Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады



бет60/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92
Ерте грек тираниясы

VІІІ-VІ ғасырларда Грецияның көптеген аймақтарының саяси-экономикалық билігін тиран-узурпаторлар басып алды. Заңсыз, күш қолдану арқылы билік басына келген тиран өзінің авторитарлық тәртібін қалыптастырып, қарапайым халық - демостың қорғаушысы ретінде көріне бастады. Өз артықшылығын демос алдында күшейтуге тырысқан рулық ақсүйектер мен дәстүрлі аристократияның билігіне тиран қарсы тұрды.


Тирания – саяси түсінік ретінде ежелгі гректерде пайда болды. Қоғам өзінің әлеуметтік, саяси, экономикалық тұрақтылығын жоғалтқан кезде тираниялық тәртіптер пайда болды. Ежелгі Греция тарихында бұндай жағдай екі рет қалыптасты: архаикалық, полистік жүйенің қалыптасу кезеңінде және б.д.д. ІV ғасырдағы полистік жүйенің дағдарысы кезеңінде. Сондықтан б.д.д. ІV ғасырдағы кейінгі тираниялық тәртіптермен салыстырғанда, архаикалық дәуірдің тираниясы ерте тирания деп аталады.
Ерте грек тираниясына екі сипат тән. Біріншіден, тираниялық тәртіптердің өтпелі сипаты. Көптеген грек полистері өз дамуында тираниялық сатыны секіріп өтті. Екіншіден, экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуы динамикалық түрде көрініс берген полистерде тираниялық құрылым, рулық қалдықтардың жойылуына ықпал етті.
Қоғамның тұрақтылық деңгейінің бұзылуына ықпал ететін факторлар тираниялық тәртіптердің қалыптасуына ықпал етті. Архаикалық кезеңде темірдің кең таралуына байланысты қолөнер өндірісі жоғарғы деңгейге жетті. Сауданың рөлі өсті. Осы кезеңде пайда болған ақша, сауда мен грек қолөнерінің дамуына ықпалын тигізді. Өз кезегінде бұндай процестер ұсақ және орта шаруа шаруашылығының ыдырап, қарыз арқылы құлдыққа түсіруді көбейтті.
Архаикалық кезеңде Грецияда демографиялық үрдіс жылдам өсіп, жерге талас күшейді. Жердің басым бөлігі ру ақсүйектерінің қолына өтіп, шаруаның жер бөліктері ұсақтанып кетті. Бұл аграрлық дағдарысқа алып келді. Аграрлық дағдарыс өз кезегінде тираниялық тәртіптердің қалыптасуына ықпал етті. Қалыптасқан жаңа жағдайда қолөнермен айналысу экономикалық, әлеуметтік жағынан да тәуелсіз болды. Қолөнершілердің арасынан шет елден қоныс аударып келген, іскер, жылдам баюға икемді адамдар көп болды. Бірақ олар қалыптасқан рулық бірлестіктердің құрамына кірмегендіктен, полис шеңберінде жер бөлігін алып, ауыл шаруашылығымен айналысуына құқығы болған жоқ. Яғни, олардың полистің саяси өміріне де араласуға мүмкіндігі болмады. Осы категорияға кіретін адамдар санының өсе беруі, қоғамда әлеуметтік қайшылықтарға алып келді. Адамдардың бұндай тобы саяси өмірге араласу үшін күресті.
Біртіндеп қолөнер мен сауда арасындағы айырмашылық жойыла бастады. Архаикалық дәуірде саудамен айналысу тиімді болды. Қолөнер саласында алғаш рет құл еңбегі пайдаланыла бастады. Құл еңбегі баюдың жаңа жолы болды. Құлдыққа алғашқы кезде қарызға батқан полис азаматтар айналдырылды. Аграрлық дағдарыстың ұлғаюымен қатар, құлдыққа түсу процесі де өсе бастады.
Сонымен, қолөнер мен сауда жылдам дамып, аграрлық дағдарыс күшейген аймақтарда әлеуметтік-саяси тұрақсыздық жоғарғы деңгейде көрініс алды.
Тирандық тәртіп алғашқы кезде демостың мүддесіне жұмыс істеді. Қоғамдық мекемелер салынды, жұмыс пайда болды, өз полисінің күшеюі үшін соғыстар жүргізіп отырды. Тирандар ескі ақсүйектерден шыққан өз руластарымен күрес жүргізе бастады. Себебі ру ақсүйектері тиранның ең басты қарсыластары еді.
Грек қоғамын тұрақтылық жағдайдан шығарған бірқатар факторлар тирандық режимдердің пайда болуына себеп болды. Ең алдымен бұл, архайкалық дәуірдің бастапқы кезінде орын алған техника дамуындағы ілгері басушылықпен байланысты болды. Темірдің кең көлемде таралуы қолөнер өндірісін біртіндеп сериялы деңгейге жеткізді. Сауданың да рөлі арта түсті. Осы кезеңде пайда болған ақша сауданың өркендеуіне қолайлы әсер етіп, грек қолөнерінің дамуын жеделдетті. Бұл өз кезегінде грек қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың серпінді дамуына айтарлықтай ықпал етті. Атап айтқанда, ұсақ және орташа шаруа шаруашылықтарының деградациясын күшейтіп, борышкерлік құлдықтың қауіпін ұлғайтты.
Архайкалық дәуірдің бас кезінде Греция халқы санының күрт өсуі, жер үшін болатын күресті қатаңдата түсті. Осы кезеңде шаруа үлестері бөлшектеніп, оның бір бөлігі бұрынғы ақсүйек топтардың меншігіне өтті. Осының нәтижесінде аграрлық дағдарыс пісіп жетіліп, күшейе түсті. Нақ осы аграрлық дағдарыс грек қоғамындағы тұрақтылық жағдайдың іргесін шайқалтып, тирандық режимдердің пайда болуына ықпал етті.
Техниканың прогрессивті дамуының жаңа жағдайында қолөнершілік кәсіп экономикалық және әлеуметтік жағынан анағұрлым тәуелсіз бола түсті. Қолөнершілер арасында ісмер, кәсіпшіл, тез баюға қабілетті, өзінің интеллектісі мен жұмыс әлеуетін жүзеге асыра алатын көптеген шетелдік-қоныстанушылар пайда болды. Алайда, олар бұрыннан қалыптасып қалған ақсүйек топтар мен бірлестіктердің қатарына жатқызылмағандықтан, жаңадан қалыптасып жатқан полистердің территориясында олардың жер иелену құқықтары болған жоқ. Осыған байланысты олар өздерінің қабілеттерін ауылшаруашылығы саласында іске асыра алмады. Сонымен қатар олар қауымның саяси өміріне де араласа алмады. Бірақ бұндай қоныстанушылардың экономика саласындағы ықпалы біртіндеп күшейе түсті. Бұндай жағдай оларға азаматтар ұжымдарын басқаруға деген талпыныстарын күшейтуге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жаңадан пайда болып келе жатқан грек полистері ауқымында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуіне әкеп соқты.
Осы кезеңде қолөнердің біртіндеп саудамен бірлесу үрдісі басталды. Архайка дәуірінде сауда – ең құрметті кәсіп болды. Бұрынғы қоғам қойнауында пайда болған ақсүйектер тобының ең сүйікті ісі сауда операцияларымен байланысты болды. Қолөнер саласындағы нақ осы ақсүйектер тобының өкілдері біртіндеп осы саланы өз бақылауында ұстап, құл еңбегін пайдалануға көшті. Құл еңбегі – байлықтың жаңа формасы бола отырып, уақыт өте келе үлкен рөлге ие болды. Бірақ архайкалық дәуірдің алғашқы кезеңінде сол кездегі үстем топтардың жері мен байлығынан айрылып борышкерліктің шыңырауына түскен туыстары құлдарға айналды. Бұның басты себебі, қолөнер өнеркәсібінің күн санап құлдардың көп болуын қажетсінді. Сондықтан күшейе түскен аграрлық дағдарыстың салдарынан шаруалардың айтарлықтай бөлігі жерсізденіп, қайыршыланса, ақсүйектердің бір бөлігі борышкерлік қанауға түсті. Қалыптасқан бұндай жағдай Грецияның көптеген аймақтарында орын алған әлеуметтік және саяси күреске әсер етпей қоймады.
Осындай жолмен, сауда мен қолөнер жылдам дамыған Грецияның аудандарында аграрлық дағдарыс шиеленісе түсіп, нәтижесінде ауылшаруашылығымен айналысқан адамдардың жерсізденіп бас бостандықтарынан айырылу қауіпі күшейе түсті. Борышкерлікке түскен адамдар санының күрт артуы Грецияның көптеген аудандарын әлеуметтік және саяси тұрақсыздық аймағына айналдырды. Осындай тұрақсыздық жағдайға жауап ретінде тирандық тәртіп пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет