Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет56/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95
БӘРІМІЗ ДЕ 
САУДАГЕРМІЗ 
 
 
Сауда дегеніміз – біреудің қажеттілігін шешу. 
Өмірде де барлығымыз саудагерміз, себебі, 
өзімізді сатамыз: ақшаға, жақсы көңіл күйге, қарым-қа- 
тынасқа. Әрқайсымыз біреудің қажеттілігін өтеумен 
айналысамыз. Бұл дегенім, бір компанияға заңгер керек 
болды делік, өзіңнің қызметіңді ұсындың. Заңгер болып 
жұмысқа орналасып, олардың қажеттіліктерін өтеу- 
десің, туындаған мәселелерін шешіп бердің. 
 
Маған: «Сіздің компанияда жұмыс істегім келеді. Тегін 
жұмыс жасауға да дайынмын», – деп жазатын студенттер 
өте көп. Олардан: «Компаниямның қандай қажеттілігін 
өтеп бере аласыз?», – деп сұраймын. Көбі бұл сұраққа 
жауап бере алмай қалады. 
Біреудің проблемасын шешіп беретін жағдайда ғана, 
құнды боласың. Адамдар бір-бірін біреуіне екіншісінен 
бірдеңе керек болған кезде ғана іздей бастайды ғой. До- 
сыңа оны түсінетін адам керек болған соң сені іздейді, ол 
да – сауда. Қыздар жақсы визажист маман іздейді, ал ол 
мамандардың қазір түр-түрі бар, олар өздерін әлеуметтік 
желіде жарнамалап жарысады, ол да
– сауда. 
Барлығымыз саудагерміз, сондықтан да өзімізді сата 
білуіміз керек. Жақсы жар, нағыз маман, адал дос ретін- 
де… 


ӨЗІМІЗДІ ҚАЛАЙ 
ҚЫМБАТҚА САТАМЫЗ? 
 
 
Адамдардың көбі өз қабілеттерін өздері бағала- 
майды. Көп қаражатқа қол жеткізгісі келсе, биз- 
нес ашу керек дейді, бизнес ашса, идеяны басқалардан із- 
дейді. Барлығын да сырттан іздейміз. Ал өз қабілетімізді 
дамытып, қолымыздан келетін нәрсені жасамаймыз. 
 
Қазақ жастарымен көп жұмыс жасаймын, өте дарын- 
ды балалар бар: бірінің ойлау қабілеті керемет, екіншісі 
қолөнерге бейім, үшіншісі сөзге шешен, бірақ өздерін 
сата алмайды. 
«Қабілетті анықтау: жоқты қуаламай, барды дамыту» 
бөлімінде айтқанымдай, әр адам өз ерекшелігін, мықты 
жағын анықтап алу керек. Осының арқасында біз өзімізді 
жақсы кәсіпкер немесе маман ретінде нарыққа ұсына 
аламыз. 


144
КӘCІПКЕР – кәсібін дөңгелетіп жүрген, бизнес идея- 
сы бар, бизнес модель жасап тапқан тұлға. 
Ал ұста – қолынан келетін сүйікті ісін жақсы жасай- 
тын адам. Бірақ ол өз жұмысы үшін үлкен табыс табады. 
Яғни, кәсіпкер де, ұста да екі түрлі жолмен бірдей 
ақша алуы мүмкін. 
Мысалы, Ғалымжан Молданазар кәсіпкер емес, ол 
ұста, бірақ жеңіске жеткен және жақсы табыс табады. 
Уақыт өткен сайын, ұста шыңдала береді, демек, оның 
бағасы да, табысы да өседі. 
Суретте көрсетілген мысалда, әлем таныған Нұсрет 
мырза, Түркияның танымал аспазы етпен айналысады, 
әлем таныған нағыз ұста. 
Бізде «RUMI»-де операциялық директорымыз бар. Ол 
әрдайым ЗАТOK бойынша жұмыс жасауға тырысады, 
жақында салоннан «Camry-55» автокөлігін сатып алды. 
Тренингіме келген адамдарға: «Кім кәсіпкер?», «Ал 


кімнің көлігі «Camry-55» немесе одан да мықты?» деп 
сұрақ қойдым, ешкім қол көтермеді. Сонда, Қарақат ха- 
ным кәсіпкер емес, ұста бола тұра тиісті, өзіне сай табыс 
тауып жатыр деген сөз. Сондықтан да ойлан. Сен кімсің? 
Қолыңнан не келеді 
Шындығына келсек, барлығымыз саудагерміз. «Он 
берекеттің тоғызы – саудада» деген хадис бар. Мен көп 
ойландым, неге екен деп? Сауда – бір адамның қажеттілі- 
гін қанағаттандыру. Нарықта сатушы мен сатып алушы 
кездеседі, ал ең үлкен нарық – қызмет күші нарығы. 
Білімімізді сатып, ол үшін ақша аламыз. Қызметкерлер 
де біреудің, жұмыс берушінің қажеттіліктерін қанағат- 
тандырады. 
Ұста жолында өзімізді қымбатқа сату үшін не істейміз? 
Потенциалы бар адам, бірақ 180 мың теңге айлық ала- 
ды. Біріншіден, білімге назар аударамыз. Бұл дегеніміз, 
диплом; сен ортаң мойындау керек, яғни, репутацияң 
жақсы болуы тиіс; белгілі бір нәтижелерің болу керек, 
яғни сертификаттарың. 
Көп жағдайда ұяңдықпен, ұялшақтықпен жұмыстары- 
мызды, білімімізді көрсете алмаймыз. Бірақ, Instagram- 
ға жеген тамағың мен сатып алған жаңа смартфоныңды 
салғанша, мүмкіндік болса, өз жұмыстарыңды сал. 
Орыс тілімен айтқанда «упаковка» жасау керек. Ұста 
өзін нарықта жақсы сату үшін жақсы жұмыс істеп қана 
қоймай, мүмкіндіктерін көрсетіп, сата білуі керек. Қан- 
шама мықты маман әлі күнге дейін әлеуметтік желілерде 
жоқ, олар туралы халық та, жұмыс беруші де білмейді. Ал 
соңында ол маман «ешкім жұмысқа алмайды» деп отыра- 
ды. Ал ең білікті мамандар жұмыс іздеп бармауы керек, 
оларды керісінше жұмыс берушілер іздеп, өздеріне шақы- 
ру керек. Бұл жерде сен өзіңе дұрыс сұрақ қоюың керек. 
«Неге мені жұмысқа алмайды?» – деп емес, «Қалай мені 
жұмысқа шақыратындай жағдай жасай аламын?». Одан 
соң, әлеуметтік желіні ашып, өз жұмыстарыңды жүктеп, 
достарыңмен, таныстарыңмен бөлісе баста. Блог жүргіз, 
өзің туралы видео түсір. Басында оңай болмауы мүмкін, 


146
дұрыс сөйлей, әдемі мәтін жаза алмайсың, бірақ уақыт 
өте келе шыңдаласың. 
Бізге көптеген адам жұмыс іздеп келеді. Резюмесін 
қабылдап, олардың әлеуметтік желілердегі парақшала- 
рын іздестіріп, қарастырамыз. Internet-те парақшаларын 
дұрыс жүргізбей, тыртиған белдемше киіп алып, түнгі 
клубта секеңдеп билеген суреттері мен видеолары жүр- 
се, ол адамды жұмысқа қабылдамаймыз. Себебі, қанша 
жерден мықты маман болғанымен, нарықта өзін әлі са- 
тып үйренбеген. Оның офиста жүріп, ұзын белдемше, 
ақ көйлек кигені маған қажет емес. Ол барлық жағынан 
да өзін дамытып, лайықты дәрежеде нарықта өзін ұсына 
білуі керек. 
Нейромаркетингте бір адам туралы шешім қабылдау
үшін ол туралы тоғыз рет есту немесе көру керек дейді. 
Мысалы, кітабымды сатып алу үшін, ол туралы әлеумет- 
тік желіде тоғыз түрлі пост көруің мүмкін немесе досың 
мен туралы айтып берді, бәлкім, теледидардан көріп 
қалған боларсың. Осының барлығы – тұлға болып қалып- 
тасуымызға, дамуымызға, өзімізді қымбатқа сатуымызға 
септігін тигізетін құралдар. Сондықтан да әлеуметтік 
желіні өз пайдаңа қажетінше қолдана біл, қоршаған ауди- 
торияда өзің туралы жақсы пікір қалыптастыр. 
Ұста болсаң өз атыңды, кәсіпкер болсаң өз бизнесіңді 
брендке айналдыр. 
Тағы бір айтарым, бүгінгі күн, ол – ертеңнің баласы. 
«Еріншектің ертеңі бітпейді» деп бекерге айтылмаған. 
Сондықтан ақыры жеңіс жолында жүріп, өзіңді жеңуге 
тырыссаң, оны ертеңнен емес, бүгін баста! 
«Ертең» деген сөзді ұмыт! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет