компания аудитіне қатыспайтын және 
өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған;
• 
Компания органдарының отырысында акционердің өкілі болып табылмайтын және өзі Директорлар 
кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай болмаған;
• 
мемлекеттік қызметші болып табылмайтын директорлар кеңесінің мүшесі ретінде айқындалады.

40
Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелері Компанияның Директорлар кеңесін басқа ұйымдардағы 
жұмысы мен Директорлар кеңесінің мүшелері қызметтерін қоса атқаратыны жөнінде алдын ала хабардар 
етеді.
Компанияның  Директорлар  кеңесінің  мүшелері  Компанияның  бәсекелес  ұйымдарында  Директорлар 
кеңесінің құрамына кіре алмайды және онда атқарушы қызметтер атқара алмайды.
Жылжымайтын  мүлік  қорының  тәуелсіз  директорлары  Ж.М.Әбдікәрімова,  М.Б.Әзірбаев  пен  Э.Хоуинк 
(Нидерланд)  осы  есеп  жасалған  күнгі  жағдай  бойынша    «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Заңында, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Жарғысы мен Корпоративтік 
басқару кодексінде айқындалған тәуелсіздік өлшемдеріне толығымен сәйкес келеді.
Директорлар кеңесінің құрамы 
Компанияның  Директорлар  кеңесінің  құрамы  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  талаптарына 
сәйкес келеді. 
2014 жылы Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесінің құрамында мынадай өзгерістер болды:
 

«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  Басқармасының  2014  жылғы  21  ақпандағы 
№06/14 шешімімен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуелсіз директоры Найджел 
Стейплтонның өкілеттігі 2014 жылғы 1 наурыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды, «Самұрық-
Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа тәуелсіз директорлары болып 
2014 жылғы 21 ақпаннан бастап Эдриан Иан Хоуинк және Әзірбаев Мұхит Бақытұлы сайланды.
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 9 шілдедегі №30/14 
шешімімен Директорлар кеңесінің құрамы жаңа мерзімге қайта сайланды:
1)  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  Директорлар  кеңесі  мүшелері 
Ж.А.Мыңжасаровтың, Б.Ә.Палымбетовтің, Ж.М.Әбдікәрімованың, Э.И.Хоуинктің, М.Б.Әзірбаевтың 
өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды;
2)  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттіктер мерзімі 3 
жыл болып айқындалды;
3)  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  Директорлар  кеңесінің  мүшелері  мынадай 
құрамда 5 адам болып сайланды:
р/с  №
Т.А.Ж.
Қызметі 
Директорлар 
кеңесіне алғаш 
сайлағаны:
1.
Мыңжасаров 
Жұмағали 
Ахметғалиұлы  
Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-
Қазына» АҚ сатып алу жөніндегі бас 
директоры
2012 жылғы 14 ақпан
2.
Палымбетов Болат 
Әбілқасымұлы 
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-
Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
Басқарма төрағасы
2011 жылғы 23 
мамыр
3.
Әбдікәрімова Жанар 
Мұратқызы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз 
директор
2012 жылғы 30 қазан 
4.
Эдриан Иан Хоуинк 
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз 
директор
2014 жылғы 21 ақпан 
5.
Әзірбаев Мұхит 
Бақытұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз 
директор
2014 жылғы 21 ақпан 
4)  Директорлар кеңесінің төрағалығына Ж.А.Мыңжасаров сайланды.

41
Директорлар кеңесінің құрамы
(2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)
Мыңжасаров Жұмағали Ахметғалиұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы 
Жалғыз акционердің өкілі
Туған күні: 30.05.1977 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 
2012 жылғы 14 ақпан
Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған күні: 
2012 жылғы 29 мамыр
Қайта сайланған күні: 2014 жылғы 9 шілде
Білімі:
2001-2004 – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 
университеті, мамандығы: қаржы және кредит, біліктілігі: 
экономист;
1994-1998 – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 
университеті, мамандығы: құқықтану, біліктілігі: заңгер.
Жұмыс орны және соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған 
қызметтері:
02.2012 қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» ұлттық 
әл-ауқат қоры» АҚ, Басқарушы директор;
01.2012-02.2012 –  «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 
қоры» АҚ, Басқарма төрағасының кеңесшісі;
2009-2011 – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі 
орынбасарының кеңесшісі.  
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

42
Әбдікәрімова Жанар Мұратқызы
Тәуелсіз директор
Туған күні: 25.02.1966 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 
2012 жылғы 30 қазан.
Қайта сайланған күні: 2014 жылғы 9 шілде
Комитеттерге мүшелігі:
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 
төрайымы;
Аудит жөніндегі комитеттің мүшесі
Білімі:
1983-1988 – Павлодар индустриялық институты, «Құрылыс 
бұйымдары мен құралымдары өндірісі» мамандығы 
бойынша (инженер-құрылысшы-технолог).
1994-1997 – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік 
университеті, «Бухгалтерлік есеп және аудит» (экономист) 
мамандығы бойынша.  
2004-2006 – Қазақстан гуманитарлық-заң университеті 
(юриспруденция бакалавры).
Жұмыс тәжірибесі:
2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстанның 
Қаржыгерлер қауымдастығы» ЗТБ Кеңесі төрағасының 
орынбасары;
2009-2011 – «Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы» 
ЗТБ, Басқарушы директор;
2006-2011 – «БТА Банк» АҚ,  Басқарма төрағасының 
кеңесшісі;
1997-2005 –  «Данабанк» АҚ,  Басқарма төрағасының 
орынбасары, Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесі 
төрағасының орынбасары.
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

43
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі,
Басқарма төрағасы
Туған күні: 28.07.1961 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні:   
2011 жылғы 23 мамыр
Қайта сайланған күні: 2014 жылғы 9 шілде
Білімі:  экономика ғылымдарының кандидаты
1997-1998 – Еуразиялық нарық институты, Экономика және 
менеджмент; 
1979-1984 – В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық 
институты, инженер – жүйелеуші техник.  
Жұмыс орны және соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған 
қызметтері:
05.2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» 
жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, Басқарма төрағасы;
2010 - 2011 –   «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, 
Басқарма төрағасының орынбасары;
2007 - 2010 –  «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік 
корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ,  Басқарма 
төрағасы;
2006 - 2007 –  «ҚазПетроМаш» ЖШС, Қадағалау кеңесінің 
төрағасы (Директорлар кеңесі);
01.2006 - 10.2006 – ҚР Экономика және бюджеттік 
жоспарлау Вице-министрі;
2002 - 2006 – Маңғыстау облысының әкімі.
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

44
Эдриан Иан Хоуинк
Тәуелсіз директор
Туған күні: 29.11.1957 ж.
Азаматтығы: Нидерланд  
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні:  
2014 жылғы 21 ақпан
Қайта сайланған күні: 2014 жылғы 9 шілде
Комитеттерге мүшелігі:  
 
 
 
Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы
Білімі:
1978-1983  –Гронинген  университеті,  Нидерланд,  MBA 
(Бизнес әкімшілендіру магистрі)
1977-1978  –    Erasmus  University,  Роттердам  Экономикалық 
факультет (бакалавр)
Соңғы уақыттағы қосымша тренингтер, курстар, семинарлар, 
тағылымдамалар:
• 
корпоративтік құқық, халықаралық салық салу, 
Еуропадағы салық салу және ХҚЕС (халықаралық 
қаржылық есептілік стандарттары) бойынша шеберлік 
кластары, Амстердам университеті.
• 
жоғарғы буын басшыларына арналған «Корпоративтік 
тиімділікті басқару» бағдарламасы, Гарвард бизнес 
мектебі, Бостон, АҚШ.
Жұмыс орны және соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған 
қызметтері:
2013 жылдан бастап – «PGGM Advisory Board Alternative 
Funds» мүшесі
2012 жылдан бастап – «Қазпошта» АҚ тәуелсіз директоры.
2012 жылдан бастап – «Bishopsfield Capital Partners» 
үлестес.
2010 жылдан бастап – Тәуелсіз қаржы кеңескері.
2008 – Шотландия Корольдік банкі Еуропалық бөлімшесінің 
әкімшілік бөлімінің жетекшісі; 
2006-2007- ABN AMRO Bank «Халықаралық клиенттер» 
құрылымдық бөлімшесінің Қаржылық директоры және 
Басқарушы директоры.
Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіне 
мүшелігі: «Қазпошта» АҚ тәуелсіз директоры
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.  

45
Әзірбаев Мұхит Бақытұлы
Тәуелсіз директор
Туған күні: 18.09.1974 ж.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы   
Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні:  
2014 жылғы 21 ақпан
Қайта сайланған күні: 2014 жылғы 9 шілде
Комитеттерге мүшелігі:
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі
Білімі:
1991-1997 жылдар – Қазақ Мемлекеттік басқару 
академиясы (қазір Т.Рысқұлов атындағы Қазақ 
Экономикалық университеті).
Жұмыс орны және соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған 
қызметтері:
2009 жылғы тамыздан бастап – «Global Building Contract» 
ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.
Қазақстан Қала салушылар одағының мүшесі, Алматы 
қаласының әкімдігі жанындағы Қала салушылар одағының 
мүшесі.                                                                                
Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіне 
мүшелігі: «Global Building Contract» ЖШС Бақылау кеңесінің 
төрағасы 
Компанияның, өнім берушілердің және Компания 
бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.   

46
Директорлар кеңесінің 2014 жылғы қызметі туралы есеп
2014  жылы  «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ-да    Директорлар  кеңесінің  10  отырысы 
(80-89-шы  отырыстар)  өтті,  олардың  ішінде  8  іштей  және  2  сырттай  отырыс.  Жылжымайтын  мүлік 
қоры қызметінің негізгі аспектілері бойынша барлығы 127 мәселе қаралып, олар бойынша 214 шешім 
қабылданды.  Берілген  41  тапсырманың  34-і  орындалды,  1  тапсырма  ішінара  орындалды,  6  тапсырма 
жұмыс үстінде. 
Сондай-ақ 2013 жылғы 2 тапсырма орындалу сатысында, бұдан бұрын олар Үлестік қатысу туралы заңға 
енгізілген өзгерістер күшіне енуіне байланысты тоқтатылған болатын.
    «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің 2014 жылы 
Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысуы:
р/с № 
ТАӘ
ДК отырыстарына қатысуы
%
1.
Мыңжасаров Ж.А., Директорлар кеңесінің 
төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу 
жөніндегі бас директоры
10-ның 10-ына
100%
2.
Палымбетов Б.Ә., Директорлар кеңесінің 
мүшесі, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын 
мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы 
10-ның 10-ына
100%
3.
Әбдікәрімова Ж.М., Директорлар кеңесінің 
мүшесі, тәуелсіз директор 
10-ның 9-ына
90%
4.
Хоуинк Э.И., Директорлар кеңесінің мүшесі, 
тәуелсіз директор
10-ның 8-іне
80%
5.
Әзірбаев М.Б., Директорлар кеңесінің мүшесі, 
тәуелсіз директор
10-ның 10-ына
100%
Директорлар кеңесінде қаралған мәселелердің негізгі топтары:
Есепті  кезең  ішінде  Директорлар  кеңесінің  отырыстарында  Директорлар  кеңесінің  құзыретіне  жататын 
қызметтің  стратегиялық  та,  ағымдық  та  мәселелері  қаралды.  Мәселелер  тізбесі  мен  олар  бойынша 
шешімдер  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  тиісті  хаттамалары  мен  шешімдерінде  көрсетілген.  
Директорлар  кеңесінің  іштей  отырыстары  2014  жылға  бекітілген  Жұмыс  жоспарына  сәйкес  тұрақты 
негізде өткізіліп тұрды. 
«Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарын басқару регламентіне сәйкес Директорлар кеңесі 
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Жалғыз акционерінің 2014 жылдан күтерін іске асыру 
бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Даму стратегиясы
 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған ұзақ мерзімді жаңа 
Даму стратегиясын (бұдан әрі – Стратегия) бекіту Директорлар кеңесінің есепті  кезеңдегі жұмысының 
маңызды бағыттарының бірі болды.     
Даму  стратегиясын  әзірлеу  мен  бекіту  барысында  Директорлар  кеңесі  Жылжымайтын  мүлік  қорының 
Жалғыз  акционерімен  және  Басқармасымен,  «КПМГ»  компаниясының  (Стратегияны  әзірлеушілер) 
өкілдерімен  бірлесіп, компанияның миссиясын, көздегенін, даму бағыттары мен сценарийін талқылады. 
«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ-ның  Даму  стратегиясын  іске  асыру  бойынша  2014 
жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

47
«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы 
Есепті  кезеңде  Директорлар  кеңесі  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы  шеңберінде  тұрғын  үй 
құрылысы  жобаларын  іске  асыру  жөніндегі  есепті  бекітті.  «Қолжетімді  баспана-2020»  бағдарламасы 
бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша тұрғын және коммерциялық 
(тұрғын  емес)  үй-жайларды  өткізу  қағидалары  жаңа  редакцияда  бекітілді,  бірқатар  инвестициялық 
жобалар қаралды.
Есепті  кезеңде  Директорлар  кеңесі  Қордың  Директорлар  кеңесінің  2014  жылға  арналған  жұмыс 
жоспарына  сәйкес  Жылжымайтын  мүлік  қорының  ішкі  қызметін  реттейтін  бірқатар  негізгі  мәселелерді 
қарады. Директорлар кеңесінің шешімдерімен мыналар бекітілді:
 

Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуекелдерді басқару бойынша 2013 жылға, 2014 
жылғы 1, 2, 3-тоқсандарға арналған есептері;
 

2014 жылға және болжалды 2015 жылға арналған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» 
АҚ тәуекелге зауқы және тәуекелдерге төзімділігі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2014 жылға арналған негізгі тәуекелдер 
көрсеткіштері;
 

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның болжалды 2015 жылға арналған тәуекелдер 
тізілімі мен картасы;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тәуекелдерді басқару саясатының жаңа 
редакциясы;
 

2013 жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ объектілерін салу кезінде Құрылыс 
салушылар сатып алған тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қазақстандық қамту 
туралы есеп;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-да тәуекелдерді басқарудың тиімділігін бағалау 
туралы есеп; 
 

Ішкі аудит қызметінің 2013 жылға, 2014 жылғы 1, 2, 3-тоқсандарға арналған есептері;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің мансабын дамыту 
жөніндегі жетекшілік;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің және оның жетекшісінің 
2014 жылға арналған негізгі қызмет көрсеткіштері;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметін дамытудың  2015-2017 
жылдарға арналған стратегиялық жоспары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2015 жылға арналған 
жылдық аудиторлық жоспары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Корпоративтік хатшысының және Корпоративтік 
хатшы қызметі қызметкерлерінің 2014 жылға арналған НҚК карталары мен мақсат карталары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ корпоративтік басқару  қағидаттарына сүйену 
туралы 2013 жылға арналған есеп;
 

Жасалуына мүдделілік бар «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жасасқан ірі 
мәмілелер мен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есептер;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2011-2015 жылдарға арналған Даму 
жоспарының 2013 жылғы, 2014 жылдың 1-тоқсаны, 6 және 9 айы ішіндегі орындалуы туралы 
есептер;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2014-2018 жылдарға арналған Даму 
жоспарын түзету;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2015-2019 жылдарға арналған Даму 
жоспары;
 

2013 жылғы нақты мәндері көрсетілген «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 
басшы және басқарушы қызметкерлерінің негізгі қызмет көрсеткіштерінің карталары,  және 2013 
жыл қорытындылары бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшы және 
басқарушы қызметкерлеріне сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды;

48
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің 2013 
жылға арналған негізгі қызмет көрсеткіштерінің карталары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Инвестициялық жобаларды әзірлеу мен қарау 
қағидалары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған Инновациялық-
технологиялық даму стратегиясы;
алдын ала мақұлданды:
 

Директорлар кеңесінің және Корпоративтік хатшының 2013 жылғы, 2014 жылдың 1-тоқсаны, 6 және 
9 айы ішіндегі қызметі туралы есеп;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2013 жылға арналған жылдық есебі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның 2013 жылға арналған жылдық қаржылық 
есептілігі;
мынадай ішкі құжаттарға өзгерістер енгізілді:
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Іскерлік әдеп кодексі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және 
сыйлықақы беру қағидалары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басшы және басқарушы қызметкерлерінің, Ішкі 
аудит қызметі жетекшісінің және Корпоративтік хатшысының қызметін бағалау және сыйақы төлеу 
қағидалары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу және 
қарау қағидалары.
мыналар қаралды:
 

2013 жылғы қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары бойынша тәуелсіз аудиторлық  ұйым 
«Эрнст энд Янг» ЖШС-ның ұсыныстарын орындау бойынша іс-шаралар жоспары;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Ақпаратты ашудың айқындығы мен тиімділігі 
туралы 2013 жылға арналған есебі;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның туризм саласындағы инвестициялық 
жобаларды іске асыруға коммерциялық негізде қатысуына тұжырымдамалық көзқарасты әзірлеу 
туралы ақпарат;
 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Омбудсменінің 2013 жылғы қызметі туралы 
есебі. 
мынадай кадрлық тағайындаулар жасалды:
 

Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №81 шешімімен А.Ш.Ахмеров «Самұрық-Қазына» 
жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
 

Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 2 маусымдағы №83 шешімімен «Самұрық-Қазына» 
жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Омбудсменінің өкілеттігі ұзартылды.
Жалғыз акционерінің пікірін ескеріп, Директорлар кеңесі қабылдаған 
шаралар
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 3 қазандағы №56/13 шешімімен бекітілген «Самұрық-
Қазына»  АҚ  Еншілес  және  тәуелді  ұйымдарды  басқару  регламентіне  сәйкес  Директорлар  кеңесінің 
отырыстарында өз мүддесін білдіру үшін Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесінің құрамына 
өз өкілдерін тағайындайды.
Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесіндегі Жалғыз акционердің өкілі – Ж.А.Мыңжасаров. 
Регламентте көрсетілген тәртіпке сәйкес Жалғыз акционердің өкілі Директорлар кеңесі отырыстарының 
күн тәртібі мәселелері бойынша өз пікірін қалыптастырады, Директорлар кеңесінің отырыстарында Жалғыз 
акционерінің  ұстанымын  білдіреді.  Аталған  жайт  Директорлар  кеңесі  отырыстарының  хаттамаларында 
көрсетіледі,  оны  күн  тәртібі  мәселелері  бойынша  дауыс  беру  кезінде  Директорлар  кеңесінің  басқа 
мүшелері ескереді. 
Жалғыз  акционер  Директорлар  кеңесіндегі  өзінің  Өкілі  арқылы  «Самұрық-Қазына»  АҚ-ға  қатысты 
мәселелерді Жылжымайтын мүлік қорының Директорлар кеңесіне қарауға енгізуге бастамашылық етуге 
құқылы.

49
Директорлар кеңесінің комитеттері 
Таңдаулы  халықаралық  тәжірибеге  сәйкес  тәуелсіз  директорлар  Комитеттердің  төрағалары  болып 
сайланды. 
2014  жылы  Директорлар  кеңесі  комитеттерінің  құрамында  мынадай  өзгерістер  болды:  Жылжымайтын 
мүлік қоры Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 20 наурыздағы шешімімен, №80 хаттама:
 

Жылжымайтын мүлік қоры Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің төрағасы Найджел 
Стейплтонның өкілеттігі 2014 жылғы 1 наурыздан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылды;
 

Эдриан Иан Хоуинк Жылжымайтын мүлік қоры Директорлар кеңесі Аудит жөніндегі комитетінің 
төрағасы болып сайланды; 
 

Әзірбаев Мұхит Бақытұлы Жылжымайтын мүлік қоры Директорлар кеңесі Тағайындаулар мен 
сыйақылар жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайланды.
Есепті  кезеңде  Директорлар  кеңесі  Комитеттерінің  отырыстарында  2014  жылға  бекітілген  Жұмыс 
жоспарына сәйкес Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын қызмет мәселелері қаралды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет