Диссертация «Қазіргі қазақ Әдебиетіндегі табиғат лирикасы»



жүктеу 376.17 Kb.
Pdf просмотр
бет7/7
Дата30.12.2016
өлшемі376.17 Kb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
Қорытынды

Қазіргі   қазақ   поэзиясында  

  тамырын   табиғатпен

байланыстырып,   туған   өлкесіне   жыр   арнамаған   ақын   кемде-кем.

Мұнда   бір   жазылмаған   заңдылық   та   бар   сияқты,   адам   ең   алдымен

дарақ сияқты, табиғаттан, туған топырағынан нәр алып   жазушының

қалам қуаты қандай биікке көтере алса, оның орны сол жерде болмақ .

Табиғатқа  арналған  қазақ ақындарының жырларын саралап,  зерттеп

зерделеген кезімізде әр буын туған табиғатты өз таным,   түсінігімен,

түйсігімен, бояу-нақыштарымен, көркемдік тәсілдерімен ата дәстүрін

дамытып жырлауға тырысып отырған. 

Қорыта   келгенде,   жалпы   табиғат,   қоршаған   орта   қазақ

ақындарының лирикаларында  кеңінен орын алып  жырланып келеді.

Қазақ поэзиясының көп ғасырлық тарихындағы көркемдік дәстүрлер

үрдісінде табиғаттың жаңаша жаңғыра жырлануынан лирикалық жанр

табиғатындағы эстетикалық танымның әсемдік тағылымын танимыз.

Шоқан   айтқандай:     табиғат   пен   адамнан   тіршілікте   одан

ғажап, одан құпия ешнәрсе жоқ . 

Махаббат,   саяси   философиялық,   табиғат   лирикасы   деп

шартты   түрде   бөлгенімізбен,   түптеп   келгенде,   бұл  

–  адам   мен

табиғаттың   қарым-қатынасын   танытатын   лирикалық   жанр   түрі.

Табиғат адам мінез-құлқын характерін ашатын көрініс, бейне, фон. Бір

қарағанда   табиғат   лирикаларында   тартыс,   сюжет   жоқ   та   сияқты

сезіледі.     Шынында   да   солай   ма?   Туған   жерге  деген   сүйіспеншілік

табиғаттың   сұлулығын   танумен   оны   өзгеге   таныту,   оқушының

эстетикалық талғамын ұстарта түсу, жанына жалын, жүрегіне от қосу

емес   пе?   Бұл   дегеніміз   сөзсіз   жаңа   ұрпақ   бойында   эстетикалық

талғамды   қалыптастыру   үшін   күрес   деген   сөз.   Демек,   тікелей

болмағанымен   мұны   тереңірек   қарастырсаң   мазмұнында   күрес

жатқанын   сезіну   қиын   емес.   Бұл   табиғат   сұлулығы   мен   оны   тани

білетін адам жанының, ойының қабысуы  гармониялық үйлесімділігін

сақтау үшін күрес. Адамға деген сүйіспеншілік пен махаббаттың өзі

79


де түптеп келгенде осы табиғатқа деген сезімнің бір бөлшегі. Өйткені

адам 


– табиғаттың перзенті.

  Табиғат   құбылыстарын   бейнелеудегі   қол  жеткен   көптеген

жаңалықтарды,   жақсы   нышандарды   жетістік   дей   отырып,   дәстүрлі

бейнелеулер, теңеулер, кейбір қайталаулар әлі де орын алып жатқанын

жасырудың керегі жоқ. 20-30-жылдары қазақ ауылының бар жаңалығы

ақындарымыздың   лирикасында   кең   көлемде,   мол  жырланған   жақсы

дәстүрі бар еді. 50-ші жылдардан бері қарай осы дәстүрдің ілгері дами

алмай   келе   жатқан   жайы   сезіледі,[49.40]  

–  деп   сыншы,   ғалым

М.Қаратаев өз ойын білдірсе, ол да артық айтылмағандығы.

Қазақ   даласының,   ауылының   қазіргі,   бүгінгі   жаңалықтары

20-шы   жылдардағыдай   кең   көлемде   жырланбай   келеді.   Қаланы

жырлау,   урбанизация   процесі   ақындарымыздың   алдында   тұрған

күрделі   тақырыптардың   бірі.   Ал,   табиғат   туралы   жазылған   көп

өлеңдердің тапқыр, нақты, жанды суреттерінде әлеуметтік астарлар,

өзекті   мәселелер,   меңзеулер   үнемі   жетісе   бермейтінін   де

ұмытпағанымыз жөн.

Біз   сөз   еткен   сонау   жыраулар   поэзиясынан   бастап,   Абай

қалыптастырған   дәстүр   мен   одан   кейінгі   жыр   өкілдерінің

поэзиясындағы   табиғат   лирикасында   уақыттың   кескін   келбеті,

понорамасы, бедер бейнесі ғана емес, өзі өмір сүрген қилы заманның

жай-жапсары сол заманда тіршілік кешкен адам жайлы айқын көрініс

тауып отырады. Поэзия 

– халық жадының айнасы.

Сол дәуірдің тіпті, табиғаты таза,  мөп-мөлдір суы, аңы мен

құсына   дейін   жырларда   әдемі   бейнеленген.   Уақыт   тынысын   сезіп,

сезініп отырамыз. Замана сыры әр жолдан, әр шумақтан айқын сезіліп

жатады. Бұл да өлең сөздің құдіреті болса керек.

Оқушысын   өз   жыры   арқылы   туған   топырағын   сүюге

баулыған ақындар легі Сәкен, Ілияс, Мағжандардан кейін бұл үрдісті

кейінгі толқын жалғастырып, дамыта білді. Ілияс дегенде санамызға

Жетісу өңірінің суреті бейнеленіп, Сәкен,  Мағжан есімдерін айтқан

кезде   сырлы   да   сұлу   Көкше   елестейді.   Десек   те,   әр   ақынның

ерекшелігі,   сүйіп   жырлайтын   тақырыбы   бар.   Көкшетауды   сөзіне,

жырына   қоспаған   ақын   бұл   дәуірде   кемде-кем.   Бұл   қазақ   жұртын,

табиғатын   шын   беріле   жырлап,   туған   топырақты   соншалықты

қадірлеуінің белгісі.

ХХ   ғасыр   басындағы   қазақ   лирикасындағы   айрықша

байқалатын ерекшелік 

– адамдардың  іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын,

қалайда табиғат құбылыстарымен байланыстыра жырлау. Лирикалық

қаһарманның қуанышы да, күйзелісі де табиғатпен егіз. Шынында да

адамзаттың өсу, өркендеу жолындағы сырласы 

– табиғат болды. 

Біз табиғат лирикасын қарастырған кезде әр кезеңнің өзіндік

ерекшелігіне куәгер болдық. Мұқағали, Жұмекендер табиғат пен адам,

адам мен табиғаттың ажырамастығын жырларында көсіле жырлады.

Табиғатты көркем туындыға тиек еткенде, жалпы әрбір суреткер оған

өзінің қарым-қатынасын, кейде көзқарасын да білдіріп отырады, сол

80


арқылы адам өмірін, тағдырын, тіршілігін жырлауды белгілі деңгейде

нысана етеді.

 Мұқағали тебіренгеніндей, әр ақын өзін табиғат-ананың бір

бөлшегімін деп санайды.  60-70-жылдардағы ақындар өлеңінде тағдыр

мен табиғат құбылысы қатар суреттеледі.

Жастар   поэзиясы   табиғаттың   сырлы   сұлулығын   жырына

арқау етуімен ерекшеленеді. Олардың өлең арнасынан сезім пернесін

шертер   туған   жер   сұлулығына   деген   іңкәрлік,   сүйіспеншілік   есіп

тұрады.   Сүйген   сұлуын,     қоғамды   немесе   көңіл-күйін   жырлап

отырғанның   өзінде   қалайда   табиғат   құбылыстарымен   астастырып

ойлы   салмақты   теңеулер   жасайды.   Ауыл   мен   қала,   табиғат   пен

адамның   арасындағы     табиғи   қарым-қатынас   арнасы   бұзылып,

табиғатқа адамның бір жақты қатынасы үстемдік ете бастаған кезде,

табиғат,   қоршаған   орта,   экологиялық   дағдарысқа   душар   болып

отырған   қазіргі   кезеңде   поэзияда   туған   жер   топырағына   арналған

өлеңдерде мұң, не болмаса өткенді аңсау сарыны аңғарылып жатады.

Қазақ   поэзиясындағы   табиғат   лирикасы   үнемі     дамып,   көркемдік

биіктікке көтеріле беретін өміршең құблыс деуіміз керек.  

Жоғарыда біз сөз еткен қазақ әдебиеті өкілдерінің табиғатты

жырлаудағы озық үлгілері, бүгінгі таңдағы жастар поэзиясынан орын

алуының себебі де осы жалғастықтан дәстүр сабақтастығынан шығып

жатады. Қазақ елінің бай да байтақ, дарқан даласы, жайқалған жасыл

желекті табиғаты, шөлі мен шөлейті, тау мен тасы, өзен-көлдері, аң-

құстары базарлы тіршілігіміздің байлығы. Жыр жанарларынан соны

көреміз, табиғат-ананың тынысын сезінеміз.

Табиғаттың   тылсым   сырына   үңіліп,   жаңа   көркемдік

тұрғыдан   игеру,   зерттеп   зерделеу,   жаратылыс   бейнесінің   тәңір

жаратқан   кейпінің   мінез-қасиеттерін   адамзаттың   бойындағы   кісілік

сипаттарымен үндестіру, үйлестіріп бүтін бітім жасау 

– қазақ табиғат

лирикаларындағы   жетістік,   жаңалық   деу   керек.   Бұл   дәстүр   мен

жаңашылдық бүгінде жалғасып өміршеңдігін дәлелдеп келеді.

81


Қолданылған деректер тізімі

1. Н.Төреқұлұлы. Қазақтың 100 би-шешені. Алматы,  Қазақстан , 1995,

56-57-беттер.

2. Ахметов З. Казахское стихосложение. А-Ата, 1964 с. 254-256.

3. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық. Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев,

А.,  Жазушы , 1989, 1-том, 384-бет.

4.   Э.Қ.Пертаева.   Д.Бабатайұлының   ақындығы.   А.,     Қазақ

университеті , 2000 ж, 331-б.

5. Байрон. Собр. Соч. В 3-х томах 

– Том 2, Москва,  Художественный

литература , 1972, стр. 465

6. Шелли. Письмо. Статьи. Фрагменты. 

– Москва,  Наука , 1972, стр.

417


7. Қабдолов З. Көзқарас. Талдаулар мен толғаныстар. А.,  Рауан  1996,

256-б.


8. Е.Ысмайылов. Әдебиет және ойлар. А.,  Жазушы , 120-б.

9.   М.Әуезов.   Жиырма   томдық   шығармалар   жинағы.   А.,     Жазушы   ,

1985, 137-б.

10. Қабдолов З. Көзқарас. А.,  Рауан , 1996, 33-б.

11.   М.Әуезов.   Жиырма   томдық   шығармалар   жинағы.   20-т.,   А.,

Жазушы , 1985, 118-б.

12. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. А.,  Жазушы , 1985, 75-б.

13. Кенжебаев Б. Көне әдебиет туралы // А., 1969, 19-б.

14.  Выходцев   П.С.   Национальное   и   интернациональное   в   эстетике

социалистического реализма

”., М., 1973. “Высшая школа”, С.119.

15.   М.Әуезов.   Жиырма   томдық   шығармалар   жинағы.   20-т.,   А.,

Жазушы , 1985, 150-б.

16. Қалиев С. Абай және халық дәстүрі, Қазақ тілі мен әдебиеті, 1992,

№10.

17. Егемен Қазақстан, 22 ақпан, 



№ 43-46 (24299), 2006 ж.

82


18.   М.Әуезов.   Жиырма   томдық   шығармалар   жинағы,     20   т.,   А.,

Жазушы , 1985, 105-б.

19.Бұл да сонда, 163-б.

20. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Өлеңдер жинағы. А.,  Ғылым  1974.

21. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. А.,  Ғылым , 1994, 37-б.

22. Қазақ халық әдебиеті (көп томдық). 2-т. Бабалар жыры. Алматы,

Жазушы . 1986, 288-б.

23. Құдайбердіұлы Ш.Шығармалар жинағы. А.,  Жазушы , 1988, 12-б.

24.  Қазақ халық әдебиеті. 3-т. Батырлар жыры. А.,   Жазушы , 1987,

304-б.


25. Б.Әбдіғазиев. Шәкәрім шығармасының дәстүрлік және көркемдік

негіздері.   Автореферат.   (филология   ғылымдарының   докторлығын

қорғау үшін.)

26. Құдайбердіұлы Ш.Шығармалар жинағы. А.,  Жазушы , 1988, 12-б.

27. Дүйсенов М. Ғасырлар сыры. А.,  Жазушы , 1965, 25-б.

28. Қаратаев М. Эпостан эпопеяға. А.,  Жазушы , 1969, 25-б.

29. Жансүгіров І. Шығармалар. І том. Алматы, 1960, 43-бет.

30. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. Алматы, 1960, 124-бет.

31. М.Жұмабаев. Шығармалары. А.,  Жазушы , 1989, 420-бет.

32. М.Жұмабаев. Шығармалары. А., 

“Жазушы”. 1989, 140-бет.

33. Сонда. 136-бет.

34. І.Жансүгіров. Бес томдық шығармалар жинағы. 1-т. А.,  Жазушы ,

1986, 57-бет.

35. С.Сейфуллин. Шығ., 1-том А.,  Жазушы , 1986, 21-б

37. 


“Л.Н.Толстой в воспоминаниях современников”  М., 1955, І том,

272-273-беттер

38. И.С.Тургенев. полное собрание сочинении. М., 1967, 254-б.

39. Т.Айбергенов. Аманат. Алматы, 1975,  Жазушы , 107-б.

40.  Белинский В.Г. Избранные статьи. Москва, 

“Детская литература”.

1984, с. 64.

42. М.Әлімбаев. Көңіл күнделігінен. А.,  Жалын , 1980, 149-бет.

43.   Бердібаев   Р.   Қазақ   совет   әдебиетінің   қалыптасуы.   1930-1940

жылдар аралығы. А.,  Мектеп , 1971, 200-бет.

44.  Базарбаев   М.   Замана   тудырған   әдебиет.   Таңдамалы   ғылыми

зерттеу. Алматы,  Ғылым , 1997, 504-б.

45. Жақыпбаев Ж. Көктемгі хаттар. Жыр кітабы. Алматы,   Жалын ,

1984, 287-б.

46. Гете И.В. Об Искусстве. М., Искусства, 1975, стр. 623.

47. Райымбекұлы. Ай (өлеңдер жинағы) А., 

“Жазушы”, 2001, 99-бет.

48. Б.Беделханұлы. Көкемарал, Астана, 

“Елорда”2001, 5-б.

49. М.Қаратаев. Жанр сипаты. А.,  Ғылым , 1971, 40-бет.



83

Каталог: library -> magpdf
magpdf -> И. Р. Гросс СҰлтанмахмұт торайғыров шығармашылығының тілі
magpdf -> Магистратура «Журналистика және қазақ филологиясы» кафедрасы магистрлік диссертация сын есім шырай категориясы теориясының қалыптасуы
library -> М.Өтемісов атындағы БҚму ғалымдарының ғылыми еңбектерінің сериясы / Тарих
magpdf -> Диссертация 6N0205 «Қазақ филологиясы»
magpdf -> Б. М. Кусманова Ж. Аймауытовтың шағын әҢгімелеріндегі («Әнші», «елес») етіс категориясының функционалдық Қызметі
magpdf -> Х. В. Бекбосынова функционалды грамматика ұҒымдарымен етістің Ұштасуы (КӨркем шығарма мәтіндер негізінде) 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Магистратура
magpdf -> Магистерлік диссертация
magpdf -> А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация
magpdf -> Н. Ж. Туралина Қазақ поэзиясы: стиль және бейнелілік


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет