Дєрістіњ жоспары


Гомеопатиялық суппозиториялар



бет20/24
Дата22.12.2022
өлшемі455 Kb.
#58976
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
4.12. Гомеопатиялық суппозиториялар
Гомеопатиялық суппозиториялар – бөлме температурасында қатты, ал дене температурасында еритін дозаланған дәрілік түр. Олар негізінде біркелкі тараған гомеопатиялық дәрілік заттардан тұрады.
Бір суппозитория массасы болуы керек:
Балалар үшін – 1,0 г жуық.
Үлкендер үшін – 2,0 жуық.
Суппозиториялар дайындау үшін негіз ретінде какао майы, гидрогенизирленген майлар («А» және «Б» түріндегі қатты майлар, «Суппорин - М», «Массупол» негіздері) қолданылады. Барлық қолданатын негіздер гомеопатияда қолдану үшін рұқсат етілген болуы керек.
Балаларға арналған суппозитория дайындау үшін ережедегідей негізде: какао майы және қатты майлар «А түрі».
Ереже бойынша гомеопатиялық суппозиторияға тұрақтандырғыштар енгізбейді. Сусыз ланолин, декстрин, целлюлоза, бал қосуға болдады. Суппозиторияларды қолмен формалау, формаға құю, престеу тәсілдерімен дайындау мүмкін.
Гомеопатиялық дәрханаларда әзірше қолмен формалау тәсілі жиі қолданады. Тинктуралар (бастапқы тұндырма), ерітінділер, сұйылтуларына сай тритурациялар суппозитория массасына 1:10 қатынаста енеді.



  1. Гомеопатиялық препараттардың сапасын бағалау

Гомеопатиялық препараттардың кез- келген дәрілік түрінің сапасы бағаланады:

  • жеке мақала талаптарына сай қосымша заттармен әсер етуші заттар мөлшері және өзі екендігі;

  • егер жеке мақалада басқа нұсқау болмаса D1, D2 үшін жіберілетін әсер етуші заттардың концентрациясы ауытқуы + 5%, D3 үшін +10 %. D4 тритурация, сұйылтуы сондайақ құрамында улы және күшті әсер ететін заттар (сынап, мышьяк, күміс нитраты, калий бихроматы, аконит, чилибуха, строфанта тұндырмасы) жеке мақалада келтірілген әдістеме бойынша тексереді;

  • Орауыш құрамының массасы мен көлемі.

Жіберілетін ауытқу:

  1. Түйіршіктермен тритурацияларды бөлшектеу кезінде (тритурация, бір орауыштағы түйіршік массасы ):

  • + 5 % (1 г-ға дейін);

  • + 3 % (1г -100 г -тритурация үшін немесе 1,0 - 10,0 –ға дейін 0,01 г дәлдікпен өлшенген түйіршіктер үшін).

  1. Сұйық оподельдоки бөлшектеу кезінде (линименттер):

  • + 5% (5,0г дейін)

  • + 4% (5,0г жоғары 50,0 г дейін);

  • + 2,5 % (50, 0 г жоғары 100,0 г дейін);

  • + 1% (100,0 г жоғары 200,0 дейін).

Барлық дәрілік препараттар микробиологиялық тазалық нормасына сай болуы керек.
Тритурациялардың сапасын бағалау сыртқы түрін, түсін, біртектілігін (тритурация ұнтақтылығы және араластырылуы бойынша біртекті болуы керек), бөлшектердің өлшемі (дайын тритурацияның негізгі массасы 25 мкм және одан төмен бөлшек өлшемдерінен тұрады, бөлшек өлшемдері 50 мкм ден жоғары болмау керек.) бойынша бағаланады.
Бөлшек өлшемдері окулярлы микрометрі бар микроскоп (15х8) немесе сыртқы беткейінің керілуі (МУ 64-012-89) көмегімен анықталады.
Түйіршік сапасы бағаланады:

  1. Бояудың, өлшемінің, формасының шар тәрізділігі, түсі біртектілігі. Түйіршік қоңыр немесе сары оттенктері бар ақ болуы керек. Түйіршік түрі қарусыз көзбен қарау арқылы анықталады. Олардың мөлшері өлшегенде 0,01 г дәлікте болуы керек.

  2. Ыдырағыштығы. 10,0 түйіршікті 100 мл – лік колбаға салады, 50 мл тазартылған су құяды (37 0 + 2 0 С). Колбаны баяу секундына 1-2 рет шайқайды. Үш рет тен кем емес анықтау жүргізеді. Түйіршік толық 5 минутта ыдырауы керек.

ЖМ мен оподельдоки анықталады:

  • сыртқы түрі, түсі, иісі;

  • тығыздығы және құрғақ қалдық;

  • гидрофильді негіздегі ЖМ –ң рН мәні (потенцирлі әдіс);

  • қышқылдық санытотығу немесе тотықсыздану саны;

  • біртектілігі;

  • бөлшек өлшемдері (микроскопты әдіспен);

  • қосымша заттардың өзі екендігі (НҚ – қа сай);

  • бір орауыш құрамының массасы.

Құрғақ қалдық келесі түрде анықталады: 2,0 г – ға жуық сұйық оподельдоки (дәл салмақпен) алдын –ала 100 0 - 1050 C –та тұрақты масаға айналғанға дейін кептірілген тигельге салынады. Соңғы екі өлшем масса айырмасы 0,002 г -нан аспау қажет.
Гомеопатиялық суппозитория анықталады:

  • сыртқы түрі, түсі, біртектілігі;

  • орташа массасы және орташа массадан жеке суппозитория массасының ауытқуы (+ 10 % аспау қажет);

  • балқу температурасы;

  • толық деформациялану уақыты.

Гомеопатиялық бастапқы тұндырмалар төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:

  • бастапқы өсімдік шикізат ылғалдылығы;

  • кептіру кезінде массаның жоғалуы;

  • өсімдік шикізат сөлі құрамы;

  • мөлдірлігі;

  • түсі мен иісі;

  • номинальды көлемі;

  • өзі екендігі;

  • экстрактивті зат және ауыр маталдар, этанол құрамы;

  • тығыздығы;

  • жеке мақалаға сай әсер етуші заттардың құрамы.

Ферменттелінген бастапқы тұндырма сапасын бағалайды:

  • сыртқы түрі, түсі, иісі;

  • сығынды заттардың құрам мөлшері (НҚ –қа сай), және өзі екендігі;

  • салыстырмалы тығызжығы, құрғақ қалдық (5,0г препаратта), рН мәні;

  • ауыр метал құрамы;

  • ферменттелінген бастапқы тұндырма дайындау үшін сүт сарысуының лайлылық дәрежесі және боялуы.

Тұнба мен қайнатпа сапасы сыртқы түрі, түсі, иісі, өзі екендігі бойынша анықталады. Басқа сапа көрсеткіштер НҚ – қа сай анықталады.
Сұйылтпалар сапасын бағалау кезінде D1,D2,D3 сұйылтулары бақыланады. Сыртқы түрі, өзі екендігі, иісі, тығыздығы, этанол құрамы, номинальды көлемі тексеріледі.
Көз тамшылары МФ талаптарына сай болуы керек. Тамшыларда сыртқы түрі, өзі екендігі, түстілігі, тамшының мөлдірлігі, рН мәні (потенцирлік әдіс), стерилділігі, механикалық қоспалардың болмауы тексеріледі. Басқа көрсеткіштер жеке НҚ – қа сай болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет