Экология и естественные науки


Резюме  В  статье  раскрываются  лингвистические  основы  формирования  устного  речевого навыка учащихся начальных классов.    Summary



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата31.03.2017
өлшемі4,25 Mb.
#11024
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Резюме 
В  статье  раскрываются  лингвистические  основы  формирования  устного 
речевого навыка учащихся начальных классов. 
 
Summary 
 
The  article  is  about  setting  up  the  oral  speaking  skills  of  primary  pupils.  It 
describes the linguistic basis of its development. 
 
 
ӘОК 37.03.3 
Қ.Ж. Абилтаева 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттікуниверситеті  
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ  БАСТАУЫШ 
СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ-МУЗЫКАЛЫҚ ТАНЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларына      қазақ  халқының  музыкалық 
шығармашылығының  бастауыш  сынып  оқушыларына  эстетикалық  тәрбие  берумен 
қатар, 
олардың 
тарихи-музыкалық 
танымдарын 
қалыптастыру 
мәселесі 
қарастырылған.      
 
Басқа  халықтар  сияқты  қазақ  халқының  музыкалық  шығармалары  жас 
ұрпақтың  эстетикалық  мәдениетiн,  тәрбиесiн  қалыптастыруда  үлкен  рөл  атқарады. 
Музыкаға  жастың  да,  кәрiнiң  де  жаны  құмар.  Музыка  әлеуметтiк  көркем  құбылыс, 
ой-сана, сезiм көрiнiсi. 
Қазақ халқы өздерiнiң  асыл  армандарын,  жан  сырларын  өздерiнiң  ән-күйлерi 
арқылы  жасөспiрiмдердi  тәрбиелеуде  мұра  етiп  қалдырып  отырды.  Музыка  қазақ 
елiнiң  өмiрiнде  туғаннан  бастап,  өлгенге  дейiнгi  адамның  айырылмас  жан  серiгi 
болды. Бұл жөнiнде Абайдың ән туралы мұрасын еске алсақ: 
“…Туғанда дүние есiгiн ашады өлең, 
Өлеңмен жер қойнына кiрер денең. 
Өмiрдегi қызығың бәрi өлеңмен, 
Ойласаңшы, бос қақпай елең-селең…”  
деген  терең  толғауы  арқылы  қазақтың  ең  бiр жақсы  көретiнi  де,  сүйетiнi  де, 
өмiр серiгi де, дәстүрi де өлең екенiн, жастарға эстетикалық тәрбие құралы ретiнде 
пайдалануды ұсынды.  
Бүгінгі таңда бастауыш сыныптан бастап оқушыларға  қазақ халқының 
музыкалық шығармашылығы арқылы эстетикалық тәрбие берумен қатар, оның  
тарихи-танымдық сипатын ашу негізінде тарихи-музыкалық танымдарын  
қалыптастыру ерекше мәнге ие. 
 Тарихи-музыкалық  танымға  деген  қызығушылық  өте  қызық  әрi  маңызды 
педагогикалық  процесс.  Себебi  дәл  осы  танымдық  процесс  арқылы  қажеттi  бiлiм 
деңгейiн  меңгеруге  болады.  Осы  негiзде  тәрбие  беру  мiндеттерiнiң  ауқымы  кеңiп, 
көркемдiк  қызығушылық,  тарихи  көзқарасты  қалыптастырудың  да  мүмкiндiктерi 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

166
 ~ 
 
туады.  Бұл  процесс  оқушылардың  бiлiктiлiгiн  жан-жақты  кеңейтiп,  мол  тәрбие 
жұмыстарын  жүзеге  асыруға  жағдай  жасайды.  Мектеп  кезеңi  –  жалпы 
дүниетанымдық көзқарастың адамгершiлiк қасиет пен белгiлi бiр пәнге деген ынта-
ықыластың қалыптасу жылдары. Бұл кезеңнiң маңыздылығы оқушылардың жадында 
музыкалық  танымның  қалыптасуымен  дараланады.  Педагогтiң  мұндай  процестiң 
қалыптасуын  тарихи  негiздегi  жекеленген  ой-пiкiрлердiң  тууы  негiзiнде  байқағаны 
жөн. 
Психология  ғылымының  талаптары  бойынша  әркiмнiң  өз  еркiмен  iс-әрекет 
жасауға  қадам  басуы  –  елеулi  кезең  болып  есептеледi.  Екiншi  жағынан,  ол  –  бұл 
кезең оқушылардың ой-сезiмiнiң сапалық жағынан өсуiмен де ерекшеленедi. Мұның 
бәрi  оларды  өз  бетiнше  және  оқу  процесiнде  қабылдайтын  тарихи  ақпараттың 
қаншалықты күрделi әрi маңызды екендiгiн сезiнуге итермелейдi. Егер оқушылардың 
өз  халқының  музыкалық  өнерiне,  оның  тарихына  деген  құштарлығы  болса,  онда 
өнер  туындыларына  деген  танымды  қалыптастыру  да  жүйелi  сипатқа  ие  болады. 
Оқушыны  музыка  өнерiне  баулу  үстiнде  оның  өзiне  және  жас  мөлшерiне  тән 
ерекшелiктерiн  ескерген  жөн.  Оқыту  iсiндегi  психологиялық  үрдiс  тарихи  танымды 
дамытумен  бiрге  педагогикалық  бағыт-бағдар  берудiң  мазмұнын  да  айқындайды. 
Оның мәнiсi, музыкалық шығарманы терең ой, үлкен сезiммен игеруде. 
Музыка  (гректiң  musike,  тура  мағынасында  “музалар  өнерi”)  –  негiзiнен 
тондардан  (белгiлi  биiктiктегi  дыбыстардан)  тұратын,  адамға  өзiнiң  өзгеше  түрде 
ұйымдасқан  мазмұнды  дыбыстық  жүйесiмен  әсер  ететiн,  өмiр  шындығын  көркем 
образдар  арқылы  бейнелейтiн  өнердiң  бiр  түрi.  Өзiнiң  тiкелей  эмоциялық  әсерi 
арқылы музыка бүкiл адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелiк және 
ұйымдастырушылық  роль  атқарады.  Музыканың  тарихи  эволюциясы  әлеуметтiк 
дамудың  жалпы  заңына  бағынады.  Музыка  адам  сезiмiн,  ойын,  оның  ерiк-күшiн 
дыбыстық формада суреттейтiн қатынас құралы ретiнде қызмет етедi. Адамның жан-
дүниесiн,  көңiл-күйiн,  сезiмiн  бейнелеуде  музыка  адамның  сөйлеу  тiлiне,  дәлiрек 
айтқанда  өзiн  қоршаған  ортаға  эмоциялық  қатынасын  бiлдiретiн  сөйлеу 
интонациясына  жақын  келедi.  Соған  қарамастан  музыка  адамның  басқа  дыбыстық 
iс-әрекетiнен  ерекше  саналады.  Музыкада  дыбыстардың  биiктiк  және  уақыттық 
(ырғақтық,  ритмдiк)  қатынастары  өте  қатаң  тәртiпке  келтiрiлген.  Эмоцияның  көп 
түрлерiнiң iшiнен музыка ең алдымен көңiл күйдi бiлдiредi. Музыкалық шығарманың 
мазмұнында    сонымен  қатар  жеке  адамның  ақыл-ой,  ерiк-күшiнiң  эмоциялық 
жақтары 
көрiнiс 
табады. 
Пластикалық 
өнерден, 
әдебиеттен, 
театрдан 
айырмашылығы  сол,  ол  образдарды  түгелдей  дыбыстық  үн  құралдары  арқылы 
суреттейдi.  Алайда  музыкада  түрлi  адам  “портреттерi,  табиғат    көрiнiсiнiң 
суреттемелерi  және  белгiлi  бiр  дәуiрдегi  қоғамның  алуан  топтары”  өмiрiнен 
көрiнiстер де кездесiп отырады. Мысалы, табиғат үнi (жел гуiлi, судың гүрiлi, құстың 
әнi және т.б.), адамның дауысы (сөйлегендегi дауыс ырғағы), қоғамдық өмiр үндерi 
(күнделiктi  өмiрде  кездесетiн  дыбыстар)  музыкада  азды-көптi  көрiнiс  табады. 
Сондай-ақ  музыкада  заттардың  сезiм  арқылы  қабылданатын  кейбiр  белгiлерi 
ассоциация  (құс  әнiмен  орман  суретiн  көру), аналогия  (мелодияның  байсалды,  кең 
тыныста  қозғалысынан  жазық  дала  көрiнiсiн  елестету)  және  есту,  көру  сезiмдерi 
байланысының  көмегiмен  қиялда  қайта  жаңғыру  арқылы  бейнеленедi.  Музыка 
мазмұнында бiр  нәрсенi әшкерелеу, жоққа шығару емес, қайта мақұлдау, дәрiптеу 
басым  болады.  Сөйтiп,  адам  бойындағы  мынадай  жақсылық  қасиеттердi  ашуға 
табиғи  бейiм  болуы  гуманистiк  бастаманы  таратушы  ретiнде  музыканың  өнегелiк 
тәрбиелiк мәнiн күшейте түстi. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

167
 ~ 
 
Адамның  музыкалық  iс-әрекетiнiң  негiзгi  үш  түрi  бар.  Ол  –  шығармашылық 
(музыка  шығарушылық,  орындау,  қабылдау).  Яғни  автор  музыканы  тудырса, 
орындаушы қ0йта жаңғыртады, ал тыңдаушы оны есту арқылы қабылдайды. 
Музыканы  насихаттау  және  тарату,  оны  ғылыми  тұрғыдан  зерттеу,  музыка 
сыны,  музыка  кадрларын  даярлау  сияқты  музыкалық  iс-әрекеттiң  басқа  да 
түрлерiмен  қосыла  отырып  шығармашылық,  орындаушылық  өнер  және  қабылдау 
негiзiнен қоғамның  музыкалық  мәдениетi  болып  қалыптасады. Дамыған  музыкалық 
мәдениеттiң алуан белгiлерiн даралайтын шығармашылық түрлерi бар. Олар:  
1)  мазмұны  жағынан:  лирикалық,  эпикалық,  драмалық,  қаһармандық, 
трагедиялық музыка, т.б.; басқаша айтқанда – байсалды музыка және жеңiл музыка.   
2)  орындаушылық  жағынан:  вокальдық  және  аспаптық  музыка;  басқаша 
айтқанда жеке адам орындайтын, ансамбльдiк, оркестрлiк, аралас музыка;  
3) Өнердiң басқа түрлерiмен және сөзбен қосылу  жағынан: театр музыкасы, 
би музыкасы, программалық аспаптық, мелодрама (музыка фонында көркемсөз оқу) 
және сөзбен айтылатын вокальдық музыка.  
4)  Дыбыс  шығару  жағдайына  байланысты:  арнайы  жағдайда  шыңдалатын 
музыка  (мұнда  тыңдаушылар  орындаушылардан  бөлек  болады),  күнделiктi  өмiрде 
дағдылы жағдайда көпшiлiк орындайтын, әрi шыңдайтын музыка. Мұның алғашқысы 
ойын-сауық және концерттiк музыка болып бөлiнсе, кейiнгiлерi көпшiлiк тұрмыстық 
әдет ғұрыптық музыкасына бөлiнедi. Осы 4 түрлi жанрлық топтың өзi одан әрi ойын-
сауықтық  музыка,  яғни  музыкалық  театр,  драмалық  театр  және  кино  музыкасы; 
концерттiк  музыка,  симфониялық,  камералық  және  эстрадалық  музыка;  көпшiлiк-
тұрмыстық  музыка,  ән  мен  би  музыкасы;  әдет-ғұрыптық  музыка,  дiн мен  зиялылар 
музыкасы,  т.б.  болып  бөлiнедi.  Ал  көпшiлiк-тұрмыстық  музыкасынан  iшiнара  ән 
(әнұран,  бесiк  жыры,  серенада  т.б.),  би  (гопак,  вальс,  полонез  т.б.)  және  марш 
жанрлары бөлiнiп шығады.  
5)  Композициялық  түрi  және  музыкалық  тiлi  жағынан  (орындаушылық 
тәсiлдерiмен  қоса)  әр  алуан  бiр  бөлiмдi  және  циклдық  жанрлар  болып  бөлiнедi. 
Мысалы  ойын-сауық  музыкасы  опера,  балет,  оперетта  т.б.;  концерттiк  музыка 
(симфония,  сюита,  увертюра,  поэма,  аспаптық  концерт,  оратория,  кантата,  трио, 
квартет, романс т.б.). 
Қазақ  халқының  ұлт  болып  құрылу  кезеңiнен  бастап  музыка  мәдениетi 
қалыптаса  бастады.  Ән  мен  күйлерде  халық  өмiрiнiң  әр  кезеңдегi  тiршiлiк  тынысы 
бейнелендi.  Халық  музыкасы  шығармашылығы  диаторикалық мажор  мен  минорлық 
ладтарға  негiзделдi.  Орындаушылық  дәстүрдiң  түрлерi:  домбыра  немесе  қобыздың 
сүйемелiмен  ән  салу,  музыкалық  аспаптарда  күй  тарту  т.б.  дамыды.  Қазақ 
музыкасының  тарихи  даму  жолында  ұлттық  өнердiң  өшпейтiн  классикалық 
шығармаларын  тудырған  дарынды  күйшi-композиторлар  (Құрманғазы,  Ықылас, 
Тәттiмбет,  Қазанғап,  Дәулеткерей  т.б.)  мен 
әншi-композиторлар  (Бiржан 
Қожағұлұлы,  Ақан  серi  Қорамсаұлы,  Жаяу  Мұса  Байжанұлы,  Мұхит  Мерәлiұлы) 
шықты.  
Дүниежүзiлiк 
музыкалық 
мәдениетке 
Қазақстан 
композиторлары 
– 
А.Қ.Жұбанов, 
Ғ.А.Жұбанова, 
Л.Хамиди, 
С.Мұхамеджанов, 
Қ.Қожамияров, 
Е.Рахмадиев, 
М.Төлебаев, 
орындаушылары 
– 
К.Байсеитова, 
Е.Серкебаев, 
Б.Төлегенова, Р.Бағланова, зерттеушiлерi – А.Жұбанов, А.В.Затаевич, Б.Г.Ерзакович 
едәуiр үлес қосты. 
Ғалымдар  пiкiрiне  сүйенсек  дарынсыз,  мүлде  қабiлетсiз  бала  болмайды.  Сол 
қабiлеттiң  көзiн  ашу  оны  әрi  қарай  дамыту  -  әрбiр  музыка  мұғалiмiнiң  қасиеттi 
борышы.  Жалпы  музыка  пәнi  эстетикалық  сезiмi  жетiлген,  рухани  бай  тұлға 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

168
 ~ 
 
тәрбиелеудiң  қайнар  көзi  десек  қателеспеймiз.  Тек  қана  оңтайлы  технологияда 
жүйелi жұмыс iстеу мұғалiмдi осы мақсат биiгiне жеткiзбек. Сол себепті де біздіңше, 
қазақ  халқының  музыкалық шығармашылығының  келесі  қасиеттерге  ие жеке тұлға   
моделiн қалыптастыруда ролі зор деп есептейміз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 3 - Оқушының музыкалық-эстетикалық жеке тұлғасының сипаты 
 
Әдебиеттер тізімі 
 
1.  Оразалиева  М.А.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  қазақ  халық  аспаптық 
музыкасына қызығушылығын қалыптастыру. Пед.ғыл.канд.дис. автореф.: 25.09.98. -
Алматы: АМУ, 1998.- 23б. 
2.  Мелдебекова  У.И.  Бастауыш  сынып  оқушыларына  музыка  арқылы  эстетикалық 
тәрбие беру. Пед.ғыл.канд.дис. автореф.: 25.09.98. -Түркістан, 2008.- 25б. 
  3. Парымбетов М. Музыка сабағында тарихи танымды қалыптастыру және жетiлдiру 
мәселелерi. //В мире музыки.- 2004.- №5.-Б. 25-27. 
4.  Ақанов  Б.О.  Музыка  пәнiн  оқытудың  инновациялық  технологиясы  арқылы 
шығармашылық  тұлға  қалыптастыру  жолдары.  //В  мире  музыки,  2004.-  №5.-  Б.33-
34. 
 
Резюме 
В  статье  освещены  вопросы  эстетического  воспитания  и    формирования 
историко-музыкального  познания      учащихся  начальных  классов  посредством 
народного  музыкального творчества.   
Музыканы сүйетін, 
қадірлейтін азамат 
Оқушының 
тарихи-
музыкалық–  
таным сипаты 
Өмірлік 
белсенді 
ұстанымы бар 
тұлға 
Отанын, елін 
сүйетін патриот, 
ұлтжанды 
азамат 
Эстетикалық 
мәдениетті, жаны 
сұлу, сезімтал 
жан 
Шығармашылыққа 
құмар, ізденімпаз 
Адамгершілігі 
мол, білікті 
тұлға 
Рухы таза, 
өнерпаз, ертеңгі 
ата-ана, 
тәрбиеші 
Халық өнерін 
дамытушы 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

169
 ~ 
 
 
Summary  
 
The  article  highlights  the  issue  of  aesthetic  education  and  the  formation  of  the 
historical and musical knowledge of primary school pupils through folk music. 
 
 
ӘОЖ 372.3/4 
 
О.Мажитова 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚТА БАЛАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
МАЗМҰНЫ 
 
Аңдатпа  
Бұл  мақалада  мектепалды  даярлықта  балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту 
қызметінде басшылыққа алынатын бағдарламалар  зерделенді. 
 
 
Кілт  сөздері:  мектепалды  даярлық,  тәрбиелеу  мен  оқыту,  бағдарлама, 
салауатты өмір салты. 
 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір 
баланы мектептегі оқу мен қатынас ортасына еркін араласатындай етіп дайындау – 
аса маңызды міндет. 
Мектепке  дайындық  мәселесі  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауы  тұрғысынан  айрықша  мәнге  ие.  Бұл  құжатта  білім  беру  ісі  республика 
дамуындағы басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілгені белгілі. ҚР «Білім туралы» 
Заңының  жаңа  редакциясы  мектепке  дайындықты  баланың  тұлғасын  дамытуға, 
денсаулығын  нығайтуға  және  мектепте  оқуға  лайықты  дайындалуына  бағытталған 
біртұтас білім беру жүйесінің бастапқы баспалдағы ретінде қарастырған. 
Осы  бағытта  жүзеге  асырылып  жатырған  саяси,  әлеуметтік  жағдайларды 
ескере  отырып  дайындалған  ресми  құжаттар  тәжірибеде  қолданылып  отыр. 
Қазақстан  Республикасы  Конституциясы,  ҚР  «Білім  туралы»  Заңы  (2007), 
Мемлекеттік  білім  беру  саласындағы  саясаттың  тұжырымдамасы,  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің  «Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 
оқытудың  мемлекттік  жалпыға  міндетті  стандартының  негізгі  ережелерін  бекіту 
туралы»  (№739  бұйрық  19.09.2001),  «Үздіксіз  тәрбие  тұжырымдамасы»  (1995)  т.б. 
құжаттар  негізінде  республика  мектепке  дейінгі  ұйымдарына  арналған  «Балбөбек» 
бағдарламасы  (2000),  «Қайнар»  бағдарламасы  (2004),  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 
оқыту  (№628  бұйрық  28.011.2008ж.),  «Біз  мектепке  барамыз»  ересек  жастағы 
балаларды  тәрбиелеу  мен  оқыту  бағдарламасы  дайындалып,  жаппай  тәжірибеге 
енгізілді (2009). 
Біз  төменде  мектепалды  даярлықта  балаларды  тәрбиелеу  және  оқыту 
қызметінде басшылыққа алынатын бағдарламаларды зерделедік. 
«Балбөбек»  бағдарламасы  оқу  –  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың  бағытын 
айқындайтын  мемлекеттік  құжат  болып  табылады.  Бұл  бағдарламаның  мақсаты  – 
мектепке  дейінгі  мекеме  жұмысын тұжырымдамаға  сай  түбегейлі  қайта  құру,  дене, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

170
 ~ 
 
ақыл- ой, адамгершілік,еңбек, эстетикалық тәрбие сапасын жақсарту, жаңа қоғамға 
лайықтап даярлау. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, ұлттық өнер үлгілерін 
баланың сана сезіміне сіңіру.балалардың денсаулығын жақсартып, дұрыс, сымбатты 
жетілуін қамтамасыз ету, бала мен пеадог арасындағы қарым- қатынасты нығайту. 
Бағдарлама ең алдымен баланың дене және эмоционалдық саулығын нығайту, 
дара  ерекшелігін  дамыту,  өз  бетімен  білім  алудың  жолдарын  игеру  үшін  жағдай 
туғызуға  бағытталған.    Бағдарламада  адам  тұлғасы  дамуының  маңызды  кезеңі 
ретіндегі  мектепалды  даярлықтың  өзіндік  құндылығын  сақтау;    бала  тұлғасын 
қалыптастыру  мен  дамытуда  олардың  жетекші  әрекеттерін  негізге  алу;  тәрбиелеу, 
оқыту  және  дамытудың  өзара  байланыстылығын  сақтау,  балалардың  дене,  ақыл  – 
ой,  сезім,  тілдік,  көркемдік,  адамгершілік,  еңбек  тәрбиесіне  жағдай  туғызып, 
дамытуды  қамтамасыз  ету;  педагогикалық  ықпалдың  тиімділігін  арттыру,  бала  мен 
педагогтың  уақытын  үнемдеу  мақсатында  балалардың  алуан  түрлі  іс-әрекеттерін 
біріктіру;  оқыту мен тәрбиенің үзіліссіздігін, балаға игертуге көзделетін қарапайым 
білім  негіздерін  біртіндеп  кеңейту  ұстанымдарына  негізделеді.  Бұл  аталған 
бағдарлама  әр  жас  кезеңдеріне  сәйкес  бала  игеруге  тиісті  білім,  іскерлік  пен 
дағдылардың  бағдарламалық  мазмұны  «Тіл  –  халық  қазынасы»,  «Ойна  да  ойлан», 
«Әуенді  қимыл  -  қозғалыс»,  «Өнер  көзі  -  халықта»,  «Имандылық  -  инабаттылық» 
деген  атаулармен  блоктарға  топтастырылып  берілуімен;  бағдарламалық  мазмұнды 
іске асыру үшін «Отбасы, балабақша, ойыншықтар», «Жыл мезгілдері», «Қазақстан 
–  Республикам  менің»,  «Жануарлар  дүниесі»  деген  ірі  тақырыптар  ұсынылып, 
олардың  міндеттері  көрсетілуімен;  осы  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  балалармен 
жүргізілетін  жұмыс  түрлерін  бір  –  бірімен  кіріктіре  отырып,  кешенді  формада 
ұйымдастыру ұсынылуымен; жоғарыда көрсетілген тақырыптарға орай, аптаның бір 
күні  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  арнайы  бір  блогына  баса  көңіл  бөлініп,  қалған 
тәрбие түрлері алғашқымен сабақтас, кіріктіріле жүргізілуі, білім – білік, дағдыларды 
меңгерту,  іс-әрекеттің  алуан  түрлерімен  алмастырылып,  үзіліссіз,  біртұтас  процесс 
түрінде  жүзеге  асады.  Мысалы,  дүйсенбіде  өткізілетін  «Тіл  –  халық  қазынасы» 
блогында  негізгі  көңіл  баланың  тілін  дамытуға,  сөздік  қорын  байытуға, 
байланыстырып  сөйлеуге  үйретуге  аударылып,  басқа  іс-әрекет  түрлерінің  (сурет 
салу,  қимыл  –  қозғалыс  жасау,  математика  және  т.б.)  элементтері  оны  толтырып, 
бекітуге  қызмет  етеуі;  серуенге  шыққанға  дейін  жеке  және  шағын  топпен  арнайы 
жұмыстар  жүргізіліп,  қайталап,  жаттықтыру  арқылы  тәрбиелеу  мен  білім  беру 
мазмұны  тиянақталуымен;  мектеп  жасына  дейінгі  балаға  берілетін  адамгершілік 
тәрбиесінің  мазмұны  халықтық  педагогикаға  негізінде,  ұлттық  құндылықтармен 
байытылып,  «Имандылық  -  инабаттылық»  деген  атаумен  өз  алдына  блок  ретінде 
берілді,  онда  балаларды  ұлттық  рухани  құндылықтар  және  материалдық 
мұралармен  қауыштыру  негізінде  әлеуметтендіру  мәселесі,  маңызды  өмірлік 
дағдыларды қалыптастыру көзделуімен ерекшеленеді.  
«Қайнар» бағдарламасы  -  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелеріне  арналған 
кешенді  бағдарлама  болып  табылады.  Бұл  бағадарлама  балалардың  денсаулығын 
қорғау  және  нығайту;  балалардың  бойында  салауатты  өмір  салтының  дағдыларын  
қалыптастыру;  балаларды  өз  уақытында  толыққанды  психикалық  дамыту  және 
тәрбиелеу;  әрбір  балаға  балдырған  шақ  кезеңін  қуанышты  да  мазмұнды  өткізу 
мүмкіндігін беру мақсатын көздейді.  
«Қайнар»  бағдарламасы    Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  тапсырысы  бойынша  әзірленген  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім 
берудің  тұңғыш  балама  түріндегі  бағдарламасы  болып  отыр.  Жалпы  білім  беруді  12 
жылдық  оқуға  көшіру  үшін  балаларды  даярлауға  арналып  жасалған  «Қайнар» 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 3 (26), 2012 

171
 ~ 
 
бағдарламасында  (авторлық  ұжым:  Т.Н.Доронова,  Қ.Б.Арганчаева,  Т.И.Гризик, 
Л.Ф.Климанова, 
Е.В.Соловьева, 
Л.Е.Тимощук, 
С.Г.Якобсон, 
Т.А.Левченко) 
балдырғандар  дамуының  барлық  негізгі  жақтарын  (дене  тұрқының,  әлеуметтік-
тұлғалық, танымдық-тілдік,  көркемдік-эстетикалық жетілуі) қамтитын,  яғни  кешендік; 
Қазақстанның  барлық  аймақтарында,  қалалық  және  ауылдық  балалар  бақшасында 
пайдалануға  арналған,  яғни  бұқаралық;  балаларды  тәрбиелеу,  білім  беру  және 
дамытуда  қазіргі  заманғы  ресейлік  және  қазақстандық  педагогика  және  психология 
ғылымдарының  негізгі  жетістіктері  мен  классикалық  тәсілдерінен  жинақталған 
тұлғалық-бағдарлық жүйеретінде ойластырылып, жүзеге асыру қарастырылған. 
Бағдарламада 
қазіргі 
заманғы 
психологиялық 
мектептердің 
дамудың 
шығармашылық  сипаты  туралы  орталық  идеясы  көрініс  тапқан.  Авторлар  баланы 
мәдениетті  белсенді  игеретін,  жеке  тұлғалық  даму  субъектісі  ретінде  қарастырады. 
Осы  тұрғыдан  қарағанда,  оған  ересектердің  педагогикалық  ықпалы  мен  бағытының 
шекарасы көрініс тапқан. Бағдарламада балалардың жан-жақты дамуы мен оқуы үшін 
өзін  жақсы  көңіл  күйде  сезінуін  қамтамасыз  ету  міндетіне  ерекше  мән  беріледі. 
Педагогтердің  назарына  аталған  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  беретін  нақты 
педагогикалық  ұсыныстар  мен  технологиялар  ұсынылады.  Бұл  оқу  үдерісі  үстінде 
және  қалыптасқан  міндеттерді  шешу  сәттерінде  балаға  психологиялық  қысымның 
болмауына,  балалардың  сабаққа  ерікті  түрде  қатысуына,  ой  жүйесін  біртіндеп 
қалыптасуына  сабақта  баланың  ыңғайлы  отырысты  таңдауына  еркіндік  беру, 
балаларға өздерін қызықтыратын кез келген тақырыпта үлкендермен және бір-бірімен 
емін-еркін  сөйлесуіне  мүмкіндік  беретін  дәстүрлерді  енгізу,  сабақ  жоспарын  жасауда 
балалардың нақты көзқарасын есепке алу көзделінген.  
 «Біз  мектепке  барамыз»  мектепке  дейінгі  ересек  жастағы  балаларды 
тәрбиелеу 
мен 
оқыту 
бағдарламасында 
(авторлық 
ұжым: 
Т.А.Дрыгина, 
Г.Г.Корчевская, 
Н.Л.Татаурова, 
И.А.Тирская, 
С.И.Шелипова) 
5-6 
жастағы 
балалардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға 
бағытталған  білім  берудің  базистік  мазмұнын  анықталады.  Бағдарламада  бала 
дамуының  негізгі  заңдылықтары  мен  оның  психикалық,  физиологиялық  өсуіне 
жағдай жасау мәселелері қарастырылған.  
Бағдарламаның негізгі мазмұнында оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге 
асыруға  бағыттала  отырып  осы  жас  кезеңіндегі  балалардың  жеке  жас  ерекшелік 
қабілеттерінің ашылуына жағдай жасап, жалпыадамдық және ұлттық құндылықтарға 
негізделген,  баланың  жан-жақты  дамуын  қамтамасыз  ететін  білім  жүйесін 
қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас жасауға қабілетті шығармашыл 
тұлғаны тәрбиелеу қарастырылған.  
Бағдарламаның  мазмұны  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  әрқайсысы  өзіндік 
бөлімдерден  тұратын,  белгілі  бір  мақсат  көздейтін  негізгі  білім  беру  салаларының 
жұмысын іске асыру мәселелерін көздейді. 
5-6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасында, мектепке дейiнгi 
ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе  жалпы бiлiм беретiн 
мектептердiң мектепалды сыныптарында, мектепке дейiнгi шағын орталықтарда 
мектепалды даярлық бағдарламасы негiзiнде жүзеге асады. 
 
 
Әдебиеттер тізімі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет