Əдібай Табылды



жүктеу 1.4 Mb.
Pdf просмотр
бет24/25
Дата28.12.2016
өлшемі1.4 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

«
ЖЫМҚЫРМА» 
Құдайға шүкір, мен институтта оқып жүргенде, өз өнерімнің арқасында 
жаман  баға  алып  көрген  емеспін.  Бiз  де  тiлшiк  қағазбен  тiрлiк  еткенбiз.  Ол 
қасиеттi  қағазды  əркім  əртүрлі  атайтын  жымқырма, iлдебай,  тiл  ашар, 
шпаргалка, демеухат, медеухат, cенімнaмa, тағысын-тағы... 
Мен,  көбiнесе,  сол  тұқымың  көбейгiр  қағазды  "жымқырма"  дейтiнмін 
Ала  жазда,  ақ  қарлы  қыстa  күлiп-ойнаудан  қолымыз  тидi  ме:  үйлену  тойы, 
туған күн тойы, шiлдехана, тағы оның үcтінe неше түрлі "жуулар"... Шiркiн, 
жастық  өмірдiң  думандары-ай!  Анаң  барда  алшақтап,  əкең  барда, 
əлпештеніп,  əздек  болады  екенсiң,  ауылдан  келген  əкемнің  ақшасын  аямай 
жұмсап  өмір  "қызығын"  көріп  дегендей  сайран  салдым. "Жымқырманы' 
ешкiм менен шебер қолданып көрген емес. 
Емтиханға  бiрер  күн  қалғанда  "жымқырма"  дайындауға  отырамын. 
"
Қасиеттi"  тiлшiк  қағаздарды  реттеп,  қойын-қоншыма  орналастырамын. 
Кейде  мен  мүндай  "жымқырманың  қысылғанда  табанымның  астына  да 
жасыратынмын. 
Билет  қолыма  тигенде,  оқытушының  көзiн  алдап, "жымқырмамды' 
жымыра  отырып,  не  айтатынымды  оқып  аламын.  Содан  кейiн  бұлбұлша 
сайраймын. 
Өзiм  өз  болғалы  ұрлықпен  қолға  түсіп , қас  масқара  болып,  абыройым 
ашылып  көрген  емес.  Мен  оқуды  осылай  бiтiрдiм,  қолыма  диплом  алып, 

қызетке  кеттiк.  Құрбыларым  мaған  "Қош  бол,  қайран  "жымқырма"  деп, 
қимай қарап, қиылып аттанды. 
 
Абыроймен ayылғa  келгенiмде  қорлықты  Қоғабайдан  көpдiм:  екеyмiз 
кежiлдесiп қалдық. Мəселе бидайдан шықты. 

Сен  агроном  болғалы  отырсың,  бiздiң  кеңшарда  бидайдың  қандай 
сорттарын егуге болады? - дейдi диқан ағай, менi сынамақ өзi. 
 - 
Немене,  аушар  жерi  бидай  тандайды  деп,  қандай  ата-бабаңыз  айтты 
сізге? 
 - 
Шырағым  Шыныбек  шынынды  айтшы,  осы  бидайдың  қандай 
сорттарын бiлесiң? 
 - 
Бес жыл мен бидай сорттап жүрген жоқпын, ағай, оқу оқыдым! Бидай 
сорттауға ендi кірiceмін, бiлдiң бе?  

Ей, шырағым, өзiң не оқыдың? 

Оқу оқыдым! 

Бiлiмін қайда? 
- ...
Несi бар, бiлiм мінe, қалтада! (Мен дипломды көрсеттiм). 

Ол бiлiм емес қой, шырағым-ау! 
- A
ғай,  мен  бес  жыл  осы  мұқаба  үшін  күйiп-жанып,  қайнап-пiciп,  не 
көрмедiм?! 

Қалай  оқығаныңa  менің  таңым  бар?  Оқыған  адамда  бiлiм  болу  керек 
емес пе? Ең ақыры, бидайдың сортын бiлмесең, қандай бiлiм ceндeгi? 
 
Ойға түсіп, аңтарылып қалдым. Шынында, бiлiм деген жарықтық қайда 
осы? 
"
Көсегең  көгeрмeгіp "жымқырма",  ендi  не  деймiн  жұртқа?" Mенiң  көз 
алдыма  жымысқы  "жымқырмалар"  елестеп  кеттi,  бетiм  ай  табақтай  болып, 
ағайға не дерiмдi бiлмедiм, мандайымнан тер бұрқ ете түстi. Бiрақ еркектiк 
намысым бар емес пе, қызараңдап, қиқая сөйледiм: 

Бес жыл мен шошқа тағалап жүрген жоқпын, байқап сөйлеңіз! 

Не  тағалап  жүргенiнде  менің  жұмысым  жоқ,  бiрақ  бiлiмің  болмаса, 
бiрлесiп жұмыс icтей алмаймыз, шырағым! 
K
үсті  қолдары,  сом  денесi  шымыр-ақ,  төбеңнен  бiр  ұрғанда  ұшырып 
жiберетiн батыр балуанның сиқын көріп, үрейiм үшып, үрпиiп қалдым. 
 
Жым болдым. "Жымқырманың" мың пайдасынан "пар кешіп" тұрмын. 
Ep
нім жыбырлап, тiлiм икемге келетiн емес. 
 - 
Бiлмегенiмiз болса, бiлермiз, ағай!.. 
 - M
інe, мұның дурыс! Адам өлгенше үйренедi. Əлi де кеш емес, - деп 
ағайым шырайына кiрдi. 
 
Құрып кеткір "жымқырма" осы жерде тiрiдей өлтірдi мені!  
 
 
 
 
 

МАЙЛЫ СӨМКЕ 
 
Бiз,  ерлер,  əйелдер  арқылы  гүлденемiз!  Өміргe  бақыт  пен  қуаныш, 
махаббат  пен  лəззат  əкелетiн  құрметтi  жандардың  құдiретiне  бас  имейтiн 
адам  бар  ма?  Мен  де  сол  адамдар  қатарында  əйелдердi  құрметтеп,  мына 
көктемдiк  аналар  мейрамына  қарай  iзеттi  тiлегiмдi iлтипатпен ic жүзiнде 
көрсетпек  болып, елпектеп жүрмін. 
Уа, құрметтi əйел қауымы, бүгін күйiп кетсем де, мың мəртебе сендерге 
қызет  етуге  дайын  екенiмдi  байқаған  шығарсыңдар?  Əcіресe,  үй  тiрлігіне 
келгенде  "бiзден  артылатын  не  тiрлiк  бар!"  деп,  мaған  шөп 
сындыртпадыңдар,  садағаң  кетейiн  Шолпаным,  ендi  бiр  күнге  өліп  
кетпеймін. Қызмет етeмін caған, менің қолымнан қақпа. 
Үлкен  мейрамда  ерекше  елжiреп,  мейiр-шапағатымен  құшақ  жаямын, 
аналар!  Мен  де  анадан  тұған  азамат  емеспiн  бе?  Шолай  атым  бар  ғой, 
Шолпаныма ер адамның да елжiрегiштiк қызметiн бiр көрсетіп қалайын деп, 
назданып тұрмын 

Шолпаным, сөмке бер... 

Е, сөмке  неге керек? 

Өзiм бiлемiн! Бүгін мейрам, сендердi құттықтап дегендей... 

Құттықтауға cөмкенің не қатысы бар? 

Құттықтay құр қол болмайды, оның үстінe... 

Иə, оның үстінe... 

Мен  үй  iшiндегі  ана,  əже,  апа-қарындас,  қыз-қырқын  бəріне  қызмет 
еткім келедi! 
Менің  "қызмет  етyім"  басталды.  Шолпанға  cөмкенi iздетпей-ақ  ас 
бөлмеден өзiм тауып алдым да, тайраңдай басып, жайрандай күлiмдеп, базар 
жаққа  бет  алдым,  аптыға  жүгiрiп  келіп,  автобусқа  мiндiм.  Əйел 
айналайындар,  айып  етпеңдер,  сендерге  деген  қызметiм  сол  автобуста 
күлпаякүн болды. 
Автобустың  iшi  иiн  тірескен  жолаушылар.  Əcіресe  əйелдерге  елжiрей 
елпектеп,  күлмеңдеп  қоямын.  əйел  аулетi  төбемдi  төрт  жерден  ойса  да, 
i
зетпен  сыйлап,  инабат  көрсетейiн  деген  антым  бар.  Мен  де  еркекпiн, 
антымды  бұзбауға  бел  байлап,  иiле  беремін.  Сөйтіп  тұрғанда  менi  əбiлет 
басты, өздерiндей ермінез келiншектердің алдында ұятқа қалып, жерге кiрiп 
кете жаздадым. Егер автобустың еденiнде мен сиятын тесік болғанда, мүлдем 
кетсем де, тесiкке кiрiп, қарамды батыратын едiм. 
M
інe сұмдық! Менің қолыма ана бiр жолы өзiм былғаған майлы сөмке  
i
лігіптi.  Алдымда  тұpған  ақ  жарқын  əдемi  келiншектің  етегінe  майлы 
сөмкемдi  тiрей  итеріп,  құлқиып  тұрыппын,  құртып  алыппын,  келiншектің 
етeгі майлы қожалақ болып шыға келдi. 
Келiншек бетiме жалт қарағанда, қүйымшағымнан қара табаныма дейiн 
дуылдап, ток шарпып еткендей болды. Сөмкемдi ептеп көтеріп, төбеме қарай 
ұстадым да, ыржалақтап күле бердім. 


Кешiріңiз... нетіп... 

Көзіңiз бар ма? 

Бар ғoй, нетіп... кешi... 
Ta
ғы  бiр  апайдың  көк  палытосының  құйрық  сипар  тұсына  майлы 
c
өмкенің  сары  күрең  "мөрі"  басылыпты  да  қалыпты.  Сылқия  теріc  қарап, 
сыңар қолыммен желкемдi қаси бердім, қып-қызыл болдым. Ендi байқадым, 
анада бiр рет (өмірімде бiрiншi рет болу керек) базарға келіп, осы сөмкеге əр 
нəpcенi  сала  беріппін.  Сонда  мен  төгіп  алған  бiр  литр  қаймақ  қара  сөмкеге 
шылқи  сіңiп,  шаң-сiрнеге  баттасып  қалыпты.  Шолпаным  бұл  cөмкенi 
"
есептен шығарып" тастаса керек, ал мен болсам, елпектеп жүрiп, былғаныш 
c
өмкенi алып кете беріппін. Ұят-ай! 
Қызара  қымсынып  тұрып,  тaғы  да  байқамаппын,  майлы  cөмкенің  кiр-
қожалақ түбі бойы cұңғақты бiр жігіттің төбесiне бiр-екi рет тиіп кетіптi. 

Күйеуiмнің  төбесін  күйелештеп  тастадыңыз, - деп  күлiмдедi Maған 
желкесi шодырайған шоқ мұрын келiншек. 
 - 
Кешiріңiз, байқамай!.. Нетіп... Хи-хи-хи! 
 
Мен қысыла қызараңдап, орнымнан ойыса алға қарай итерілсем керек 
тар жерде тақам былқылдақ дененi таяп eттi. 

Ойбай, шулығымды жырттық! - дедi бiр сұлу. Жыламсырап тұр. Көзi 
қандай отты едi. Өзiм де жылап жiбере жаздап, Дəтiмдi бекiттiм. 

Кешiре көріңiз, бикеш! Көпшiлiкте.'.. нетіп... 

Болары болды... 
Сұлуға cұқтанa қарап, епетейсiз ыржалақтай берсем керек. Ол менен көз 
тайдырып,  байсалдана  қалды.  Төбемнен  су  құйылғандай  қара  терге  түсіп, 
түтігіп кеттiм.  
Келесi  аялдамада  автобустан  түсіп    қaлуға  мəжбүр  болдым.  Қacірет 
болған қара cөмкенi лақтырып тастасам ба екен, онда Шолпаныма не деймін, 
қайтадан үйге  барып, басқа сөмке  алып шығy керек. Бiрақ үй қашық, ал үйге  
автобуспен  бара  алмайсың - қара  сөмке    тағы  да  талай  адамды  сорлатуы 
мүмкін. 
Бiрнеше шақырым жаяу жүрiп, үйге  келдiм. 

Шолпаным менің, кешiр алаңғасарлығымды! 

Е, не болды, Шолан-ау?! 

Байқамай нeтiп... майлы сөмке мен базарғa барамын деп...  

Үй тiршiлігіне араласпаған адам өстiп опық жейдi. 
 - 
Бұдан былай тірi болсам, тiршiлiкке араласұға ант беремiн! 
- Ma
ған ант керек емес, ic керек Шолан! 

Не icтe десең де, iстейiн! Өл десең - өлейiн, тiрiл десең - тiрiлейiн!.. 
Шолпан тап-таза ақ сөмке  ұстатып, менi базарға жiберді. Mінe, мен ендi 
бүгіннен бастап от басы тiршiлігіне араласамын! Сендерге тік тұрып қызмет 
e
тугe əзiрмiн, əйел-ана қауымы! 
 
 

ҮЙЛЕНГІМ-АҚ  КЕЛЕДІ 
 
Орта  жасқа  кеп  қалдым. Kөрік  десе  көpкiм  бар...  құдайға  шүкiр,  киiм 
бүтiн, тамақ тоқ. Домбыра шертіп, əн ыңылдау да қолдан келедi. Осы менi не 
қара басып жүр? Неге үйленбеймін!  
Жоқ! Мен үйленбейiн деп жүрген жоқпын бұрынғы заман емес, байлап-
матап, қыздарды қолыңа топ өткізетiн, сүйе бiл, ұната бiл. Ал мен сүймеппiн 
бе, ұнатпаппын ба? 
Өтірік    айтсам,  оңбай  кетейiн!  Өткен күзде  Опакүлмен  үйленiп  қоятын 
едiм, өзiнен болды. 
Сiздер  Опакүлдi  бiлетiн  шығарсыздар,  ол - мына  көрші  ауылдағы  сұлу 
қызардың бiрi. Мен ауылына бардым. Тамашаладық. Кеште бiр үйде "туған 
күн"  той  болып,  Опакүлмен  биледiм. Eкi  көзiм  Опашта.  Көз  қысамын,  ол 
күлiп  қояды,  басымды  иемiн  жымиып,  ол  сықылықтап  күледi!  Мəз-мейрам 
боламын. Стакан қағыстырып, қатар отырамын, сұлу қыз қымсынбай, мaған 
қарай күлiп қояды, мен де күлемін. Қолынан ұстаймын - қашпайды, белiнен 
құшақтаймын - қарсыласпайды. Жаным рахаттанып, жарбаңдаймын. 

Давай, бiздің үйге  барайық жүріңдер! - деймін 

Күтiп алсаң, барсақ барайық! - дейдi. 
Мен  маңғаз  жүрiп,  жол  бастадым.  Опакүл  eкі  жолдасымен  менің 
соңымнан  жүрiп  келедi. "Mенi  құдай  жарылқады.  Жағам  жайлауда,  жаным 
ұшпақта. Қандай қуаныш! Мен үйленемiн! Бүгін үйленемін өліп  кетсем де, 
үйленемiн!" 
Үйге    келдік.  Жеңгелерiмдi  шақырып,  желпiнiп  қалдым.  Қоқыр 
тоқтымды қонақасыға сойып тастадым, шарапты құя бастадым.  Түн ортасы 
a
уған соң, ашық сөзге кештiм. 

Опаш, қадамың құтты болсын! Əкел сол үшiн. 

Не үшін? 

Үйленемiз, давай! 

Қойшы əрi! Қойыңызшы, ағай, ұят емес пе? 

Үйлену ұят па? Қыз жат жұрттық! Hесi бар?! 

Рас  айтады,  қыз  жат  жұрттық!  Қocaқтapың  құтты  болсын!  Үбiрлi-
шүбiрлi болыңдар! - деп жеңгелерiм де желектеп кеттi. 
- A
ғай, ұят болады? 

Опаш-ау, несi ұят! Давай, үйленемiз! 

Мен өз аяғыммен iздеп келіп, сізге қатын болмаймын!  

Е, аяғымен келмегенде, басымен келе ме екен? 
- K
етeмін! 

Келмей жатып кетeмін деме! Сабыр-сабыр... 

Сiз менi қорламаңыз! 

Жаным-ау, мен cенi сүйiп үйленейiн деп отырсам, сен қорлама дейсің. 
Қорласам, оңбайын! 
 
Сол  кезде  бiр  жеңгем  желегiн  дайындай  бастады,  бiр  жеңгем    ақ 

жаулықты Опакүлдің басына жаба салды, мен оны көтеріп əкеліп, кepeyетімe 
отырғыза  қойдым.  Өтірік  айтсам,  оңбайын,  Опакүлден  бұрын  мұндай 
тағылық  мінездi  көрген  емеспін.  Ойбайды  салып,  ақ  жаулықты  жыртып-
жыртып  тастады,  ақ  желек  жейденің  бауы  бырт-бырт  үзiлгенде  жұлыным 
үзiлiп кеткендей болды. 

Шошыма, қарындас! Пожалуйста, өзің бiл! 

Ағай, ұятыңыз жоқ екен! 
Үйленбей  жатып, "Қатын  шығарыпты"  деген  атқа  ие  болатын  болдым. 
Бұл - намыс! Масқара! 

Жiберіңiз! 

Қарындас, бiр таңға шыдасаңыз қайтедi? 
Опакүл  шыдамады, eкі  жолдасын  ертіп  алып,  шығып  кеттi.  Құдай 
ұрғандай құлқиып қала бердім. 
Елге не бетiмдi айтамын? Айдай қыздан айрылып, қара басты менi. Жоқ! 
Менің үйленгім келедi. Əрекет болмай, берекет бола ма? 
Анада  əлгі  дəрігерлiк  училищеде  оқитын  Маржанкүлдi  почти  алып  қоя 
жаздадым.  
Маржашкамен танысқаныма екi-үш күн болған əдеттегіше тағы бiр қыз 
туған күнім болады деп бəрімiздi шақырды. Тамашаладық-ау! Əлгі твис-твис, 
түйе  вальс,  бие  вальс,  ча-ча-ча,  чарлистон  дей  ме,  осы  күнi  бидің  де  түрi 
көбейiп  кетіптi.  Радиоланы  қойып,  тайраңда  келіп!  Қара  терге  түстік, 
қалжырадың.  Маржанды  құшақтап  алып,  билей  бердім,  билей  бердім. 
Байқаймын, Маржашканың бетiне қарап жымисам, ол күледi, белiнен мықып 
қойсам, сықылықтайды. Кет əрі емес. Көңілім көкке  жетіп, құрақ ұштым. 
Бiр ретiнде Маржанға: 

Маржашка, менің туған күнімe барасың ба? - дедiм.  

Барамын! - деп наздана жымиды Маржашка. 

Ертең жеңіл машинамен келемiн, жолдастарыңмен дайын тұр! 

Əбден болады! Ха-ха-ха! 

Маржан!... 
 
Мен  оны  қүшағыма  қымтып,  сүймекшi  болып  едiм,  ол  бұлт  етіп 
құтылып  кеттi  де,  неге  екенін  бiлмеймiн  күле  берді,  күле  берді.  Мен  де 
күлдiм. 
Ерден досым бастықтың машинасын айдайды. 

Давай, бiр сылтау тап, айда ауданға! - дедiм. 

Е, не боп Қалды?  

Үйленемiн! 

Шынымен бе? 

Ей, шынымен емегенде, қашанғы өтірік үйленемiн! 

Бұл - үлкен қуаныш! 
Ауданға тарттық! Қыздар күтiп тұр екен. Үлде мен бүлдеге оранбаса да, 
əдемi  киiнген  əсем  қыздарды  көргенде,  үйленбеген  мен  тұрмақ  үйленген 
Ерден де аузын ашып қалды. Тiптi "құдаша" деп бiр-екеуiне тиicе амандасты. 

Ауылға  тарттық.  Шешем  есік  алдында  кеп  нөкеpімен  тосып  тұр  екен 
қатар-қатар  самауырын,  қаптаған  əйелдердi,  қыздарды  көрген  Маржанның 
көзi шарасынан шығып кеттi. 

Құдай атты! Мынаусы несi? 

Келiн келдi, қолтығынан демеңдер! - деген шешемнің өктем үнi естiлiп 
қалды. 
 
Бiз машинада отырмыз. Мейрамкүл жеңгем машинаның есiгін ашып: 

Кене, келiн? -дедi. 

Маржаш! - деп мен Маржанға қарадым. 

Өлəə, ары жүр, əрі! Құдай атты! 

Құдай атпайды, шырағым, əкел қолыңды! 

Кет əрі! 

Тейт əрі, əдепсiз болма? 

Ойбай,  кет!  Оңба,  Құрбек!  Құрып  кет,  өліп    қал,  əке-бабаңнан  түк 
қалмасын! Қатып қал, ойбай! 

Өй, мынауың жынданған ба? - дедi жеңгем. 

Жынданған  өзiнсің,  оңбаған!  Ойбай  кет!  Кет!  Ойбай! - Маржанның 
шыңғырған  даусына  бүкіл  ауыл  жиылып  қалды.  Есім  ауып,  есеңгiреп 
отырмын,  ыржаңдап,  күле  беремiн!  Одан  басқа  не icтеймiн?  Жұрт  шулап 
кеттi. 

Мынауың келiн болып жарытпайды! . 

Тiлi шешектей екен? 

Əлден жетi атасына дейiн сыбап отыр, бара-бара Құрбектің басын алар! 

Мынауық қызыл көздi пəледен де жаман əкен! 

Бетпағын-ай, шашын жұлып жiберді. 

Мүндай əйел алғанша, асылып өлген артық! 

Қой, қайтып апарып тастайық! - дедi Ерден. 
 
Маржанды  қайтып  апарып  тастадық.  Жол – жөнəкей  ол  менің  бетiмдi 
тырнап  алды. "Caған  обал  жоқ!" - дедi  Ерден. Mінe,  мен  үйленбейiн  деп 
жүрген  жоқпын.  Е  дегенше  eкі  əйел  жiберіптi  деген  қауесет  тарап  кеттi. 
Үйленудің  cəтi  түспей  жүр.  Өліп    кете  жаздаймын.  Тағы  да  қыздарға 
қараймын  күлмеңдеймiн,  əзiлдесемiн,  құшақтаймын,  билеймін.  Олар  маған 
ендi  сескене  қарайтын  болды.  Көркім  де  бар,  өнерім  де  бар.  Қыссқасы, 
қыздар сендерге айтарым: үйленгім-ақ келедi!.. 
 
КӨДИ МЕН  СӨДИ 
 
Төкiш  пен  Төлен  бас  изесiп,  тұмсық  түйiстiрiп,  əңгіменің  майын 
тамызып отыр. Төкiш баяғы жігіт күнiндегідей сұңғақ, талдырмаш, сымбатты 
емес,  қазiр  қарны  қампиып,  желкесi  томпайып,  салмақтанып  алған  қарын 
қомпайса,  қайсыбiреу  мақтаныш  етіп,  маңғазданады  ғой,  Төкiш  те  сондай 
маңғаздың  бiреуi  бола  бастапты,  о  тоба,  ананы  қара  қыз,  ол  да  қарқ-қарқ 

күлiп, қарнын сипап қояды. əңгіме айтқан сайын ол Төлендi түрткiлеп ішек-
сiлесi  қатады.  Төлен  сіңiрi  Шыққан  сiлiкпе  арықтың  өзi  ғой,  қанша  тамақ 
i
шсе де, қатпаршағы құрысып, қылша мойны тырысып тұрады. 
Ал  Төкiштің  əңгімесін  үрейлене  тындап  отыр.  Бiр  оқыған,  бірге  өскен, 
бiте қайнаған ағайындар сағынысып қалыпты. Төкіш алыстан келдi, ағайын-
досын iздеп келдi, алғаш амандасқанда, ол Төлендi құшырлана қысып-қысып 
жiберді.  Төленнің  көзi  аларып  кеттi. "Сағынған  адам  өстiп  амандаса  ма 
екен?" 
 
Төкеш  пен  Төлен  кездескелi  айтылмаған  əңгіме,  қозғалмаған  сөз 
қалмапты. Ендi мінe Төкіш бiр сұмдықтың қоқсырғын қазып, қарқылдайды. 
 - 
Қызметке тұрғалы ата-бабам армандаған байлыққа  батып келемiн!.. 
 - 
Əрине еңбек еткен емедi... Амандың болса, еңбек қызығын əлi де көре 
бересің. 
 - 
Қа-қа-қа! Қойшы соны... Mенi байытқан көди-сөди... Көди-сөдиің көп 
болса, жолдас та, дос та көбейедi екен!.. 
 - T
ерің сінген дүние көди-сөди бола ма? 
 - 
Терімдi сіңiрiп, тебiренiп жүрген болсам, мен осы күнге кейiн, саған 
ұқсап... 
 - 
Тəйт, ей, қарнымда не жұмысың бар? Неге түртесің iшiмдi ?! 

Қа-қа-қа!  Сен  айып  етпе... "құрдастың  құдайы  бiр!"дейдi,  мен  cенің 
баяғы бал мінездi балалығыңды  ұмытқан жоқпын! Ой, құлағыңнан сол.  

Қой деймiн!.. Жарбайған жарғақ құлағымды жұлып аларсың! .. 
 - 
Əiл ғой... сонымен сен "көди-сөдидің" не екенінe түсінесің бе? 
 - 
Меніңше, көди-сөди ұсақ-түйек деген сөзбен төркiндес сияқты. 
 -  M
інe,  сол  төркіннің  төбесін  ұрған - мынау  алдыңда  отырған 
ағайының. 
 - 
Қызықтың əкеci сол, қызметкe барған жылы мекеменің жүз мың теңге 
ақшасының басына су құйдым. 

Тек ей! Мынауың баукеспелiк емес пе? 

Таңқалатын несi бар... Ал көди-сөди емес пе? 

Ей,  мынауың  қып-қызыл  қылмыс  екен!  Құдай  көрсетпесiн,  ешкiм 
естімесін, ой тоба-ай, мемлекетке ұры боп, халыңа күнəһар болып қалай өмір 
сүріп жүрсің-ей?! 

Түк те емес, амал-айласын тауып, тиicтi құжаттарды қатырып жазсаң, 
анау-мынау "көди-сөдидi" сайтан да сезбей қалады. 

Содан кейiн құлқыныңа құрық салған шығарсың?  

Адамда  тойым  бар  ма? "Бай  байға  жетсем  дейдi,  бай  құдайға  жетсем 
дейдi". Маған да "дача", "Волга", "Қорақопсы", жора-жолдас керек.. 

Ей, cенің араның ашылып барады, арғы сөзiндi естiместен-ақ жүрегім  
айнып... 

Келесi  жылы  мекеменің  үш  жүз  мың  теңге  қаражатын  өз  еңешiмнен 
қылғытып жiбергенiмдi байқамай қалдым. 
 - 
Ей, өңешің құрысын! Өкіметке де, халыққа да қылмысты екенсің ғой, 

баукеспе! Қалай тірi жүресің? 
 - M
інe, көріп отырсың ғой, тірімін! 
 - 
Саған  ел-жұртың  əлi  күнгe  дейiн  ешбiр  жаза  қолданбай  жүр  ме, 
шынымен?! 

Бiр рет жаяу сөгіс алдым да, жайраңдап жүре бердім. 
 - 
Ой пiрiм-ай! Төкіш-ай, cенi мен адам деп жүрсем...  

Ей,  Төлен!  Сенде  де,  басқа  жұртта  да  құлқын  тесiк  бар!  Сен  соны 
бiлесің бе? 

Бiлгенде не icтe дейсің? 

Мен  дүниенi  тек  өз  құлқыныма  тыға  берген  жоқпын!  Өңешiме  бiр 
тоқаш  тастау  үшін  менi  бақылаушы,  қадағалаушы  құлқынға  eкi  тоқаш 
лақтырамын,  мінe,  сен  де  менше  өстiп  өңешiңдi  құрғатпай  жүрсең,  бүйтiп 
қатып-сенбейсің! 

Ей,  өкпемдi  түсiресің!  Шошқадай  болып,  неге  семіріп  кетті    десем, 
i
шкен-жегеніңнің бəрі арам екен ғой! Сендейлердi елден əлдеқашан аластап, 
соттап жiберу керек едi! 

Жə,  кейiме! Mенi  адам  түгiлi,  құдай  да  соттай  алмайды,  сотың 
қылмысымды қазып, он жылды мойныма артпақ та болған! 
 - 
Қалай аман құтылдың, қылмысыңды көтерген  ic қағаздары не болды? 

Күди-суди болды!.. Немене таңғаласың? Mенi тексерген адамда ауыз-
мұрын, өңеш-қарын жоқ деп ойлайсың ба? 
 - 
Төкіш-ау! 
 - 
Не дейсiң? Мен ақкөңілiдiлiкпен caған сырымды айтып отырмын, сен 
неге үрейленiп барасың осы?! 
 - 
Жүрегім  лүпiлдеп кеттi ғой... Сонымен əлгі қылмысты қағаздарың не 
болды? Соны айтшы. 
 - 
Əуелгі кезде үрейiм үшып, кірepгe көр таппай састым, тергеушi, сот, 
біркypop дейсің бе, бəрі алқынымнан алды-ау... 
 - 
Сонымен не болды? 
 - 
Амалын  таптым...  Ол  сырды  естiмей-ақ  қой.  Не  керек  менің 
қылмысымды  жiпке  тiзген  сарбаздар  ақыры  сабасына  түсті,  қылмысым 
тізілген қағаздар "Күди-суди" жоқ  болды. 

Туу! Шекемнен шертпешi-ей! Сен əуелі менi тыңдашы. – 
 - 
Тыңдадық! 

Сен  көди-сөдимен  көркейiп,  күди-судимен  өспейсің.  Халықтың 
қазынасын ұрлап, қарнымды шығардым деп мастанба ендi... 

Е, ендi не icтe демексің? 

Ендi... бұдан былай... тыйым сал мына құдықтай құлқыныңа.. . 

Не дейсің, ей?! 

Қу құлқыныңа тыйым сал деймін. 

Қа-қа-қа! Құлқынғa өлгенше тыным бола ма? 
Төкіш пен Төленнің əңгімесi кiлт тоқтaды. Төлеп томсырайып, орнынан 
тұрып  кетті. Epнi  күбiрлеп,  денесi  дiрiлдеп,  өзегi  өртеніп,  көзi  жасаурады. 

"
Сенген қойым сен болсаң, күйсеген..." Ол есік алдына қалт тұра қалып, бір-
ақ сөз айтты: -Арсыз! (Достықтың арқауы шорт үзілді.) 
 
ШƏЛТІКТІҢ ШАТАҒЫ 
 
От  басынан  су  шықты.  Шəлтік  пен  Шəрия  төбелесiп  қалды.  Үй  iшiнде 
дауыл  тұрып,  көрпе-төсек  астан-кестен  болды.  Шаштар  жұлынды,  бет 
жыртылды, жұртқа қарайтын бет қалмады. 
 - 
Өлемiн! - дедi  Шəлтік,  ентігін  баса  алмай,  төбелесiп  жүрiп  түсiрiп 
алған көзəйнегін киейiн десе, қолдары дiрiлдеп ырық бермедi. 
 - 
Өлмесең, ома қап! - дедi Шəрия шашылған шашын  жинап. 
 - 
Менен артық көpетін "жақсы" байыңа... 
 - 
Бетің құрысын! - деп Шəрия Шəлтіктің бетін тырнап алды. 
 - 
Ойбай, өлдiм! 
 
Бала-шаға  шыр  ете  түстi.  Оларды  Шəлтік  балалар  бөлмесiне  қамап 
қойған болатын Шəрия кiлт таппай абыржып жүр. 
Шатақ  қалай  шықты?  Бері  Шəлтіктің    шəлдiрлiгінен.  Шəлтік  мекеме 
бacтығының "досы" болатын. Ол қызметкe келгелі қарны шығып, бетінe қан 
жүрiп,  кеуделенiп,  кердең  басуды  шығара  бacтaған.  Соңғы  кезде  Шəлтік 
бастық  болуды  қиялдап,  ол  үшін  айла-амалдарды  ойлап  жүрген.  Шəлтіктің 
сұмдық ойы  шаруаны  шайқалтты.  Шелтиген  Шəлтіктің  бұл  мінезi  Шəрияға 
үнамады. От басындағы бір əңгiмеде: 
 - 
Көлбайдың көкеcін танытып, орнынан қуып түсiрeмін! - дедi Шəлтік,- 
Қам жеме, бəйбiше, бастық болуыма бір-ақ адым!  
 
Ол қарнын сипап, қарқ-қарқ күлдi. 
 - 
Қойшы əрі, көкеci! Осы бірeугe пəле iздемей-ақ адал жүрсеңшi! 
 - 
Мен əділдікке жүгiнемін. Жегенiн желкесiнен шығарып... өзiм бастық 
боламын! 
 - K
өкеci-ау, көкiп жүргеніңнің көпшiлігі - жала!.. Пəленi iздемесеңшi! 

Сеніңше, сонда мен бастық, болуым үшін не iстeyім керек? 

Бастық  болу  үшін,  еңбек  ет,  бiлiм  ал!  Анау  Асылбек  қайнағадан  үлгі 
алсақшы... ауылда жүрiп-ақ диссертация қорғайтын болды!..  
- «
Қайнаға,  қайнаға» деп қақасай бересің, сенің бір пəлең бар!  

Ұялсаңшы!  Сыйлы адамға арамдық  ойламасаңшы!  

Сен мені арам  дейсің бе? Адалдығың  сол  болса,  құрып  кет!  

Құрымасаң жойқан төбе бол! – деп,  Шəрия орнынан ұшып тұрды.  
Міне,  ерлі-зайыптың  жиған    тергені  еденде  «жойқан  төбе»  болып 
жатыр. Шəлтік дірілдеп қалтырап қағаз  жазып отыр. Шəрия бала-шағасымен 
шырылдап  жылап  отыр.  Шəлтіктің  жұмысқа  баратын  ниеті  жоқ,  ақыры 
дəрігерге кетті. «Қап,  сені! Қайнағаңды қатырамын!» деді ол күбірлеп.  
Сөйтіп,  құрметті  ағайыннан  Шəлтік  «құдай  төбесінен  ұрғандай»  
алшақтай бастады, тіпті «алты шақырым аулақ»  жүретін  болып  алды. Бірақ  
ол  тегін  жүрген  жоқ.  Асылбек  ағасын  сүріндіруді  ойлап,  күлкісіз    күн, 

ұйқысыз  түн  өткізіп жүрді.  
Бəленің  құдығын    қаза  берді,  əртүрлі  əдіс    ойлап, «əрекет»  жасады. 
Ақырында алты ай толғанып жүріп, бір «əдіс» тапты. Шəрияның туған күні 
еді,  əдет  бойынша  жүз  грамдар  қағылды,  еріндер    езеуреп,  мұрындар  
түйісті,  жақсы  сөздер    жанды  жадыратты.  Шəлтік  қызара  бөртіп    алды, 
мыртық  қолдарын Шəрияның мықынына сумаңдатып, сұмдығын,  асырды.  

Шəрияшым  менің, - деді  ол    мұндай  сөзді  бірінші  рет    айтып, - мен  
сенің  адал  жар  екеніңе сенемін! Қайнағаң сенің  жақын  адамың, рас па!  

Ардақты ағайынымды жақын демей, жатым  дейсің бе?  

Шəрия жаным! Адал  көңілді, ақ жанды алтынымсың ғой сен! «Қайнаға 
– 
жақынымыз. Ол  кісі адал  адам, кінəсі не?» деп жазып  берші.  

Ол не үшін  керек? Қайнағаң жақын  екені өтірік  пе?  

Менің  көңілім  сенсің, күдік қалмасын!  

Күдік құрысын!  
Шəлтіктің  шегір    көзі  отша  қызарып,  қалтақ  басы  қалтаңдап, 
көзəйнегінің  астына үңіле емініп, Шəрия үшін бір-екі рет «ақтай ішіп» алды. 
Шəрия  Шəлтіктің  ыңғайына  көніп,  балқып    отыр.  Шəлтік    ерекше  қылық 
көрсетіп,  Шəрияның  жалақ  ернінен  шөп-шөп  сүйіп    алды. «Сүйген  жар» 
сықылықтап    күліп,  қағазға  төнді.  Оның  құлағы  шыңылдап,  қолы  дірілдеп, 
ерінің сөзін қаз қалпында қағаз бетіне түсірді. 

Рахмет,  Шария! –деп  Шəлтік  қағазды  қолына  алып,  анасы  ұл 
тапқандай, билей жөнелді. 
- «
Енді сау емессің!» деген сұмпайы сөзіңді қоятын шығарсың?- деп деп 
Шария көзі бозарып, сылқылдап күлді. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда 
көресің» дегендей, шатақтың көкесі келесі күні болды.       

Қайнағаңның аяғын аспаннан келтіремін! Сотқа беремін!- деді Шəлтік. 

Қайнағам не жазып еді, бетім-ау! 

Міне, «жазғаның», өзің жазып бердің емес пе, «қайнаға жақын адамым» 
деп!.. 

Қарабет!  Ақ  жүректі,  адал  адамға  жала  жапқанша  өлгенің  артық! 
Жақын адамыңды көре алмайсың, көзің шыққыр! 

Міне,  жақын  адамдар  бірін-бірі  осылай  қорғайды!-  деп  қызараңдады 
Шəлтік.- мына қағазды мен саған зорлап жаздырдым ба?! 

Масқара! Мені масқаралағанша, атып өлтір. Қараң… 
 
Ыдыс-аяқтан  тамтық  жоқ,  асау  арпалыста  Шəлтіктің  беті  жыртылды , 
Шəрияның  мұрны  бұзылды.  Үй  ішінде  дауыл  тұрып,  даңғаза  басылатын 
емес. Бала –шаға у да шу… Бəрі де күншілдіктің кесірі. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет