Джон Фиджеральд Кеннеди 1971 ж 29 мамырда Массачусетс штатынын Бостон аласы Бруклин ауданында дџниеге келді



бет1/9
Дата27.11.2023
өлшемі464,5 Kb.
#130112
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дип.-Джон-Ф.Кеннеди-саясаткер-және-дипломат


Джон Ф.Кеннеди саясаткер және дипломат
МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе.


І-тарау. Кеннедидің өмірі мен қызметі
1.1.Джон Ф.Кеннедидің өмірі
1.2.Джон Ф.Кеннеди. Конгрестен Ақ үйге дейін
1.3.Джон Ф.Кеннедидің ішкі реформалары


ІІ-тарау.Джон Кеннедидің сыртқы саясаты
2.1.Кариб дағдарысы
2.2.АҚШ және Үндіқытай
2.3.Ақ үйдің Африка және Латын Америкасында
жүргізген саясаты
2.4.Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы


ІІІ-Қорытынды
ІV-Пайдаланылған әдебиеттер
V-Сілтемелер тізімі
Кіріспе

Джон Фитцджеральд Кеннеди АҚШ-тың ең танымал әрі жас президенттердің бірі.Джон Кеннеди АҚШ президенті қызметінде тура 1936 күн болды және осындай аз ғана уақыттың ішінде ішкі-сыртқы саясатта көптеген өзгерістер жасап үлгерді.Ол президент постына келмес бұрын демократиялық және республикандық қарсыластарымен ұзақ күресуге мәжбүр болды.Джон Кеннедидің Ақ үйге дейінгі жолы оңайға түскен жоқ. Бұл жол Трумэн мен Эйзенхауердің жолына қарағанда өте қиын болды.Сондай-ақ жас президенттің өмірінің соңы да өте қайғылы аяқталды.


60 – жылдары АҚШ оңшыл реакция күштерінің өте жоғары белсенділік танытқан кезеңі еді.Әскери өндіріс кешені монополиялары, әскерилер және Орталық барлау басқармасы – барлығы да сыртқы саясатқа араласуын үдете түсті. Олар қарулану жарысын өрістетуді,социалистік және дамушы елдерге қарсы агрессиялы саясатты талап етті.
Джон Кеннедидің АҚШ Конгресіндегі қызметі оны билік басына келуі және президент қызметіндегі жұмысы АҚШ сыртқы саясатының бағытын анықтайтын және бақылайтын күштердің дәл ортасында болды. Президенттің және оның айналасындағылардың жеке көзқарастары саясат мәселесінде және АҚШ сыртқы саясатының бағытын айқындауда белгілі роль ойнады, бірақ оның қызмет уақытында бұл көзқарастардың шешуші маңызы болмады.
Президент Кеннеди алғашқы екі жылда айтарлықтай дәрежеде «қырғи – қабақ соғыста » жақтаушылардың жетегінде жүрді және үкіметті құруда және АҚШ сыртқы саясатын жүзеге асыратын Уолл – Стрит монополистік топтармен тығыз қарым – қатынаста болды.Шынында да, 1961 жылдың сәуірінде Куба халқына қарсы авантюрасы әлсіздікке ұшырағаннан кейінгі екі жылда Кеннеди көптеген мәселелерде авантюралық әрекетке баруды талап еткен американ әскер басыларының қысымына жиі ере бермеді. Тек үшінші жылы ғана Кеннеди «қырғи-қабақ соғыс» саясатының шеңберінен шығуға ұмтылыс жасады. Оның бұл шешуші қадамдары халықаралық тұрақтылыққа, американ-кеңес қатынастарының дамуына оң септігін тигізді.
Джон Кеннеди өз өмірің соңына қарай сыртқы саясатта парасатты бағыт ұстануға деген ниетін ашық білдіре бастады. Бірақ, мұндай әрекетке баруға АҚШ монополистік капиталы мүмкіндік бермес еді.
АҚШ - өте құдіретті империалистік держава. АҚШ басқарушы топтарының жүргізіп отырған агрессивті саясаты халықаралық тұрақтылыққа кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, бұл саясат социалистік елдердің қарсылығына және ұлт-азаттық қозғалыстардың өсуіне әкеліп соқтырды.
Кеннедидің АҚШ және әлем тарихында алатын орны ерекше. Өйткені, ол барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен шешуге тырысты. Сол кездегі әлемді дүрліктірген «қырғи-қабақ соғыстың» жұмсаруына үлесін қосқан бірден-бір президент. Сондықтан да Кеннедидің билік еткен кезеңін «жылымық» кезең деп атайды. Сондай-ақ, ол Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне АҚШ
капиталын енгізуде «жұмсақ» әдісті қолданды. Кеннеди соғыс одақтарын нығайтуға, АҚШ-тың соғыс қуатын арттыруға, сондай-ақ басқа елдерге экономикалық «көмек» беру мен ықпал жасау әрекеттерін «коммунизмді тежеу», АҚШ-тың және тұтас алғанда, күллі капиталистік жүйенің позицияларын нығайту мақсатына пайдалануға шақырды./1/
Тақырыптың өзектілігі: 60-жылдардағы әлемдегі халықаралық жағдайды ғылыми тұрғыдан зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Кеннедидің сол кездегі бүкіл әлемге төнген қауіп-қатерді сейілтуде атқарған жұмысы өте зор. Оның жүргізген сыртқы саясаты, әсіресе социалистік елдер соның ішінде КСРО-мен жүргізген ымырашыл саясатын айта кеткен жөн. Оның құпия өлімі де қазіргі күнге дейін нүкте қойылмаған сұрақтардың бірі. Сондай-ақ ол сол кездегі әлемдегі халықаралық тұрақтылықты сақтауда және АҚШ позициясын беріктендіруде аянбай қызмет істеген АҚШ президенті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет