Эксперименттік бөлім 1- тәжірибе: ұнтақтарды химиялық жолмен дайындау



Дата16.02.2023
өлшемі158,88 Kb.
#68317
түріҚұрамы

Эксперименттік бөлім
1- тәжірибе: ұнтақтарды химиялық жолмен дайындау
Ұнтақтар-бұл ішкі, сыртқы немесе инъекциялық қолдануға арналған (тиісті еріткіште ерігеннен кейін) көлемдік қасиеттері бар қатты дәрілік форма болып табылады. Дәріханаларда негізінен құрамында 3-5 немесе одан да көп дәрілік препараттар бар кешенді ұнтақтар өндіріледі. Өндіріс кезінде күрделі ұнтақтардың құрамына кіретін ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттері, олардың санын ескеру қажет. Ұнтақтарды дайындау кезінде біртектілік, сұйықтық, мөлшерлеу дәлдігі және сақтау тұрақтылығына аса мән беру керек.
Жұмыстың мақсаты: Ұнтақтарды дайындауды және олардың сапасын теориялық ережелерге, дәрілік заттар мен көмекші заттардың қасиеттеріне және талаптарға сәйкес бағалауды үйрену арқылы ұнтақтардың құрамын анықтау және сапалық сипаттама беру.
Материалдар мен реактивтер: бор қышқылы, мырыш оксиді, тальк, присыпка, тимол, фарфор ыдысы, таяқша.
Жұмыстың барысы: Ең алдымен фарфор ыдысқа бор қышқылын ерітіндісін ұнтақтап аламыз (ірі түйіршікті зат), содан кейін мырыш оксиді қосып, араластырамыз. Одан кейін тальк ерітіндісін қосып, барлығын мұқият араластырамыз. Дайын болған ұнтақты беті жабылатын қорапқа салып, “Наружный” деген белгімен жазып қоямыз.


Қорытынды: Бұл тәжірибеден байқағанымыз ұнтақтарды дайындау терапевтік әсерді және биологиялық қолжетімділікті арттыру мақсатында; құрамындағы қосылатын заттар дайындау барысында адам терісіне зиян келтірмейтін реактивтер қолданылды. Және де ұнтақтардан әртүрлі қоспаларды алу ыңғайлы; Ұнтақтарды алу технологиясы жылдам және қарапайым әдіс түріне жатады; Сұйық ерітінділермен салыстырғанда сақтау мерзімі ұзақ уақытқа дейін созылады; тасымалдауға ыңғайлы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет