Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады. Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.11.2023
өлшемі172,7 Kb.
#130858
  1   2   3   4   5   6   7


Дисграфияның белгілері
Жазудың 
бұзылуын белгілеуде, негізінде, 
дисграфия, агрофия, 
дизорфография, эвалюциялық дисграфия (
баладағы оқуды меңгеру үрдісінің 
бұзылуын белгілеуге) деген терминдерді қолданады. 
 
Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты 
және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады.Ондай қателерді 
төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру
сөздік дыбыстық, буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде сөздердің бірге 
жазылуы, 
аграмматизмдер. 
Сонымен 
қатар 
дисграфияда 
сөзсіз 
функциялардың бұзылуының белгілері де байқалады.
 
И. Н. Садовникова жазудағы қателерді толық анықтап жүйелеу және 
түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін ерекше қателерді деңгейлік 
принципке сүйеніп талдау қажет деп есептейді. Соның негізінде ерекше 
қателерді үш топқа бөледі: 
- әріп және буын деңгейіндегі қателер; 
- сөз деңгейіндегі қателер; 
- сөйлем деңгейіндегі қателер. 
Әріп және буын деңгейіндегі қателер 
1.
 
Бастауыш сынып оқушыларының жазуында жиі кездесетін қателер 
әріпті немесе буынды тастап кету (түсіп қалуы). Мысалы, 
қармақ-қрмақ; 
балапан-бапан, тырна-трна.
Сөздегі екі немесе одан да көп әріптердің түсіп 
қалуы дыбыстық талдаудың күрделі түрде бұзылуының салдарынан болады 
да, сөздің құрамын мүлдем бұзылуынана әкеліп соғады. Мысалы, 
қант-қт, 
қуыршақ-қуырша. 
2.
 
Әріптер мен буындардың орнын ауыстыру сөздегі дыбыс кезектілігін 
анықтап талдау қиыншылықтарының салдарынан болады. Сөздің буындық 
құрамы сақталуы мүмкін 
( пенал-пелан, кран-канр). 
3.
Әріптерді қосып жазу (артық әріп қосу). Мысалы, 
шалбар-шыалбар, 
шалбыар, бақшада-бақшыада, құрт-құырт.
Мұндай қателер жазу кезіндегі 
сөзді іштен жәй айтып отырған кезде қосымша дыбыстар естілуінің 
салдарынан байқалады. Мысалы, бала «бақшаға» сөзін жазу кезінде сөздегі 
әріптерді іштен айтып отырып жазады, және әріптерді баяу айтады, сонда «Ш» 
әрпін жазғанда «ШЫ» бірнеше рет айтып қайталайды. Жазуда жиі кездесіп 
жүрген қателер сөздегі әріптердің қайталанып жазылуы. Мысалы, (
Аарман, 
Шшана, Оорман)
. Мұндай қателер бірінші сыныпта сауат ашу кезеңіндегі 
балалардың графомоторикалық дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде 
байқалуы мүмкін. Егер де қосып жазуда кездесетін қателерді (
қуырт, бақшы, 
аға, Аарман
) салыстырып қараса олардың себептері әр түрлі екенін байқауға 
болады, соған байланысты түзету жұмысының бағытында өзгеше болу тиіс. 
Жазуда кездесетін жиі қателер-әріптерді алмастыру болып табылады. Оқушы 
сөз құрамындағы дыбыстарды бөліп айта алғанымен, оны белгілейтін керекті 
әріпті таңдап сәйкестендіре алмайды. Ондай қателер төмендегідей 
жағдайларда байқалуы мүмкін: 
-
фонема мен графиканы сәйкестендіре алмаған жағдайда; 


-
акустикалық-артикуляциялық жағынан ұқсас дыбыстарды анық 
ажырата алмаған жағдайда; 
-
жазылу ұқсастығы бойынша ұқсас әріптерді ажырата алмаған 
жағдайда. 
Бір әріпті екінші әріппен тұрақты алмастыруы сирек кездеседі. Көбінесе 
әріптерді шатастыру жиі байқалады, онда жазуда бір әріп бірде дұрыс, бірде 
қате белгіленеді. Шатастырудың үш түрі байқалады:
-
акустикалық-артикуляциялық 
-
оптикалық 
-
кинестетикалық ұқсастық бойынша шатастыру
 
Персевирация, антиципация 
Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму 
салдарынан болады. Персеверация (тұрып қалу, тұтығып қалу) мысалы, сөзде: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет