«Ел тірегі елбасы»



бет1/4
Дата05.04.2023
өлшемі23,46 Kb.
#79764
  1   2   3   4

« Ел тірегі - елбасы»
Қазақстан Республикасының әнураны орындалады.

Жумадуллаева Сарвиноз:


Желтоқсаннан бастау алған егемен,


Егеменді елде берік керегем.
Қазақстан - бірлігімнің айғағы,
Әлем білген басшысымен көреген.

Мухимжанов Сардор:


Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,


Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел Желтоқсаннан нәр алған.

Саламатсыздарма құрметті ұстаздар, оқушылар және ата –аналар. Бүгін 7- В сыныбында 1 желтоқсан елбасы күніне арналған « Ел тірегі - елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Барлықтарыңызға мереке құтты болсын, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық, отбасыларыңыз аман болсын.


Жумадуллаева Сарвиноз:


Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,


Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.

Мухимжанов Сардор:


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай! Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына сенеміз.

Абдурахманова Зилола:


Бұл - еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, 1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.


Сунатуллаев Мухаммадали:


Бір басында кемеңгерлік, даналық,


Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет