Экономика



бет6/11
Дата25.10.2022
өлшемі63.32 Kb.
#45283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЕҢБЕК ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ


Уақыт өлшеміне шаққанда жұмыс күшін жұмсау дәрежесімен айқындалатын еңбек қауырттылығы. Еңбек қарқындылығы серпіні бір сағат, жұмыс аптасы, т.б. бойына жұмсалған нақты еңбектің (дене еңбегі мен ой еңбегінің) ауқымымен өлшенуі мүмкін (Қаз. тілі термин. Экономика.).
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5 - том / Құраст.: Б. Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ


Жұмыс уақытының бір өлшемі ішінде шығарылған өнім мөлшері, өндірісті еңбектің нәтижелілігі. Еңбек өнімділігі уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады . Еңбек өнімділігінің дәрежесіне техникалық қарулану мен өндірісті жетілдіру, машинаны шеберлікпен пайдалану, еңбек тәртібін нығайту жән ет. б. ықпал жасайды
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5 - том / Құраст.: Б. Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнiсбеков және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
4-Тақырып. Макроэкономика. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. Ұлттық шоттар жүйесі.
  1. МИКРОЭКОНОМИКА


Экономика ғылымының кәсіпорын (фирма) мен сала, үй шаруашылығы сияқты оқшауландырылған экономикалық бірліктерді, сондай-ақ жекелеген рыноктарды, нақты бағаны, тауарлар мен көрсетілген қызметтерді зерттейтін бөлігі.
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. МАКРОЭКОНОМИКА


  1. Экономиканы тұтас алып зерттейтін ғылым саласы. 

  2. Экономиканың аса маңызды құрамдас жиынтығы.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 11-том. /Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.
  1. АГРЕГАТТАУ


  1. (экон.) қорытынды, жиынтық көрсеткіштерді шығару үшін экономикалық көрсеткіштерді қандай да бір белгілері бойынша біріктіру; экономикалық көрсеткіштерді бір топқа біріктіру жолымен жинақтау; 

  2. (экон.) фирманың нарықты біртекті ая ретінде қарастыру стратегиясы, нарықты біріктіру

  3. ( инф.) ақпаратты біріктіру.

Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет