Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Карфагеннің саяси құрылымы



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата07.09.2022
өлшемі1.3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Карфагеннің саяси құрылымы 
Карфагеннің саяси құрылымы карфаендік бай отбасыларының 
мүдделерін қарастыратын олигархияны құрады.
басында 10(кейіннен 30) 
адам болды. Халық жиналысы маңызды роль атқарды, бірақ ол көп 
шақырылған жоқ. Шамамен б.з.д. 450ж судьялар кеңесі пайда болды. Ол 104 
адамнан құралған, алғашында жоғары лауызымды адамдарды күнәлары үшін 
соттауы тиіс болған, бірақ кейіннен толықтай биліктің құзыретінде болды.
Атқарушы билікті 2 суффет атқарған. Олар жыл сайын сайланатын. 104 
адамнан құралатын кеңес сайланбайтын, тек арнайы комиссиялар-
пентархиялармен тағайындалатын. Ақсақалдар кеңесі бас қолбасшыны да 
сайлайтын. Демократиялық оппозиция тек Пуни соғыстарында ғана күшейді 
де , бірақ тарихта ешбір ізін қалдырмады. Барлық жоғары жүйе сыбайлас 
жемқорлықты болды, соған қарамастан мемлекеттің өнімдікірістері жақсы 
дамуға септігін тигізді.
Мемлекеттегі барлық істермен мол күшке ие карфагендік олигархия 
айналысты. Олигархтардың өздері қандай да бір аристократиялық отбасы 
қатты күшейіп барлық билікті өз қолына алмауын, біртұлғалы билік- 
тиранияның қалыптаспауын қадағалап отырды. Карфагеннің ішкі саяси 
тарихы билік үшін күреске толы. Көбінесе, біртұлғалық билікке 
мойынсұнатын жалдамалы әскеріне сеніп алған сәтті қолбасшылар үміткер 


76 
болатын. Б.з.д. VI ғ ортасының өзінде Малх қолбасшы Сицилияның жаулап 
алған соң, Карфагенге барып, карфагендік олигархиялық мүшелерлі екінші 
орына шеттетіп, өз диктатурасын орнатты. Бірақ оның билігі мықты 
болмады, Сардиниядағы сәтсіз соғыстардан кейін ол Карфагеннен қуылды.
Малх билігінен соң Карфагенге басшылыққа атақты Магон аристократының 
отбасысы келді. Оған өз кезегінде билігін ұлдары мен немерелеріне бере 
алды, барлығы жарты ғасырдан астам билікті өз қолында ұстап тұра алды. 
Магонидтер биліктіб.з.д. VI ғ аяғы - Vғ басы аралығында Сицилия, Сардиния 
және Корсика аралдардағы сәтті соғыстар арқасында ұстап тұрды. Тек б.з.д. 
480-474жж гректерден жеңілістер тапқан соң биліктен айырылды. Б.з.д. Vғ 
ортасында карфагендік олигархияның билігі толықтай қалпына келтірілді.
Б.з.д. Vғ ІІ жартысы—III ғ ортасында Карфаген Жерорта теңізінің 
батыс бөлігіндегі ең мықты мемлекеттік құрылым болды. Оның саяси 
мықтылығының негізінде жоғары дамыған экономика, динамикалық 
әлеуметтік құрылым, олигархияың тұрақты саяси жүйесі болды. Карфагендік 
құлиеленушілер түрлі әлеуметтік және кластық толқуларды басып, белсенді 
сыртқы саясатты ұстанып, Сицилиядағы грек қалаларының шабуылдарына 
төтеп бере алды.
Карфагендіктер фиикийліктерден ханаандық дінді мұраға алған. 
Карфагенде адамдарды құрбандыққа шалған кездер болған.
Римнің металы көп Испания мен Сицилия басып алуға әрекеттері 
солтүстік 
Африкадағы 
бай 
қала 
Карфагенмен 
қақтығыстырды. 
Карфагендіктерді римдіктер Пундар (бойы кіші қара түсті адамдар) деп 
атады. Екі мемлекет арасындағы соғыс сол себептен де пуни деп аталды. 
Рим карфагенмен 3 рет соғысты: 
1.1-Пуни соғысы- б.з.д. 264-241жж. (23жыл) 
2.2-Пуни соғысы-б.з.д. 218-201жж.(17жыл) 
3.3-Пуни соғысы- б.з.д. 149-146 жж. (2жыл) 
23 жылға созылған бірінші соғыста Римдіктер 600 кемесімен 
айырылғанына қарамастан жеңіске жетіп, Сицилия аралын өз провинциясына 
айналдырды. Карфаген қаласының қолбасшысы Ганибал Испания арқылы 5 
айда Альпі тауына жетті. Таудан 15 күнде өтіп, 38 пілінің 12-сі мен 
армиясының жартысынан айырылды. Ганибалға По өзенінің аңғарын 
мекендеген Галдар қосылды. Б.з.д. 216 жылы Канна қаласы түбінде Ганибал 
Римдіктердің 50мың әскерлерін қырып салды. Римнің дарынды жас 
қолбасшысы Сципион армиясымен б.з.д. 202ж Карфагеннің оңтүстігіндегі 
Зама қаласында Ганибал армиясымен шайқас болып, карфагендіктер жеңілді. 
Жасалған келісім-шарт бойынша, Карфаген бүкіл иеліктерімен қоса 50 жыл 
бойы үлкен төлем де беруге мәжбүр болды. Рим Жерорта теңізінің батыс 


77 
жағалауының қожасына айналды. Карфагеннің шығыс елдеріен сауда жасау 
арқылы күшейе бастағанын көрген римдіктер б.з.д.149жылы Карфагенге 
соғыс жариялайды(3-Пуни соғысы). Қала күшті жасақталған болғандықтан, 
оны тек 3 өткен соң ғана б.з.д. 146 жылы Карфагенді толық талқандады. 
500000 халықтың 50000-ы құлдыққа алынды. Карфагеннің Магон жазған 
ауыл шаруашылығы трактатынан басқа барлық әдебиеттері жойылды. Б.з.д. 
146 жылы өзіне қарсы көтеріліске шыққан Грекияның Коринф қаласын 
толығымен талқандады.
Б.з.д. ІІ ғ ортасында ІІІ Пуни соғысы нәтижесінде 
Карфаген территориясы Рим республикасының құрамына енді.
3)Арабия түбегінің жер көлемі - 3 млн шаршы шақырым. Жерінің көбін 
құм басып жатыр. Тек орталық бөлігі мен Йемен жері шаруашылыққа 
колайлы. Ежелден Арабия түбегін арабтар қоныстанып келді. Халқы 
егіншілікпен және мал бағумен айналысады. Суармалы егін шаруашылығы 
басым. 
Құнарлы 
көкорай 
жерде 
бау-бақша-, 
жеміс-жидек 
өсіріледі.Отырықшылықпен қатар, арабтар көшпелі мал шаруашылығымен 
шұғылданды. Қалаларда колөнер мен сауда дамыды. Ең ірі калалары - 
Неджран, Мекке, Таиф т.б. сауда орталықтарына айналды. 
Біздің заманымыздың І
V
ғасырында Арабия түбегінде Лахмид 
патшалығы өмір сүрді. Лахмид династиясы 380-602жж Хиртада(Шығыс 
Аравия) билік етті. Оның негізін Лахм тайпасының көсемі Амраның ұлы 
Ампулькайс қалады. Ампулькайс патша Асад, Маад, Низар тайпаларын 
бағындырып, алғашқы болып «барлық арабтар патшасы» атанды. Оның 
мұрагері ұлы Нуман І болды. Тәуелсіз саясатты жүргізген әкесіне қарағанда, 
ол парсы шахының билігін мойындап, парсылармен бірге Византияға қарсы 
соғысты. Нуманның ұлы Мунзир І өз заманында жоғары беделге ие болған. 
420ж ол Иран шахы Варахран V қолдауымен араб әскеріне қолбасшылық 
жасаған. Мунзирдің ұлдары Асвад мен Мунзир ІІ туралы мәліметтер аз 
сақталған. Асвдтың ұлы Нуман ІІ 502 ж қыркүйекте византиялық Сирияға 
жасаған сәтті жорығымен танымал. Сол кезде арабтар Эдессаға дейін жетіп, 
18500 адамды құлдыққа алып кетті. 503 ж Византия жақтастары – Талаба 
тайпасы Хиртаға шабуыл жасады. Нуман шабуылға төтеп бере алды, бірақ
Хабар өзені бойындағы Киркесиум түбіндегі шайқаста жараланып қаза 
табады. Шах Кавад І оның орнына Хиртада Абу-Яфурды патша етіп 
тағайындады. 505ж оны ІІ Нуманның ұлы ІІІ Мунзир алмастырды. Ол 50 
жылдық билігі кезінде Визинтияны өзінің қас жауы деп санаған, керемет 
қолбасшы және тәжірибелі саясаткер болған.
V ғасырдан бастап византиялықтар Сирия мен Аравия шекараларында
буферлік араб патшалықтарын құра бастаған. Бірнеше ғасырлар бойы
Аравия түбегі «парсы» және «византиялық» арабтар арасындағы қантөгісті 


78 
соғыстар аренасы болды. 528 ж Мунзир Орталық Аравияда билік еткен 
провизантиялық Киндидтерге ауыр соққы берді, шайқас барысында 
Киндидтер патшасы қаза тапты. Соғыс тек VІ ғасыр ортасында Киндид 
патшалығының құлауымен аяқталды. Оның көп бөлігі Лахмидтерге өтті. 
Кейін Мунзирдің басты қарсыласы солтүстіктегі Гасанидтердің арабтар 
патшалығы болды. Гасанидтер патшалығымен соғысы 10 жылға созылды. 
Бірнеше жеңілістен кейін ІІІ Мунзир 554 ж маусымда Киннешрин 
маңындағы Удайе түбіндегі шайқаста қаза табады. Әкесінің кегін қайтару 
мақсатымен Әмір патша Гасанидтерге жорық жасап, жеңіспен оралады.
Осыдан кейін Әмір 16 ж билік етеді де , 569 ж қаза табады. Әмірдің орнына 
таққа отырған бауыры Кабустың билігі кезінде патшалық әлсіреді. Кабустан 
кейін билік еткен IVМунзирді билік құмарлығы үшін қоластындағылары жек 
көретін. IVМунзир583ж Айн Убаг түбінде Гасанидтермен шайқаста қаза 
табады. Оның орнына таққа ұлы ІІІ Нуман отырады. Ол туралы ақпараттар аз 
сақталға. ІІІ Нуман – Лахмидтердің соңғы патшасы болған.
Лахмид әулетінің билеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі 
мемлекетке айналды. Лахмид патшалығының күшейген кезі - IV ғасырдың 
аяғы мен V ғасырдың басы. Бұл патшалық VII ғасырдың басына дейін 
Сасанилік Иранға тәуелді болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет