Әдебиетті оқыту пәнінің өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары туралы ойыңызды айтыңыз



Дата28.03.2023
өлшемі15,52 Kb.
#76979
Байланысты:
3 билет


3-билет


  1. Әдебиетті оқыту пәнінің өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдары туралы ойыңызды айтыңыз

Әдебиетті оқыту әдістемесі көптеген әдеби материалдардың ауқымдылығымен, тікелей адамның таным түсінігін қалыптастыру мақсатымен ерекшеленеді. Әрі әдебиетті оқыту әдістемесі көптеген өзге ғылымдармен интеграцияланады. Әдебиеттің шексіз құбылыс болып табылуы, оқу жүйесінің күрделі құрылым болып табылуы әдебиетті оқыту әдістемесінің ерекшелігінің бір бөлігі. Ұстанымдары: оқыту арқылы әсемдікті меңгерту, оқытудың көрнекілік ұстанымы, оқытудың ғылымилық ұстанымы, әдіснамалық ұстаным, пәнаралық ықпалдастық ұстанымы, шығармашылық ұстанымы, психологиялық ұстаным, дидактикалық ұстаным, оқытудың тәлімдігерлік ұстанымы, оқытудың өмір танытқыштық ұстанымы.


  1. Мектепте білім берудің алғашқы кезеңінде оқушыларға ұсынылатын әдеби туындылардың үлгілері туралы ойыңызды айтыңыз

Мектептерде әдеби білім берудің алғашқы кезеңінде оқушыларға ұсынылатын әдеби туындылардың көп бөлігі Ы. Алтынсариннің « Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің үлгісінде ұсынылған. Мысалы, мектеп оқулықтары мынадай мазмұнда берілді:

  1. өміріен алынған әңгімелер. Мысалы, «Таза бұлақ» әңгімелері, « Тазша бала»; «Алтын Алдар» секілді ертегілер берілді.

  2. Адамдар өмірінен алынған әңгімелер. Мысалы: «Лұқпан Хәкім»; Қара батыр; «Жиренше шешен». өлең- жырлар мақал- мәтел, айтыс



  1. Әдебиетте сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлелдеп жазыңыз.

Әдебиет пәнінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» пайдалану тиімді тәсілдердін бірі. Өйткені, әдебиеттегі көркем шығармаларды әртүрлі сын тұрғысынан қарап, түрлі өмірлік жағдайлармен ұштастыра отырып талдау әдебиеттің пән ретіндегі мақсаты мен көрнекілігін аша түседі. Көркем шығармада берілген негізгі ой мен ұсынылған автор көзқарасы оқушы сана- сезімінде белгілі бір түйін жасай отырып, әдебиеттің көп қырлы өмірлік құндылығын бойына сіңіруіне, тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет