Әдеби тіл теориясының проблемаларымен шұғылданып жүрген ғалым



Дата26.01.2023
өлшемі46,72 Kb.
#63165
Байланысты:
2 РК Тіл тарихы 6B01701 каз 3(2)


Тіл тарихы
Жуынтаева З.Н.
Әдеби тіл теориясының проблемаларымен шұғылданып жүрген ғалым
Р. Сыздықова.
Н. И. Ильминский.
М.М.Гухман.
Г. Н.Потанин.
В.В. Радлов.
Томсен түркі жазуларын ең алғаш рет мына сөздерден бастап оқыған:
Түрк.
Құдай.
Көк бөрі.
Сеңгір.
Хақ.
Кеңестік тіл ғылымында 1960-70 жылдары әдеби тілді мынадай тұрғыдан ұштастыра қарастыру талабы қалыптасты:
Тарихи.
Әдеби.
Саяси.
Жалпы.
Әлеуметтік.
Б. Әбілқасымов Абай, Ыбырайға дейінгі жазба әдеби тілді осылай атауды ұсынды:
«Көне қазақ жазба әдеби тілі».
«Кітаби тіл».
«Ауызша тіл».
«Жазбаша тіл».
«Жаңа қазақ жазба әдеби тілі».
«Әдеби тіл дегеніміз – әдебиеттің өзі» деп тұжырымдаған ғалым:
Қ. Өмірәлиев.
Р.Сыздықова.
В. Виноградов.
Е. Жұбанов.
Н. Сауранбаев.
Кеңес дәуіріндегі әдеби тілдің түрлері
Жазба әдеби тілі, ауызекі сөйлеу тілі.
Көне әдеби тілі.
Заманауи әдеби тілі.
Кеңестік әдеби тілі.
Тәуелсіз әдеби тіл.
А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласында екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүрді:
Жалпыхалықтық әдеби тіл, кітаби тіл.
Қарапайым әдеби тіл,төл әдеби тіл.
Молдалар тілі, кітаби тіл.
Кеңестік дәуір әдеби тілі, советтік дәуірдегі әдеби тіл.
Қазақ әдеби тілі, халықтық тіл.
Р.Сыздықованың әдеби тілге байланысты жазылған құнды еңбегі
«ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы».
«Қазіргі әдеби тілдің басы».
«ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы тіл жайында».
«Жазба алдындағы әдеби тіл».
«Қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері».
Е.Жұбановтың қазақ әдеби тіліне қосқан еңбегі:
«Эпос тілінің өрнектері».
«19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басындағы қазақ жазба әдеби тілі».
«Жалпы қазақ тілі».
«Қазіргі әдеби тілдің басы».
«1920-1930 жылдардағы әдеби тіл мәселелері».
«Түркі әдеби тілі мен қазақтың жазба әдеби тілінің сабақтастығы» атты баяндаманың авторы:
С. Исаев.
Е. Жұбанов.
Р. Сыздықова.
І. Кеңесбаев.
Е. Жанпейісов.
«Қазақ» газетінің алғашқы санынан бастап Ә. Бөкейханов:
«Қыр баласы» деген жамылғы атпен мақала жариялады.
Мақалаларды сирек жазды.
Редактордың көмекшісі қызметін атқарды.
«Қазақ әдеби тілі» атты мақала жариялады.
Әңгімелері мен повестері жиі шығып тұрды.
ХХ ғасырдың 40-жылдары жарық көрген роман
С. Мұқанов «Менің мектебім».
Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз».
М. Мақатаев « Жастық жыры».
И. Байзақов «Ақбөпе».
М. Шаханов «Ай туып келеді».
1929-1940 жылдар аралығында жазу жүйесі енгізілді:
Латын графикасына негізделген.
Орыс графикасына негізделген.
Араб графикасына негізделген.
Қазақ графикасына негізделген.
Кирилл графикасына негізделген.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі:
Ы. Алтынсарин.
А. Құнанбаев.
А. Байтұрсынов.
Е. Жұбанов.
М. Дулатов.
1927 жылы жарық көрген «Жаңа әліпби туралы» атты кітаптың авторы:
Ә. Бәйділдаұлы.
А. Байтұрсынұлы.
М. Мырзаұлы.
Т. Шонанұлы.
Ш. Тоқжігітұлы.
Қазақ халқы қолданған жазу типтерін ғалымдар бөлді:
Семасиография, фонемаграфия.
Дыбыстық, таңбалық.
Әріптік, сурет.
Иероглиф.
Петроглиф.
Қазақ қоғамындағы араб жазуына қатысты зерттеулерде ғалымдар араб жазуын бөлді:
«Қадим», «Жәдид».
«Сунна», «Шариғат».
«Мафриғат».
« Уалаят».
«Шейіт».
1940 жылдан бастап Қазақстан орыс графикасына негізделген жаңа алфавитке көшуіне байланысты:
42 әріп таңбалары болды.
Қазақ әріптері қолданылмады.
5 төл әріп, 31-і орыс алфавитінен болды.
38 әріп таңбалары болды.
33-і орыс алфавитінен, 5-і төл әріп болды.
Жаңа алфавит жөніндегі үкімет комиссиясы конференция материалдарымен жалпы жұртты, халықты таныстыру мақсатында 1927 жылы жеке кітапша басып шығарды:
«Әліппе айтысы».
«Қазақ мәселелері жайынды».
«Сауат ашу».
«Әліпби алмастыру».
«Жазу».
Арабшылардың араб графикасын жаңа түркі (латын) графикасымен салыстырғанда пайдалы жағына келтірген дәлелдері:
Араб алфавиті оқуға, жазуға, сауат ашуға қолайлы.
Жазуға өте жеңіл.
Нота жазуға жақсы келеді.
Бір әріптің 1 ғана түрі бар.
Баспаханада қолдануға ыңғайлы.
Латын алфавитін жақтаушылар араб әрпі сауат ашуға, оқуға, жазуға қиын деді. Себебі:
Бір әріптің 4 түрі бар.
Көзге көркем көрінбейді.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дәл бере алмайды.
Жазу солдан оңға қарай жүреді.
Алгебра, геометрия, физика салаларына ғана қолайлы.
В.В. Катаринский «Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис» ( Орынбор, 1897 ж.) еңбегінде:
Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар деп көрсетті.
Қазақ тілінде 11 дауыссыз дыбыс бар деп көрсетті.
15 дауысты бар деп көрсетті.
42 әріптен тұратын әліпби жариялады.
Төл дыбыстарды таңбалады.
«Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Советтік Республика құру туралы» тарихи декретке қол қойылды:
1920 жылғы 26 тамызда.
1920 жылғы 4 қаңтарда.
1867 жылғы 26 тамызда.
1868 жылғы 4 қаңтарда.
1921 жылғы 22 қыркүйекте.
Абайдың бастапқыда жазып жүрген өлеңдерін редакторлықтан өткізген П.М.Мелиоранский оның қай өлеңдеріне кітаби тіл деп баға берген:
«Жыл мезгілдері».
«Күй».
«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?».
«Ғылым аппай мақтанба».
«Сегіз аяқ».
М. Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, ерекшелігін атайды:
Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден бас тартуы.
Абай тілі еуропалық үлгіге негізделген.
Өлеңдеріндегі қолданылатын амал-тәсілдер сөздердің семантикалық жағымен үндеседі.
Халықтың әдеби тілін бұрмалады.
Орыс ақындарының өлеңдеріндегі сөздермен қазақ тілін шұбарлады.
Қ. Өмірәлиев Абай тілін зерттеуде көрсеткен ерекшеліктері:
Қазақтың ауыз әдебиеті мен сөйлеу тіліне тән тұлғалар.
Абай прозасындағы синтакситік талдаулар.
Өлең шарттарын (өлшем, ырғақ, ұйқас) талдау.
Абай прозасында өнімді қолданылған -мақ,-ар жұрнақты сөздері жайында.
Ақын өлеңдеріндегі морфологиялық тұлғалардың ықшам түрінде кездесуі.
Қазақтың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін істеген игі істерінің ішіндегі ең шоқтығы биік қызметінің бірі:
Араб жазуына өзгерістер енгізіп, қазақ әліпбиін (алфавит) құрастыруы.
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Қазақ мысалдарының атасы.
Көрнекті жазушы.
Ағартушы-педагог.
А. Байтұрсыновтың қазақ халқының сауатты болуы үшін атқарған жұмыстары:
Қазақ халқы үшін «төл әліпби» құрастырып шығарды.
Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.
Басқарудың түрлі формаларын көрсетті.
Оқу жүйесіне түбегейлі реформа жасады.
Қазақ сөздерінің этимологиясын толықтай түсіндірді.
А. Байтұрсынұлы мұрасын жан-жақты зерттеген ғалымдар:
Р. Сыздықова.
М. Дулатов.
Ж. Күдерин.
М. Әуезов.
С. Мұқанов.
А. Байтұрсынұлы өз алдына қойған жүйелі программасы:
Қазақша сауат аштыруды мақсат етіп, «Оқу құралды» жазған.
Халықты жаппай сауаттандыру үшін араб алфавитін қазақ тілінің жүйесіне келтірді.
Жалпы қазақ тілінің жүйесін орнықтырды.
Қазақ тілі синтаксисіне көптеген жаңалықтарды еңгізуді мақсат етті.
Әдебиетті оқытып барып тіл оқыту керек екендігін көрсетті.
Ахметтану ілімінің негізі басталды:
«Ақ жол» газетінің 1923 жылғы 4 ақпандағы санында «Аханның 50 жылдық тойы» деген М. Әуезов мақаласынан.
Ө. Айтбаевтың «Қазақ сөзі» еңбегі жарық көрген соң.
Ахмет Байтұрсынұлы өзі бұл ілімді негіздеп кетті.
Алматыда 1990 жылы шыққан «Ахмет Байтұрсынов» атты Р. Сыздықова кітабынан соң.
Қазақ тіліне араб графикасын енгізуден басталды.
А. Байтұрсынов лингвистикалық терминдерді жасауда негізі екі принципті ұстанды:
Ана тілдің бар мүмкіндігін барынша сарқа пайдалану.
Тек қазақша тіл негізінде термин құрау.
Халықаралық стандартқа сай термин атауларын пайдалану.
Араб графикасында жазғанды құптағандықтан, сол тілдің сөздерін қолдану.
Лингвистикалық терминдерді халық арасынан іздестіру.
Ахмет Байтұрсынов мұрасын зерттеудегі атаулы еңбек
Р. Сыздықова «Ахмет Байтұрсынов».
З. Қабдолов «Сөз өнері».
С. Исаев « Қазақ әдеби тілінің тарихы».
Х. К. Кәрімов « Қазақ әдеби тілінің тарихы».
Қ. Кемеңгеров «Қазақ тарихы».
ХІХ ғ. екінші жартысындағы басты жаңалық:
Көркем әдебиеттің жазба түрі бой көтерді.
Ауыз әдебиеті мұралары жинастырылды.
Ислам діні кең етек жайды.
Мұсылманша оқыту жанданды.
Екі тілді сөздіктер көптеп шығарылды.
«Дала уәлаятының газетіне» тіл мәселелерін көтеріп мақала жазды:
Д. Сұлтанғазин.
Ш. Қанайұлы.
А. Құнанбаев.
Ы. Алтынсарин.
С. Көбеев.
Арабтың «қисса» сөзінің мағынасы:
> Әңгіме.
Өлең.
Сөз.
Жыр.
Дастан.
Қазақ әдеби тілінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы сөздік құрамының қабаттары:
Араб және парсы сөздері.
Моңғол сөздері.
Түркі сөздері.
Диалект сөздер.
Орыс сөздері.
Қиссалық әдебиеттерді әдебиет тарихын зерттеушілер бөліп қарастырды:
Мазмұнына қарай.
Лексикасына қарай.
Сөздік құрамына қарай.
Жырлаушыларға қарай.
Тақырыбына қарай.
Мазмұны, негізгі идеясы жағынан дінді, діни моральды уағыздайтын қисса
«Сал-сал».
«Жүсіп-Зылиха».
«Үш қыз».
«Таһир».
«Қисса-и Рүстем».
Н. И. Ильминскийдің 1861 жылы Қазанда басылып шыққан кітабы:
«Самоучитель русской грамоты для киргизов».
«Терминологиялық сөздік».
Шаруашылық құралдары атауларының сөздігі.
«Қазақ үшін шығарған календарь».
«Киргизская хрестоматия».
«Самоучитель русской грамоты для кригизов» еңбегінің ерекшелігі:
Өзге тілдік жалғау, жұрнақ, есімдік сөздерден таза.
Кірме сөздерді аз қолдануы.
Араб тілінің ерекшеліктеріне сай жазылуы.
Сингармонизм заңына сүйенеді.
Аударманың сапасыздығы.
В. В. Катаринский жазған календарь төмендегідей бөлімдерден тұрады:
Торғай облысында әкімшілік жағынан бағынатын уездер мен қалалардағы мекемелердің аттары, онда істейтін адамдардың толықтай аты-жөні.
Ғылыми-танымдық мақалалар.
Терминологиялық сөздік.
Грамматика және орфография ережелері.
Бұйрық, жарлықтар мен үндеу хаттар.
Сөздіктердің ұлттық сипаты көрінеді:
Тілдің шағын энцоклопедиясы болуынан.
Жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданудан.
Сол тілдің графикасына байланысты.
Зерттеулерді сол елдің ғалымдары жүргізсе.
Діни-рухани әдебиеттердің көптігінен.
А. Старчевский сөздігінің ерекшеліктері:
Қазақ дыбыстарын орыс әріптерімен екі түрлі нұсқада таңбалады.
Орыс графикасын қолданбауы.
Кірме сөздерді көп кіріктіруі.
Жергілікті тіл ерекшеліктеріне көп мән берді.
Қазақтың төл сөздерін аудармады.
Әдеби тіл дегеніміз:
Жүйелі тіл.
Көркем тіл.
Жалғалмалы тіл.
Халықтық мұра.
Халықтық тіл.
Әдеби тілді «халықтың әр қилы мәдени қажеттілігіне қызмет ететін нормаланған тілі» деп айқындайды:
Д.Э.Розенталь, М.А.Теленкова.
Р. Әміров, Е. Жұбанов.
Қ. Өмірғалиев, Ж.М. Әбділдин. 
Н. Томанов, С. Исаев.
Ә. Ибатов, М. Балақаев.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі:
Адамдар арасындағы қатынас құралы.
Бір тілде сөйлейтін ұлт.
Қалыптасқан жүйелі норма.
Жазба тіл мәдениеті.
Рухани өміріміздің өсуі.
Әдеби тілдің төрт-бес ғасырлық мәселелерін зерттеген ғалым:
Р.Сыздықова.
М. Балақаев.
М. Әуезов.
Е. Жанпейісов.
Е. Жұбанов.
Әдеби тілдің сыр-сипатын ашатын басты-басты белгісі:
Функционалдық стильдерінің болуы.
Сөздердің мағынасына қарай дұрыс қолдануы.
Адамзаттың мұратымен астасып жататындығы.
Тілдің ілгері даму үдерісінде.
Әдеби тілде орныққан тіл байлықтары.
Р. Сыздықова әдеби тілді қалай бөліп қарайды:
Ауыз әдеби тілі, жазба әдеби тілі.
Қазақтың көне жазба әдеби тілі.
Ауызекі сөз, жалпыхалықтық тіл.
ХІХ ғасырдың басы, Кеңестік дәуірдегі әдеби тіл.
Совет дәуірі.
Әдеби тілдің негізгі қызметі:
Экспрессивтік-эстетикалық қызметі.
Шығармашылық қызметі.
Танымдық қызметі.
Тарихи қызметі.
Мәдени қызметі.
Қазіргі әдеби тілдің стильдік тармақтары:
Ресми іс қағаздар, публицистикалық стиль.
Бейтарап стиль, ғылыми стиль.
Кітаби стиль.
Қарапайым сөйлеу тілінің стилі.
Функционалдық стильдер.
Әдеби тілді жұмсаушылар тәжірибесінде нормадан ауытқу түрі
Жөнімен ауытқу.
Нақтылықсыз ауытқу.
Мағыналы ауытқу.
Мағынасыз ауытқу.
Мәнді ауытқу.
Р.Сыздықова ақын-жыраулардың тілін арнайы талдай келіп, сол кезеңде қызмет еткен тілді жазба дәуірге дейінгі қазақ әдеби тілі деп атайды:
ХV-ХVІІІ ғасырлар.
V-VІІІ ғасырлар.
ХІІІ ғасыр.
ХV-ХVІІ ғасырлар.
ХV-ХІХ ғасырлар.
Қазақ әдеби тілінің тарихының кезеңдері
ХІХ ғ-дың ІІ жартысы, Қазан төңкерісінен кейінгі кезең.
ХV-ХVІІ ғасырлар, ХV-ХVІІІ ғасырлар.
VІІ-ІХ ғасырлар, ХІІІ-ХІV ғасырлар.
ХІІ-ХV ғасырлар, Х-ХІІ ғасырлар.
ІХ-ХVІ ғасырлар, ХІV-ХІХ ғасырлар.
Ғылыми стильдің лексикасына тән ерекшелік:
Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады.
Сөздер ауыспалы мағынасында қолданылады.
Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуы болады.
Сөздер синонимдік қатар түзеп қолданылады.
Сөз бірнеше мағынада жұмсалады.
М.Балақаевтың әдеби тіл ұғымына берген анықтамасы:
«Жазба әдебиет арқылы нормаға түсіп қалыптасқан, стильдік тармақтары жетілген, әлеуметтік қызметі әр алуан, халық тілінің жоғары формасы».
«Жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты тіл».
«Орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар тіл».
«Сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті тіл».
«Белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік норамалық бағыты анықталған, қолданылу қызметі әр алуан, стиль жағынан саралануға бейім, тілдік диалектілер мен қарапайым сөйлеу тілінен жоғары түрі».
Р.Сыздықованың әдеби тіл ұғымына берген анықтамасы:
«Сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті тіл».
«Өңделген, сұрыпталған, нормаланған, жалпыға ортақ қасиеті бар, ауызекі сөйлеу тіліне қарама-қарсы қою арқылы танылатын тілі».
«Жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты тіл».
«Орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар тіл».
«Белгілі мөлшерде сұрыпталып, тілдік норамалық бағыты анықталған, тілдік диалектілер мен қарапайым сөйлеу тілінен жоғары түрі».
«Әдебиет тезіне түспеген «шикі» тілді халық тілі дейміз де, көркем сөз шеберлері шыңдаған тілді әдеби тіл дейміз» деген:
М. Горький.
Н. И. Ильминский.
Р. Сыздықова.
Г. Н.Потанин.
А.С. Пушкин.
Көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір:
VIII-IX ғғ.
V-VIII ғғ.
X-XI ғғ.
ХII-XIII ғғ.
XIII-XV ғғ.
Ежелгі түркі тілі ескерткіші Орхон-Енисей жазуларын оқудың кілтін тапқан зерттеуші:
В. Томсен.
Н. И. Ильминский.
Г. Н.Потанин.
В.В. Радлов.
М. Томанов.
Ежелгі түркі тілдері ескерткіштеріне зерттеушілер мыналарды жатқызады:
Орхон-Енисей жазу нұсқалары.
Караханидтер түріктері ескерткіштері.
Хорезм түріктері ескерткіштері.
Шағатай түріктерінің ескерткіштері.
Қыпшақ тілдері ескерткіштері.
А. Ысқақовтың пікірінше, төл әдеби тілдің революцияға дейінгі кезеңінде қазақ даласына екі түрлі әдеби тіл «жарыса» өмір сүрдi:
Жалпыхалықтық әдеби тіл, кітаби тіл.
Жазу тілі, ауызекі тіл.
Халық тілі,тарихи әдеби тіл.
Көне әдебиет тілі.
Жазба әдебиет.
Түркі тілдері көне ескерткіштерінің тілдерінде әдеби тілдің қолданылған түрі
Қыпшақ тілі дәстүрі.
Шағатай үлгісіндегі тілдер.
Көне түркі тілі.
Құман (қыпшақ) тілі.
Бұлғар этностарының тілі.
Қазақ әдеби тілінің даму тарихын Н.Сауранбаев мынадай дәуірге бөлуді ұсынады:
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір,Советтік дәуір.
Ежелгі әдеби тілінің дәуірі, ХХ ғасыр әдеби тілінің дәуірі.
Орхон-Енисей ескерткіштер тілінің дәуірі.
Кеңестік дәуір.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі дәуір.
Қазақ әдеби тілінің даму тарихын С.Исаев қандай кезеңге бөледі:
ХҮ-ХҮІ ғасырдан бастап, ХІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі дәуір.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір.
Орхон-Енисей ескерткіштер тілінің дәуірі.
Кеңестік дәуір.
ХХ ғасыр әдеби тілінің дәуірі.
Р.Сыздықова қазақ әдеби тілін ХҮ ғасырдағы ақын-жыраулар шығармашылығынан бастап, мынадай жіктеуді ұсынады:
ХҮІІІ ғасырдан ХІХ ғ. ІІ жартысына дейін.
ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір.
Кеңестік дәуір.
ХХ ғасыр әдеби тілінің дәуірі.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі дәуір.
Көне түркі дәуірінен, V-Х ғасырлардан бізге жеткен жәдігерлер
VІІІ-Х ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер.
Хорезм түріктері ескерткіштері.
Шағатай түріктерінің ескерткіштері.
Қыпшақ тілдері ескерткіштері.
«Кодекс Куманикус» ескерткіші.
Түркі халықтарының ерте ортағасырлық  әдеби жәдігері:
«Құтадғу білік» (XI ғасыр).
М.Қашқаридың «Диван лұғат ат-түрік» (XI ғасыр).
«Оғызнама» (XIV ғасыр).
«Кодекс Куманикус» (XIII ғасыр).
«Мұхаббатнама» (XIV ғасыр).
Түркі халықтарының кейінгі ортағасырлық әдеби жәдігері:
«Мұхаббатнама» (XIV ғасыр).
«Құтадғу білік» (XI ғасыр).
М.Қашқаридың «Диван лұғат ат-түрік» (XI ғасыр).
«Оғызнама» (XIV ғасыр).
«Кодекс Куманикус» (XIII ғасыр).
Әдеби тіл ұғымына түсінік:
Еуропалық түсініктегідей тек жазба тіл, яғни хатқа түсіп өңделген тіл жатады.
Тарихи жазба ескерткіштердің тілі жатады.
Кітаби шығармалардың тілі жатады.
Ауыз әдебиетінің тілі, ауызша тараған әдеби тіл жатады.
Жазба әдеби тілмен бірге ауызша әдеби тіл де жатады.
Түркі тілдерінің дамуындағы Ұлы Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңді қамтитын дәуір:
Ең жаңа дәуір
Жаңа дәуір
Көне түркі дәуірі
Орта түркі дәуірі
Алтай дәуірі
Орта ғасыр (Х-ХҮғ.ғ.) түркі ескерткіштері бөлінеді:
Батыс, шығыс түркі тілдерінің ескерткіштері.
Оңтүстік, солтүстік түркі тілдерінің ескерткіштері.
Орхон-Енисей есткерткіштері.
Ежелгі түркі тілдеі ескерткіштері.
Орталық түркі ескерткіштері.
Баршаға ортақ түркі тілінен бөлініп дамуындағы X-XV ғ. аралығын екіге бөлеміз:
Қараханидтер (X-XII ғасыр), моңғолдар (XIII-XV ғ.) дәуірі.
Орхон және Енисей ескерткіштер тілінің дәуірі.
Қыпшақ дәуірі, Советтік дәуір.
ХХ ғасыр әдеби тілінің дәуірі, Кеңестік дәуір.
Орта түркі дәуірі, ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейінгі дәуір.
Ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны: 
Қадырғали Жалайыридың «Жамиғат тауариғы» (XVI ғасыр).
«Оғызнама» (XIV ғасыр).
«Кодекс Куманикус» (XIII ғасыр).
«Мұхаббатнама» (XIV ғасыр).
«Құтадғу білік» (ХІ ғасыр).
«Құтадғу біліг» (1069 ж.) дастанының араб әрпімен жазылған мынадай қолжазба нұсқалары шамамен ХІІ-ХІІІ ғасырларда көшірілген: 
Наманган.
Шағатай.
Тұңғыc.
Фарсы.
Көне Ұйғыр.
Батыс түркі тілдерінің ескерткіштеріне мынаны жатқызады:
«Кодекс Куманикус».
Ұйғыр жазу ескерткіштері.
Караханидтер түріктері ескерткіштері.
Хорезм түріктері ескерткіштері.
Шағатай түріктерінің ескерткіштері.
Шығыс түркі тілдерінің ескерткіштеріне мыналарды жатқызады:
Караханидтер түріктері ескерткіштері.
Қыпшақ тілдері ескерткіштері.
Қожа Ахмет Иассауидің «Хикмет» өлеңдер жинағы.
Орхон-Енисей жазу нұсқалары.
Ұйғыр жазу ескерткіштері.
Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері 3 топқа бөлінеді:
Енисей, Талас, Орхон есерткіштері.
Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері.
Қыпшақ тілдері ескерткіштері.
Ұйғыр, шағатай жазу ескерткіштері.
Шығыс, батыс түркі ескерткіштері.
Әдеби тілдің ең басты белгісі:
Өңделген, сұрыпталған, нормаланған тіл болуы.
Нормаланған, жинақталған болса да, мағынасының құбылмалы болуы.
Тек қана тарихи сөздердің қолданылуы.
Нормаларының баршаға ортақ болмауы.
Сан салалы стильдерге тарамдалуы, жазба түрінің болмауы.
Қоғам өмірінің барша саласына түгел қызмет етуі, біршама түсінікті болмауы.
Троицк қаласында 1911-1915 жыл­дары, барлығы 88 нөмірі басылып шыққан журнал:
«Айқап».
«Серке».
«Қазақ».
«Мұғалім».
«Сары Арқа».
Орал қа­ла­сын­да 1911-1913 жылдары 17 саны шығып тоқтап қалған газет:
«Қазақстан».
«Серке».
«Мұғалім».
«Сары Арқа».
«Абай».
Орал қаласында 1913-1918 жылдары үзбей шығып тұрған газет:
«Қазақ».
«Серке».
«Қазақстан».
«Мұғалім».
«Сары Арқа».
А.Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы тұңғыш еңбегі:
«Тіл құралы».
«Тіл байлығы».
«Ертегілер».
«Әдеби ойлар».
«Қазақ тілі».
ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілі мен ХІХ ғ. І жартысындағы қазақ әдеби тіліне кірме сөздер мына тілдерден енді:
Араб тілінен, парсы тілінен.
Латын, грек тілінен.
Орыс, монғол тілінен.
Неміс тілінен.
Қыпшақ, ұйғыр тілінен.
Жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл:
Әдеби тіл.
Әдеби норма.
Әдеби стиль.
Кітаби тіл.
Кітаби норма.
Көркем әдебиет стилі:
Проза.
Әдеби норма.
Кітаби тіл.
Ғылыми мақалалар.
Кітаби стиль.
Эпистолярлық стиль грек тілінде:
Хат.
Жазу.
Оқу.
Сөйлеу.
Ойын.
Қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің қалыптасуы төмендегі есімдермен байланысты:
Ы.Алтынсарин.
Ш.Уәлиханов.
М.Дулатов.
Б.Майлин.
Қ.Аманжолов.
Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі сөздерді дұрыс жазу нормасы тілдік еңбектерде берілген:
Түсіндірме сөздіктерде.
Кез келген басылымдарда.
Орфоэпиялық сөздіктерде.
Мерзімді баспасөзде.
Публицистикалық туындыларда.
Қазақ әдеби тілі тарихын зерттеуге байланысты С.Маловтың «К истории казахского языка» деген мақаласы жазылған жыл:
1941 жыл.
1940 жыл.
1942 жыл.
1943 жыл.
1944 жыл.
Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батырға арнап жазған өлеңі:
«Тарланым».
«Жайықтың бойы көк шалғын».
«Ереуіл атқа ер салмай».
«Жалған дүние».
«Атадан туған ардақты ер».
Махамбеттің қазақ әдеби тілі тарихында алатын орны:

Өзіне дейінгі әдеби тіл дәстүрін жинақтап, жаңа бағытқа бет бұрған ақын.


Шығармаларын шағатай тілінде жазған ақын.
Нақты тарихи тақырыпта жырлаған ақын.
Жыраулық пен ақындықты түйістірген ақын.
Әдеби тілдің негізін қалаған ақын.
Басқа тіл элементтерін көп қолданған ақын.
«Әбілғазы ханның «Түркі шежіресі» және оның тілі» деген атпен басылып шыққан еңбектің авторы:
Б.Әбіл­қа­сы­мов.
Ш.Уәлиханов.
Ә.Марғұлан.
Ә.Болғанбаев.
С.Исабаев.
ХІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің тарихындағы құнды еңбек, Қадырғали Жалайырдың еңбегі:
«Жамиғ-ат-тауарих» (ХҮІ ғ.).
«Шежіре-түрк» (ХҮІІ ғ.).
«Кодекс куманикс» (ХІІ ғ.).
«Мұхаббатнама» (ХҮІІІ ғ.).
«Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ.).
Толғауларының өзіндік сипатымен «Хакім ата» атанған ақын:
Бақырғани.
Иассауи.
Иүгнеки.
Әли.
Асан Қайғы.
«Бес ғасыр жырлайды» оқулығының ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы әдебиетті қамтитын томы:
ІІ том.
І том.
ІІІ том.
ІҮ том.
Ү том.
ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ тілін танытатын үлгілер
Жазба әдеби тілі дәстүріндегі нұсқалар.
Мифтік, эпостық нұсқалар.
Жаттанды, термелік, суырып-салмалық тілдегі нұсқалар.
Ақындардың шығармашылық негізіндегі нұсқалар.
Жыр-дастандар тіліндегі нұсқалар.
Ауызша әдеби тілді танытатын нұсқалар қатарында ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп тараған алғашқы әдет-ғұрып заңы:
«Жеті-жарғы».
«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі».
«Бір ел, бір тағдыр».
«Әбілмәмбет ханның заңдар жинағы».
«ҚР-ның Ата заңы». 
А.Ибатов Алтын Орда дәуірінде жазылған түркі тілді жарлықтарды, соның ішінде ХІҮ ғасырда жазылған төмендегідей жарлықты зерттеді:
«Темір-Құтлұғтың жар­лығы».
Керей мен Жәнібектің жарлығы.
«Қасым ханның қасқа жолы.»
«Есім ханның ескі жолы».
«Кененсарының жарлығы». 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет