«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет15/23
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Қалихан:
сара ақын, айта бердің байлығыңды,
семейден асырам деп айбыныңды.
табысың байлығыңа сәйкес емес,
Әйгілеп түгесейін қай мініңді?
Көл-көсір таусылмайды ескі қорым,
семейде отыз шақты оқу орын.
Жыл сайын босағасын босатпайды,
талапкер талай-талай қараторың.
еліңді қой жағынан төрт ораймыз,
егіннен арқамызға арқалаймыз.
адымым бесжылдықта артып жатыр,
сол үшін креслода шалқалаймыз.
мен айтсам Шұбартаудың бастамасын,
сареке, кібіртіктеп жасқанасың.
өзі жоқ бригаданың протокол көп,
Басыңа жинап-жинап жастанасың.
Бардық біз «айнабұлақ» совхозына,
Жастардың күші мұнда көп қазына.
алмапты қамқорлыққа басшыларың,
Жастарға тағар кінә, жоқ базына.
үш жылда төрт бригада кеткен тарап,
Біреуі тұрақтамай іске жарап.
сауыншы қыздар тобын «құрастырған»,
Әйтеуір, қалмау үшін жерге қарап.
Қайда жүр дипломды мал маманы,
Жүр ме екен мемлекетті алдағалы?
ай сайын судыратып жалақыны,
Жақсы еді-ау салынбаса мұнан-дағы.

269
Айтыс 4 ТОМ
Жатады әкелген сүт іріп-шіріп,
Жұтсаң-ақ ішің ойран, бүліншілік.
Бақшада сүт сұраған балалардың,
Қоярсың қалайынша аузын бүріп?
Пайда көп қойды қыста қыстатудан,
емес пе қозы бағлан қыста туған?
«марқакөл» былтыр ғана кірісіпті,
ұзақ жыл кім олардың қолын буған?
Көк айдын мақтанатын көлің зайсан,
Барады жылдан-жылға тартып лайсаң.
Жағасын қысы-жазы босатпайды,
өңкей бір машиналы «қасқа, жайсаң».
Келгенді басқа жақтан жазбай танып,
ұстап ап айып салар «жолдан тайсаң».
табиғатты қорғауды таза ұмытар,
алдына көлкілдетіп арақ қойсаң.
Құлағыңа алтын сырға ақын сара,
Балықтың сорпасына жақын сара.
отырған шығарсың-ау зорға шыдап,
Кәнеки, тағы да бір толғап қара.
Сара:
дарыған жастай өлең көмейіңе,
«сын айтпа біздің жаққа» демейін де.
азырақ кезек беріп аялдашы,
айтылар көптеген сын семейіңе.
сіз тұрған Көкпектідей ауылыңыз,
өмірге талай жасты баулыдыңыз.
Бас сұғып кірдіңіз бе емханаға,
зарығар судан шөлдеп ауруыңыз.
Бастығы емхананың төребаев,
өкпелеп айтқан сынға етпес айып.

270
Қазақ өнерінің антологиясы
Жөндемей ала жаздай су жүйесін,
зар болды қара суға қолын жайып.
Қалеке, емхананың жайы нашар,
Жетпесе жұмыс қолы, жаса асар.
тұрады жарығы да жанып, сөніп,
аулыңда таза жер жоқ аяқ басар.
Жақсы екен кей ауданда жоспарларың,
Кейбірі ұмытыпты жоспар барын.
«ақсуат» совхозында болдыңыз ба?
ұмытып кеткен мұнда малдың қамын.
тасылмай кей базаға шөп қалыпты,
Көп отар шөп жетіспей топталыпты.
Кептіріп келер жылға қойдыңыз ба,
далада үйген маяң көп алыпты.
«Большевик» фермаңызбен «ұзын бұлақ»,
мал қора қыс айында жатыр құлап.
Барасың еріккенде санақ үшін,
Көрдің бе шопандардың жайын сұрап?
сіздерге бұл ферманың жері шалғай,
мәдени жұмыстардың жайы қандай?
Көзден таса, көңілден ұмыт қалған,
өтеді автодүкен көзін салмай.
Жүнісбек, Жолтан, Әкрам шопандарың,
ойлаған қысы-жазы малдың қамын.
Қаратар дәрігер жоқ, бала ауырса,
ең қажетті ұн тапшы – жейтін наның.
гүлғайша, тыныштықтай еңбеккерлер,
Бізге айтты кино, концерт ұмытқанын.
Көп жерге жол алыс боп бара алмадым,
Жөн болар ойлағаның малшы қамын.
Кей жерде шамға құяр керосин жоқ,
тартсайшы алыс жерге ильич шамын.

271
Айтыс 4 ТОМ
Қалихан:
аймаққа аңыз болған марқакөлің,
ойлаушы ек, біреуі деп дарқан елдің.
ат басын тірейтұғын үй табылмай,
Бұрылып келген ізбен қайта бердім.
дәл сол күн Қалжыр деген өзен тасып,
ауатком жатыр екен жанталасып.
сәйкенов шала-шарпы тілдесті де,
Жөнелді машинаға міне қашып.
Қарсы алды «Боран» совхоз борандатып,
мұржасын үйлерінің қараңдатып.
асханада ет болмай, шандыр жедік,
Қысқан соң суық, тілін жалаңдатып.
айта бар, барсаң сәлем, сара жолдас,
Пейілін тарға салған қазақ оңбас.
Әрдайым іс орнына сөз бересің,
аулыңа адам түгіл, торғай қонбас.
Бар дедің алтай жақта «рахман бұлақ»,
Біз оны көрген жоқпыз, естір құлақ.
өйткені, бір жолдама алу үшін,
Жалынып жүру керек он жыл сұрап.
саражан, халық қызы депутатсың,
ескертші, бір жолдама бізге сатсын.
Курортты жеке өздерің иемденбей,
семейден барғандар да дәмін татсын.
Сара:
Әдетім кіші, үлкенді сыйлайтұғын,
Бетіне қатты айтуды қимайтұғын.
«аш қайттым» дейсіз бізге, етке өкпелеп,
сол боп тұр жүрегімді қинайтұғын.
сылдыр су Көкпектіңнің берер асы,
Шыбын көп асханада симайтұғын.

272
Қазақ өнерінің антологиясы
аралап өз көзіммен көріп қайттым,
мен емес өтірік, өсек жинайтұғын.
демеңіз, «көп сынадың, өкпеліміз»,
«Көп сынап, аз отырып» кетеміз біз.
аулыңыз қайда барсақ таза тақыр,
Бір ағаш сая болар екпедіңіз.
аралап елді көрдім мақтайтұғын,
ерлер көп ел сенімін ақтайтұғын.
сыналған кемшіліктер жөнделеді,
ақынның көңілге алмас қатты айтуын.
осымен қош, аман бол, әріптесім,
тілеймін зор денсаулық деніңізге.
тілектес бір қазақтың баласымыз,
Қонақ боп бізге жиі келіңіздер!
Қалеке, өкпелейсіз қайдағыға,
Әперем бір жолдама қайнарыма.
Келсеңіз дем алуға біздің жаққа,
апарам сауыр, сайхан жайлауыма.
мекенім ата қоныс менің – зайсан,
Қырда мал, ойда егін жерім – зайсан.
Құшағын кеңнен ашып қарсы алады,
Қонақжай жерлестерім көңілі жайсаң.
Қалихан:
семейдің іші майлы, сырты сымбат,
сан завод сап түзеген, сан комбинат.
Бақыршық, Жезкент, Шаған, үлбі - гЭс-і,
Бағасы біреуінен-бірі қымбат.
семейде бір байлығым – темір жолым,
Жетеді шартарапқа, созсам қолым.
Жүйіткісе заманымның отарбасы,
Жап-жарқын батыс, шығыс, оң мен солым.

273
Айтыс 4 ТОМ
торабы тоғыз жолдың – жалғыз төбе,
Құт мекен алтын қазық, күміс шеге!
Күн сайын көмір, мұнай, ағаш сұрап,
Бай болсаң келесіңдер мұнда неге?
өскемен, жарыс көшін бастайсыздар,
ерсіздер, қиындықтан қашпайсыздар!
арқаға аяғыңды кең көсіліп,
алтайды шынтағыңа жастайсыздар.
ертістің бас жағына қонып алып,
өндіріс қалдығымен ластайсыздар.
«семей мен Павлодар тазартсын» деп,
Әдейі көң-қоқысты тастайсыздар.
Болса да өндіріс көп өскеменде,
Қарайық, цифрлары өскелең бе?
өнімді тоғыз миллион кем өндіріп,
Жарыста келе жатыр көш төменде.
«Қосса, – деп, – алматыны теледидар»,
Шопандар, бақташылар мүлде құмар.
өскеменнен басқаны көрсетпейді,
Жұртшылық тілегінен қашан шығар?
«алыбым – өскеменім, теңдесім» деп,
«тілеймін – өрге тасы өрлесін» деп,
сынадым теледидар мұнарасын,
«сара ақын топ алдында терлесін» деп.
осылай, сара, сізбен қоштасалық,
Кездесіп, енді қашан бас қосалық?
Болудың «қырғи қабақ» керегі не,
Келіңіз, қол берісіп, достасалық!
өсейін мен де, шалқып, сіз де өсіңіз,
семейге бара-бара теңдесіңіз.
Күн жақсы, бейбіт өмір құшағында,
ай сайын телефонмен тілдесіңіз!
1980 жыл.

274
Қазақ өнерінің антологиясы
АЯЗ БЕН КАМАЛ
Аяз:
Қашаннан ата дәстүр қуған салтын,
ерлерді еңбек етіп туған халқым.
даланың дабылына үн қосатын,
Жасампаз жарқыраған думанды әр күн.
Камалжан, Шымкент жақта ел аман ба?
Көз көрген берекелі жер аман ба?
үйіңде қонақ болып кетіп едік,
танысқан қатар-құрбы, тең аман ба?
екеуміз келісейік осы бастан,
Басымыз жүруші еді қосылмастан.
сын айтсақ қайсымыз да әділ болсын,
тыңдайық тура сөзді шошымастан.
Камалды деп отырмын сынап алсам,
орныңнан тұрып кеткін шыдамасаң.
егерде артық айтып, шалыс бассаң,
аямаймын, кешірім сұрамасаң.
ақында да ақын бар,
салған жерден сөйлейтін.
домбыраны қолына,
алған жерден сөйлейтін.
мен де соның бірімін,
Камал, саған ағамын.
Жасы үлкенге інімін.
ұлы дүбір жарыста,
Кім қызбайды намысқа?
Құтты болсын ұлы той,
арта берсін абырой,
Берекелі елімде.
Космонавтар самғаған
Қазақстан көгінде.
мерекеге ап келген

275
Айтыс 4 ТОМ
тартуым бар менің де.
төрт түлік мал қаптаған
Қыдыр шалған жерімде.
Химияның алыбы
Жамбыл фосфор заводы
Бүкіл елге танылды.
іздегенім көп еді,
өз жерімнен табылды.
отанға жау төнгенде,
ел қорғауға аттанған
Бауыржан, сәру, ақәділ –
ерлеріме мақтанам.
Жамбыл, Кенен, Жақсыбай
өлеңмен жауға оқ атып,
дұшпанға тиді жасындай.
Коммунист еді өз әкем,
оралмады соғыстан.
Жағаласып жауменен,
елін қорғап оққа ұшқан.
содан бері, мінеки,
ұлы жеңіс болғалы
отыз бес жыл өтіпті.
сол кездегі сәбилер
Біздей боп ер жетіпті.
екінші тың ерлері
Бәйге алдын бермеді.
Қос жұлдызды Жазылбек,
Әбдірахман дәуітов,
өріске тартты отары.
Жастайынан еңбекке
Қайрап өскен талабын.
Және тағы айтайын,
Шарап, Берік, Шоманым.
толып жатыр елімде
аты шыққан шопаным.
енді саған келейін,
ақбөкендей желейін.

276
Қазақ өнерінің антологиясы
өткен жолы айтыста
Қазақтың ғылым ордасы
академия залында
Жауап бермей кетіп ең.
«Қайта көрер есікті,
Қатты жаппа» деген бар.
айтылатын өзіңе
сын садағы өлең бар.
Әріптесім, Камалым,
Жауап берші шыныңнан.
«Жарты төбе» жерінде
неше жылқың қырылған?
Камал:
ассалаумағалайкүм, аяз ақын,
дәстүрім – сәлем беру, ата салтым.
Жақсы ма семьяңның денсаулығы,
облыс, ауыл-аймақ, жалпы халқың?
үлкен той мерекеде басты қостық,
дарынын даралайтын ақындардың.
Құлақпен естіп, көзбен көріп тұрмыз,
тасқындап жыр мұхиты ағылғанын...
арнайы осы тойға қуанышпен,
Кеп тұрмын сәлем жолдап өлең-жырдан.
Қыранын алатауға ұшырды елім,
ақ ниет тілек тілеп Қазығұрттан!
мен қазақпын жимаған дастарханын,
Қонақ болсаң алдыңа бас тартамын.
мен қазақпын сан ғасыр тарихтардың,
Жазбай-ақ жаттап айтқан дастандарын.
Жөн болды, мәдениет басшылары,
Жүйрігін ақындардың қосқандарың.
айеке, айтқаныңа жауап бермей,
менің де дұрыс болмас бос қалғаным.
атамыз Жамбыл өтті Кененменен,
өнерде өрнек салған өлеңменен,

277
Айтыс 4 ТОМ
Әуелден үлкен сыйлап, ізет ету,
дәстүрі халқымыздың көнермеген.
айтысты ақын Жамбыл Құлмамбетпен,
олар да ел дәстүрін жырлап өткен.
Жамбылды адам бар ма сыйламайтын,
айеке, сұраңызшы мына көптен?
«Жамбыл – жырдың атасы» дейді халық,
талантын бағалаған байқап, танып.
аға деп еріп жүрген ініңізді,
айеке, жамандама елге барып.
Партия деп соғады миллион жүрек,
айеке, неге отырсыз бүгін жүдеп?
лезде асау арын билік бермей,
Кетті ғой жүрегімді өлең кернеп.
алғанша ақын атың анықталып,
Ән салу қиын нәрсе шабыттанып.
Қасиетін Шымкенттің білмесеңіз,
тағы да көрсетемін алып барып.
Аяз:
Жамбылдан мені осында алдырыпты,
сенің-дағы ұйқыңды қандырыпты.
«соңғы түйе жүгі ауыр» деген сөз бар,
тамашаға соңына қалдырыпты.
«сөйлеген аға тұрып, ініден без» –
ежелден халқымызда бар еді сөз.
Шындықтан тайып кеттің осы жерде,
мінеки, қызулықпен сөйледің тез.
аралап облысымды келіп көрмей,
аулына Жамбыл бабам сәлем бермей,
«Шымкенттен ақын інім келеді» деп,
Жолыңды күттім біраз ұйқым келмей.

278
Қазақ өнерінің антологиясы
ағаңды қағыттың да сұрақтармен,
Кеудемнен күмбірлеген жыр ақтардым.
«Жаттанды» деп бекерге сөйлеп тұрсың,
ағызайын сырлы сөз бұлақтарын.
мына жұрт бізді отыр тамашалап,
айтысқан жақсы еді ғой оңашалап.
ағалығым бар еді менің саған,
алатұғын бар ма жан арашалап?
Камал:
айеке, аға болып бір өзіңіз,
толады мейірімге жүрегіңіз.
торқалы той үстінде шабыттанып,
айтыста бір көріну тілегіміз.
зәредей пайда тисе сөзімізден,
сөзді қымбат көреді бөзімізден.
тек қана жақсылықтың нұры мынау,
Көрініп жүр ғой күнде жүзімізден.
айеке, жасың үлкен, қол беремін,
Болмайды тырнақ асты кір іздеген.
мұратын туған елдің паш етуге
Шын ақын жүрекжарды жыр іздеген.
1980 жыл.

279
Айтыс 4 ТОМ
ҮШІНШІ БӨЛІМ
 (1981-1991)

280
Қазақ өнерінің антологиясы
ЕСЕНҚҰЛ МЕН КӨПБАЙ
Есенқұл:
Қайын жұртым аспанның ар жағында,
ұшып жүр тәрелкелер жан жағында.
Періштенің перизат бір қызына,
үйленіп-ақ қалыппын барғанымда.
Барлығы баламыздың егіз болды,
Жалпы саны жүз алпыс сегіз болды.
Күніне жегендері жетпіс сиыр,
ішкендері мұхит пен теңіз болды.
аспанда алпыс жылдай аштық болды,
сонан соң алты мың жыл астық болды.
динозавр бағатын бір совхозда,
есенқұл елу жылдай бастық болды.
динозавр дегенің нас болады,
адам көрсе ақырып бас салады.
соғымға сойса егерде бір шекесін,
Шымкентке алпыс жылдай ас болады.
Шөп шаптым сол аспанның шолпанынан,
ат міндім алты аяқты арқарынан.
Шапқан шөпті шайтан жеп кетпесін деп,
Қарадым қазақ үйдің балконынан.
аспанда айдаһарға соғыс аштым,
тіземді пәтшағарға қатты бастым.
серік құсап серейтіп ұрып жығып,
Бір диюды міне сап тұра қаштым.
сол диюмен жерге де жайлап қондым,
алдына жем мен суын сайлап қойдым.
сенбсеңдер өздерің көріңдерші,
апарып аэропортқа байлап қойдым.
Әйелім кеткенімді кеш біліпті,
ойбайы қара жерге естіліпті.

281
Айтыс 4 ТОМ
Жүз алпыс сегіз балаға ой сұмдық-ай,
Жалақымнан алимент кестіріпті.
дәл мендей алиментті төледі кім,
Қорқыныштан есенқұл өледі мың.
сөзімде жалған бар ма жаңағы айтқан,
мырзаға, өзің айтшы төрелігін.
Көпбай:
гармонды корабль қып аспанға ұштым,
Әп-сәтте ай бетіне барып түстім.
ток беріп тетігіне жез сырнайдың,
Көзді ашып-жұмғанымша жерге түстім.
Келдім де кең мұхитқа кеттім сүңгіп,
мұхиттың маржан тердім  түбін үңгіп.
Бір шабақ қос китті жұтып қойды,
теңізден көріп қайттым сондай сұмдық.
мысықты үш күн баптап барыс алдым,
Көкпарда тасбақамен олжа салдым.
у жайған қара шұбар жылан екен,
итіме сатып алып таққан қарғым.
тышқанды жайдақ мініп жауға шаптым,
Қоңызбен жортып жүріп түлкі қақтым.
ай жатып мұз үстінде ұйқым қанды,
Шілдеде жауған қардан алқа тақтым.
тоқтаттым самолетті құрық салып,
аспанға тіреу еттім сырықты алып.
Қайнатып жүгеріден қойған ботқам,
Қалыпты таң атқанша ұрықтанып.
Кезінде тұрғылас ем невскиймен,
мыстанның тілін тауып кебіс кигем.
Кілемін Хоттабычтың мініп алып,
аяғым жер үстіне тегіс тиген.
туыппын Фарабидің заманында,
енім бар таспен ойған табанымда.

282
Қазақ өнерінің антологиясы
Қорқыттан мүшел кіші болсам дағы,
советтің өмір сүрдім заманында.
семірттім бордақымды тасқа байлап,
лай судан май бүркідім қалқып қаймақ.
Жетерлік өміріме азық алдым,
Шіркейді егін егіп, он жыл жайлап.
Болмаған енді шындық несі қалды,
сары майды әзер жұттым үш күн шайнап.
өзің болған марста мен де болдым,
Бірімен барып қайттым төте жолдың.
Жүз алпыс сегіз деген балдарыңның,
Шырағым, қалтқысыз бәрін көрдім.
Көрінеді үй сап берген бөлек-бөлек,
Жастарын жел бесікке қойған бөлеп.
Әбестеу болған екен, інішегім,
Жүргенің алиментті босқа төлеп.
1984 жыл.
ЕСЕНҚҰЛ МЕН ӘСЕЛХАН
Есенқұл:
армысың айдай сұлу ақ келіншек,
аузымды бүгін менің бақ келіншек.
Бір кешке сен күйеуден, мен әйелден
Қайтеді уақытша қақ бөлінсек?
ақтарып ал ендеше ізгі жырды,
айтайық алтыауызды біз бүгінгі.
ептеп-ептеп жақындап, еркелетіп,
есіңе түсірейін қыз күніңді.
тұрмыста сен біреуді сүйікті еттің,
Әй-шәйға қарамай-ақ тиіп кеттің.
Бес бала мен күйеуің – Баянбайды,
Қалайша дәтің барып қиып кеттің?

283
Айтыс 4 ТОМ
Келіншек жақсы болды кездескенің,
Жібердің шабытымды тербеп менің.
Қыздардан айтысуға ақын шықпай,
Кемпір мен шалдар боп еді селбескенім.
айтысқа енді шындап жол ашармыз,
Құмардан армансыз бір тарасармыз.
ұзынды-қысқалы боп отырсақ та,
өлеңмен, өнерменен жарасармыз.
алыстан айтысам деп аттаныпсың,
ел-жұртқа ақынмын деп мақтаныпсың.
мен оқуда жүргенде миым ашып,
сайрандап сал-серімен кеп қалыпсың.
өлеңің болмаса да өтімді шын,
Бойыңнан көрініп тұр нөпір күшің.
айтысайын деп емес, сен менімен,
Күресейін деп осы отырмысың?!
ендеше неден болса аянбай кел,
Қорқақты айтыстағы қоян дейді ел.
мен жайлы жиған-терген өсегіңді,
ал кәне, ақ келіншек, баяндай бер.
Әселхан:
Кеудеме ұялаған асыл арман,
Жасымнан өлең жаздым жасыра алман.
ордалы оңтүстіктен сәлем алып,
Келгенмін арыстан бап, отырардан.
Фараби өскен жердің төрі биік,
өскенмін сол даланың қырын сүйіп.
сағынып сапар шеккен астанамның,
Халқына сәлем берем басымды иіп.
аяулы астананы айға балап,
Күніміз құлпырғандай майда ғажап.
алыстан алты жасар бала келсе,
Қарсы алып, сәлем берер қайда қазақ?

284
Қазақ өнерінің антологиясы
«дәу ғой» деп қаштыңдар ма тырағайлап,
екен ғой сәлемге де керек айбат.
тығылып алатауға қалды ма деп,
тұр еді көрмеген соң ызам қайнап.
егерде оңашада жолыққанда,
Жұтуға дайын едім бір-ақ шайнап.
Қызымын оңтүстіктің әлпештеген,
Шабытым шақ келтірмес шоқтай жайнап.
Көрейін жауаптасып өлеңменен,
Бұл жерде жағдайың бар төмендеген.
есенқұл, өлеңіңді айта берші,
Жеңермін бассам-дағы денемменен.
Бойыңда айтысатын бар ма қайрат,
ақыны сен екенсің қойған сайлап.
Бар болса сүйерің де тұрмас едің,
Қойды ма соны біліп келін байлап.
Бар болса өлеңіңді жылдам естірт,
тұрғанды жақтырмаймын босқа сайрап.
Қыз алып қалу деген тым ескілік,
тыңдасаң менің сөзім – бұл естілік.
салмағым ауырлау боп қалғаннан да,
Қайтайын мен өзіңді ілестіріп.
Көп сені мазаламас бойдақ қылық,
Жүрерсің теңің тауып ойнап-күліп.
Жігіттің қадірін білмес жан емеспіз,
Қоярмыз тым болмаса қой бақтырып!
Есенқұл:
домбыра қолымдағы қарағайсың,
сен мені дедің «кіші баладайсың».
денең үлкен болғанмен өлең сөзде,
Қолыма су құюға жарамайсың.
домбыра тарта алмадың жайлап, онша,
олақтар көп екен-ау қайда барса.

285
Айтыс 4 ТОМ
дәл осы қалпыңменен жарасқандай,
Қолыңа найза беріп жауға қойса.
Қайттық қой сөзді біраз жарыстырып,
өтейін енді өзімді таныстырып.
айтысқан ақындардың екі елі аузын,
тастаймын өлеңменен қарыстырып.
Жазба ақынмын, және де төкпе ақынмын,
исадай «универсал» отты ақынмын.
«менмін деп ақын сара, мекіреніп»,
менменсіген қыздарды көп қатырдым.
алматы – аузымдағы арман әнім,
Жамбылдың жалғасы боп жалғанамын.
Біржан да емес, басқа емес, ақан да емес,
есенқұлы осы елдің мен боламын.
еседі домбырамнан асқақ екпін,
айтыста талайларды таптап өттім.
анамнан Пушкин жайлы естіп-біліп,
Әкемнен Жамбыл жырын жаттап өстім.
менімен айтысқанның бағы бар шын,
мен арқылы ел-жұртқа таныларсың.
Шымкентке күні ертең барғаннан соң,
Шымшыма сөздерімді сағынарсың.
осыны көңіліңе түйгейсің де,
Басыңды мына маған имейсің бе.
аңсағаның әу бастан мен едім ғой,
Бетімнен шөп еткізіп сүймейсің бе?!
сүйем деп болма бірақ сарыуайым,
сен – палуан, мен – қасыңда тарыдайын.
тойға піскен тоқаштай жарым барда,
толағайын біреудің не қылайын?!
Әселхан:
өмірде сен секілді талай жан бар,
сен ақын болсаң егер сөзімді аңғар.

286
Қазақ өнерінің антологиясы
есенқұл, іздеп жүрсең домбырашы,
менімен айтысуға келіп нең бар?
айтысар әркім тауып теңіменен,
Кез келді бүгін қайын, сеніменен.
Қақтаймын оңтүстіктің аптабымен,
үрлеймін арыстанның желіменен.
соққанда арыстанның желі тынбай,
Қалар ең керімсалдан есің жимай.
Жан сақтап сая жерде жүрген басың,
өлер ең ауызыңа тілің сыймай.
Көзің көк, өзің сары, сесің берік,
айтасың мықтымын деп кесірленіп.
соңынан надя апаңның қалмай жүрсің,
үйректің балапаны секілденіп.
аулымның қызы өзімдей алып бәрі,
ұл керек Қажымұқандай халыққа әлі.
облыстың үлкені емес, ортасы деп,
Жіберген мені әдейі танытқалы.
еліңде бала өсіру кем боп отыр,
ғалымдар жазып-сызып анықтады.
Қыздарың қуыршақтай жылтыраған,
ана боп, ұл өсіріп жарытпады.
артына қалдыратын ұрпағы үшін,
өмірін құрбан етер балық-тағы.
өмірді балық құрлы сезінбесе,
адамның осы болар шалыққаны.
Қуғаны жастарыңның ресторан,
ит бағып ермек етер жалыққаны.
ақыным біле алдың ба мұның жайын,
Болмасын болашақта бұл уайым.
Қарыздар қалмайсың ба келешекке,
айта бер жауабыңды болса дайын!
Есенқұл:
Әселхан, қыз екенсің сөздерің көп,
ол рас бетім сары, көздерім көк.
Көздерім көк болғанмен бұл айтыста,

287
Айтыс 4 ТОМ
Бәйгені ешбір жанға бергенім жоқ.
достықты жырла десе парасатпен,
Жырлаймын домбырамды ала сап мен.
орыс пенен қазақтың ортақ қызы,
ол рас, надежда менің нағашы әпкем.
Кезекті күтіп қалды өзгелер шын,
Әселхан, әлі талай кез келерсің.
алтынның қолда барда қадірі жоқ,
сағынып әлі мені он келерсің.
Болмасын мұның бірақ шын құсалық,
Кетпегін бір жаманды мың құса ғып.
Қасыңнан енді сенің кетпей болмас,
Күйеуің қарай берді дүрбі салып.
Әселхан: 
сөзіме нақты жауап айта алмайсың,
Шын өзің нағыз тұлпар байқалмайсың.
Әр сөзім атқан оқтай тиген кезде,
Жыландай белге соққан қайқаңдайсың.
ақын боп жүрген кезде жерді басып,
Кез келді айтысуға бүгін нәсіп.
суырып салма ақындық оңай емес,
Шығатын  шын айтыстан құмарласып.
Қиыннан қиыстырып әкеле алсаң,
Кетеді-ау өлең шіркін балдай татып.
советтік заманада дәуірлеген,
ақыны болу елдің қандай бақыт!
өлеңге жаңа талап, жас екенсің,
Шабытың шарықтасын талмай, тасып.
Кетті ме көп алдында мысым басып,
Жаутаңдап қарайлайсың құтың қашып.
айтысты сен бастадың, аяқтайын,
сен-дағы көп алдында жүрме жасып!
Каталог: books
books -> Мақалалар, баяндамалар жинағы
books -> 1 Бес томдық шығармалар жинағы Телжан Шонан лы Оқу құралдары, оқулықтар
books -> Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов
books -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
books -> Құл-Мұхаммед М., төраға
books -> Ербол шаймерден°лы шы армалары бесінші том


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет