Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А


Мәшһүр атамыздың денесі 1945 жылы жер қойнына тапсырылған екен. Осы тылсым жайлы айтсаңыз…



бет8/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Мәшһүр атамыздың денесі 1945 жылы жер қойнына тапсырылған екен. Осы тылсым жайлы айтсаңыз…

– Жаңа айтып өткенімдей Мәшһүр Жүсіп 1931 жылы дүниеден өткен, өзінің қабірін қаздырды. Ашаршылық біткеннен кейін моласы бір рет салынды, келіні Нұрилә 1953-1954 жылдары басына моласын салдырды. 2006 жылы мавзолейі салынды. Ал, 1931 жылдан бастап денесі сақталғаны рас. Оны қылует дейді. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз секілді қылуетте өмір сүрсе керек. Бұл кісі тірі кезінде өмір сүрген. Мәшһүр Жүсіптің ерекшелігі қылует жасатып, сөрелерде денесін сақтаған. 1953 жылға дейін көрген, Сәбит Мұқанов та көрген, бұзылмай жатқан деседі. Ол кезде ақ жабындысын ғана, кебінін ауыстырып тұрған деседі. Қуандық аға, бала болса да атасының денесі бұзылмай жатқанын ішіне түскен қариялардан естіген. Содан бұзылмай жатқан дейді. Оның сыры, ол кезде бальзам дейтіндер болған жоқ қой. Дұға, Құран көп оқыған адамның денесі де бұзылмайтынын үлкен қариялар айтып отыратын еді. Құран көп оқыған адамның ішіне түседі деп. 1931 жылы қабірге қойылды. Одан соң да моласы тұрғызылды. Біз көргенде топырағы үйіліп жататын. Екі бөлмелі там сияқты болды. Төргі бөлмеде атаның өзі жатыр да, ауызғы бөлмеде ыдыс-аяқтары, тамақ жасап ішетін қазандық т.б. болатын. Ал Мәшһүр Жүсіп жер қойнына тапсырылғанымен сол өзі жатқан қылует бұзылмаған сияқты, үсті ғана жабылған деседі. Мавзолей салғанда да ата жатқан жер бұзылған жоқ. Жиегіне фундамент құйылып, үстінен салынды. Сондықтан да дауасы барып, ешкім ашып көре алмайды. Кім біледі, не болатынын? Моласын баяғыда бұзғандардың бір де бірі жазасыз қалмапты.

Сіз докторлық диссертацияңызды қорғадыңыз, одан қалды мәшһүртану ғылыми орталығының он жыл директоры болдыңыз. Жалпы Мәшһүр туралы көп зерттеулер жүргіздіңіз. Сол зерттеулеріңізде біз біле бермейтін жаңалықтармен бөліссеңіз…

– Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларының этномәдени лексикасын зерттедім. Оның шығармаларында өте көп көне сөздер бар. Көне сөздерді М. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтына апарып жүргенде “Ойпырмай, Мәшекеңде бізде жоқ көне сөздер бар екен, біз қаншама картотека жасадық, миллиондаған сөз жинадық, ал Мәшекеңде өте көп көнерген сөздер бар екен” дейтін. Мен зерттегенде ақынның өзің айтқан үш томы мен Сәрсенбі Дәуітов дайындап шығарған екі томы ғана бар болатын. Мен көбіне қолжазбалармен жұмыс жасадым. Содан біз 5000-ға жуық картотеканы әлі күнге дейін зерттеп жатырмыз. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбектерінде баланың туудан бастап, өлікті жөнелтуге дейінгі сөздер көп. Киіз үйге қатысты, ат әбзелдеріне байланысты ұмытылған көне сөздер өте көп. Қазір әлі де керек көне ескілік. Қазақтың қанша көне сөздері бар екенін білмейміз. Біз диссертациялық жұмыспен айналысқаннан кейін мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, оның ішінде қолданған сөздері Мәшекеңде өте көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет